Қазақ ғұламаларының тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 16:29, реферат

Описание работы

Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілікмәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.

Файлы: 1 файл

Қазақ ғұламаларының тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері.docx

— 39.53 Кб (Скачать файл)

Қазақ ғұламаларының тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері

 

             Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілікмәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.  

 

Қожа Ахмет Яссауи.

(1094-1167 ж.ж)           

 Қазақстан мен Орта  Азиядағы сопылық поэзиясының  көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.           

 Қазақ жерінің ортағасырлық  мәдениетінің дамуында Яссауи  жазған «Диуани Хикмет» (Даналық  кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам  дінінің қазақ арасында кең  тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын  елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.           

 Яссауидің «Даналық  кітабы» кезінде Орта Азиядан  бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған.           

 Қожа Ахмет өзінің  атақты «Даналық кітабы» аталатын  циклді өлеңдерін жазған. Ақын өз өлеңдерінде:            

 Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,           

 Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.           

 Төрт мың төрт жүз  хикмет айт хақ пәрменімен,           

 Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен , - деп даналық сөздердің 4 мың  400 жол екендігін ескерткен.             

 Қожа Ахмет жырлары  әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге арналады:           

 Сөзімді айтам зейін  қояр барша жанға,           

 Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға.           

 Демеу болсын ғарып, пақыр, шаршағанға,           

 Кекірейген кердендерден  қаштым міне.           

 «Диуани Хихмет» атты  діни-сопылық қағидалармен қатар  оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады.           

 Қожа Ахметтің даналық  сөздерінің көбі ұстазы Арыстанбаб жиі еске алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды ұсынады. Менменділік, көрсе қызар кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздың кихметтері толған ғибрат, мәнді-мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы.           

 Қожа Ахмет базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ деген адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстай отырып, жағымсыз қасиеттерден адамдарды сақтандырады.           

 Шам айналып көбелектей  түстім күйге,           

 Жалын атып, от боп  жанып күйдім мен де.           

 Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым,           

  Алла түспес ауызымнан, пенде болдым.           

 Міне, осылай Аллаға  деген сүйіспеншілігі арқылы  адалдық пен ақиқат жолын таңдаған  ақын ақыры сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай «әділ сөйлеп, адал жүрер жолда болып, тазалық тұрағына енген. Ақын баба өз хикметтерінде, өзінен бұрын өткен даналар сөзіне зейін қойып, олардан үйренгендігін жасырмағ ан».           

 Ол дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын. Мұхамедтің  үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған.   

 

Ахмет Жүгінеки

(ХІІ ғ.)           

 Еліміздің сан ғасырлық  тарихында өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының орта ғасырлық тарихында өзіндік орны бар ірі тарихи тұлғалардың бірі, ХІІ ғасырда өмір сүрген қазақ топырағында қазіргі Түркістан қаласы маңындағы Жүгінек елді мекенінде дүниеге келген. Орта ғасырлық түркілік мәдениеттің ірі тұлғасы. Тоталитарлық жүйенің кезінде атеистік бағыттағы дүниетаным басымдылық еткені белгілі. Соңғы кезде елімізде демократиялық үрдістерге бетбұрыс негізінде Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки сияқты діни философияның өкілдеріне деген көзқарасты өзгертіп, олардың іліміндегі адамгершілік құндылықтарды, тәлімдік-тәрбиелік қағидаларды, даналықтың үлгілері бар екендігін мойындатты.           

 Кеңестік дәуірде Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты тарихи еңбегі 1985 жылы белгілі филолог ғалымдардың Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықовтардың дайындауларымен қазақ тілінде жарық көрді.           

 Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» - діни – философиялық рухани мұра, дидактикалық сипаттағы дастан. Бұл дастанның түркі тілдеріндегі бұдан бұрынғы ғақлия дастандарымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Ақын шығармаларда өсиет, дидактикалық ой, ғибратнамалық нақыл сөздер басым. Ол тіршілік өмірдегі әсемдікті, адамгершілікті, имандылықты, ізгілікті, адамдардың ұнамды іс-әрекеті мен жарасымды мінез-құлқын дәріптейді. Дастан дидактикалық сипаттағы 504 өлең жолынан тұрады. Бұл шығарма нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерден тұарды. Дастан білім алу жалпы адамзат үшін, әсіресе кедей-кепшіктер үшін пайдалы екендігін баса айтады.           

 Шығарма тілдің маңызын, сөйлеу мәдениетін, қарапайымдылық, жомарттық, сыпайылық, өршілдік қасиеттерді  қастерлеп, менмендік, надандық, сараңдық  және дөрекілік сияқты жағымсыз  сияқты мінез-құлықты сынға алады. Дастанда Ахмет Жүгінеки адамның бойында кездесетін жағымды, адами сапаларды тәрбиелеу жөнінде құнды дидактикалық кеңестер береді.           

 Оның бүгінгі таңда  да өзіндік мәнін жоймаған ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолдануға болатын өсиеттік, ғибарттық, тәлім-тәрбиелік нақыл сөздерінің мәні ерекше. Мәселен, «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет».            

 Ахмет Жүгінекидің  «Ақиқат сыйы» дастанында өнер-білімнің  пайдасы, адамгершілік, жағымды мінез-құлық қасиеттер туралы нақыл сөздерге ерекше орын берілген. Мәселен, «Білімсіз надан – құны жоқ бақыр», «Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді», «Білімді әйел – ер, надан ерекек - әйел», «Сүйекке – май, адамға – білім керек», «Білімді адамның өзі өлгенмен, аты өлмейді», «Надан – тірі дегені болмаса, аты өлік», «Дәрежең үлкейген сайын ұстамырақ бол».           

 Мәселен, Ахмет Жүгінекидің еңбектерінде өз замандастарына және кейінгі ұрпаққа арналған төмендегідей өлең  жолдары кездеседі:             

 Ей досым, жаздым кітап  түркішілеп,           

 Мейлің сөк, мейліңқала ерекше елеп.           

 Артымда ат қалсын  деп жаздым мұны           

 Ғажайып таңсық сөзбен  ерекшелеп.           

 Өнерлеп жаздым кітап сөз түйерлік,           

 Сан толғап, бірін алдым ел сүйерлік,           

 Асыл сөз аз болады, қалжың көп қой.           

 Бөз арзан шәйі қымбат  бір киерлік.           

 Жас ұрпақ тыңда  мені, ұғасың көп:           

 Атымды дұғаңда айтып  шығарсың деп,           

 Өзіңе сирек сөзді  сыйлық еттім,           

 Маған да тарту етсін  дұғасын,1- деп дұғаны тарту ету арқылы өткен дүниемен рухани сабақтастықтың және байланыстың сақталатындығын Жүгінеки өз шығармасында дәлелдеп отыр.            

 Түркі тілдес халықтар  ортақ тарихына ортақ тұлға  болып Ахмет Жүгінекидің ғұлама ойшыл, ағартушы ретіндегі жан-жақты ғылыми мұрасының бүгін де  жастарды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде және рухани құндылықтарымызды насихаттауға мәні ерекше. 

 

 

  

Қорқыт Ата тағылымы. 

 

 

            ҮІІІ ғасырда Сыр  бойында өмір сүрген Қорқыт Ата – ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Аңыз бойынша, ол ақ түйені мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. "Кімге қазып жатырсыздар?” деген сұрауына "Қорқыттың көрі” деген жауап алады. Содан кейін өлімнен қашып құтылуға болмайды екен деген қорытындыға келеді. Ол пікірді оған түрлі жан-жануарлар да, өсімдіктер де, бүкіл әлем ұқтырған көрінеді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де "Қорқыт ата шығармаларын” "Қорқыт Ата кітабы” деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата айтқан жырларды, дастандарды жинақтап, солай атапа шығарған көрінеді. 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады.           

"Қорқыт Ата кітабы”- бүкіл түркі тілдес халықтарға  ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні  күшті афоризмдер, қанатты сөздер  мен тағылымдық-танымдық идеяалар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Қорқыттың есімін көшпенді түркі  тайпалары ежелден қастерлеген. Сондықтан да халық: "Жыраудың  үлкен пірі – Қорқыт Ата, бата  алған барлық ақын асқан ата, таңқалып жұрттың бәрі тұрады  екен, қобызбен Қорқыт Ата күй  тартқанда” – деп тегін жырламаған.            

 Қандай ма қиын іс  болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай  орындаған.           

 Қорқыт атадан қалған  нақыл сөздерінен мысал келтірсек: "Тәңірге сиынбаған адамның  тілегі қабыл болмайды. Тәңірі  пендесінің маңдайына не жазса, сол болады”. "Менмен, тәкаппар  адамды тәңірі сүймейді. Басқалардың  өзін жоғары ұстаған адамға  тәңірі бақ бермейді”.           

"Өзіңнен тумаса ұл  өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол  саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат  жалын тартып мінген соң өз  жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиелеген  адамға көрдім-білдім деген де  сөзді айтпас”. "Анадан өнеге  көрмеген қыз жаман, атадан тағылым  алмаған ұл жаман. Ондай бала  ел басы құрап, үйінен дәм беруге  де жарымайды”, "Ананың көңілі  балада болар”, "Ақылсыз баладан  ата дәулетінен қайран жоқ”.           

 Қорқыт Ата өзінің  ел-жұртына тағы мынадай өсиет  айтқан: "Батыр туған жігіттің  садағының оғы да қылыштай  кесіп түседі”, "Атаның атын  былғаған ақылсыз баланың әке  омыртқасынан жаралып, ана құрсағында  шырланып, тумағаны жақсы”, "Ата  даңқын шығарып, өзінің тегін  қуған балаға ешкім жетпейді”, "Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық”.           

 Шығармадағы оқиғаларды  баяндау желісі Ә.Фирдоусидің "Шахнамасына”  үлгі болған еді. Шығарма Шығыс  елдеріне кең тараған. Ол –  бүкіл түркі халықтарына ортақ  жайында сақталған. Көшірмесін түріктер  одан біз қазақ тіліне аударған.            

 Қорқыт Ата философиясында  ұрпақтар сабақтастығы қағидасына  ерекше мән берген. Ұрпақтар сабақтастығы  адамзат болмысының басты қағидасы  бола отырып, қазіргі заманғы  кейбір өркениетті елдердегі  бұл қағиданың бұзылуы олардың  болмыссыздығына әкеліп, адамгершілік  өлшемдерге қайшы келеді. "Салор  қазан үйінің шабылғаны туралы  әңгімесінің баяны” жырында ұрпақтар  сабақтастығы қағидасының тәрбиелік-тәлімдік  мәнін төмендегіше суреттейді:           

 Қарлы таулар қартайса, шөп бітпес,           

 Арналы өзендер қартайса, су келмес,           

 Биелер қартайса, құлын  бермес,           

 Ей, кәпір әйел қартайса, ұл  бермес1           

 Баланың өмірге келуін  салтанатты түрде атап өтуі  және адамзаттың әлемнің бөлшегі  ретіндегі тұтастық туралы дүниетанымдық  көзқарастары

тұжырымдалды. Осы жерден көне Рим философы Цицеронның да: "Бала

болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес. Бұл байланыс жойылса, ортақ тіршілікте ұштасып жатқандығын байқау қиын емес”.

-----------------------------------------------------

Қорқыт Ата кітабы. Алматы, 1994, 29-бет. 

 

 

            Кең даланы еркін  мекендеп, салтанатты, салауатты өмір  кешкен көшпенділер "Адамзат өмірінің  мәні неде?” деген философиялық  мәселеге ұрпақтар  сабақтастығы адамзат тіршілігінің мақсаттарының бірі екендігі туралы түсінікке әкеліп салған.            

 Қорқыт Ата мұрасындағы  адам мәселесі, оның өмір сүру  қағидалары, мақсат-мұраттары және  қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы  әлеуметтік-тұрмыстық толғаныстарына  алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар  мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу  мен қастерлеу мәселелері өз  болды. Қорқыт Атаны қазақ, жалпы  түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің  негізін салушылардың бірі деп  қарастыруға болады.           

 Қорқыт Ата дана-ақылшы  ретінде оның тағылымдық көзқарастары  ең алдымен даналық тұжырымдар  арқылы берілетін өсиетнамалардан, ғибратнамалардан тұрады. Әрбір  жыр соңындағы қорытынды сөздерінің  ақыл-кеңес пен батасы, тәлімдік-тәрбиелік  ой толғаныстарынан байқалады.           

 Оның дидактикалық  тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның ішінде ата-салтын қастерлеу, жалпы адамзаттық, адамгершілік  құндылықтар туралы айтқан қағидалары  бүгін де өз мәнін жойған  жоқ. Мәселен, ата дәстүрі мен  салты, жанұя тәрбие, тәрбиедегі  үлгі-өнеге туралы өсиетнамалары  мен қатар жырларында да жақсы  айтылады. "Қыз анадан көрмейінше  өнеге алмас”, "Ұл атадан көрмейінше  сапар шекпес”, "Ұлдың күні  қараң, ата өлік мал қалмаса”, "Ата малынан не пайда, баста  дәулет болмаса”1            

 Күллі түркі халықтарына  ортақ Қорқыт Ата тағылымдық  қағидалары күні бүгінге дейін  өз мәнін жойған жоқ. Қорқыт  Ата мұрасына бүгінгі ХХІ ғасырда  өмір сүретін ұрпақ ерекше  мән беріп, ұлттық тәрбие мен  білім беру жүйесінде кеңінен  пайдаланылып келеді. Қазір Егеменді  Қазақстанда Қорқыт Атаның философиялық, педагогикалық, психологиялық ой-толғаныстары туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары қолға алынып, алғашқы кандидаттық диссертациялар қорғалып, монографиялық кандидаттық диссертациялар қорғалып, монографиялық еңбектер жарық көре бастады. Атап айтқанда, Айдосов А. "Қорқыт Ата”, А., 1997; Ермеков Қ.Е., Аташ Б.М. "Қорқыт Ата – ойшыл, философ”, А, 2002; Есім Ғ. "Қорқыт дүниетанымы”, Парасат, 1998, №4; Бейсенов Қ. ІХ-Х ғасырлардағы қазақ ойшылдары. Жарықбаев Қ.Б, Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы, Алматы, 1994. 

Информация о работе Қазақ ғұламаларының тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері