Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июня 2014 в 20:42, сочинение
Туған жер ... Атамекен ... Атажұрт ... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар.Баланың «шыр» етіп дүниеге келегенін, «Отаным, қайдасың?» Деген қуаныш сөзі ме деймін. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен-ақ өз Отанының тарихына ден қоя бастайды.Отан ... Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Осы бір сөзде ұлағатты ұғым, адамға өте бір жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Отанымның әрбір шөбі, әрбір бұтасы, әрбір тасы мен беретін жылуы күннің жылуынан да артық па деймін?Менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке-Қазақстан. Қазақстан-бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ерекшелегетін көп ұлтты ұлы мемлекет. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді ...
Менің Қазақстаным!
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным,
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің!
Туған жер ... Атамекен ... Атажұрт ... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар.Баланың «шыр» етіп дүниеге келегенін, «Отаным, қайдасың?» Деген қуаныш сөзі ме деймін. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен-ақ өз Отанының тарихына ден қоя бастайды.Отан ... Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Осы бір сөзде ұлағатты ұғым, адамға өте бір жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Отанымның әрбір шөбі, әрбір бұтасы, әрбір тасы мен беретін жылуы күннің жылуынан да артық па деймін?Менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке-Қазақстан. Қазақстан-бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ерекшелегетін көп ұлтты ұлы мемлекет. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді ... Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған қала, туған көше. Туған қалам-Семей. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті.Үйдің маңындағы аулада ойнағаным, көше балаларымен доп қуып, қуыршақ ойнағанымыз әлі есімде. Тіпті, бірінші сыныпқа да барғаным есімде. Мектепке дейін үш-төрт аялдама еді, автобуспен баратынмын. Мектепте отырып өз көшемді сағынып отыратынмын.Иә ... Туған жер ұзаққа жібермейді. Өткенге қайтіп оралмасам да, оймен қиялдап өзіміздің ұзақ көшеден жүгіріп шауып ойнағаным, көше балаларын, "Қызым, үйге кір ..." - деген ананың сөздерін еске түсіремін. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі ... Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше-менің кішкентай Отаным. Қазірде мен елімнің, Қазақстанымның, бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын ...
Қазақстан-ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттады. Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Бүгін өзімнің Қазақстаным туралы мақтанышпен жазып отырмын.Кеудемде бір мақтаныш, махаббат, патриоттық сезім оянып тұр.Мен өз Қазақстанымды осы жерде тұрғаным үшін ғана емес, оның кең даласына, биік те әдемі тауларына, аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарына, қанатты бұлттарына, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдеріне, ақ жал толқындары, асау арғымақтай көкке шапшыған шалқар теңізіне, арналы өзендеріне, мүлгіген ну ормандарына ғашық болғандықтан сүйемін. Қазақстаным әр жыл мезгілінде тамаша! Көктемде әр түрлі бояуларға енеді: көз алдымда-қызыл дала, көгімде-шайдай ашық көк аспан, дәл ортасында-жап-жасыл болып көк шөп өсіп тұрады. Самал жел мен жусайдың, түрлі гүлдердің иісі аңқып тұр ... Жазғы шілдеде туған жерімнің табиғатында демалудан ләззат аламын. Жазық даласында күнге шомылып, емдік шипасы бар көліне барып, таза орманының ауасымен демалғанға не жетсін! Күз мезгілінде барлық дала алтынмен безендіріледі. Әсем де, көркем тауларын тұман басып, көзге суық көрінеді. Қыста дала күміске оранып, көк аспаннан ақ ұлпалар ұшып жатыр ... Туған табиғатымның далысында қыдырып жүріп өзімді басқа бір тамаша арманың орындалатын әлемде жүргендей сезінемін ... Қазақстанымда мін жоқ. Тың жердің алтын егіндері, Бурабайдың әсем қарағайлары, ұлы даланың ақшыл бетегесі, Сарыарқаның көк аспанмен ұштасқан таулары, айнадай айдын көлдері, сан-алуан өсімдіктері, сан түрлі жануарлары, бүкіл Қазақстанды қамтитын сарқылмайтын ресурстары, қонақжай халқы, жүз елу ұлт өкілдері, дарынды да, парасатты ел басшысы, бірлігі, тарихы бар Қазақстан-әлемдегі ең бай мемлекет деп білемін.
Ең алдымен шығарма жазарда ғаламтор желісіне кіріп, Қазақстан туралы кім қалай жазатынын білгенді жөн көрдім. Дұрыс па, бұрыс па білмедім бірақ барлығының шығармасында: тәуелсіздік алғанымыз, тәуелсіздік алғаннан кейін болған оқиғалар, жылдар жазылған. Ол жылдардың бәрі тізіліп тарих кітабымызда, санамызда да жазылған ғой. Туған жер, Отанға деген сүйіспеншілік, махаббат сезілмеді. Әрине, қазіргі Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы дегенде ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз егеменді ұлттық мемлекеттігінің қалыптасуын ұғыну керек. Бірақ мен үшін Отан-құндылықты материалдарды тасымалдаушы емес. Бұл жан сезімі! Сенің әрқашан оймен болса да оралғың келетін Жердің рухани бұрышы. Өзің туып өскен жерің-жерұйығың, қадірлеп, қастерлеп, топырағын сүйіп жүр, шөбін иіске, тасын жастан, суына сусында, желіне салқында, аспанына қызықта, даласына көсіл, тауына армандап қара ... Иә, біздің Қазақстанға әлі алға ұмтылу қажет. Ғылымды дамыту, ауылдарға демесу, жемқорлықты жою, халық санын, отандық өнімдерді көбейту, айтудың өзі ұят, бірақ қазақ тілін дамыту қажет бізге. Мұхтар атамыз айтқандай айта берсең проблемма көп. Бірақ Қазақстанымның жетістіктері алда. Мен осыған нық сенемін!
«... Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен қоғамның дүниеге келінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретіне сенемін ... »(Н.Ә.Назарбаев)