Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 21:18, творческая работа
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқ етіп, күн сәулесін шашып тұрғандай сезіледі. Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен, бақытты халық. Мұқағали – ақиық ақын. Әр жас, талантты ұрпақ осы Мұқағали ақынның өлеңдерінен сусындайтыны анық. Мұқағали қазақ әдебиетінде өзіндік ерекшелігін көрсетіп дәлелдеп кеткен ақын деп білеміз.Жарық дүниедегі аз ғұмыры да мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты.Иә,ақын туралы естеліктер жазылып жатыр.
Тақырыбы: «Әлі талай жыр болып жазыларсың... »
Мақсаты: Ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларын сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып,адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа, әдемілікке әнінен ләззат ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ақынның суреті, қанатты сөздер, кітап көрмесі,гүлдер, буклеттер, слайдтар.
1-жүргізуші:
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.
Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,
Мендағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін танытқан , айбынды ақынымыз Мұқағали Мақатаевқа бүгінгі кешімізді арнамақшымыз.
2-жүргізуші:
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқ етіп, күн сәулесін шашып тұрғандай сезіледі. Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен, бақытты халық. Мұқағали – ақиық ақын. Әр жас, талантты ұрпақ осы Мұқағали ақынның өлеңдерінен сусындайтыны анық. Мұқағали қазақ әдебиетінде өзіндік ерекшелігін көрсетіп дәлелдеп кеткен ақын деп білеміз.Жарық дүниедегі аз ғұмыры да мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты.Иә,ақын туралы естеліктер жазылып жатыр. Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы ақиқат пен аңызға айналған.Оның поэзиясы- халқымыздың байлығы. Ол халқымен бірге биіктеп, бірге жасайтын ақын.Ендеше дүлдүл ақиық ақынымызға арналған « Әлі талай жыр болып жазыларсың...» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
– Туған жерің?
– Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
– Туған жылың?
– 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
– Жынысың кім?
– Еркекпін ғой, еркекпін!
Және-дағы тәуірмін…
– Партияда барсың ба?
– Жоқпын.
Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
– Шыққан тегің?
– Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
– Білімің ше?
– Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
– Ана тілің?
– Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
– Қайда істедің?
– Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
– Міндеттісің бе әскерге?
– Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
– Сөгіс алып көрдің бе?
– Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де…
– Шетелдерде болдың ба?
– Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
– Мекен-жәйің?
– Мекен-жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
1-жүргізуші:
Өмірге жырлау үшін келген ақиық ақынымыздың өмір жолына көз жүгіртейік. Кезекте 9 «а» сынып оқушысы Шүйіншалина Гүлфияны мұзбалақ ақын Мұқағали атамыздың өмірі жайындағы баяндамасымен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы.
1-жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,- дей келе,Мұқағали атамыздың мәңгі өлмейтін мәнді жырларына кезек берейік. Алдарыңызда 8 «а» сынып оқушысы Орынова Айдана.
М.Мақатаев «Қара өлең»
2-жүргізуші:
М.Мақатаев поэзиясы талай жүрекке от берген. Оның жырлары оқырманмен бірге мұнайып, бірге шаттанады. Оның әр шумақ өлеңінен шындық пен ақиқат жеңісі үшін тауға да, тасқа да жар салған ақын жүрегінің үні естіледі. Туған елдің тұңғиық намысын, шыңдықтың шыңына ту етіп, қадамын нық басып, шындықты жырлаған. Сондай жырларының бірі – «Пай, пай, өмір». Ендеше ортаға 9 «а» сынып оқушысы Рашитова Аяжанды шақырамыз.
1-жүргізуші:
–Ернар, қалай ойлайсың, Мұқағалиды жұрт неге құмарта оқиды, ол қандай адам болған, нені аңсады, немен күресті, досы кім, неден тарықты, неге асықты?
2- жүргізуші:
Оның сырын ақын өлеңдерінен ғана таба аламыз. Себебі Мұқағали атамыздың күнделік беттерінің бірінен мынадай үзінді келтіре аламын. (1976 ж. 14 ақпан)
«…Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңыздар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар . Мені өз өлеңдерімен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай»
1-жүргізуші:
Олай болса, ақынның жырларын оқудан талмайық. Ортаға 9 «а» сынып оқушысы Мұхамбетжан Айымды Мұқағали атамыздың «Болады деп арманда» атты туындысымен шақырамыз.
2-жүргізуші:
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де, мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы,- деп, ақиық ақын өзі жырлап кеткендей, қазақ поэзиясының «Хантәңірін» жырға қоспаған ақын кем де кем болар. Сондай жас қаламгеріміздің бірі Сапарова Айсұлуды арнау өлеңімен ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:
Жыр кеңістігі – шексіз,
ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен
данасың.
Поэзия сенің егіз
серігің,
Хантәңірідей биікте
сен ғанасың, - дей келе ортаға Шоханова
Гүлнұрды «Күзгі кеште» жырымен шақырамыз.
2-жүргізуші:
Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.
1-жүргізуші:
Оның ана тақырыбында жазған өлеңдері мұнымен шектелген емес. Оның дәлелі ретінде 9 «а» сынып оқушысы Қазкеева Арайлымды Мұқағали атамыздың «Анашым» жырымен ортаға шақырсақ.
2-жүргізуші:
Өлең – өнер, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді. Ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға арыз жазып кеткенін білеміз. Ендеше сол мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда мәңгілік жаңғыратын жыр жолдарына құлақ салайық. Ақынның сырлас досы, «поэзияның падишасы» атанған нәзік жанды Фариза Оңғарсыноваға арнаған өлеңі бар екені дүйім жұртқа аян. Мұқағали есімі аталған жерде «Фариза, Фариза жан, Фариза қыз» өлеңін еске алмасақ болмас. Ендеше, ортаға Құдайбергенова Райгүлді шақырамыз.
1-жүргізуші:
Мұқағали балаларын көргенде майдай
еритін. Ол баланы ұстауға да, күтуге де
шебер болды. Мұқағали балаларын жанынан
бетер жақсы көрді. Төрт перзентінің маңдайынан
шертпей өтті. Балалары десе ішкен асын
жерге қойды. Ендеше, Мұқағалидың балаларына
арналған жыр жолдарына кезек берейік. «Тағы
да Майгүлге». Утегенова Аяжан.
2-жүргізуші: Білесіз бе, мен бүгінгі кеш қонақтарына ақын өміріне қатысты бірнеше сұрақ қойсам деп едім? Қалай қарайсыз?
1-жүргізуші: Мұқағали Мақатаевты ұрпақтары ешқашан ұмытқан емес деп санаймын. Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, халқымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Ендеше ақын өміріне байланысты сұрақтарға жауап берулеріңіз сұралады.
1. Ақын қай жылы, қай айда, қай жерде дүниеге келген?
2.Алғашқы өлеңін кімге арнап жазады?
3.Ақынның ақын досы кім?
4.Ақынның жары кім?
5.Ақынның үш бақыты не?
6. «Мен тау ұлымын » сөзі қай өлеңінен алынған?
7. Ақының өлеңіне ән шығарған сазгер кім?
8.Ақынның бала-шағаларын атаңыздар.
9. «Жырлайды жүрек» кітабы қай жылы шыққан? 1989ж
10.Мұқағалидың әжесі
11.Мұқағалидың қыздары
12.Мұқағалидың өлеңдер жинағын атаңыз.
13.Мұқағали өлеңіне жазылған әндер
14.Мұқағалидың поэмаларын атаңыздар.
1-жүргізуші:
Қазынам бар,
Біреуге берсем бе
екен?
Өкпелейді –ау бермесем,
Берсем бөтен.
Бар байлықты қойныма
тығып алып,
Әлде мына құмдардай
өлсем бе екен?
Мұқағали қазынасы
- өлең, досы да өлең. Олай болса, келесі
кезекті тағы да ақынның жырларына берейік.
Алдарыңызда 9 «а» сынып оқушысы Қосбаева
Шаттық.
2-жүргізуші:
Махаббат, сүйіспеншілік
тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені
махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып.
Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі
жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның
сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта
бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік
болатындығы жасырын емес.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған
күнім едің
Гүлім едің
Елтіген түнім едің.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
– деп жырлаған Мұқағали ақын. Ендеше,
ақынның махаббат
тақырыбына жазылған
жырын назарларыңызға ұсынамыз 9 «а» сынып
оқушысы Құрманғалиев Ризатты ортаға
шақырамыз.
1-жүргізуші: Мұқағалиды ғасырда бір туатын, үлкен қанаты бар, адамның көзі талатын биікте –«ғана самғайтын алып құсқа теңеуге болады. Мұндай алып құстар жерге әр қонған сайын қанатының бір қауырсынын қоңдырмай сындырып алып күйзеледі. Бірақ тынышталудың орынына, сол аспанда ала алмаған өші бардай, бүкіл күш-қайратын жинап, келесі жолы одан да биікке ұшады. Биікте ғана самғай беретін ақын өлеңіне назар аударайық. Қайырғали Айбол. «Туған жер сағындырды келді есіме»
2-жүргізуші: Мұқағалидың тағы бір жалынды жырына кезек берсек. Алдарыңызда Бахтыгереева Ақұштап.
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған
,
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған .
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп
Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа
ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған
ғасыр ақыны Мұқағали жырына кезек бергім
келеді. Алдарыңызға Сапарова Айсұлуды
шақырамын.
2-жүргізуші:
Келесі кезекті Мұқағали Мақатаевтың поэмасынан үзіндіге береміз. Алдарыңызда 8«г» сынып оқушысы Мейірбек пен 9 «а» сынып оқушысы Сембаева Ляззат .
1-жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан
поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың
еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың
«Мұқағали» есіміне арнаған лебізіне
берейік.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз.
–барлығы бірге.
Рахмет!
2-жүргізуші: «Ақын болсаң, алмас
бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды,
айта алмаған» - деп болашақ ұрпаққа жол
сілтеген
Мақатаев жырлары,
бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт
беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына
арқау болады деген сенімдеміз. Олай болса, поэзия
кешіміздің қорытынды сөзін Жанықұлова
Роза апайға береміз.
1-жүргізуші: Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ.Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұның, әке зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын. Бүгінгі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арнаған кешімізді арнау өлеңмен аяқтағымыз келіп отыр.
Ата тегі Албаннан басталады,
Сары, Алжан, Сүйерқұл және басқалары.
Қамыспай, Мақатай, Сүлейменнен
Мұқағали секілді жас тарады.
Пайғамбардың атына ие болған,
Жаны жырдан жаралған, жаны жырдан.
Сөздің майын тамызған кемеңгер – ол
Жанарында сыр да бар, мұң да тұнған.
Қарасаздың ұрпағы жалындаған,
Көмейінен күміс сөзді сарын табам.
«Мұқаңдардың сарқыты» болған бабам,
Жырыңды оқып жүрекке жалын алам.
Аққу назын суреттеп жырға қосқан
Әрбір жазған жырлары – сынды дастан.
Өскелең жас ұрпаққа ой түйдірген,
Қастерлейміз жырларын оқып жастан.
Іздеймін өлеңінен сан бір күйді.
Ақын жаны туралы ойлар түйдім,
Сүйген ол туған дала топырағын,
Ата-ана өзі өскен туған үйді
Поэзия Хантәңірі, асқаралы
Біз үшін баға жетпес асқақ әні
Махаңның әр өлеңін паш ету ғой
Мына менің өмірде басты арманым.
Информация о работе Мұқағали Мақатаевтың өмірі шығармашылығына арналған кеш