Орфография туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2015 в 20:32, реферат

Описание работы

Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы орфография (гректің орфос — дұрыс, түзу және графия — жазу деген сөздерден алынған) деп аталады. Тіл жүйелі, қоғамдық құбылыс болғандықтан, жұрттың бәріне ортақ оның жазу ережелері болады. Әркім өзінше әр түрлі жаза беретін болса, ол жүйелі тіл болмақ емес. Кейде дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды.

Файлы: 1 файл

орфография.pptx

— 256.33 Кб (Скачать файл)

Орфография

Орфография туралы  
Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы орфография (гректің орфос — дұрыс, түзу және графия — жазу деген сөздерден алынған) деп аталады. Тіл жүйелі, қоғамдық құбылыс болғандықтан, жұрттың бәріне ортақ оның жазу ережелері болады. Әркім өзінше әр түрлі жаза беретін болса, ол жүйелі тіл болмақ емес. Кейде дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды.  

Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді. Мұндай ережелер:

фонематикалық,

фонетикалық,

тарихи-дәстүрлі,

айырым принциптеріне негізделеді.

Фонематикалық принцип

 

Фонематикалық принцип көп жағдайда морфологиялық принципке сәйкес келеді, мұнда белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегі бір ғана әріппен белгіленеді.

Мысалы, басшы (башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәудегер емес).

Фонетикалық принцип

 

Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке алынып, айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады. Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық принципке негізделген (Ботагөз, Амангелді, т.б.).

Тарихи-дәстүрлі принцип

 

Тарихи-дәстүрлі принципжазу-сызуы бір графика негізінде қалыптасқан, өзгеріске түспеген тілдерге тән (ағылшын, француз, т.б.). Қазақ жазуында әліпби жиі ауысып отырғандықтан, бұл принцип сирек қолданылады.

Айырым принципі

 

Айырым принципі бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде Орфография арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет, т.б. Сөздердің бөлек не бірге жазылуы түрлі лексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөз тіркесін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады.

Мысалы, ақтаңдақ (сөз) – ақ таңдақ жер (сөз тіркесі). Сондай-ақ сөйлемнің басында тұрған сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен таңбаланады. Сөздерді тасымалдау ережесі қазақ Орфографиясында сөздің буын жүйесіне негізделген.

Сөздердің дұрыс жазылу ережелерін сақтау үшін басты екі принцип басшалаққа алынады олар:

 

Морфологиялық принцип-әр сөздің түбірі мен оған жалғанатын қосымшанаң тұлғасын сақтап жазу принципі.

Мысалы: бас-шы (башшы деп айтпаймыз ол қате болып саналады), кете-алмай(кетеалмай деп айтуға болмайды), сары-арқа (сарарқа деуге болмайды)

 

Фонетикалық пиринцип-сөздердің естілу дағдысын сақтап жазу принципі.

Мысалы: тарағы (тарақы емес),Торайғыров (Торыайғыров емес) және т.б

Дереккөздер

 

 Уәлиев Н., Алдашева А., Қазақ орфографиясындағы қиындықтар, А., 1988;

Сыздық Р., Қазақ тілінің анықтағышы, Аст., 2000;

 Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі, А., 2001

 Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005.

 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет

Назар аударғандарыңызға рахмет!


Информация о работе Орфография туралы