Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2014 в 10:54, научная работа
Мақсаты: Автордың романда айтқысы келген негізгі ойы қазақ өміріндегі ең бір әлеуметтік мәні зор мәселе – әйел теңсіздігі болатын. ХХ ғасыр басындағы қазақ қызда¬рының теңдікке ұмтылуының әдебиетіміздегі маң¬дай алды тақырып болып табылуы тек қана әйел тағдыры емес, рухани теңдікке, бостандыққа ұмтылған қазақ ұлтының күрескерлік болмысын танытумен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда «Бақытсыз Жамал» азаттық идеясын басты ұстанымға айналдырған роман болып табылады.
Міржақып Дулатұлы «Бақытсыз Жамал»
Аннотация компоненті
Мақсаты: Автордың романда айтқысы келген негізгі ойы қазақ өміріндегі ең бір әлеуметтік мәні зор мәселе – әйел теңсіздігі болатын. ХХ ғасыр басындағы қазақ қыздарының теңдікке ұмтылуының әдебиетіміздегі маңдай алды тақырып болып табылуы тек қана әйел тағдыры емес, рухани теңдікке, бостандыққа ұмтылған қазақ ұлтының күрескерлік болмысын танытумен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда «Бақытсыз Жамал» азаттық идеясын басты ұстанымға айналдырған роман болып табылады.
Маңыздылығы
Қазақтың алғашқы романында Жамал тағдыры жалаң алынбай, қазақ өмірінің сан қыры әлеуметтік мәселелерімен көмкеріле, сабақтастырыла суреттелген. Романда өз тұсындағы реалистік өмір шындығы молынан көрініс тауып, рухы биік, бостандық сүйгіш жандар бейнесі сомдалған. Өз мезгілінің күрделі әлеуметтік-қоғамдық мәселесін көтерген, махаббат бостандығын жыр еткен, жанрлық тұрғыдан қазақ әдебиеті үшін жаңалық болған «Бақытсыз Жамал» прозалық туындысы ұлттың рухани тарихында терең із қалдырды.
Қысқаша мазмұны
Өмір-тағдыры романға
тірек болған Жамал – көптің бірі емес,
қазақ қыздарының басындағы қайғылы халін
ұғына білген, өз тағдырына араша түсуге
дайындығы мол, санасы жетілген қазақ
қызы. ХХ ғасыр басында аз болса да мұндай
сауатты қыздардың ел ішінде болғандығы
өмір шындығы. Әке-шешесінің көзінің ағы
мен қарасындай жалғыз қыз жасынан еркіндіктің
дәмін татып өскен. Оның кейінгі өз бостандығы
жолында күреске ұмтылуының және оған
батылының баруының бір сыры осында жатыр.
Мәселе, кейіпкердің сауаттылығында ғана
емес, автордың кейіпкер табиғатына еркіндік
рухын тәрбие негізі арқылы құюында. Теңдікке
деген жүректегі бұлқыныс қыз санасының
бірте-бірте өсуімен жетіле түседі. Автор
бұл өзгеріс, өсулерді Жамалдың ішкі жан-дүниесін,
мінез-құлқын ашатын психологиялық иірімдер
арқылы емес, жанама мінездеулер арқылы
беріп отырады. Жамалдың зейінділігі,
тез хат тануы, оқымаған кітабы қалмауы,
өлең жазуға талаптануы кейде автор арқылы,
кейде сырт адамдардың сөздері арқылы
айтылып та, аталып отырады. Яғни, оқырман
Жамалды үнемі өсу үстінде көреді. Оның
айналасын қоршаған қосалқы кейіпкерлер
әкесі – жуас Сәрсенбай, шешесі – нәзік
жанды, ақылды Шолпан, айттырған күйеуі
«таз Жұман», дала шонжары, қатігез Байжан,
сүйген жігіті Ғали.
Романдағы Жамал мен Ғали –
екеуі де елге сүйкімді, бір-бірін тең
тұтып, сүйіп қосылмақ болған жандар. Жамалды
алып қашқан Ғали қаладағы саудагер татар
қайырымды Патухулланы паналайды. Сенгенінен
сенімді тірек көре алмай Ғали Жамалмен
алыстағы нағашысына кетеді, сонда кенеттен
ауырып өледі. Ғашығын жоғалтқан, панасыз
қалған Жамал айналып келіп айттырған
күйеуінің азабына түседі. Мың сан азап
тартып, еріксіз қосылған күйеуінен тепкі
көрген Жамал берік шешімге келіп, қыстың
боранды күнінде қашып шығады. Езгіде
өткен өмірден гөрі не еркіндікке жетуді,
не өлімді жөн көреді. Қалың боранда адасып,
қарлы далада үсіп өледі. Романға арқау
болған оқиғалар желісі осындай.
Қорытынды
Романының ең басты жетістігі
Жамал бейнесінің толыққанды жасалуы
дер едік. Оның рухани биіктігі, бойындағы
ерлік рухының ұшқыны қазақтың дәстүрлі
әдебиетіндегі қаһарман қыздарының бейнесінен
нәр алған. Әрісі, Ақжүніс, берісі, Еңліктен
өрілген өнеге жаңа заман кейіпкерінің
бойына сіңісті түрде кіріктірілген. Сондықтанда,
жаңа заманның жаңа кейіпкерін оқырман
жатсынбай қабылдады.
Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш
романның авторы, азамат ақын, көсем сөздің
көшбасшыларының бірі, саналы санаткер,
көрнекті қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтай
тұлғаның шығармалары ұзақ жылдардан
соң халқымен қайта қауышты. Бақытсыз Жамал» романы туралы
алғаш пікір айтқан Ахмет Байтұрсынов:
«Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда
қазақша бірінші роман жазып шығарған
Міржақып Дулатов болды. Оның «Бақытсыз
Жамал» деген романы 1910 жылы басылып, жарыққа
шықты», – деді.
Сондықтанда, қазақтың алғашқы романында Жамал тағдыры жалаң алынбай, қазақ өмірінің сан қыры әлеуметтік мәселелерімен көмкеріле, сабақтастырыла суреттелген. Романда өз тұсындағы реалистік өмір шындығы молынан көрініс тауып, рухы биік, бостандық сүйгіш жандар бейнесі сомдалған.