Мәлік Ғабдуллин "... Мәлік атым құрып кетсін, өзімнің жұлдызымды берем"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2015 в 08:17, контрольная работа

Описание работы

Цензура Мұхтар Әуезовтің ''Абай'' романына тиым саламыз дегеде майданда жүрген Бауыржан Момышлы мен Мәлік Ғабдуллин хат жазып, кітап үшін араша түсен екен.

Файлы: 1 файл

Цензура Мұхтар Әуезовтің.docx

— 180.29 Кб (Скачать файл)

Цензура Мұхтар Әуезовтің ''Абай'' романына тиым саламыз дегеде майданда жүрген Бауыржан Момышлы мен Мәлік Ғабдуллин хат жазып, кітап үшін араша түсен екен.

9 мамыр. Мәлік Ғабдуллин: "... Мәлік атым құрып кетсін, өзімнің жұлдызымды берем"

Қазақ халқының біртуар батыр ұлдарының бірі болған ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері және жазушы Мәлік Ғабдуллиннің тарихтағы, әдебиеттегі орны тым ерекше.

Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 2 (15) қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келді. 14 жасынан бастап атақты жазушы Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алады. 1924-1931 жылдар аралығында М.Ғабдуллин Көкшетау қаласындағы жетіжылдық қазақ мектебінде оқиды. 1931 жылдың қыркүйегінен 1935 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласындағы Абай атындағы Педагогикалық институттың «Қазақ тілі мен әдебиеті” бөлімінің студенті болды.  
1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдайды. Институттан кейін 1935-1937 жылдар аралығында әскери борышын өтейді (1937 жылдың қарашасына дейін Өзбек ССР-і Ферғана қаласында Отан алдындағы борышын өтеді). Әскерден келген соң, 1937 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етеді. 1938 жылы «Қазақстан пионері» газеті редакторының орынбасары қызметінде болады, КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық Филиалындағы Тіл және Әдебиет Институтында ғылыми қызметкер болады.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда, алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап, соғыстың соңына дейін Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі танкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. Алған жарақатына қарамастан, жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1943 жылдың 30 қаңтарында Мәлікке "Кеңес Одағының Батыры" атағы берілді.  Бұл атақпен қоса, Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де берілді.

Мәліктің жаужүрек батырлығы жөнінде очерк жазған Борис Полевой темір өзек жауынгерлерін көзімен көріп, таңғажайып ерліктеріне елжіреген дивизия командирі, генерал-майор И.В.Панфиловтың толғанысын былайша суреттейді. “…Өзінің көргісі келді. Сұңғақ бойлы, талдырмаш жасты Панфилов ұзақ айналдырып қарады. Шынын айтқанда, Мәліктің денесіне соғыстың әскери киімі әлі қона да қоймаған кезі еді. “– Мә, саған ғылым адамы! Жарайсың! Жаман солдат болмассың”, – деді ол Мәлікке жарықшақты дауысымен. Сөйтті де, Мәлікті өзіне қарай тартып алып, кәдуілгі орыс халқының әдетінше, бетінен үш рет сүйді. Бұлардың қасында жақын тұрған адамдар, көп езу тартпайтын, салқын жүзді атақты генералдың сыр бермейтін жүзінде әкелік қуаныштың лап бергенін байқасып қалысты”, – дейді ол. Етігімен су кештіріп, қанды көбік жалатқан қатыгез күндер өз батырын осылай тудырды”.

Көз көргендер Мәлік Ғабдуллинді соғыс кезінде шығыстың қос шынарының бірі Мәншүк Мәметоваға қамқоршы аға болған деседі. Мәншүктің қазасынан кейін оған Батыр атағын бергізу үшін М.Ғабдуллин үлкен еңбек сіңіреді. Бұл жайлы ҰОС ардагері Байуақ ардагер мәлімдейді: "Ол Мәншүктің қазасын ести салысымен, дереу Невель қаласына келеді. Келе сала: «Мәншүкке не жасап жатырсыңдар?» – дейді. Олар екінші дәрежелі Отан соғысы орденіне ұсынғандарын айтады. Мәлік Ғабдуллин сонда қатты ашуланып: «Айтыңдаршы, Алматы мен Мәскеудің арасы қанша шақырым?» – дейді. Біреуі «4800» десе, біреуі «5000 шақырым» деп жатады. «Мейлі, 4 мың-ақ болсын. Басқаны қойып, қазақтың жиырмаға жаңа шыққан қызы сонша жерден Отанымды, Мәскеуді қорғаймын деп келіп, қолына орыстың винтовкасын алып, соғысамын деуінің өзі сендерге ерлік емес пе? Осыдан артық немене керек? Дереу құжаттарын қайта дайындаңдар. Комсомолдың Орталық комитетінің бірінші хатшысы Михайловқа, болмаса маған Батыр атағын берген Калининнің өзіне барам. Тіпті Ворошиловқа кірем. Одан түк шықпаса, менің Мәлік атым құрып кетсін, өзімнің жұлдызымды берем» деп қайтадан дайындалған құжаттарды алып кетеді. Содан алты ай дегенде, 1944 жылы 5 наурызда Мәншүкке Батыр атағы беріледі.

Соғыстан кейінгі жылдары да елі үшін аянбай қызмет етіп, артынан мол мұра, өнегелі өсиеттер қалдыра білген батыр атамыз 1973 жылы 2 қаңтарда Алматыда көз жұмды.

 

 

Мәлік Ғабдуллин[өңдеу]


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

 

 

 

Дүниеге келгені:

1915 ж. қарашаның 15 
Ақмола облысы Зеренді ауданыҚойсалған ауылы

Қайтыс болғаны:

1973 ж. қаңтардың 2 (57 жаста) 
Алматы қаласы


Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, —2.01.1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ҒА-ның академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Кедей шаруа отбасында туған. М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды.

Мазмұны

 

  [жасыру] 

  • 1 Қызмет бастамасы

  • 2 Әдебиетке қосқан үлесі

  • 3 Қызметтері

  • 4 Шығармалары:

  • 5 Дереккөздер

Қызмет бастамасы[өңдеу]


М.Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталды. 1941- 1946 жылдары Кеңес әскерінің генерал И.Панфиловбастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. Соғыс аяқталып, армиядан қайтқаннан кейін Ғабдуллин республиканың ғылыми-педагогикалық мекемелерінде қызмет атқарды. Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтының директоры (1946-51), Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (1951-63) болды. 1963-1973 жылдары Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі болды.

Әдебиетке қосқан үлесі[өңдеу]


М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" (1958, 1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті. Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта басылып шықты. Ол 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" оқулығын (1952-1957) жазды. М.Ғабдуллиннің көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрді. Шығармалары жеке жинақ болып, соғыстан кейін жарияланды. "Менің майдандас достарым" (1947), "Алтын жұлдыз" (1948), "Майдан очерктері" (1949), "Сұрапыл жылдар" (1971) атты кітаптарына енген әңгіме, очерктерінде М.Ғабдуллин майдан өмірін суреттеп, жауынгер тұлғасын, кеңес өкіметінің адамдарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді. Педагог-жазушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" (1966) деген кітабында М.Ғабдуллин бесік жырынан бастап, батырлар жырына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді. Сонымен бірге балаларды патриотизмге, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде ата-аналарға педагогтық кеңес береді.

Қызметтері[өңдеу]


М.Ғабдуллин ӀӀ-ӀV сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің парламенттік тобының құрамында Финляндияда (1953), Бельгияда (1957), Югославияда (1957) болды. Ғабдуллин еңбекшілер депутаттарының Алматы облыстық, қалалық Кеңестерінің депутаттығына, Қазақстан КП Алматы облыстық, қалалық, Фрунзе аудандық комитеттерінің мүшелігіне бірнеше рет сайланды. Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жүлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен наградталған. "Қазақ халқының батырлар жыры" кітабы авторларының бірі.[1]

Шығармалары:[өңдеу]


  • Менің майдандас достарым, А., 1947;[2]

  • Алтын жұлдыз, А., 1948; Майдан очерктері, А., 1949;

  • Проблема народности қазахского героического эпоса, А., 1953.

  • Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1958;

  • Майдан очерктері, А., 1959;

  • Ел намысы - ер намысы, А., 1966;

  • Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес, А., 1966;

  • Сұрапыл жылдар. А., 1972;

  • Қазақ эпосы, А., 1971;

  • Менің майдандас достарым, А., 1985.

 


Информация о работе Мәлік Ғабдуллин "... Мәлік атым құрып кетсін, өзімнің жұлдызымды берем"