Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 13:35, реферат
Қазақстан Республикасының соңғы 15 жылғы елеулі оқиғаларымен таныстыру, меңгерту, ең бастысы, өз Отанын сүюге, байлығын, жерін қорғауға даярлау, сөйтіп, жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып халқымыздын әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауға тәрбиелеу мақсатында “Тәуелсіздік шежіресі” тақырыбында сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткіздім. Оның көрнекілігіне Қазақстан картасы, ұлағатты сөздер, буклет-альбом, кітап көрмесі, т.б. пайдаландым.
Сыныптан тыс
жұмыс
Қазақстан Республикасының соңғы 15 жылғы
елеулі оқиғаларымен таныстыру, меңгерту,
ең бастысы, өз Отанын сүюге, байлығын,
жерін қорғауға даярлау, сөйтіп, жас ұрпақтың
патриоттық сезімін оята отырып халқымыздын
әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауға тәрбиелеу
мақсатында “Тәуелсіздік шежіресі” тақырыбында
сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткіздім.
Оның көрнекілігіне Қазақстан картасы,
ұлағатты сөздер, буклет-альбом, кітап
көрмесі, т.б. пайдаландым.
«Тәуелсіздік тура жолы – білімде» ұранымен
өткен сыныптан тыс уақытта оқушылар хор,
тақпақ, би, көрніс, ән-күй, мақал-мәтелдерден
өз өнерлерін ортаға салды.
Тәуелсіздікті нығайту жолындағы ғасырға
белгісіз 15 жыл жылжып өтіп барады. Талай-талай
мазмұнды оқиғалар тізбегі көз алдымызда
сайрап жатыр. Бұның бәрі Тәуелсіздік
шежіресі, ол Тәуелсіз қазақтың тарихы.
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым, мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда, күкімен түн түрілген.
(Ж. Молдағалиев)
Оқушылар сабақ барысында Тәуелсіздік
туралы әндер шырқап, өлеңдер оқыды. Қазақ
елінің Ата заңы, Елтаңбасы, Туы, Әнұраны
жайында мағлұматтар алды.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң
қабылданды. Осыған орай әр жыл сайын 16
желтоқсан Тәуелсіздік күні ретінде мерекеленіп
келеді.
1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары
Кеңесі сессиясы еліміздің Елтаңбасың,
Мемлекеттік Туын және Әнұранын бекітті.
Қазақ елінің Елтаңбасында шаңырақ бар.
Шаңырақ ұғымы үлкен үй дегенді білдіреді.
Осы үлкен үй барлық еншілес халыққа ортақ
бақыт тілейді. Ол «Ортақ шаңырақ биік,
ортақ босаға берік болсын» дегені.
Елтаңбада қос пырақ бар. Ат адамның қанаты.
Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты
жұлдыз, ал төменгі жағында елдің аты жазылған.
Тәуелсіз мемлекетіміз бес құрлыққа (континентке)
есігін кең ашқан, ол бірге тірлік, іс жасағымыз
келетіндігін көрсетеді.
«Елтаңбасы елімнің» өлеңі оқылады.
Қазақстан Мемлекетінің туы көк түсті.
Ол халқымыздың бірлігін паш етеді. Көшпенділер
космосы – көк аспан. Көк аспан мен қара
жер барлық тіршілікті көрсетеді. Күн
– көшпенділердің өмір белгісі. Күн –
байлық пен берекенің белгісі. Таудағы
дала бүркіті – еркіндіктің белгісі. Қазақ
елі дала бүркіті сияқты тәуелсіз, әлемдік
өркениет билігіне ұмтылады.
«Қазақстан туы» өлеңі оқылады.
Сақтаған ел бірлігін, үш кемеңгер дүлділім
өткен өмірден. Олар – қазақта қара қылды
қақ бөлген Қазыбек би, Әйтеке би, Төле
би.
Оқушылар осы үш бидің сөз үлгілерін зердеге
салып тыңдайды.
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ
ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден
құт – береке қашпасын деп, жеріміздің
шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан
елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды
сақтай білген елміз, бәм-тұзды ақтай білген
елміз».
О,Ұлы аға!
Биікке шықсан көзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң көзің ашылады.
Менің балаларға айтпағым:
Ашу деген ағын су, алдын ашсаң арқырар,
Ақыл деген дария, алдын тоссаң тоқырар.
Уа, халқым сөз қадірін білесің,
Жаңбыр жаумаса – жер жетім,
Басшы болмаса – ел жетім,
Көсіле шабар жерің бар,
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!
Отаның сүйуге баулитын мына мақал-мәтелдер
айтылды.
Елінен безген ер оңбас,
Көлінен безген қаз оңбас.
* * *
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
* * *
Өзін-өзі білген ер бақытты,
Өзін-өзі билеген ел бақытты.
* * *
Елінің даңқын батыры шығарар,
Батыры шығармаса ақыны шығарар.
* * *
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
* * *
Отан – елдің анасы,
Ел – ердің анасы.
Ақын Қадыр Мырза-Әлінің «Қазақтарды
шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі
оқылып, сыныптан тыс тәрбие сағаты аяқталды.
Қазақ осы:
Дала дейтін, күн дейтін.
Қазақ осы:
Өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы:
Қарасың ба, ақсың ба, қоңырсың ба,
Жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы:
Ашық-жарқын қабағы
Қонақ келсе, шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, сағанда ол кетерде
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Иә, мұндай сыныптан тыс шаралардың оқушыларға
берер тәлімі мол.
Сыныптан тыс
оқуды жүргізу түрлері.
Сыныптан тыс оқуды
белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы
да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім
өз оқушыларының кітапқа деген ынтасын
үнемі арттыруымен бірге, олардың қандай
кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт
беріп отырады. Балалар бастауыш сыныпты бітіргенде,
совет ақын-жазушыларының белгілі шығармаларымен
таныс болулары қажет екенін де үнемі
есептеп отырады.
Сыныптан тыс оқу жұмысын балалар мектепке
келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат
ашу кезінде оқушылардың ақыл-ойын, тілін
дамыту жұмыстары балаларға түрлі түсті
суретті кітапшаларды көрсету арқылы
дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.
Екінші сыныптан бастап мұғалім балаларға
мектеп кітапханасынан алған кітаптарды
бере бастайды. Оларға кітапты дұрыс ұстап,
күте білудің ережелерін үйретеді: кітапты
газетпен не қағазбен тыстап қою, оқыған
кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап
беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау
т.б. Мұғалім бұл ережелерді анық етіп
жазып, сыныпқа іліп қояды.
Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты
өзгерістерінен оқи алу дағдыларын арттыруымен
бірге, «Ана тілі» оқулықтарындағы шығармалардың
мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін
түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған
шығармаларындағы негізгі ойды аңғара
білуге, сол оқиғаға өзінің қалай қарайтынын
айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға
бере білуге талаптануы қажет.
Сыныптағы оқу сабақтарында оқушылар
көркем тілмен жазылған шығармалардан
басқа тарих, табиғаттану т.б. пәндерінен
мағлұмат беретін материалдармен танысады.
Осындай,сыныпта алған ұғым сыныптан тыс
оқу кезінде нығая, жетіле түседі.
Сыныптан тыс сабақтарында мұғалім балалардың
қандай кітаптарды оқығандарын біліп
отырумен қатар, алдағы уақытта не туралы
оқығылары келетінін де есепке алуы қажет.
Бастауыш мектептердегі сыныптан тыс
оқудың мазмұны мен ұйымдастыруы жолы
жөнінде жаңа программаның жобасында
былай делінген: «Сыныптан тыс оқудың
мақсаты: баланың сыныптан тыс оқуы арқылы
барлық пәннен алған білімін тереңдете
түсу, кітаптан өзіне қажетті материалды,
кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып
алуға көмектесу; өз бетімен жұмыс істеу
дағдысын нығайта түсу; оқуға, білімге
ынтасын, құштарлығын арттыра түсу; баланың
эстетикалық және дүние тану құмарлығын
арттыру.
Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың
ең негізгі принціпі – оның сыныпта жүргізілетін
оқумен тығыз байланыста болуы. Оқушының
сыныптан тыс оқитын кітаптары сыныпта
өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде
ұсынылады. Оны мұғалім күнделікті оқу,
табиғат тану, сурет, ән, еңбек т.б. сабақтарында
және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды
сабақтарда сұрап, сыныпта оқығандарына
байланыстырып отырады...».
Сөйтіп, сыныпта оқу сабағы жақсы ұйымдастырылса,
онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе,
балаларды мұғалім осы мәселелер жайында
тағы да біле түсуге қызықтыра алса, сыныптан
тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді. Оқушыларға
қандай кітаптарды оқу керектігі, олардың
тізімі беріледі. Мысалы, сыныпта М.Әлімбаевтің
«Ұқыпты бала» және «Ұқыпсыз бала» өлеңдері
оқылды делік, оның жалғасы ретінде «Ұқыпты
оқушы» өленің оқытуға болады. Немесе
«Совет Армиясы» бөліміндегі Т.Бигилдиновтың
«Қаһарлы күндерде» әңгімесін оқығаннан
кейін, сөз жоқ, оқушылар Совет Одағының
Батыры атағын екі рет алған, ұшқыш Т.Бигилдиновтың
балалық шағы жөнінде білгілері келеді.
Ол үшін мұғалім С.Бақбергеновтың «Талғат»
атты кітабынан үзінді беруіне болады.
Сыныпта оқушылар жазушының бір шығармасынан
үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра
оқу сыныптан тыс оқуда іске асырылады.
Кейде белгілі ақын-жазушылармен балаларды
толырақ таныстыра түсу мақсатында оның
сыныпта оқылғаннан басқа шығармаларымен
сыныптан тыс таныстыруға болады. Мысалы,
Ы.Алтынсаринның «Әдептілік» әңгімесін
оқығаннан кейін, оның «Баланың айласы»,
«Аурудан аянған күштірек», «Өтіріктің
залалы» т.б. әңгімелері сыныптан тыс оқуға
беріледі.
Кейбір жекелеген шығармаларды сыныптан
тыс оқу сабағында да талдауға болады.
Онда талданатын шығармалардың тәрбиелік
жағы күшті болуы қажет.
Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы
және бейім екендіктерін білу үшін мұғалім
олардың әрқайсысымен оқыған кітаптары
жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін,
жазып алғандарын қарап , –бүкіл деректермен
жеке танысады. Кейде кітапханадғы карточкасын
қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты
тексерудің нәтижесінде, балалардың қайсысы
қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады.
Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері
ерлік жайлы шығармаларды, ал бір сыпырасы
қиял-ғажайып ертегілерін т.б. ұнатады.
Осыдан кейін мұғалім балаларды бір жақтылықтан
сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға
қызықтыру жолдарын іздестіреді.
Балаларға сыныптан тыс оқуға арналған
тартымды кітаптарды іріктеп немесе жаңадан
шығып жатқан шығармалардың ішінен іріктеп
ұсынады, әдемі суреттермен безендірілген
кітап жаймаларын, түрлі әдеби ойындар
ұйымдастырады т.б.
Сыныптан тыс оқылуға тиісті кітаптардың
тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан
сайын ұсынылып отырады. Балалардың оқуға
ынтасын арттыру мақсатымен мұғалім ұсынып
отырған кітаптарының ішінен кейбір оқиғаларды
бастап, «одан әрі не болатынын осы кітапты
оқып білесіңдер» деп аяқтайды. Кейде
кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі
кейбір әдемі суреттерді көрсету арқылы
да қызықтыруға болады. Ал енді бір жағдайларда
шығарманың, кітаптың атын, авторын ғана
айтып, оның осылайша неге аталғанын білуді
тапсыруға болады.
Сыныптан тыс сағаттарда.
Оқушылардың көпшілік
алдында қиялын, ой-өрісін, ойын өз тілімен
жеткізе білу қабілетін арттыру мақсатында
тыс уақытта сайыс түрінде мынадай сабақ
өткізуге болады. Ол үшін оқушыларды екі
топқа бөліп, біріне «Темперамент», екіншісіне
«Эмоция» деген атау беріледі.
Сайыс басталмас бұрын қазылар алқасы
белгіленіп, соңынан ойын шарттары таныстырылады.
Бірінші турда екі топ өзара жарыса отырып
қисынды ойлауға арналған сұрақтарға
жауап береді. Ойлауға уақыт берілмейді.
1. Бір адамның орташа неше туған күні болады?
2. Кейбір айда 31 күн, кейбірінде 30, ал қанша
айда 28 күн бар?
3. Сиыр неге жатады, содан соң тұрады, біраздан
соң қайта жатады? (өйткені отыра алмайды).
4. Төртбұрышты үстелдің бұрышын кесіп
тастаса,неше бұрыш қалады? (бес).
5. Алды дөңгелек шығу үшін бөренені неше
рет кесу керек? (бес рет).
6. Сізді аю қуып келеді және жетуге аз-ақ
қалды.Алдыңнан бір бөшке қара май, бір
бөке бал кездесті. Қайсысына тығыласыз?
(Ешқайсысына, өйткені аю сізді қуып не
қылады,бал толы бөшке тұрғанда).
7. 2 кг. мақта ауырма, 2 кг. темір ауырма?
(тең).
8. Қандай сағат бір күнде 2 мезгілді дәл
көрсетеді? (сынған сағат).
Екінші тур фантазия, яғни қиял жүйріктігіне
арналады.
І топқа: керемет бір жағдайдың нәтижесінде
сіздер сіріңкенің
Қорабындай болып қалдыңыздар. Бойларыңа
шақ үй, тамақ, қарым-қатынас жасайтын
орта, көліл құралын ойластыруларыңыз
керек.
ІІ топқа: қандай да бір жағдайдың әсерінен
сіздер бұдан 300 жыл бұрынғы заманда өмір
сүрудесіздер. Ондай жағдайда қалай тіршілік
жасап, ол ортамен қалай қарым-қатынас
жасайсыздар?
Үшінші тур ойша есеп шығаруға ұласып,
оқушылар зейіні сарапқа түседі.
І топқа: 2 сан берілген – 84 және 26, екінші
санның 1 санын көбейту керек, 1 санның
2санына қосу керек, шыққан саннан 1 санның
1санын одан шыққан санға бөлу керек, 2
санның 2 санына (7*4-7:7=3)
Төртінші турда капитандарға сұрақ қойылады.
1. Сыныптасың өзін ешкімнің де ұнатпайтынын
айтады, сен оның расында да солай екенің
білесің. Не деп жауап бересің?
2. Автобуста сен ұнатпайтын адамның қалтасына
ұрлыққа түсіп жатыр. Бұндай жағдайда
сіз не істейсіз?
Адам өз өміріне жылайды, күледі, қорқады,
ызаланады. Бұл сезімдердің бәрі эмоция
деп аталады. Бесінші тур осы эмоцияға
өрбиді. Осындағы конверттегі тапсырмалар
мына төмендегідей.
І топқа:
– егер, түн ішінде үйлеріңізге ұрлық
жасап жатқан адамды көрсеңіз қандай эмоцияда
боласыз?
– таудың сай-саласында жалғыз жүрсеңіз
қандай сезімде боласыз?
Мимикамен келтір.
ІІ топқа:
– жақын жолдастарыңмен қатты ренжісіп,
бір затқа келіспей
қалдыңыз. Бұндай жағдайда өзіңізді қалай
сезінесіз?
– Ұстазын сені жазықсыздан жазықсыз
кіналап жатыр. Өзіңді қалай ұстайсың?
Қандай сезімде боласың? Мимикамен келтір.
Алтыншы турда екі топқа да бірдей тапсырма
беріледі.
– Сендер ең алғашқы екі тайпаның адамдарысыңдар.
Екеуің серуендеп жүріп кездесіп қалдыңдар.
(Сөйлеу тілі әлі шықпаған кезінде.) Бір-біріңмен
қалай түсінесіңдер. Кім екендеріңді,
немен тамақтанасың, қайда тұрасың, неден
қорқатыныңды бір-біріңі қалай жеткізесіңдер?
(Мимика және қимылмен келтіру.)
Қызықты психологияға құрылған кеш соңында
қазылар алқасы жеңімпаз топты айқындайды.