Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 22:17, реферат
Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас қонысында дүниеге келген көрнекті, ойшыл ақын.Өлеңдері ел ішінде көптеп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген.
Дулат Бабатайұлы (1802-1871)
Шығыс Қазақстан облысы,
Аякөз ауданы, Сандықтас қонысында
дүниеге келген көрнекті, ойшыл ақын.Өлеңдері
ел ішінде көптеп тараған. Дулат шығармалары
негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда
жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына
ақынның замана туралы толғаулары енген.Орта жүз құрамындағы найман тайпасы
Д.Бабатайұлының айтқан нақыл
сөздеріне тоқтала кететін
Иман-жанның сапасы. Дін, иман туралы
Ата-ананың ақылы - қазылған қара жолмен тең, Ағайының көп болса - ұлы шерік қолмен тең Ақыл-ой туралы
Жақсылардың ақылы - гәуһар шырақ шаммен тең, Жақсының көрген жарығы - анық атқан таңмен тең. Жақсы мен жаман туралы
Кей жаманның тілі бар - ащылығы умен тең, Айтқан сөзі ақымақтың - адам ішпес сумен тең. Жақсы мен жаман туралы
Жамандар сөйлей білмейді, жөніне тыныш жүрмейді. Жақсы мен жаман туралы
Екі жаман кез болса - құтырған иттей таласар. Білгенін түзу кім етсе - қара басы бимен тең. Жақсы мен жаман туралы
Бір үйде өскен балалар бірлік қылса азар ма?! Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Жаман болса ұлығың - аш-арығы оңалмас. Жақсы мен жаман туралы
Мал - дүниенің опасы. Төрт түлік мал туралы
Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас. Күншілдік, қызғаныш туралы
Көп жаманның ішінде бір жақсысы болмаса - серкесі жоқ қоймен тең, жақсы ішінде бір жаман - өлі жүнді таймен тең. Жақсы мен жаман туралы
Талқаныңды жеп қойса - туысқаның жатпен тең. Ағайын-туыс туралы
Жақсыдан ақылың - қызыл алтын бұл болар, Ұяты жоқ адамға - өтірік сөзің шын болар. Ар-намыс, ұят туралы
Орнын білмес жаманға - есік те болса төрмен тең, Жақсының жары сұм болса - қазып қойған көрмен тең. Жақсы мен жаман туралы
Баяны жоқ дүниені бір күндік демей не дейміз. Дүние туралы
Рас жаман өзін - өзгені қор көрген адам. Жақсы мен жаман туралы
Имансызға - пейіш жоқ, имандының - көңілі тоқ. Дін, иман туралы
Уәдесінде тұрмаса - жақсыға өлім сол болар. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Сыйласпаған ағайын жатыңменен пара-пар. Ағайын-туыс туралы
Жақсысы кеткен ауылға мейман келіп қона алмас. Жақсы мен жаман туралы
Кей жақсының мінезі - Еділ менен Жайықтай, Жақсылар топта сөйлейді - дарияда жүзген қайықтай. Жақсы мен жаман туралы
Парақор болған төрелер - қуаңнан шыққан жұтпен тең, Шежіре қуған адамның - көкірегі сызған хатпен тең. Парақорлық туралы
Жаттан рақым не күтсін - бастан жаны кеткен ер, Шуылдаған қарғадай - көшбасшысы өткен ел. Қоғам, мемлекет, заман туралы |