Мұхтар Әуезов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 15:13, биография

Описание работы

1908 жылы Семейдегі қалалық училищеде, одан соң мұғалімдік семинарияда оқыған шақтарында ол орыс және шетел әдебиетінің туындыларымен молынан танысады.Мұның бәрі оның шығармашылықпен айналасуына үлкен себепші болған. Болашақ жазушы, ғұлама ғалым Санкт - Петербург университетінде(1928 жылы аяқтаған), Ташкенттегі Орта Азия университетінде оқыған. 20 - 30 – жылдары жазушы қаламынан қазақтың байырғы өмірінің көрінісін бейнелеген көптеген әңгімелер туған, ал 20- жылдардың аяғына қарай «Қараш-Қараш оқиғасы» ( 1927 ) және «Қилы заман» ( 1928 ) повестері жазылған.

Файлы: 1 файл

Мұхтар Әуезов.doc

— 23.50 Кб (Скачать файл)

Мұхтар Әуезов

  (1897 - 1961)

Қазақ халқының  ғасырдағы ұлы жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде, Абай туған өлкеде дүниеге келген. Өз әкесі Омархан да, атасы Әуез де ескіше сауатты кісілер болған екен. Олар Абаймен жақсы сыйластықты қарым  Мұхтар Әуезов

-қатынаста болыпты. Білім  сапарын ауыл мектебінен бастаған  бала Мұхтардың кішкентай кезінен  сусындап өскен рухани қазынасының  бірі- Абай өлеңдері. «Атам Әуез Абаймен дос еді. Ол кісі біз сияқты немерелеріне ақынның өлеңдерін де аудармаларын да көп оқытатын.Әсіресе, Абай аудармаларын, Татьяна жанының нәзік сырын, оған Онегин жауабын                                                              жаттатқызатын»-деп қаламгер кейін өз естеліктерінде жазған.

1908 жылы Семейдегі қалалық училищеде, одан соң мұғалімдік семинарияда оқыған шақтарында ол орыс және шетел әдебиетінің туындыларымен молынан танысады.Мұның бәрі оның шығармашылықпен айналасуына үлкен себепші болған.

Болашақ жазушы, ғұлама ғалым  Санкт - Петербург университетінде(1928 жылы аяқтаған), Ташкенттегі Орта Азия университетінде оқыған. 20 - 30 – жылдары жазушы қаламынан қазақтың байырғы өмірінің көрінісін бейнелеген көптеген әңгімелер туған, ал 20- жылдардың аяғына қарай «Қараш-Қараш оқиғасы» ( 1927 ) және «Қилы заман» ( 1928 ) повестері жазылған.

Мұхтар Әуезов- қазақ  драматургиясының негізін салушылардың бірі, ол-тарихи тақырыптарға арналған  ондаған пьесалардың авторы.

Қаламгердің  есімімен  әлемге  мәшһүр еткен  ең басты туындысы – «Абай жолы»  атты 4 кітаптан тұратын тарихи роман – эпопеясы.


Информация о работе Мұхтар Әуезов