Салмақ, ұзындық өлшемдерінің атаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 17:24, реферат

Описание работы

Білім мен тәрбие – егіз. Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, олардың танымын кеңейткен. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Қазақ халқының өмірі мал шаруашылығы, егін егу болғандықтан ертеректе осы шаруашылықтарға сай өлшем бірліктерін дене мүшелері: саусақпен, аяқпен, қолмен, буынмен өлшеудің әдістерін меңгерді. Бұнымен бірге судың тереңдігін,көлем өлшемдерін, уақытты өлшей білген.

Файлы: 1 файл

Лингвомадениет реф гот.docx

— 25.07 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

 

Қарағанды «Болашақ» университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

Салмақ, ұзындық өлшемдерінің атаулары

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Г.Б. Ботагарина

группа: зИН-2С-13

Тексерген: Г.Ш. Оразгалиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 201

Қазақ халқының өлшемдері 
Білім мен тәрбие – егіз. Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, олардың танымын кеңейткен. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Қазақ халқының өмірі мал шаруашылығы, егін егу болғандықтан ертеректе осы шаруашылықтарға сай өлшем бірліктерін дене мүшелері: саусақпен, аяқпен, қолмен, буынмен өлшеудің әдістерін меңгерді. Бұнымен бірге судың тереңдігін,көлем өлшемдерін, уақытты өлшей білген. 
Мысалы: 1) Жылдамдықты: қас-қағым сәт, 
бір жылт еткен ғұмыр, 
көзді-ашып жұмғанша.  
2) Уақытты: сүт пісірім, 
 
шәй қайнатым, 
 
бие сауым, 
 
ат шаптырым, 
 
қозы көш жер, 
 
кешке дейін,түнге дейін деп білген. 
 
3) Ұзындықты: шынтақ елі, 
 
бармақ елі, 
 
табан елі, 
 
саусақ елі. 
 
4) Семіздік, яғни жылқы малын өлшем бірлігімен: кере қазы, сере қазы, табан қазы, би қазы, шынтақ қазы – деп анықтап отырған.

Өлшем – мөлшер, мөлшердің сандық бірлігі. Мөлшерсіз дүние жоқ. Әлемнің де, табиғаттың да өзіндік жарасымды өлшемі, мөлшері бар. Өлшем - өндірілетін өнімдердің, күнделікті тіршілік-тұрмысқа қажетті заттардың сандық және сапалық көрсеткіші, оның ұзындық, қалыңдық, көлемдік, сондай-ақ жол сапарға байланысты оның қашықтық мөлшері бар. Бұл замандағыдай дәлдік өлшем аспап-жабдықтары жоқ ертеде мөлшер негіздеріне қоршаған орта көріністері, төңіректегі табиғи заттардың, бүтін бітімі немесе бөлігі, еңбек құралдарының үлгісі, мал өрісі көші-қон шегі, өзге де материалдар сандық және салыстырмалы түрде, сондай-ақ адамның дене тұрқы да алынған. Қазақ даласының ерте дәуірінде бастау алған байырғы өлшем бірліктерінің атаулары бүгінгі ұрпақ құлағына жат естіліп, ұғымына қабыспауы мүмкін. Әйтсе де ата-бабалар өткен жол – тарихи тәлім, өнеге.

1. Ұзындық өлшемдері 
Тұтам – бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзын- дық. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы ара-лық. Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі. Қарыс – бас бармақ пен ортан саусақты кергендегі аралық. Кере қарыс – бас бармақ пен ортан саусақты керіңкіреп созғандағы аралық. Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық. Құлаш – иық деңгейінде созылған екі қол ұшының аралығы. Кере құлаш – иық деңгейіңде кере созылған екі қол ұшының аралығы. Сала (көш) құлаш – үш құлаш. Адым, қадам - жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақтығы. Аттам – адымның созылыңқы шегі. Ұзындыққа есік пен төр аралығы, қамшы сабы, арқан, желі бойлары, бір көйлектік (мата) өлшемдері де алынған. 
 
2. Қалыңдық өлшемдері 
Қыл елі. Пышақ сырты (қыры). Шынашақ. Елі. Жарты елі. Бармақ елі. Табан елі. Сере. Қалыңдық өлшемге тұтам, сүйем, қарыс сияқты ұзындық өлшемдері және күрек бойы, құрық бойы, кісі бойы тәрізді тереңдік өлшемдері сөз қисынына қарай пайдала-нылған. 
 
3. Көлем өлшемдері 
Ине жасуындай. Түйіршік. Түйір. Алақандай. Жапырақтай. Ат төбеліндей. Уыс – қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұң-қырайған алақан аясының іші, алақанға сиярлық мөлшер. Құшақ – қауышқан екі қолдың ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні, қойын. Ұлтарақтай – адам табаны-ның көлемі. Табақтай – жалпақ. Тулақтай – мал терісінің көлемі. Үй орнындай – киіз үйдің ішкі көлеміндей. Бір танап жер – гектардың алтыдан бір бөлігі. Бір мойын жер – жарты гектар. Бір айдам жер – бір гектар. Көлдей – өте көлемді, кең. 
 
4. Салмақ өлшемдері 
Титімдей, титтей. 
Тинақтай, тырнақтай. 
Оймақтай. 
Шүйкедей – ұршыққа ыңғай-ланып шиыршықталған жүн-дей. 
Бір жапырақ – бір жұлым. 
Бір жұтым – ауыз толтырып бір ішерлік (су, сүт, т.б.). 
Бір шайнам – ауызға бір салар (тағам). 
Бір тілім, үзім - өте жұқа, жарты бөлшек. 
Бір тартым – 1. Бір рет шегуге жетер шылым.  
2. Көлге, өзенге бір рет ау салып тартқанда торға ілінетін балық мөлшері. 
Бір шөкім, бір шымшым, бір атым (насыбай) үш саусақтың ұшымен, бір қайнатым (шай) шымшып аларлық өлшем, бір мысқал (мысқал – 5 гр.). 
Қадақ – 200 грамм (кейбір әдебиетте 400 гр.). 
Бір шелек (су, сүт) – 10 литр. 
Бір торсық (айран) – 6-7 литр. 
Бір саба (қымыз) – 10-15 литр. 
Бір қап (ұн, қант) – 50-60 кг. 
Бір арқа (жүк) – 45-50 кг. 
Найза қап, қанар – 70-80 кг.  
Пұт – 16 кг, жуық. 
Бір құлақ су – 3- 4- текше метр. 
Батпан - әр елдің өлшемі әр түрлі. Балуан Шолақ көтерген 51 пұттық таразының тасы да бір батпан. 
 
5. Қашықтық өлшемдері 
Қол созым жер. 
Қарға адым жер. 
Қамшы салым жер – тым жақын жер. 
Таяқ тастам жер. 
Иек астындағы жер – бір қыр асты, таяу жер. 
Иек артпа жер. 
Әудем жер – тиіп тұрған жер. 
Шақырым – 1000 метр. 
Дауыс жетер жер – 2- 3 шақырым. 
Ит үргені естілер жер. 
Қара көрінім жер. 
Көз ұшындағы жер - 2,5-3 шақырым (Кейбір қырағы кісілер 25-30 шақырымнан көреді). 
Қозы өрісіндей жер. 
Бір бауыр (бой жазар) жер – 4-5 шақырым. 
Қой өрісіндей жер – 5-6 шақырым. 
Тай шаптырым жер. 
Аяқ жетер жер. 
Қозы көш жер – 6-7 шақырым. 
Құнан шаптырым жер – 8-10 шақырым (құнанды 10-15 шақырымға да шаптырады). 
Бір көш жер 10-15 шақырым. 
Ат шаптырым жер – 20-35 шақырым. 
Бір лаң жер. 
Түстік жер – 30-40 шақырым. 
Күншік жер – 90-100 шақырым. 
Ара қоным жер – 200-250 шақырым. 
Ит өлген жер. 
Ит арқасы қиянда – қашық, жырақ жер. 
Жер аяғы қиянда. 
Қиыр, өте алыс, шет жер. 
Жан өтері жер. 
Жер түбі. 
Жер мойны қашық. 
Түйенің табаны түсер жер. 
Алты айшылық жер – Меккеге қажылыққа барар, тым шалғай жер.

Адамның алғашқы өлшеу тәсілдері. 
Қазір барлық нәрсенің арнаулы өлшеуіші бар, өлшеуішсіз өмір жоқ. 
Өлшеудің және өлшеуіштің қажеттігі тіпті ерте кезде туды, бірақ өлшеу аспаптары мен өлшеу тәсілдері қазіргідей болып бірден қалыптасқан жоқ. 
 
Адам әуалі өлшеуіш етіп өз мүшесін не оның қозғңалыстағы белгілі бір қалып немесе айналадағы жұртқа таныс бір нәрсені алып, сонымен өлшейді. Бұл қарапайым өлшеуіштер қазіргідей дәл өлшеу үшін қолданылмады, адамның сол кездегі өмір талабына жеткілікті болған жуық өлшеу үшін немесе таныс бір нәрсемен салыстыра отырып өлшенетін нәрсенің қандай екенін шамамен білу үшін қолданылады. 
Ұзындық өлшеуіштер: қазақ, ертеден келе жатқан әдет бойынша, бір нәрсенің қалыңдығы мен ұзындығы туралы айтқысы келгенде, өзінің «қол өлшеуіштерін» пайдаланып: «шынтақ елі», «бір елі», «екі елі», «үш елі», «сере қарыс», (қазы), «бір тұтам» (жіп) , «сынық сүйем» (бұдан қазақта ерте кезде бөлшек ұғымы болғаны байқалады). «Сүйем» дейді қолдың белгілі бір қозғалыс қалпын өлшеуіш етіп алып: «қарыс», «құлаш» дейді, немесе аяқ өлшеуіштерін пайдаланып: «табан» (бір табан) «қадам» дейді. Ал жол, арақашықтық туралы айтқанда ешбір өлшеуіштік белгісі жоқ, бірақ көпшілікке таныс аралықпен салыстырып, мөлшермен: «Таяқ тастам жер», «көз көрім жер», «бір көш жер», «ат шаптырым жер», «түстік, күндік жер» дейді. 
Ерте кезде бір нәрсенің ұзындығын арнаулы өлшеуішпен не оның бірнешеге тең бөлінген үлесімен өлшеу тәсілі болған жоқ. Ондай өлшеуіштер арқылы өлшеу тәсілдері кейін, елдер арасында сауда саттық жұмысы күшейген кезде шықты. Ал қарыс, қолдың қары, қадам т.с.с. 
Қарапайым өлшеуіштер тек қазақ арасында ғана емес, адам саналы өмір сүре бастағаннан бері барлық елдерде қолданылады. Халықтар арасында көп тараған қарапайым өлшеуіштердің бірі- қолдың қары(орысша-”локоть”). Ерте кезде, алаша, басқұр сияқты енсіз,тоқыма бұйымдардың, жіп арқандардың ұзындықтарын қолдың қарына орап жіберіп өлшейтін болған. Мұндай қарапайым өлшеуіштер әр елдің өзіне тән тұрмыс-кәсіп ерекшелігіне қарай әр түрлі болып келеді: жапондықтар атқа таға орнына кигізген ши башмақ жыртылғанша атпен жүретін қашықтықты “ат башымағы” деп атап, кейінгі кезге дейін өлшеуіш етіп қолданған, испандар ауыл арасын “бір сиғар”, “екі сиғар” деп өлшеген (ол жаяу адам бір сиғар тартқанша жүретін жол деген сөз): ағылшын каролі Генрих 1101 жылы указ шығарып, “ярд” деп аталған ұзындық өлшеуіш тағайындаған. 
Бұл өлшеуіштің алғашқы ұзындығы карольдің мұрынының ұшынан бастап созылған қолының ұшына дейінгі аралыққа тең болған, ал Англияда қазіргі ярд =0,9144 м. 
Ерте кезден бері халықтардың көпшілігі қолданып келе жатқан, ал Россияда І Петр заманынан бастап Октябрь революциясына дейін қолданылған қарапайым екі өлшеуіне:”фут” (ағылшынша-“foot” немесе”fuss”) - табан және ”дюйм” (голландия-“duim”)-бас бармақ буыны. 
Тіпті ерте кезде тұрмыс талабынан туған осындай қарапайым өлшеуіштер қазір ғылыми өлшеуіштер системасы қалыптасқан кездің өзінде де, әдет бойынша халық арасында қолданыла береді. 
Аудан, көлем және салмақ өлшеуіштері. Ертедегі адам бір нәрсенің ауданын, үлкендігін (көлемін) сөз еткенде, оны да өзіне таныс басқа нәрсенің ауданымен, үлкендігімен (көлемімен) салыстырып, мысалы, аудан туралы айтқанда: ”түймедей”, “теңгедей”, “ат төбеліндей”, “алақандай”, “туырлықтай”, “ауыл”, “ауыл аумағындай”, деп албір нәрсенің үлкендігін: “жұдырықтай”, “ат басындай”, “үйдей”, “таудай” деп ұсынған. Әдет бойынша қазір де қолданылатын өлшеуіштердің алғашқы нышаны болған, осы сөздер өлшеу мен өлшеуіштер тарихы жөнінде және халықтың өмірі, кәсібі туралы едәуір мәліметтер береді. 
Ауданды қазіргідей өлшеу мәселесі, кейін егеншілікті кәсіп етіп, жер участоктарының аудандарын өлшеу жұмыстарын жүргізген вавилондықтар, мысырлықтар т.б.с. сияқты елдерден басталады. Ал көлем өлшеу мәселесі обсерваториялар, храмдар, пирамидалар т.б. күрделі құрылыстар салынып, әр түрлі нәрселердің көлемдерін өлшеу қажет болған кезде басталады. 
Ертедегі адамда заттардың салмағын өлшейтін қазіргідей таразы мен гирлер болған жоқ, нәрсенің ауыр - жеңіл көрсететін “зілдей”, “қаңбақтай” деген сияқты салыстырма ұғым ғана болды. 
 
Кейін адамдар азық-түлік сияқты салмақты заттарды айырбастап алыс-беріс жасағанда, оларды өлшеу (таразыға тарту) керек болды, бірақ таразыны және онымен өлшеу тәсілін табу оңай болмады. Таразының алғашқы түрі – рычагты таразы, ал адам рычагпен пайдалануды білді. Вавилондықтар біздің эрамызға дейінгі 3 000 жылдар шамасында рычагпен пайдалануды білді, ал мысырлықтардың біздің эрамызға дейінгі 2 000 жылдар шамасында пайдаланған рычагты таразысының суреті табылған. 
Уақыт өлшеуіштері: Адам тіпті ерте кезден бастап өлшеумен қатар уақытта да өлшеуді, бірақ алғашқы уақыт өлшеудің дәлдігі аз болды. Табиғат құбылыстарының мысалы, күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысып, Ай формасының өзгеріп отыратындығын және бұл өзгерістерге белгілі мерзімінде қайталап келіп отыратын периодтылық бар екендігін байқап, адам оларды өлшеуіш етіп қолданды. 
Уақыт өлшеуіштері: Адам тіпті ерте кезден бастап түрлі шамаларды (ұзындықты, ауданды т.б) өлшеумен қатар уақытты да өлшеді, бірақ алғашқы уақыт өлшеуіштерінің дәлдігі аз болды. Табиғат құбылыстарының, мысалы күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысып, Ай формасының өзгеріп отыратындығын және бұл өзгерістерде белгілі бір мерзімде қайталап келіп отыратын периодтылық бар екендігін байқап, адам оларды өлшеуіш етіп қолданды. 
Тәуілік: Ең алдымен адам не күннің, не түннің ұзындығын уақыт өлшеуіші етіп алды, содан кейін күннің де, түннің де ұзындығы үнемі өзгеріп отыратындығын байқап, олардан гөрі тұрақты өлшеуіш ретінде тәулікті-күн мен түннің ұзындығын- алды. Бірақ тәулікті әр ел әр түрлі есептеді: ирандар мен гректер тәулікті күннің шыққан кезінен бастап, ал еврейлер мен түріктер күннің батқан уақытынан бастап есептеді. Сонымен қатар тәулікті не күндізгі, не түнгі сағат он екіден бастап есептеу мәселесі көтеріледі, өйткені алғашқы екеуі жұмыс мерзімін екіге бөліп, есептеу жұмыстарында қолайсыздық туғызды. 
Сөйтіп, тәулік түнгі сағат 12-ден бастап есептелінетін болды. Бір күн мен бір түннен құралатын тәулік, ертеден келе жатқан әдет бойынша, қазір де бір күн депаталады.  
Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, танымын кеңейткен. Білім бере отырып тәрбиелеген. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. 
Қазақ халқының ауыздан – ауызға таоаған есептері, оның тыныс тіршілігін табиғатпен, қоғаммен қарым- қатынасын ойлау жүйесін дамығандығын білдіреді. 
Ойын, тілін, білімін дамыту үшін ауыз әдебиетінің түрлерін пайдаланып, жаңылтпаш, жұмбақтар айтқызып, ертегілерді, аңыз әңгімелерді қолданған.Осы арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа, өз ойын қорыта білуге, есте сақтау қабілетінің дамуына, бір сөзбен айтқанда баланың зеректігін қалыптастыруға үйреткен. 
Өзімнің машақтану кезімде қазақ халқының өлшем бірліктерін оқи отырып, математикада қазақтың өлшем бірліктерін, шығу тарихымен таныса отырып, қазіргі өлшем бірліктерінің баламаларын анықтауға, яғни қатар қолдануға болатын мүмкіндіктерін негізге алдым. 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. А.Көбесов, «Математика тарихы».
  2. Қожаметова К. Ж. “Теоретико – методологические основы казахской этнопедагогики” – Алматы. Дәуір,1994. 
  3. Марғұлан А.Х. “Орталық Қазақстандағы Беғазы – Дандыбай мәдениетінің куәлары”.
  4. Әбу Насыр Әл - Фараби “Ғалымдардың шығуы”.

 

 


Информация о работе Салмақ, ұзындық өлшемдерінің атаулары