Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2014 в 21:49, реферат

Описание работы

– ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы

Содержание работы

1. Кіріспе_______________________________________________________________3
2. Өмірбаяны___________________________________________________________ 4
3. Ресми ақталуы________________________________________________________4
4. Шығармашылығы_____________________________________________________5
5. Шығармалары________________________________________________________6
6. Әндері_______________________________________________________________ 6
7. Пайдаланылған әдебиеттер____________________________________________7

Файлы: 1 файл

Erlan.docx

— 42.27 Кб (Скачать файл)

Жоспары:

  1. Кіріспе_______________________________________________________________3
  2. Өмірбаяны___________________________________________________________ 4
  3. Ресми ақталуы________________________________________________________4
  4. Шығармашылығы_____________________________________________________5
  5. Шығармалары________________________________________________________6
  6. Әндері_______________________________________________________________ 6
  7. Пайдаланылған әдебиеттер____________________________________________7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1) Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

 – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.

2)

Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.

Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар,домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.

 

3)

1988 жылы Шәкәрім ақталып, оның өлмес, өшпес мұрасы халқына қайта оралды. Осы жылы ақынның “Жазушы” және “Жалын” баспасынан өлеңдер, ал “Өнер” баспасынан әндер жинақтары жарық көрді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.


Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында – Семей педагогика институты мен Шәкәрім атындағы Семей университетінде шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Сол орталықтардың күшімен “Шәкәрім” және “Шәкәрім әлемі” атты екі бірдей журнал жарық көруде.

Семей педагогика институтындағы Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес томдық еңбек дайын тұр.

 

 

 

4)

 «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз  нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында  боямалы ажарлы, жасанды мінез  бен жағымсыз қылықты сынға  алады. Ғашықтық сезім таза, пәк  жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге  үндейді («Жастарға»), 1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкерім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған:

«...және аятта: «Ей, мұсылмандар, пайдаланыңыз берген адал ырзығымнан», - деген», «Хадис: «Адал уәдесін бұзбаған иманның белгісі», - деген, «...адам өзін-өзі танымақ деген, жаратқан иесінің құны екенін һәм ғибадат үшін жаралғанын біліп, өзін-өзі тексеріп, зиянды істен қашып адал, пайдалы істі қылуға тырыспақ».

Сонымен қатар, Шәкерім шығармасында әділ, адал адам бейнесіне ерекше орын берілген:

«Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін», «Адамның адал ұлы болам десең, алдымен өзіңнің нәпсіңді жең», «Көп төбетке жетелі қайдан күшін, Құтқара алмай адалды пысады ішің», «Адаспайсың ақылды арлыға ерсең, Жолай көрме жылмайы сопы көрсең, Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың, Алданбайсың артынан ере берсең»; «Бір мезгіл: «Ой, тәңір-ай Адал жардың жолында өлгеннің арманы не?» - дегенде, тіпті, ер болып кетеді», «Адалға орын емес қазақ іші, Татты ғой соры арылмас таза кісі, Өзін асырар қазақтың өнері жоқ, Бірін-бірі талайлы бар жұмысы», «Адалдың әділ жолына, Ақырын басып жет, халық»;

Адал адамның адалдығының басы адал еңбек деу Шәкәрім шығармаларындағы адал іс-хәрекет, таза еңбек адамы мағынасындағы қолданыстары:

«Арсыз, арам айланы тастасалық, Адал іске талаппен бастасалық», «Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп, жаны үшін адамшылық ар сақтайды», «Талаптан адал істі істемекпіз, Тапсырдық бір Аллаһқа біз демекпіз», «Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар, Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек», «Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп, Таза ақыл косылса, Әлемнің таласын», «Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек, - Бұл төртеуін кім кылса, шын адам сол»;

Шәкәрім адал, халал мағынасында сөздерді тура және ауыспалы мағынада да қолданады:

«Адам мен еті адал хайуандардың бәрінің де сарқыты адал», «Халалға ойламайды шыдайын деп», немесе, «Мойныңа менің қаным халал болсын, Болма енді Қалқаманның қанына ортақ».

Ол орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өз халқын дүние жүзілік озат мәдениетін игеруге тақырлы. Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоунның «Том ағайдың балағаны» романын, Толстойдың «Үш сауал», т.б. әңгімелерін, А.С. Пушкиннің «Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің «Ләйлі - Мәжнүн» дастанын назира үлгісімен жырлады. Шәкерім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытта болды. Бұл орайла ол ХХ ғасыр басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Ақын кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.

Көтеріліске шыққан халық пен жергілікті билік өкілдерін татуластыруға, қантөгісті болдырмауға тырысқан ол жазалаушылар атқан оққа ұшып, денесі айдаладағы құдыққа тасталды. «Халық жауы» ретінде айыпталып, шығармаларын оқуға тиым салды. 1988 жылы ақын есімі толық ақталды

 

5)

Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия»романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.

6)

Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түрі А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек - бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбербин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған.

Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман - Мамыр» балетіне, «Еңлік - Кебек» пьесасына, «Еңлік - Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

start="2"

 Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

start="4"

 Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

  1. 1. Құдайбердіұлы Ш. Өлеңдер мен поэмалар/құраст.: М. Мағауин. - Алматы: Жалын, 1988. - 256 б. 

  1. 2. Құдайбердұлы Ш. Өлеңдер мен поэмалар/құраст.: Х. Сүйіншалиев. - Алматы: Рауан, 1990. - 208 б. - (Мектеп кітапханасы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ  МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ  ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

                                       Реферат

                                     

 

 

Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы 

 

 

                                                                                  Орындаған: Сабыров Ерлан

                                                                                  Тексерген: Орынбаев Мұқан

                                                                                   Группа: НД 13-01

                                

Информация о работе Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)