Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 21:10, реферат

Описание работы

Белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публицист, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақкөл жағасындағы Сарытүбек деген жерде басталды.

Файлы: 1 файл

Реферат А.Байтұрсыновтың пед-лық қызметі.doc

— 274.00 Кб (Скачать файл)

Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында ауылда сауат ашу, оқыту үлкен қиыншылықтарға кездесті. Мектеп салуға, мұғалімдер кадрларын даярлауға қаржы жетпеді. Оқу құралдары тапшы болды. А.Байтұрсынов 1923 ж. "Еңбекші қазақ" газетіне "қазақ арасында оқу жұмысын қалай жүргізу керек" деген мақала жазып, бұл проблеманы шешуге де үн қосты. "Мектептің шығынынан қашпай, мектеп ашу керек... мектептің жанынан балалар жатып оқитын үй жатахана, не болмаса интернат ашылуы қажет", – деді.

А.Байтұрсыновтың елінің көне мәдениетін жанындай сүйенетін қайраткерлігі, әсіресе 1918-1928 жж. арасында, араб әрпінен латынға көшіруге байланысты шыққан дау-дамай, айтыста ерекше байқалды. Ахаң бұл мәселе жөнінде бірнеше мақала жазып, ақыры түркологтардың 1926 ж. Бакуде өткен Бүкілодақтық I съезінде жасаған баяндамасында өзінің табандылығын көрсетіп бақты. Онда ол араб алфавиті мен латын алфавитінің мәдени-экономикалық тұрғыдан қайсысы тиімді дегенді жан-жақты сөз ете келіп, "тұтынып отырған әліпбиді тастап, бөтен әліпбиге көшкенде, қанша сауатты адамдар сауатсызға айналмақшы, қанша мұғалімдер қайтадан хат үйренбекші, қанша баспаханалардың қаріптері жаңадан жасалып, жаңадан құйылмақшы, қанша қаржы шықпақшы, қанша еңбекті сарп етпекші. Ең сорақысы – халықтың ғасырлар бойы араб әрпімен жазылып, жиналғаи бай мәдени мұрасынан кейінгі ұрпақ "қол үзіп мақұрым қалмақщы" деп дәйекті дәлелдер келтірді. Кейін Ахаңның осы пікірлері өзіне кесел болып жабысып, "халық жауы", "панисламист" деп айыпталып, атылуына себеп болды.

А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне, оның ішінде ұлттык педагогика мен оқу-ағарту ісіне сіңірген өлшеусіз мол еңбегін  М.Әуезовше бағаласақ, "Ахаң түрлеген ана тілі", "Ахаң салған әдебиеттегі  орны", "Қырық мысал", "Маса", "Қазақ" газетінің 1916 ж. қан жылаған казақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, оқу-ағарту, саясат жолындағы қажымас қайраты... тарих ұмытпас істер болмақ".

 

 

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік  техникалық университеті

 

 

 

 

 

 

КО және БӘД  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: КО-09-1 тобының студенті

Нұртазина А.Е.

Тексерген: п.ғ.к  Мұхаметжанова А.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды

2012 жыл

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Ш.К.Беркімбаева, К.Ж.Қожахметова, К.Қ.Құнаптаева Педагогика тарихы (Білім беру және педагогикалық ойлар тарихы). Оқулық. ҚазМемҚызПУ – Алматы, 2009.- 398 бет.

2. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009


Информация о работе Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі