Ана тили туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:43, сочинение

Описание работы

Ананың балаға деген мейірімі, махаббаты теңіздей терең, аспандай биік, оттай ыстық, күннің нұрындай шуақты. Ана баласы үшін бәріне де дайын, тіпті, отқа да, суға да түсе алады. Оны біз Ғ.Мүсіреповтің ана жайлы шығармаларынан анық көре аламыз. Оның “Ананың анасы”, ”Ашынған ана”, ”Ананың арашасы”, ”Ер ана”, ”Ақлима” атты әңгімелерінде ананың баласына, адамзатқа деген шексіз махаббаты мен асқан ерлік істері суреттеледі.

Файлы: 1 файл

ана.docx

— 20.88 Кб (Скачать файл)

Адам баласының бәрі де анадан туады. Ғалым да, ақын да, жазушы мен дәрігер де, бәрі-бәрі ананың балалары. Ана - жарық дүниеге өмір сыйлаушы жан. Сондықтан да, ол - қасиетті, қастерлі.

 Ананың балаға деген  мейірімі, махаббаты теңіздей терең,  аспандай биік, оттай ыстық, күннің  нұрындай шуақты. Ана баласы үшін  бәріне де дайын, тіпті, отқа  да, суға да түсе алады. Оны  біз Ғ.Мүсіреповтің ана жайлы  шығармаларынан анық көре аламыз. Оның “Ананың анасы”, ”Ашынған  ана”, ”Ананың арашасы”, ”Ер ана”, ”Ақлима” атты әңгімелерінде  ананың баласына, адамзатқа деген  шексіз махаббаты мен асқан  ерлік істері суреттеледі.

 Иә, ана бойындағы махаббат  пен алып күшті еш нәрсемен  салыстыруға келмейді. Ана сияқты  бала да өз анасын жақсы  көреді. Мен үшін дүниеде анадан  қымбат, анадан артық ештеңе жоқ.  Анамды қатты жақсы көремін,  оны ешқашан ренжітпеуге тырысамын.  Анамның ақ сүтін ақтау - парызым.  Сол парызымды орындағым келеді. Адам болғым келеді.

 

"Ана” – әрбір адамның  жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін  беріп аялаған жанын да аямаған  ардақтысы.

 Ана – жүрек, жүректі құдіретте.

 Ана – тірек, тіректі құрметте,

 Ана – шыңың, шыңыңа сағынып  жет.

 Ана – күнің, күніңе табынып  өт. –

 деп жырлағым келеді.

 Кез келген адамның әдептілігі  мен жан дүниенің сұлулығы, ең  алдымен балаға ақ сүтін беріп,  әлпештеп өсірген ана жүрегінің  жылуынан басталады. Бала бойындағы  ең жақсы қасиеттер бізге алдымен  анадан тарайды. Ананың нәзік  үні, жұмсақ аялы алақаны, жан  жылуымен аялауы бізді әлдилеп  жұбатады.

 Баласы үшін анасы бармайтын  құрбандық бар ма? Ана болу  – бүкіл өміріне кететін ұлы  рухани күш пен ерен еңбек.  Өз баласын бағып қағуда, ол  ана өзін-өзі ұмытып барлық  күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан  оның жаны байи, нәрлене түседі.

 Ал баланың анаға деген  махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша  құрметтеп, сыйлау әрбір баланың  парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын,  еңбегінің қадірін білмейтін,  айтқан тілін алмайтын балалар  да кездесіп қалады. Мұндай бала  өсе келе ата-ананың борышын  өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия  адам болып шықпасына кім кепіл.  Ылайым балалардың тәрбиесі адам  қызығарлықтай болып өсе берсін  дегім келеді.

 Ұрпаққа бақыт сыйлаған

 Тілейтұғын сырттай жүріп  бақ саған,

 Тіршіліктің тынысы мен ажары

 деп өз ойымды білдіргім  келеді.

 

 Өмірдегі тірегім

 Анам менің – аялаған ақ  гүлім

 Анам менің – бақытым мен  шаттығым

"Анашым” – деп балаң жырын  арнаған

 Неге ғана естімеген тәтті  үнін

 Анам менің – өмірдегі  тірегім

 Анам менің – кеудемдегі  жүрегім

 Егер менің қасымда сен  болмасаң

 Бұл өмірде қалай ғана  жүремін

 

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

 Келтірген дүниеге нелер  дана.

 Анасыз батыр да жоқ, ақын  да жоқ,

 Өмірдің алтын кілті сонда  ғана, -

 дегендей көктем табиғатымен  жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік  иесіне нұрын шашып, келешекке  ақ жол, адал ниет нұсқап  өмір себуші асқақ құдірет  иесі, адам сәулетшісі – ол  Ана.

 Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

 Мәпелеп, әлдилеген пейілің  кең.

 Аналық махаббатың кәусар  бұлақ,

 Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі  шырақ.

 Адам "адам” болғысы келсе,  алдымен ананы қастерлей білуі  керек.

 Өмірде ана алақанының қызуы  мен әке-шеше мейірімін тоя  жеген тамақ та, шипасы күшті  дәрі де алмастыра алмайды.

 Осыдан жарты ғасыр бұрын  ғалымдар жүргізген бір қарапайым  тәжірибе осыған дәләл болса  керек.

 Ғалымдар адам аналарынан  айрылған маймыл балалар үшін  екі қуыршақ маймыл ана жасап,  бірінің омырауынан сүт шығатын,  денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын,  бірақ денесін жылы да жұмсақ  етіп, жасаған екен. Маймыл балалары  сүті бар денесі қатты қуыршақты  емес, сүті жоқ болса да денесі  жұмсақ қуыршақты ана ретінде  қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да  бәрінен бұрын керегі мейірім,  ана құшағы ғана.

 Мұхаммед пайғамбарымыздың  хадистерінде де ең алдымен  ананы құрметтеу парыз екені  айтылады. "Әуелі анаңа, тағы  да анаңа, содан соң әкеңе  жақсылық жаса” делінген онда.

"Егер атаң мен анаң бір  мезгілде үн қатып қалса, әуелі  анаңа жауап бер” деген ұлағатты  сөз бар.

 Пайғамбарымыздың тағы бір  хадисінде "Анаңды Меккеге  үш рет арқалап барсаң да, парызыңды  өтей алмайсың”; "Кімде-кім ата-анасының  ризалығын алған болса, бала  соның өмірін ұзартады” делінген.

 Ана – үйдің берекесі, қыз  баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп,  жан-жағына шуағын төгеді. Осы  шуақпен жылынып, асыл ананың  құшағында мейір алып жүрген  біз – алтын ананы мәңгі  қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!

 Ананы аспандағы ай мен  күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес  асыл заттарға теңеу дәстүрі  де өз тілімізде берік қалыптасқан.  Олай болса сөз – сөздің  ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай  сыйла, ьарлық әйел затына, тіпті  жас нәресте қызына да құрмет  көрсет, оларға қолдан келгенше  қамқорлық жаса.

 

 

Қазақта сөз бар “Анаң  үшін аянба – ант ұрады”. Ананың қай жерде де орны бөлек. Жер бетіндегі  ең әдемі сөз – ана. Ана қолы алтын, аялы десек те артық емес. Ананы қанша мақтасаң да артық  етпейді. Отбасы тірегі, қорғаны, үйдің  сәні Анаға деген сүйіспеншілік  қаншалықты зор болса, күнделікті көңіл  күйің, өмірің де соншалықты қуанышқа толы, шат-шадыман жүресің. Қанша  жасқа келсең де анаға бала болып  қала бересің. Ана туралы сөз, ана  туралы ән мен өлең қалмаған шығар. Талай-талай әр мен жыр айтылып  та жатыр. Ананы жырлаған ақын да аз емес. Анасыз бала – жетім. Анасыө өмір сүре алмайтындар да кездеседі. Қайғыдан қан жұтып, өліп те кетеді. Бұл –  анаға деген шексіз махаббаттың  белгісі, ананы ұмыта алмау. Басқалардан  қарағанда ана жылуы, мейірімі ыстық. Ана – бір қолымен бесік  тербесе, екінші қолымен әлемді тербетеді  деген қазақта жақсы сөз бар. Ана жайлы айта берсек таусылмас. Анамызды жаман, жақсы болса да ұмытпайық, құрметтейік. М. Мақатаевтың жақсы  бір өлеңінен үзінді алғым келді. Оның өлеңдері жүректі елжіретеді.

 

 

 

 

 

 

ШЫҒАРМА

 

Асыл ана

 

“Ана” – әрбір адамның  жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп  аялаған жанын да аямаған ардақтысы.

 Ана – жүрек, жүректі  құдіретте.

 Ана – тірек, тіректі  құрметте,

 Ана – шыңың, шыңыңа  сағынып жет.

 Ана – күнің, күніңе  табынып өт. –

 деп жырлағым келеді.

 

Ана-сарқылмайтын күш иесі Әлемдегі ең кешірімді,ең мейірімді  жан-ана.Ана баласы қандай қателік  жасаса да ол кешіреді.Оның мейірімділігінде шек жоқ.Ана-үнемі баласы қайда  жүрсе де уайымдап жүреді.Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Ана  туралы қаншама өлең жолдары,жырлар жазылған.

 Әрбір ақын, әр жазушы  ана туралы не жазса да,бәрі  шындыққа жанасады. Ешқандай адам  анасы туралы жаман сөз,жаман  ой айта алмайды.Бұған себеп  әрбір адам өз анасын жақсы  көреді.Алыста жүрсе сағынады.

 Ананың балаға,баланың анаға  деген сүйіспеншілігі-адам жүрегін елжіретеді.Әр ана өз баласы үшін не істемейді?!Сондықтан біздің анамызға деген махаббатымыз,сүйіспеншілігіміз бітпеуі,сарқылмауы тиіс.

 

Адам “адам” болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі  керек.

Ғалымдар адам аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі  қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің  омырауынан сүт шығатын, денесі қатты  да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін  жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты  емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда  кімге болса да бәрінен бұрын  керегі мейірім, ана құшағы ғана.

 Мұхаммед пайғамбарымыздың  хадистерінде де ең алдымен  ананы құрметтеу парыз екені  айтылады. “Әуелі анаңа, тағы  да анаңа, содан соң әкеңе  жақсылық жаса” делінген онда.

 “Егер атаң мен анаң  бір мезгілде үн қатып қалса,  әуелі анаңа жауап бер” деген  ұлағатты сөз бар.

 Пайғамбарымыздың тағы  бір хадисінде “Анаңды Меккеге  үш рет арқалап барсаң да, парызыңды  өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-анасының  ризалығын алған болса, бала  соның өмірін ұзартады” делінген.

 Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның  несібесі. Ананың көзінен нұр  төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың  құшағында мейір алып жүрген  біз – алтын ананы мәңгі  қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!

 Ананы аспандағы ай  мен күнге, жарық жұлдызға, баға  жетпес асыл заттарға теңеу  дәстүрі де өз тілімізде берік  қалыптасқан. Олай болса сөз  – сөздің ең төресі: анаңды  қалай сыйласаң, өз балаңның анасын  да солай сыйла, ьарлық әйел  затына, тіпті жас нәресте қызына  да құрмет көрсет, оларға қолдан  келгенше қамқорлық жаса.Шығармамның  соңын Т.Айбергеновтың өлеңімен  аяқтағым келеді……

 

Ана!!

 Арманынды актармын  ба жүрегімді тербесем,

 Айға сіңілі карындассын  касиетти жерге сен,

 Мен озінді теңдесі  жок кудірет деп тусінем

 Сендік куат мың  есе артык жердин тарту кушинен

 Сулу әлем, әлем сулу  сен жараткан адаммен

 Көк жолынын карсылыгын  кағып тастап барам мен

 Сендік куат болар  балкім басын иді көк маган

 Әр кез сеннен туғанымды  есіме алсам токтаман

 Ал ұмытсаң ұмыт  болып каларымды білемін

 Ұмыт калмау ушін  менің шарқ ұрады жүрегім

 Шат күліп – ақ  кас қаканша боламын мен шерменде,

 Жетім емес кей ананын  жетімдігін коргенде

 Көз алдымда жас  дөнгелеп булығам да ызадан,

 Маған тіпті сөз  келмейтін ұяттардан кызарам

 Бұл дуниеге онсыз  – дағы кеткен жокпа көп  есен

 О, Аналар! Кей пасыкты  жаратасын неге сен!

 Тасбауырлар дуниеге  кетсін де тез келсін де,

 Әлде өзгелер ондайлардан  жиіркенсін дейсің бе,

 Кай кеудені жылытады  лапылдаған отпенен,

 Өз кеудесін жылытуга  кудіреті жетпеген

 Анаң саған керек  болса, балаңа да сен керек

 Кезекпенен ауысатын  ғумыр гой бұл дөнгелек

 Ана керек о адамдар,  ана керек адамга,

 Анасыздар аң сиякты  күн кешіп жүр ғаламда

 Пікірімді ұнатпаған  таптык та дер дананы

 Даналыктың кажеті  жоқ сыйлау үшін Ананы!!!

 

.

Ұрпаққа бақыт сыйлаған

Тілейтұғын сырттай жүріп  бақ саған,

Тіршіліктің тынысы мен ажары

деп өз ойымды білдіргім келеді.

Ана туралы шығарма - Ана туралы шығармалар

 

Ана! Жалғыз ғана сөз. Әйткенімен жарық жал-ғанда кез келген адам баласына осы сөзден артық, осы сөзден ыстық сөз жоқ шығар.

 

 

Ана... Әрбір адам осы керемет  күміспен қапталып, алтынмен апталған АНА деген сөзді естіген сәтте-ақ жүрегі дір етеді. Сен осы дүниеге  шыр етіп келген сәтте анаң \"БАУЫР  ЕТІМ БАЛАМ\",- деп ақ сүтін беріп, аяалап, МЕНІҢ БАЛАМ КЕРЕМЕТ деп  мақтан тұтады. Иә, бірақ біз осы  ана махаббатын қадір тұтып, бізде  сол керемет адамды аяалап жүрміз бе? Ана көңіліне қаяу түсірместен  мақтан тұтатындай сүйкімді жағымыздан көрінеміз бе? Жоқ ондай адамдар  саны кемде-кем! Екінің бірі ондай жақсы  қылық істемейді! Ана махабатына біз мүлде басқаша жауап береміз... Ұлымыз барып жаман қылық істейміз, ал қызымыз ше? қызымыз анаға көмек  берудің орнына, бет жыртысып ұрсысамыз...Бірақ  оның бәрі ананың жүрегіне қалай ауыр тиетінін түсіне алмаймыз. Себебі кәзіргі  жастардың санасы өте төмен.

\"Алып анадан туады  \" дегендей біздің неше түрлі  ғұламаларымыз, батырларымыз анадан  туған. Әл-Фараби тіпті Фердаусидің  өзі осы анадан туды емес  пе? Ананың құдіреті өте күшті... Мұны мына бір Ақсақ темірдің \"Өлімді жеңген ана\" тақырыбынан-ақ  байқауға болады. \"Ақсақ темірдің  ұлы өлген соң ол баласының  кегін қан төгіс арқылы қайтармақ  болды. Алып мұнараларды адамның  сүйегінен тұрғызды. Қаһарына мінген  Темірді көрген кезде адамыңда  тіпті жан-жануарлар жан-жаққа  қашатын. Сол кезде бір әйел  адам келіп:

-Хан болсаң өзіңе хансың, ал мен үшін сен адам қатарына  да жатпайсың! Сен әлемге өлім  әкелсең, мен өмір силаймын. Сені  де ана тапқан! Сен де анадан  шыққансың. Баламды кері қайтар,-деп бұйырады. Сол кезде Темір әскерін дүниенің төрт бұрышына жібереді. СОл кезден бастап Темір райынан қайтып, басқаша өмір сүреді\"

 Міне терең мазмұн  осында жатыр. Тіпті тас жүректің  жүрегін жібітіп, тілін таба  білетін адам ол АНА! 

 Жұмақ ана табанының  астында, сол жұмақ есігін ашам  десең ешқашан анаңды ренжітпе!

 Бірде пайғамбарымызға  Мұхаммед (с.ғ.с)ге біреу кеп:

-Ең алдымен жақсылықты  кімге істейсің десе,

-АНАМА!,-депті.

-Жарайды, ал сосын кімге  десе,

-АНАМА!,-депті.

-Иә түсіндім ғой, ал  сонан соң ше? десе

-Тағыда АНАМА депті!

 Міне пйғамбарымыздың  өзі АНАН атаулыны қалай силаған!

 Қазағымның бір сөзі  бар емеспе, \"Анаңды з рет  арқалап апарсаңда, ақ сүтін  ақтай алмайсың\" деген. Сондықтан  бауырларым Анамызды ардақтап, силап,  көңіліне кірбің түсірмейік. Сол  ақ сүтті ақтай алмайтын халге  түспейік!

Информация о работе Ана тили туралы