Наурыз жыры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2014 в 09:01, реферат

Описание работы

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы, Наурыз – Азия халықтарының көпшiлiгiнде мерекеленетiн өте көне жаңа жыл мерекесi . Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.

Файлы: 1 файл

МАРЖАН.docx

— 25.88 Кб (Скачать файл)

Наурыз жыры

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы, Наурыз – Азия халықтарының көпшiлiгiнде мерекеленетiн өте көне жаңа жыл мерекесi . Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.

 Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы. Наурыз күнi думан-тойды аталарымыз наурызнама атаған. Ұйытқысы, әрине, - жастар. Содан болар, ән мен би, ойын-сауық түннiң бiр уағына дейiн созылған. Халқымызда «Ақ боран», «Қалтырауық қамыр кемпiр» ойындары бар. Онымен қатар бұл күнi наурыз жыр, наурыз жұмбақ, наурыз айтыс, түрлi әзiл-қалжың, мадақтау өлеңдерi айтылады.

Сең жүредi көктемде астан-кестең,

Ақ атанның бауырын арқан кескен.

Ұлы күнi ұлыстың бас қосқанда

Өлеңiңдi айт, құрбыжан қатар өскен,

- деп, қос-қостан жұптасып, айтысқа түседi.

Балалардың бұл мерекеге белсене ат салысатынын:

Ұлыс күнi кәрi-жас,

Құшақтасып көрiскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өрiскен, –

деген өлең мәтінінен аңғарсақ, сондай-ақ:

Амансың ба?

ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барса, жол болсын,

Төрт түлiк ақты болсын,

Ұлыс береке берсiн,

Бәле-жала жерге енсiн, –

деген балалар жаттауына лайық тақпақтар мәтінінен де байқаймыз.

 

 

 

Сәбидің дуниеге келуіне байланысты туған өлең-жырлар

Сәбилiк салт жырлары. Нәрестенiң дүниеге келуi – қай халықтың салтында болмасын үлкен шаттық, зор қуаныш. Бұл күндi әр отбасы ұлан-асыр той жасап, атап өтедi, оны қазақ «шiлдехана» деп атайды. Шiлдеханада ән мен күйдiң нәрестеге айтылатын ақ тiлектiң тиегi ағытылады. Жиналған жұрт үй иесiн мақтап, жас сәбиге арнап жыр төксе, баланың ата-анасы да: Қуанып қан жүрегiм қақ жарылып, Қасiрет басымдағы қалды арылып. Ұл көрiп, ұлы дүбiр той жасаймын, Атқан соң маңдайымнан таң жарылып , – деп өз қуанышын әнмен бiлдiредi. Шiлдехана дастарханы жиылып, ауыл үлкендерi қайтар сәтте ақсақалдан бата тiленедi. Қазақтардың түсiнiгi бойынша, адамның тiлi сөз арқылы үлкен әсер еткiш күшке ие. Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп мақалдаудың себебi сонда. Шiлдехана соңында берiлетiн бата – ақ сақалды қарияның сәбиге, оның ата-анасына арнап айтқан ақ тiлеуi. Бұл сәби атына үлкендер тарапынан бiлдiрiлетiн алғашқы тiлек. Олардың мазмұны мынадай болып келедi: Сары тiстi болсын, Ақ шашты болсын. Өмiрi ұзын болсын, Уайымы аз болсын. Балаларға берiлетiн батаның ересектерге берiлетiн батадан айырмашылығы – мазмұнында. Онда балаға ұзақ ғұмыр, бақытты тiрлiк тiленедi. Сондай-ақ балаларға арналған батада: ...Жұртта қалған тулағы

Тулап келiп тай болсын.

Тай болсын да туласын,

Бiр құрдасы сұрасын.

Сұраса да бермесiн,

– дегендей балалар өмiрiне етене жақын тiркестер, әзiл-оспақтар да аралас жүредi.

Бесік Жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған Бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының Бесік жырылары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз Бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Бесік жырыларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі Бесік жырылары және суырып салма Бесік жырылары деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлі Бесік жырылары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады.

Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер.

Халкымыздыц ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар.

Үлкен сыйлау үкканға соның бөрі,

Зерделі үл, зейінді кызды сынар. (Халық өлеңі. )

       Қыз үзату тойында "тойбастар”, "жар-жар”, "сыңсу”, келін түсіретін  ауылдағы жиьшда "беташар”, т. б. өлеңцер айтылған.

Тойбастар. Ұзатылатын кыздың тойында айтылатын өлеңнің түрін тойбастар деп атайды.Тойбастар өлеңі той иесіне арналады. Той бастаушы:

Белгілі бүл казакка тілдің желі,

Той кылдың жүрт жинаған мерекелі.

Сәрсенбі сәтті күні той кылыпсыз,

Тойыныз тойға ұлассын берекелі, —

деп, той иесіне игі тілек білдіре өлеңдетіп, тойды бастайды.Той бастау өлеңінің мақсаты — ұзатылатын кызына той жасап отырған үйге "күтты болсын” айту, жаксы тілек білдіру. Сонымен бірге өке-шешесін, төркін жүртын, бауырларын кимай отырған қызға дем беру, "ата-ананың жолы осы”, "қыз жат жұрттык” деп коңілін аулау.

Тойбастар өлеңі төрт жолды, он бір буынды, жаттап алып айтуға жеңіл, ьщшам болып келеді.

Тойбастар дан кейін, ұзатылатын кыздың тойында айтылатын өлеңнің екінші бір түрі — жар-жар. Жар-жарды жиналғандар екі жақ болып бөлініп, айтыс түрінде орындайды. Бүл жерде бір жағы кыздар, екінші жағы жігіттер немесе кыз алушы және кыз беруші күдалар жағы болып екіге бөлініп айтысады. Айтыста жаңа үзатылып бара жаткан кыздың барған жерінде қайын ата, кайын енесі, кайын сіңлілері мен кайындары бар екені, олардың кыз туыстарының орнын басатыны, ол кыздың өдептілігі мен көргенділігіне, бауырмалдығына байланысты екені айтылады.

Жар-жар — қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жа бықты ашып өлең бастайды. Жігіттер:

Алып келген базардан қара нөсер, Жар-жар-ау!

Қара мақпал сәукеле шашың басар,  Жар-жар-ау!

 Мұнда әкем қалды деп қам жемеңіз,  Жар-жар-ау!

    Жақсы болсаң, қайын атаң орын басар, Жар-жар-ау                               Қыздар:

Есік алды қара су майдан болсын, Жар-жар-ау,

    Ақ жүзіңді көрерлік айнам болсын,Жар-жар-ау,

    Қайын атасы бар дейді осы қазақЖар-жар-ау,

  Айналайын  әкемдей қайдан болсын  Жар-жар-ау.                                      

Айтыс осылайша жалғаса береді, ойын қыза түседібықты ашып өлең бастайды.   

Сьіңсу. Өте ертеден келе жатқан салт-дөстүр жырларының бір түрі — сыңсу. Бұл жыр ұзатылатын кыздың ағайын-туыс, ел-жүрт, әке-шешемен коштасып айтатын жыры. Көбінесе кыздың жеке басының мүңы, жат жүртка кетіп бара жатканы туралы айтылады. Сыңсу өлеңінде:

Ата-анам еді — дөулетім,

Мен жұртыма жау ма едім,

Жат жүрттык болып кеткен соң,

Кетер-ау бастан сөулетім, —деп, үзатылып бара жатқан кыз ел-жүрт, ағайын-туыс, қүрбы-қүрдаска көңіл шерін толғайды.

Қоштасу

Қоштасу, қоштасу өлеңі– қазақтың дәстүрлі салт жыры. Ел-жұртымен, туған туысымен, сүйген жарымен, ата-анасымен, жүйрік атымен, қыран құсымен, т.б. Қоштасу бар. Қоштасу өлеңі эпос, дастандарда көп кездеседі. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырындағы Таңсық қыздың “Балталы, Бағаналы ел аман бол” деп басталатын Қоштасуы ел арасында кең тараған. “Елім-ай” өлеңі кіндік қаны тамған жерінен айрылған халықтың ауыр күйзелісін, қайғылы көңіл-күйін білдіретін шығарма. М.Әуезовтың жіктемесі бойынша Қоштасу жырлары:

а) жермен, елмен Қоштасу (Ай, Таңсық өлеңдері);

ә) Сарыарқамен Қоштасу (Күдері Қожаның Қарқаралыдан кетерде айтқаны);

б) өмірдің өткен шағымен Қоштасу (Сабырбай ақынның қызы Қуандыққа айтқан сөздері, Кемпірбайдың Әсетпен қоштасуы;

в) Өтіп бара жатқан заманмен Қоштасу (Қаратоқа Есет бидің еңкейген шағындағы өлеңі, Тезек төренің “Сексен” деген әні) сияқты түрлерге бөлінеді.

Қоштасу өлеңдерін түрлерге жіктеу әдебиеттану ғылымында қазіргі күнге дейін өзекті мәселелердің бірінен саналады. Қазақ халқының “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Қобыланды батыр”, т.б. лиро-эпостық және батырлық жырларында Қоштасудың көркем үлгілері кездеседі.

Жоқтау

Жоқтау немесе Дауыс қылу - қазақ халқының әдет-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылады. Қазаны естіген жанашыр туыстар ауылға “ой, бауырымдап” ат қойып шауып келіп, атынан жығыла түсіп, жақындары жоқтау айтып, қайғылы сарынмен көріседі.

    Жаз  күндері қаралы ауыл көшіп-қонғанда,

    үй  жығып жатқанда дауыс салып  жоқтау айтылады.

    Таң  сәріден тұрып, жүк артып болып, көш жолға шығар алдында да жоқтау айтылған.

Мұның бәрі – қайтыс болған адамның соңғы күндері өткен, соңғы рет жүріп-тұрған жерін, қоныстанған жұртын қимай, сол атамекені мен қайтқан адамның арасындағы үзілген байланыстың қайғысын жария етуді білдіреді. Баратын жеріне жеткенше қаралы көш жоқтау айтуды жалғастырып, сол мұңды, зарлы қалыптарымен келесі қонысқа жеткенше ешқайда бұрылмай жүре беретін. Жолда кездескен ауыл қаралы көштің қонақасын көтеріп алатын болған.

Сондай-ақ жоқтау қаралы хабарды кеш алған сыйлы адамдар келгенде де айтылады. Жоқтаудың созылыңқырап айтылатын, ғасырлар бойы қалыптасқан әр түрлі сарыны бар.


Информация о работе Наурыз жыры