Махмұд Қашқари

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 20:16, реферат

Описание работы

Махмұд Қашқари (ұйғ. مەھمۇد قەشقىرى, Mehmud Qeshqeri; 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.

Файлы: 1 файл

махмуд кашкари.doc

— 88.00 Кб (Скачать файл)

Теректі аудандық «Үміт» лингвистикалық гимназиясы

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: Махмұд Қашқари

Орындаған: 7 «б» сынып

 оқушысы Нұрымбет А.Е.

Тексерген: Қисымова А. Ғ.

Орал, 2010 – 2011 ж

Махмұд  Қашқари

Махмұд Қашқари (ұйғ. مەھمۇد قەشقىرى, Mehmud Qeshqeri; 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.

 Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.

Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған  білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдадқалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.

Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.

Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық  ерекшеліктері «Диуани лұғат  ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады. 

 Махмудтың өмірбаянына  қатысты мәліметтер өте жарытымсыз. Оның өмірі жайындағы мәлімет  өз кітабында айтқан азын-аулақ  хабардан әрі аса қоймайды. Махмудтың толық аты-жөні Махмуд абы Хусейн ибн Мухаммед Қашқари. Оның әкесі Қашқарда туып-өскен. Ол кезде арабша білім алған түріктер сол кездің салтымен өз фамилиясын туған жерінің атымен атаған. Сөздің соңын-дағы - парсының тәндікті, белгіні білдіретін жұрнағы. Қазақша айтсақ - қашқарлық дегенді білдіреді. Әкесі Қашқарда туып-өсіп, соның тұрғыны болғанымен, өмірі-нің көп кезеңін Баласағұн қаласында кешкен. Атақты ғалым осы Баласағұн қаласында (Қырғызстанның қазіргі Тоқмақ қаласы) туған. Балалық және жастық шағының көп мезгілін Ыстық көл маңындағы қышлақтарда өткізеді. өз айтуынша, оның әкесі Қараханидтер тұсындағы әміршілердің бірі Насыр ибн Әлидің нәсіліне жатады. Махмуд алғашқы білімді Қашқар қаласында алады да кейін Орта Азия мен Иранның біраз қалаларын аралауға сапар шегеді. Сапарының негізгі мақсаты - өзінің білімін толықтырып, жетілдіру болады. Ол сол заманғы араб мәдениеті мен ғылымының көрнекті орталығы болған Бағдат қаласында да біраз уақыт тұрғанға ұқсайды.

Махмуд Қашқари арабша жоғарғы білім алған өз заманының аса көрнекті ғалымы болған. Араб филология-сын жетік білген және өз білімін туған халқының тілі мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы, географиясы жайында зерттеулер жүргізуге жұмсаған. Махмуд Қаш-қаридың дәл қай жылы туып, қанша жыл өмір сүргендігі әзірше белгісіз. Бұл жөніндегі жалғыз дерек кітабының аяғында ол ''бұл кітап мені өлімге бір табан жақындатты'' деп жазады. Бұл бір жағынан, автор өзінің бұл тарихи еңбегін жазуға ұзақ жылдар бойы еңбек еткенін дәлел-десе, екінші жағынан оның біраз жасқа келгендігін де көрсетеді. Олай болса Махмудтың туған кезі ХІ ғасырдың басы болса керек. өйткені ''Диуани лұғат-ат-түрк'' хиджра есебімен 464-жылдың бесінші айының алғашқы күні (қазіргі жыл санау бойынша 1072 жылдың 25 қаңтарында) жазыла бастаған, 466 жылдың алтыншы айының 10 күні (1074 жылдың 10 ақпанында) аяқталған. Осыдан екі ғасыр өткен соң 1266 жылдың тамыз айында 'Диуани лұғат-ат-түрк'' түп нұсқасынан бір сириялық кісі көшіріп алады. Көшіруші былай деп жазады: ''Әуелі Сава, кейін Шам (Дамаск) қаласының тұрғыны Мұхаммед бин Әбібәкір ибн Әбілфатих (оны тәңірі жарылқасын) осы кітапты түп нұсқасынан көшіріп, 664 жылы оныншы айдың жиырма жетінші жексенбі күні бітірді''. ''Диуани лұғат-ат-түрк'' автордың соңғы еңбегі болса керек. өзі-нің айтуынша ол бұл кітаптан бұрын да түркі тілдері-нің синтаксистік жүйесі жайында (''Джавахир ан-нахви фллафи түрк'') ''Түрік тілінің синтаксистік жүйесінің негіздері'' деген ғылыми трактат жазған. Алайда оның бұл еңбегі сақталмаған болу керек, сондық-тан осыдан басқа еш мәлімет жоқ.

Махмуд Қашқаридың түркі халықтарының ішінде нақ қай халық өкілі  екені туралы да ешбір мәлімет  жоқ. Рас, оны түркі халықтарының біріне телуге тарихи деректер мүмкіндік  бермейді. өйткені қараханидтер тұсындағы  түркі халықтарының кейін араласып, бір-біріне ете жақын болып кеткені соншалық, пәлен тайпа - тек қана пәлен халықтың этногенезін құрады деп айтуға келмейді. Бір тайпаның өзі кейінгі дәуірде бірнеше халықтардың құрамына кіріп, сіңісіп кетіп отырған. Ал Махмудтың сол кездегі түркі тайпаларының қайсысынан шыққандығы жайында өзінің бір ескертпесі жөнінде айта кеткен жөн. Оның айтуынша, оның ата-бабасы сөз басындағы а дыбысына х дыбысын қосып айтатын болған. Бұған қарағанда, оның туған тайпасы Орта Азия жеріне бір жақтан келген емес, осы аймақтың тұрақты ескі тұрғыны. Дегенмен, бұл ескертпенің өзі де Махмудтың нақ қай тайпадан шыққандығын анықтауға мүмкіншілік бермейді.

Бірсыпыра зерттеушілер Махмудтың  қашқарлық екеніне қарап, оны  ұйғыр деп танып, оның ұлы мұрасын  да ескі ұйғыр тілінің ескерткіші дейтін пікірге ойысатын сияқты. Бірақ олай деп тұжырымдауға пәлендей айқын дәлел жоқ. Қашқар қаласының ол кездегі этникалық құрамын айырып алудың өзі қиын. Оның бер жағында ''диуани лұғат-ат-түрікті'' - тек ескі ұйғыр тілінің ескерткі-ші деуге тағы да дәлел табу қажет. Онда сол кездегі түркі тайпаларының бәрінің де әдеби, тілдік мұралары бар. Онан соң, сол кезде Қашқаридың ата-бабасы шыққан рудың немесе тайпаның қай халықтың құрамына енгені де айту оңайға түсе қоймайды. Кейбір шетел зерттеушілері, де әсіресе, Түркия зерттеушілері Махмуд Қашқари Анатолия түріктерінен шыққан ғалым деп даурығып жүр. Анығында Махмуд Қашқари жоғарыда келтірілген ескертпе арқылы өз ата бабаларының қалай да ортаазиялық тұрғын екенін дәлелдеп отыр. Олай болса, бұл жерде оның тұрағы мен шыққан халқын Түркия жеріне көшіре қоярлықтай қисын жоқ. Оның үстіне дәуір ескерткіштерін Түркия ғалым-дарының панисламистік, пантүркистік мақсатпен жарама-са кетуі тегін емес. Ғылым тарихы олардың осы тәрізді талай ''кәсібін'' біледі. Олар тіпті Орхон-Енисей жазбаларын да иемдембекші болғаны да мәлім.

Махмуд Қашқаридың атын бізге, біздің заманы-мызға жеткізген оның ұлы  мұрасы ''Диуани лұғат-ат-түрк''. Сондықтан  Қашқари жайындағы, оның тарихи ерлігі жайындағы мәселені - сол еңбегі, оның мәні мен маңызы, онда сөз болған шешуін тапқан ғылымдық мәселелерден бөлектеп қарауға болмайды. Осы екеуін бірлікте алып, жарыстыра әңгімелегенде ғана бұдан тоғыз жүз жылдай бұрын өмір сүрген, еңбек еткен ұлы ғалымның нағыз бейнесін еске аламыз.

М. Қашқари еңбегі негізінен сол  дәуірдегі түркі тайпаларының тілдік құрылыстарын жүйе-жүйемен баян-дауға  арналған. Бірақ кітаптың берер мәліметі онымен ғана шектелмейді. Қашқари еңбегін  қазіргі заманда, тек қана тіл  мамандары оқып, зерттеп қоймай, сонымен қатар, әдебиетші, тарихшы, этнографтар мен географтардың да үңіле қарап, жете зерттеп, жүргені кездейсоқ жай емес. Қашқари еңбегінің әдеби маңызы жайлы неміс оқымыс-тысы М. Хартман ''Диуани лұғат-ат-түрк'' - халықтық әдебиеттің үлгісі, соның негізінде құрылған'' дейді де, осыдан екі-ақ жыл бұрын жазылған ''Құдатқу білігті'' (''Бақыттылық жайлы ілім'') - сарай әдебиетінің нұсқасы деп табады. Бұл ''Диуани лұғат-ат-түрк'' түркі халық-тарының ескі әдебиетінің тарихында аса сирек кездесетін әдебиет үлгісі екендігін анықтаған ғалымның пікірі.

Махмуд Қашқари еңбегінде, жоғарыда көрсетіл-гендей, сол заманғы түркі  тайпалары жайында мәлімет беріледі. Ол мәліметтер қай халықтың қандай тілде сөйлейтіні жайында ғана емес, олардың орналасу тәртібі, қай тайпаның қайдан келгендігі, қандай территорияны мекендейтіні, әдет-ғұрыптық ерекшеліктері және т. б. болып келеді. Осыған байланысты М. Қашқари өмір сүрген дәуірдің кейбір тарихи жағдайларын еске түсіре кеткен мақұл. М. Қашқари ХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етті. Бұл дәуір тарихта қараханидтер деген атпен белгілі М. Қашқаридың өзі де осы қараханид патшалығы әміршілерінің біріне туыстық жақындығы барын айтады. Х ғасырда басқа тайпалар арасында үстемдік алған Қарлұқ тайпалар одағы Жетісу өңірінде негізгі түрік халықтарынан шыққан қараханидтер, яғни Илекхан династиясының бастауымен өздерінің қуатты мемлекетін құрады. Қараханидтер мемлекеті тарихта түркі халық-тары арасындағы алғашқы мұсылман династияларының бірі еді. Мемлекеттің орталығы әуелі Баласағұнда (Қырғызстанның Тоқмақ қаласы) болады, кейін Қашқар қаласына ауысады. Қарақанидтер мемлекетінің нағыз дәуірлеген кезі Х-ХІ ғасырлар болса керек.

Бұл кездерде қараханидтер мемлекетінің шекарасы Жетісудан бастап Қашқар, Бұқар, Самарқанд қала-ларына, Сырдария бойларына дейінгі мол территорияны алып жатқан. Қараханид мемлекетінің құрамы да әрқилы болған. Сол заманда отырықшы әрі мәдениеті жоғары болған ұйғырлар, Сырдария мен Амудария бойларындағы иран мен түркі халықтарының арасынан шыққан қоспа тұрғындар және т. б. мемлекет құрамының ала-құлалы-ғын дәлелдеумен бірге оның мәдениетінің де қат-қабат сырларын аңғартқандай. Қараханидтер мемлекетінің мәдениеті мемлекет құрамындағы халықтар мәдениетінің қосылған түрі іспетті болған. Бұл кезде мемлекет территориясындағы қалалар да қатты дамыған. Мемлекет-тің халық құрамына қарай, екі түрлі жазба әдеби тіл қалыптасқан. Бірі - мемлекеттің шығысында қарлұқ-ұйғыр тайпалары батысында, Хорезм маңында, оғұз-қыпшақ тілдерінің негізінде екіншісі - мемелекеттің тайпалары тілдерінің негізінде қалыптасқан.

М. Қашқари еңбегінде Қараханидтер мемлекетінің құрамына енген түрік  тайпалары атап-атап көрсетіліп отырады. Қашқари түрік нәсіліне жиырма түрлі  тайпа жатады деп көрсетеді. Осы  тайпалардың әрқайсысы бірнеше  рулардан тұратыны айтылады. ''Бірақ ол рулар-дың бастыларын атадым да, майдаларын тізіп жатпадым'' деп көрсетеді. Қашқари тайпаларды екі топқа бөліп, батыстан шығысқа қарай орналасу тәртібі бойынша санап шығады. Сонда бірінші топқа (солтүстік топқа): батыстағы тайпа - бегенек (печенег), онан соң қыпшақ, оғұз, иемек, башқұрт, басмыл, қай, йабақу, татар, қырғыз жатады. Екінші топқа (оңтүстік топқа:) ең батыстағы тайпа - чығыл, тухси, яғма, ырғақ, йарук, йумул (жумул) ұйғыр, қытай, таббач (табқач) жатады. Ал соғдақ арғу (арғұн), түбүт (тибет) тайпалары бұл жерге басқа жерден келгендер деп көрсетіледі. Түбүттер туралы Қашқари былай деп жазады: ''Түбүт - түрік жерінде тұратын тайпа. Киік әтір соларда болады. Қылмысты болып, қаша көшіп, теңіз жолымен Чинға жетіп, сонда орнығып қалған. өсіп-өнген, олар банисабат ұрпағы. Олардың солтүстігінде ұйғыр, шығысында Қытай, батысында Кашмир, оңтүстігінде үнді теңізі. Олар өз ана тілін әлде қашан ұмытып, түрік тіліне үйренсе де, түрік сөздерін өз тілінің заңдарына лайықтап айтатыны байқалады. Мысалы, ана деген сөзді ума деп, ата деген өзді оба деп атайды. Арғұлар ''Диуани'' мәлімет-тері бойынша осы күнгі Шымкент пен Тоқмақ қалалары-ның аралығындағы кең территорияда тұрған. Сол маңдағы тайпалар арасында олар көп уақыттар бойы үстем болған. ХІ ғасырда яғни ''Диуани'' жазылған мезгілдерде арғұлар өздерінің бұрынғы басымдығынан айырылады да билік басқа тайпаның қолына көшеді. Сонысына байланысты арғұрлар бұрынғы мекенін де өзгертеді.

Ал ұйғырлар негізінен бес үлкен  қалада: Сумии, Кужу, Жанбалық, Бесбалық, Ианыбалық (балық - ескі түрік тілінде қала деген сөз) деген қалаларда тұрады деген мәлімет беріледі. Қыпшақтар мекені деп Товар және Қашқар маңындағы бір кішірек қала аталады. ''Диуани-дағы'' мәліметтерге қарағанда олар шаруашылықпен, балықшылықпен айналысқан. Сонымен қатар сол кезең-де қыпшақтар әлсізденіп, ыдырап, біразы оғыздарға, біразы чығылдарға, т.б. тайпаларға қосылып кеткені де аңғарылып отырады. Ал оғұздар - түркі тайпаларының бірі, олар түрікмен болып табылатынын айта келіп, түркімендердің жиырма екі рудан құралатынын, олардың әр қайсысының өзіне тән таңбасы, малға салатын ендері барлығын, әлгі рулар өзара сол ен - таңба арқылы айырлатынын хабар-лайды. Рулардың аттары, ен-таңбалары атап-атап көрсетіледі. Мұндай тарихи этнографиялық мәліметтер Қашқари еңбегінде жиі кездеседі.

Сөздікте берілетін әрбір сөздің тұсында (егер ол этноним, мал, құс, т.б. атауларға немесе әдет-ғұрыптарға, салт-сана, шаруашылық кәсіпке байланысты сөз болса) мүмкін боларлық бар мәлімет  беріліп отырады. Сөйтіп, Қашқари  еңбегінің маңызды бір жері осы материалдарға байланысты болып келеді. Әрине, Махмут Қашқари филолог және оның еңбегіде осы тұрғыда жазылған. Еңбектің құрылысының жинақы, жүйелілігі, ондағы мәселелердің ғылыми тұрғыдан маңыздылығы мен дәлдігі авторды өз заманының аса ірі оқымыстысы есебінде танытады.

''Түркі тілдері сөздерінің сөздігі'' ең алдымен лекси-кографиялық  мұра есебінде көңіл аударады. Қашқари сөздерді реттеп беруде  өзіне тән тәсіл қолданады.  Ол ең әуелі аз әріптерден  құралатын сөздерді береді де, одан әрі әріптің санына қарай дамытып отырады. Қандай сөздерді беріп, қандай сөздерді бермеу мақұл дегенде, сол кезеңде тайпалар тілінде қолданылып жүрген яғни, актив сөздерді ғана беру керек деп мәлімдейді. Бұл автордың алдын-ала ойластырылған принцип бойынша жұмыс істегендігін дәлелдейді. Ол сөздік жасауды әйтеуір білген, естіген сөздерді тізе беру деп қарамайды. Сонымен қатар автор тілдің сөздік құрамындағы актив сөздер мен пассив сөздерді айыра қарап, екеуін екі түрлі құбылыс деп есептейді. ''Түркі тілдері сөздері жинағының'' лексико-графикалық мәні мұнымен ғана бітпейді. Онда антоним мен синоним сөздер, омоним сөздер мен метафоралар, диалектілік сөздер бас-басына ажыратылып түсіндіріліп отырады. Ал мұндай жүйеге келтіру, байқампаздық Қаш-қари заманындағы лингвистика үшін аса бір ірі табыс еді. Автор ескірген сөздерді, шеттен кірген сөздерді сөздікке енгізбедім деп мәлімдейді. Әрине, бүгінгі түркі тарихы тұрғысынан алғанда, олардың ''Сөздікте'' берілуі аса маңызды іс болар еді. Алайда автор өз принципіне басынан аяғына дейін берік.

Сонымен қатар Махмуд Қашқари бұл  еңбегінде түркі тілдерінің алғашқы  классификациясын береді. Осы мақаланың  басы жағында сөз болған түркі  тайпаларын екі топқа (солтүстік  және оңтүстік) бөліп қарауы - тюркология тарихындағы алғашқы классификациясы еді. Бұл классификацияда Қашқари географиялық (орналасу орнына қарай) принцип қолданады. Алғаш рет Қашқари қолданған географиялық принцип біздің заманымыздағы басқа да классификацияларда да қолдау тапты. Сондай-ақ Қашқари көрсетіп кеткен кейбір диалек-тілік айырмашылықтар да кейін түрік тілдерін топқа бөлуде басты принцип болып қалады.

М. Қашқари өз заманындағы түркі  тілдерінің қайсы-сы қандай дәрежеде дамығанын  да айтып отырады. Оның айтуынша түркі  тілдерінің ішіндегі ең жеңіл тіл  оғұз тайпа-ларының тілі, ең сындарлы, әдемісі яғма, тухси тайпалары мен Іле, Ертіс, Еділ бойларынан бастап ұйғыр қалаларына дейінгі аралықта тұратын тайпалар тілдері. Бұлардың ішінде де ең сындарлысы және көп тарағаны - ұйғыр тілі. Әрине, Қашқари заманында ұйғыр тілі түрік тайпалары-ның арасында әдеби тіл міндетін атқарады. Сондықтан да ол басқа тілдерге қарағанда көп жерде қолданылады.

Махмұд Қашқари және оның еңбегі ''Диуани лұғат-ат-түрк'' жайындағы қысқаша  мәлімет осындай. Мақалада оның еңбегінің  басты-басты мәселелері ғана атап көр-сетілді. ''Диуани лұғат-ат-түрк'' әлі жете зерттелген емес. Соның өзінде бұл еңбектің тілін бір ғана халық тіліне телуге болмайды. Онда осы күнгі Орта Азия мен Қазақ-стан, Еділ-Орал бойлары, тіпті солтүстік Кавказ жерін мекендейтін барлық түркі халықтары тілдерінің элемент-тері бар. ''Диуани лұғат-ат-түрк'' кітабы тілінің сөздік қорында болса да, грамматикалық құрылысында болса да қазіргі қазақ тілі материалдарымен сай түсіп, кейбір фонетикалық, грамматикалық өзгерістеріне қарамай, мән-дес болып отыратын фактілерді жиі кездестіруге болады. Мұның өзі Қашқари еңбегін қазақ тіліне жақындығы тұрғысынан зерттеу жұмыстарын жүргізудің аса қажет екендігін дәлелдейді.

Информация о работе Махмұд Қашқари