Жұмысшылардың эмоциялық тұрғыда күйіп кетуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 18:58, сочинение

Описание работы

Жалпы, «күйіп кету» дегеніміз-узақ жұмыс стрессінің салдарына және кәсіби күйзелістің белгілі бір түріне байланысты психологиялық термин. Бұндай жағдайдың болуының бірнеше себептері бар.Біріншіден, жұмыс уақытының дұрыс болмауы. Жүмыс уақыты — қызметкердің жұмыс берушінің жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыты.Заң бойынша жұмыс уақытының узақтығы күніне 8 сағаттан аспау керек екені баршамызға мәлім.Бұл еңбек заңы бүкіл әлемдегі мемлекеттерге тән.Өкінішке орай, қазіргі таңда бұл заңды көптеген жұмыс орындары сақтамайды. Мысалы, әрбір жұмыскерлерге бір айдың ішінде орындауға міндетті жоспар беріледі. Қызметкер сол жоспарды жүзеге асыруға үлгере алмай жатқан жағдайда, жұмыс басшысы оны жұмыс орнында ұзағырақ ұстайды,тіпті демалыс күндерінде де жұмысқа шақырады.

Файлы: 1 файл

казақ тілі.docx

— 16.81 Кб (Скачать файл)

Эссе

Қазіргі кездегі  жүмысшылардың эмоциялық 

тұрғыда күйіп  кетуі

 

«Кедейлік кетсін десең, еңбек ет,

Молшылық жетсін десең, еңбек ет»,-демекші, адамдар өзінің,отбасының жағдайын қамтамасыз ету үшін бар жан-тәнін салып,маңдай терін төгіп,күні-түні жұмыс істеуде. Бірақ,қазіргі кезде, жұмысшылардың көбісі эмоциалық тұрғыда күйіп кетеді. Ол дегеніміз не және бұл неге байланысты?

Жалпы, «күйіп кету» дегеніміз-узақ жұмыс стрессінің салдарына және кәсіби күйзелістің белгілі бір түріне байланысты психологиялық термин. Бұндай жағдайдың болуының бірнеше себептері бар.Біріншіден, жұмыс уақытының дұрыс болмауы. Жүмыс уақыты — қызметкердің жұмыс берушінің жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыты.Заң бойынша жұмыс уақытының узақтығы күніне 8 сағаттан аспау керек екені баршамызға мәлім.Бұл еңбек заңы бүкіл әлемдегі мемлекеттерге тән.Өкінішке орай, қазіргі таңда бұл заңды көптеген жұмыс орындары сақтамайды. Мысалы, әрбір жұмыскерлерге бір айдың ішінде орындауға міндетті жоспар беріледі. Қызметкер сол жоспарды жүзеге асыруға үлгере алмай жатқан жағдайда, жұмыс басшысы оны жұмыс орнында ұзағырақ ұстайды,тіпті демалыс күндерінде де жұмысқа шақырады. Екіншіден,жұмыскерлердің халықпен жұмыс істеуі. Мысалға оператор мамандығын алалық. Таңертеннен кешке дейін халықпен қарым-қатынаста. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, күніне қаншама адамның ұсыныстарын,ұрыстарын,шағымдарын тыңдауға міндетті. Бұндай жағдайлар адамның психикасын бұзатынына күмәнім жоқ. Жұмыскер эмоциялық тұрғыда күйіп кеткен жағдайда ашуланшақ болады. Жұмыстағы және жеке өміріндегі кінәлілікті,жалғыздықты сезе бастайды, жаңа идеяларға, мәселелерді шешуге баламалы жолдарға деген қызығушылығы төмейді.

Менің ойымша, бұндай жағдайларға тап болмас үшін адам әрқашанда өз-өзін ұстап, әр нәрсені уақытында бітіріп отыру және ең бастысы сабырлы болу қажет. «Сабыр түбі - сары алтын» екенін ұмытпайық!

 

 

 

8 «В»сынып оқушысы

Асанова Нұрай


Информация о работе Жұмысшылардың эмоциялық тұрғыда күйіп кетуі