Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 10:23, сочинение
Халықаралық әйелдер күні — көп елде наурыздың 8-ші жұлдызында тойланады.
ΧΙΧ ғасырдың орта тұсына қарай әлемде нәсілдер мен түрліше тап өкілдері арасындағы теңсіздік мәселесі жойылғанымен, көптеген елдердегі әйелдердің құқы шамадан тыс шектелді. Кей елдерде оларға сайлау құқы мен мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқы берілмеді. Осындай шектеулер олардың қарсылығын тудырды.
1908 жылы 8-наурызда Нью-Йорктік социал-демократ әйелдер ұйымының бастамасымен ”Әйелдер де тең құқылы болуы керек” деген ұранмен шеру болды.
1909 жылы 28-ақпанда Американдық Социалистік партия ”Ұлттық әйелдер күні” деп ақпан айының соңғы жексенбісін жариялады. Бірақ бұл мереке не бәрі 1913 жылға дейін ғана жалғасын тапты.