Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:20, реферат
Әдебиетіміздің ірі өкілі, барлық жанрда бірдей ең көп жазған жазушы»ол - қоғам қайраткері, ғалым, академик.С.Мұқанов 1900 жылы Қызылжар жерінде дүниеге келген. Жастайынан жетім қалған Сәбит жоқшылық тақсіретін тартып, кісі есігінде жалшылықта болады.Табиғатынан талантты, ұғымтал Сәбит халық арасындағы хисса- дастандарды жаттап өседі
Сәбит Мұқанов
(1900-1973)
Әдебиетіміздің ірі өкілі, барлық жанрда бірдей ең көп жазған жазушы»ол - қоғам қайраткері, ғалым, академик.С.Мұқанов 1900 жылы Қызылжар жерінде дүниеге келген. Жастайынан жетім қалған Сәбит жоқшылық тақсіретін тартып, кісі есігінде жалшылықта болады.Табиғатынан талантты, ұғымтал Сәбит халық арасындағы хисса- дастандарды жаттап өседі. Ауыл молдасынан хат таниды.Ол - өз өмірбаянын Қазақстанның жарты ғасырлық тарихымен байналыстырып "Өмір мектебі" трилогиясында жазып кеткен қаламгер. Бұл шығармада өмірлік материалдар мол, деректі.Ескі оқумен алысқа бара алмайтынын білген Сәбит 1922 жылы Орынбор рабфагына оқуға түсіп, білімі мен ақындық таланты ұштасып, оны 1926 жылы бітіріп шығады.Бұл жылдары "Сұлушаш" поэмасын жазады. Бұл поэма бұрынғы халық әдебиеті дәстүрі негізінде жазылған, жас ақынның талантын жарқырата көрсеткен шығарма болды.1926-1928 жылдары "Еңбекші қазақ" газетінде, баспа орындарында қызмет істёйді. Мұнан кейін Ленинград университетінде оқып, кейін Мәскеудегі қызыл профессура институтын бітіреді.1935 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторы, 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарады. 1947- 1963 жылдары Жоғары Кеңестің депутаты болады.Бала, жігіттік шағында айтыс ақыны ретінде танылған Сәбит алғашқы қадамын өлең жазудан бастайды. Ол көптеген тақырыпта өлеңдер, поэмалар жазады.Прозадағы тырнақалды романы "Адасқандар" ("Мөлдір махаббат") 1929 жылы басылып шығады. Қазақтың тұңғыш романы деп бағаланған бұл шығармадағы негізгі оқиғалар, кейіпкерлер өмірден алынған. Ескі заман күйреп, жаңа заман орнаған аласапыран кезеңдегі жастар, махаббат тағдыры роман сюжетіне өзек болған. Жазушының"Ботагөз" романы - тарихи шындыққа суарылып жазылған шығарма. Романдағы басты кейіпкер Ботагөздің тарихи кезеңнің талай қиын- қыстау кезеңдерінен өтіп, саналы күрескер, білікті қайраткер болып қалыптасуы нанымды бейнеленген.С.Мұқанов "Сырдария" романында қызылорда күрішшілерінің, еңбек адамдарының, еңбек сүйгіш жастардың жарқын бейнесін жасады. "Аққан жұлдыз" романының екі кітабы - атақты ғалым Ш.Уалиханов туралы көптеген зерттеу, маңызды еңбектерге, фактілерге негізделіп, Шоқан болған жерлерге саяхаттар жасау(нәтижесінде өмірге келген шығарма. Ол осы тақырыпта! "Ш.Уалиханов", "Қашқар қызы" деген пьесалар да жазды.
С.Мұқанов - қазақ әдебиеттану ғылымына, фольклористикаға, этнографияға зор үлес қосқан ғалым.
Сөздік
Тақсірет |
-Мука,страдание |
тапшылдық |
-Классовый подход |
Кедей тобы |
-Класс бедняков |
Тым айқайшыл |
-Любитель лозунгов |
тауқымет |
-Невзгода,трудности,хлопоты |
Откірлендіре түседі |
-здесь:накаляет,заостряет |
Шер тарқату |
-здесь:печальная история |
Таптық сарын |
-Классовый мотив |
Негізгі желі |
-Проходит красной нитью |
Зор рух |
-сильный дух |
Қастерлі қасиет |
-Ценное качество |
Аға буын |
-Старшее поколение |
Ең озығы |
-самый лучший |
Романтикалық екпінде жырланып |
-воспевается в романтическом стиле |
Ескі салт-сана құрығы |
-здесь:на поводу старых |
Тағылық қоғамның құрбаны |
-жертвы дикого общество |
Арда сезім |
-Светлое чувство |
Кең жоспарлы кемел туындысы |
-объемное зрелое произведение |
Көркемдік сапа |
-художественное качество |
Кемелдену кезеңі |
-период творческого расцвета |
Өзекті өріс |
-актуальная сфера |
Озық әдіс |
-передовой метод |
Желісі |
-линия |
Сомдау |
-здесь: создвать образ |
Шапқыншылық |
-нашествие |
Наразы |
-недовольный |
Сұрақтар мен тапсырмалар