Халық тәрбиесі арқылы отбасындағы бала тәрбиесінің үлгі-өнегесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2014 в 07:20, реферат

Описание работы

Курстық жұмыстың мақcаты: Мектеп, отбасы мен жұртшылық іс-әрекетінің инновациясының жаңашыл бағыттарын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Тәрбие берудің негізгі ошағы – отбасы мен мектептің негізгі іс-әрекеттерін қарастыру.
- Мектептің ата-аналармен бірлескен жұмысының жолдарын айқындау.
- Халық тәрбиесінің атқаратын жұмыс формаларын көрсету.

Файлы: 1 файл

Халық тәрбиесі арқылы отбасындағы бала новый.doc

— 73.00 Кб (Скачать файл)

Халық тәрбиесі арқылы отбасындағы бала

тәрбиесінің үлгі-өнегесі

Курстық жұмыстың мақcаты:  Мектеп, отбасы мен жұртшылық іс-әрекетінің инновациясының жаңашыл бағыттарын зерттеу.

Курстық жұмыстың  міндеттері:

- Тәрбие берудің негізгі  ошағы – отбасы мен мектептің негізгі іс-әрекеттерін қарастыру.

- Мектептің ата-аналармен  бірлескен жұмысының жолдарын  айқындау.

- Халық тәрбиесінің атқаратын жұмыс формаларын көрсету.

Курстық жұмыстың болжамы: Қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне халық тәрбиесінің үлгісінде практикалық жұмысқа дайын болуын көрсету.

Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде Қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту мәселесіндегі қазіргі жаңа педагогикалық технологиялардың негізіне сипаттама беріледі.

Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту барысындағы өзіндік жұмысы, қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамытуды ұйымдастыру мәселесіндегі оқытудың белсенді әдістері, қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамытуда компьютерді қолданудың тиімділігі, қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту үрдісінде жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім кепілі, қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту

мәселесінде нтернет мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талданған.

Курстық жұмыстың қорытынды бөлімінде кіріспе, негізгі бөлімдерде дәлелденген мысалдар қорытындыланады.

Курстық жұмыстың жаңашылдығы мен дербестігі: Бұрын-соңды “Қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту” атты тақырып толық зерделенбеген, дәл осы зерттеудегідей бір объекті ретінде жан-жақты қарастырылмаған.

Курстық жұмыстың қорытындысы мен нәтижесі:

“Қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту”  атты ізденісім – мұғалімдердің назарын аударып, менің осы курстық  жұмысымды жоғары сынып оқушылары, колледж және тіл білімі институттарының студенттері мен оқытушыларына пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халық тәрбиесі арқылы отбасындағы бала

тәрбиесінің үлгі-өнегесі жоспары

І Кіріспе бөлімі

а) Отбасы мен мектеп – балаға тәрбие берудің негізгі ошақтары

ІІ Негізгі бөлім

ә) Мектеп, отбасы мен жұртшылықтың одағы – бала тәрбиесінің табысты болуының кепілі

б) Баланы отбасында дұрыс тәрбиелеудің алғы шарттары

в) Мектеп пен отбасының бірігіп атқаратын жұмыстарының инновациялық бағыттыры

г) Мектептің ата-аналармен бірлескен жұмысының негізгі жолдары

д) Мектептің, мұғалімнің ата-аналармен жұмыс істеу формалары

ІІІ Қорытынды бөлім

е) Халық тәрбиесі арқылы отбасындағы бала тәрбиесінің үлгі-өнегесі тәртіптің ең тамаша мектебі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халық тәрбиесі арқылы отбасындағы бала

тәрбиесінің үлгі-өнегесі

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.

          Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын  жүзеге асыруда сынып жетекші  негізгі рөл атқарады. Жалпы білім  беретін мектептегі сынып жетекшісі  – сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруымен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете білуіне жағдай жасау қажет.

      Педагогикалық  тәжірибеде оқушылар ата-аналармен  мектеп пен сынып жетекшісі  жұмысының бес түрлі қызметі бар.

       1 – қызметі:

- Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әрекеттер арқылы тарту

- Балалар мен ата-аналардың шығармашылық күні;

- Ашық сыныптар мен сыныптан тыс іс-шаралар;

- Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;

-Мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейтуге және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету.

       2-қызметі:

- Ата-аналармен педагогиғалық – психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру;

- Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;

- Психологиялық, педагогикалық, медициналық заң туралы кеңестер;

- Тренингтер;

- Қызығушылықтары негізінде (қабілетті балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалар т.б.) ата-аналар лекторийлері.

        3 – қызметі:

- Ата-аналарды балаларды бірлескен әрекетке тарту

Оның формалары:

- сынып жетекшісі ұйымдастырған барлық әрекетке қатысу (саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары т.б.);

- Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қалыптастыру (түлектер кеші, ардагерлермен кездесу т.б.);

- Оқырмандар конференциясы;

- Отбасылық ойын байқаулары;

 

- Республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізілді.

      4 – қызметі:

- Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.

- Тәрбие саласында байланысты психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру;

- «Қиын» және «катерлі топ» балаларына көңіл бөлу;

- Отбасында жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалды ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу.

      5 – қызметі:

- Ата-аналар белсенділіктері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.

Ата-аналар университеті.

                   Ережесі:

- Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруғаа көмектесі, оқушылардың деке басын сыйлауға үйрету, дөрекілікке жол бермеу

- Оқушылардың жанұяларымен, ата-аналарымен тығыз байланысты болу, мәдениетті сыпайы қарым қатынас орнатуға оқушыны, ата-ананы жеке тұлға ретінде құрметтеуге үйрету

- Мектеп мүлкін сақтауға атсалысу

- Мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты орнатуға ықпал ету

- Мүмкіндік болған жағдайда оқушының, ата-ананың талап-тілектерімен санасу

- Мектептегі түрлі іс-шараларға көмектесу

- Сыныптан тыс іс-шараларға өз пікірін білдіру

- Материалдық техникалық базаны көтеруге көмек көрсету

- Бақылаушылық қызмет

- Бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру

Жас ата-аналар мектебі

         Ережесі:

- Балаларды жақсы қасиеттерге баулу, үлкендерді сыйлауға, қамқор болуға үйрету

- Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

- Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айыра отырып, оқушылардың әдеп әліппесін бойына дарытуға ықпал жасау

- Әдеп-ғұрыпы сақатайтын, дәстүрді жалғастыру мен қайырымды ұрпақ тәрбиелеу

- Ата-бабаларымыздың бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық тамаша тәлім-тәрбиесін жас ұрпаққа ұғындыру

- Тәрбие саласына байланысты ата-аналардың сұранысы бойынша түрлі семинарлар, тренингтер өткізу

- Халқымыздың әдет-ғұрпын сақтау, жалғастыру мақсатында ата-аналармен түрлі іс-шаралар өткізуге көмектесу

- Бала тәрбиесіне байланысты түрлі сұрақтар бойынша мұғалімдер және психолога, әлеуметтік педагогтан кеңестер алу

- Отбасында және мектептегі баланың мәдениетті жүріс-тұрысын тәрбиелеу әдістерін педагогтармен бірлесе отырып талқылау

- Отбасының бала тәрбиелеудегі рөлі бойынша тақырыптық жиындар

- Ата-аналары педагогикалық-психологиялық білім, біліктер мен қаруландыру

Ақсақалдар кеңесі

            Ережесі:

- Аталардан қалған ұлағатты,ғибрат аларларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерді өнеге алуға баулу

- Жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуге ата-анаға сынып жетекшісіне көмек беру

- Өз елінің патриотын тәрбиелеу

- Ата-тегін білуге үйрету

- Ата-баба дәстүрін жалғастыру

- Оқушыларды мемлекетіміздің достық пен бейбітшілік қарым-қатынасы мен тарихын білуге тәрбиелеу

- Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты реттеуге ықпал ету

- Мұғалім мен ата-ана арасындағы үйлесімді иығыз байланысты орнатуға ақыл кеңестер беру.

Отбасы мен мектеп арасындағы ынтмақтастыққа келесі тірек сызба бойынша ұйымдастыруға болады:

Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.

Мектеп қызметі қазіргі заман талабына сай толық өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру үшін тұлғаға бағдарланған болуы тиіс. Демек, оқушыны өзін-өзі дамытатын мәдениет адамы ретінде қарастыратын балаға деген құндылық қатынас орнату керек. Оқушы өзін басқалардың арасынан шығарып, бөлек қарамайынша, өз өмірінің мағынасын, өзін-өзі жете түсінбейінше, толыққанды білім алып, дамуы мүмкін емес.

       Өсіп  келе жатқан ұрпаққа бұл мәселеде көмектесу, оған қолайлы жағдай туғызып, қолдау көрсету педагог пен ата-ананың басты міндеті болуы тиіс. Балаға қолдау көрсету, біріншіден, оның рухани адамгершілігін, өзін-өзі дамытуын, оның денсаулығы мен, оқуымен, жеке бас ерекшелігімен байланысты мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, екіншіден, балалардың дамуы және өзін өзі бамытуы үшін қолайлы жағдай туғызу , қауіпсіз орта құруды білдіреді.

        Отбасы  – салыстырмалы түрде тәрбиенің  тұйық институты, ата-аналардың тәрбиелік  күш қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеру қажет. Сондықтан ата-аналармен жұмыста мектеп түрлі амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.

Кез келген баланы ата-ана, мұғалім, балалар ортасы тәрбиелейді. Оған өмірдің түрліше жағдайлары әсер етеді. Тәрбиешілердің әсері оның ой сезімін, қимыл – шешімін тез оятады. Ендеше бұл – тек оны ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен бірге ол өзін-өзі де тәрбиелейді деген сөз. Өзін-өзі тәрбиелеу әрқашанда тәрбиенің маңызды рөлі болып табылады.

Егер мектептің үйрететін шындығы отбасында үйретілген шындықпен үйлесіп келетін болса, оқушы мұғалімдерге, жолдастарына сенеді, оның өз ата-анасы мен жалпы адам баласын жақсы көруі артады.

Қазіргі заманда отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған «Баланың құқығы туралы Конвенция» бола алады. Онда «Бала толық және гармониялы дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ, бала әлі де ақыл-ой жағынан толлыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділіккен, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж» делінген.

Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі мектептің, отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіру. Бұл жұмыстың мазмұны, әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады. Онда педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; Қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі.

Белгілі педагог В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде «мектептік – отбасылық тәрбие» ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші орын алады.

Отбасы тәрбиесінде ата-ананың мінез-құлқы, тіршілік ортасы үлкен маңызға ие. Ұрпақ адамгершілік, әдептілік, инабат үлгісін өскен ортасынан, отбасынан алады. «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз», «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген мақалдар тегін айтылмаған. Әйелді отбасының құты деп, әспеттеп-құрметтеген. Қазақ ежел¬ден ақылына келбеті сай аналарды ардақтап, басына көтерген, баланың ғана емес, елдің анасы болған ана-апалардың мысалы аз болмағаны да сондықтан.

Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы Ұлпан ана ел басқарған ақылды, сыпайы, мейірімді, ибалы, ізетті, қарапайым жан.

Ыбырай Алтынсарин «Ананың сүюі» деген өлеңінде ананың балаға деген шексіз махаббатын, ынтызарлығын паш етеді.

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышқа қуанып, қайғыңа күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Информация о работе Халық тәрбиесі арқылы отбасындағы бала тәрбиесінің үлгі-өнегесі