Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғасыр)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2015 в 19:00, реферат

Описание работы

Жаңа заман еуропалық мәдениеті Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды.

Файлы: 1 файл

Жаңа заман философиясы.docx

— 103.87 Кб (Скачать файл)

Жаңа заман


Жаңа заман еуропалық мәдениеті Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.[1]

XVII ғасыр ғылыми революция  — адамзат баласының өзін қоршаған  дүниені танып-білуге деген құлшынысының  жемісі болды. Ғылымның қарышты  қадаммен алға басуы және оның  қоғамдық өмірдің барлық саласына  біртіндеп кіре бастауы рационализмнің  қалыптасу процесін аяқтауға  мүмкіндік берді. Рационализм жаңа  заман адамының өмірі мен бет-бейнесін  жан-жақты айқындай отырып, халық  санасынан еркін орын алды. Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімімен де санасып отырды.

Олай болса, жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер Реформацияға (XVI ғасыр) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін жойған жоқ, қайта олардың қоғамдық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынғыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік өмір салаларына кеңінен араласты. XVII ғасырда Еуропа — жаңа өмір жолына түскен жас Еуропа болатын. Бұл жол — өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени құндылықтарды ғана емес, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан бергі жинақтаған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәдени дөстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар жүзеге асырылды. Көне заман мен жаңа заманның арасында қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақтастығы өмірлік сипат алды. Ойымыз дәлелді болу үшін, ғылым саласындағы әр заман өкілдерінің бізді қоршаған дүние жайындағы ой-толғамдарын қарастырып көрейікші. Шындығында да, жаңа заманның философы, әрі математигі Лейбниц (1646—1710 жылдары) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. VI ғасырлар) дүниеге қатысты ғылыми көзқарастарының бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақты теория болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын — замана талабы, қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік тұрғысынан қарастыратын болсақ; бұл-құдайтағаланың даналығына шексіз сенім болса, ал рухани тұрғыдан қарастырсақ, бұл — өнер атаулыны (мысалы, Йоганн Себастиан Бахтың музыкасын немесе классицизм стиліндегі өнер туындыларын және т.б.) бүкіл жан-дүниеңмен қабылдау болып табылады.

Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты меңгеруге жұмсалды, сондықтан да болар XVII ғасырда ғалымдарының басты назары табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағытталды. Сонымен қатар XVI—XVII ғасырлар қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың негізінде философиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық теориялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр ойшылдары:Гоббс, Джон Локк, Спиноза, Гуго, Гроций және т.б. болды.

Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл дәуірде элем техникаландырыла бастады, табыс пен байлыққа ұмтылыс бұрын-соңды болмаған қарқынға ие болды, капитал күшіне енді. Ең бастысы — ғасырлар бойғы қалыптасқан өмір салтының бұзылуы адамдардың санасын өзгертіп, жалпы мәдениеттің дамуына өз ықпалын тигізді. Сондықтан да болар, қоғамда қандай терең өзгерістер жүзеге асырылса да, жаңа заман мәдениеті өзінің тар шеңберінен толық шыға алмады. Оның үстіне Еуропалық өркениеттің алға басуы дүние жүзінің басқа да халықтарын, соның ішінде көне мәдениеттің ошағы болған ұлы халықтарды (Үндістан, Қытай, Мексика және т.б.) ашықтан-ашық тонау есебімен жүзеге асырылды. Өркөкірек еуропалықтар өздерінің өркениетгі-мәдениетті елдерге айналуына тікелей әсер еткен бұл мемлекеттердің мәдени ықпалын тез арада ұмытып кетті. Еуропалықтар «ұлы географиялық ашулар заманын» басынан кешірді, жаңа жерлерді игерді, талай мемлекеттерді экономикалық тәуелділікте ұстады. Бірақ, өкінішке орай, олар жаңа жерлерді игергенмен, халықтардың рухани байлығын игеруді қажет деп санамады. Демек, жаңа еуропалық мәдениетті бір жақты қарастыруға болмайды. Оның шоқтығы биік мәдениет екендігін мойындай отырып, оның қарама-қайшылықтарын, ақтаңдақтарын да шындық тұрғысынан көрсете білуіміз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 1. Ағартушылық  ғасырының мәдениеті (XVIII ғасыр)

1.1Жаңа заман  стильдері

2. XIX ғасырдың  мәдениеті

3. XX ғасыр мәдениеті

4. Дереккөздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғасыр)[]


XVIII ғасырдағы Еуропалық  мәдениет — XVII ғасырдағы мәдениетінің  заңды жалғасы болумен қатар, өзінің түрі, мазмұны және мәні  жағынан ерекше мәдениет. XVII ғасыр  рационализмнің қалыптасу кезеңі  болса, ал XVIII ғасыр Ағартушылық ғасырына  айналды. Бұл дәуірдің ұлы ағартушы  — гуманистері: Вольтер мен Руссо (Франция), Гете менШиллер (Германия), Юм (Англия), Ломоносов пен Радищев (Ресей) және т.б. адамзат баласының теңдігін батыл қолдап, құлдық пен деспотизмге қарсы бітіспес күреске шақырды. Қоғамдық сананың жаңа сатыға көтерілуі, протестанизм идеяларының кеңінен таралуы, жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуы, ғылымға бұрын-соңды болып көрмеген қызығушылықтың пайда болуы және т.б. — осылардың бәрі де жаңа ғасырға тән белгілер еді. XVIII ғасыр құдайға, қоғамға, мемлекетке, тіпті адамның өзіне деген көзқарастар өзгеріп, жаңа арнаға түсті.

XVIII ғасырдағы Франция  мемлекеті Еуропаның рухани өмірінің  негізгі ошағына айналды. Француз  халқының философиясында, әдебиетінде, өнерінде және т.б. жаңа леп, соны  бағытгар аңғарыла бастады. Осы  уақытқа дейін ездерін Францияның  қарсыласымыз деп есептеп келген Испания, Германия, Польша, Ресей, кіші Англия сияқты өркениетгі елдер француз мәдениетін мойындауға мәжбүр болды. Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Францияда «ағартушылық идеологиясы» 1789—1793 жылдары ұлы француз революциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Шындығын айтсақ, бүгінгі заманның ең өркениетті елдерінің бірі Америка Құрама Штаттары да «ағартушылық идеяларының» негізінде қалыптасып, іргелі мемлекетке айналды.

Франциядағы саяси революция, АҚШ-тағы тәуелсіздік жолындағы күрес және Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі Реформация кезеңінен басталып, ұзаққа созылған жалпы Еуропалық дамудың тарихи қорытындысын шығарды. Ол қорытынды — қоғамның жаңа түрі — «өнеркәсіп өркениетінің» қалыптасуы болды. Бұл кезеңде феодалдық қоғам мен шаруашылықтың натуралдық жүйесі ғана емес, сол қоғамға лайықталып қалыптасқан қоғамдық сана да күйзеліске ұшырады. Моральдық кризис қоғамдағы білімді адамдарды да қамтыды. Қоғамда өз орнын таба алмаушылар санының көбеюіне, халықтың қараңғылығы мен сауатсыздығына, халықтың қайыршылығы мен құқықсыздығына, қала люпендерінің азғындауына қарсы тұрар күш — мәдениет болды. Ол қоғамда жасампаздық пен шығармашылық рөл атқарды. Ал мәдениеттің өркендеп дамуы қоғамдық-саяси және әлеуметтік өзгерістерге тікелей байланысты болды. Өндіріс саласында, қоғамның базистік құрылымында мануфактурадан күрделі технологияға көшу, шикізаттың жаңа түрлері мен энергия көздерін игеру және т.б. шаралар жүзеге асырылды. Ғылым саласында, бұрынмеханика-математика сияқты ғылым салалары үстемдік еткен болса, енді оның қатарына физика, география,биология және т.б. ғылымдар қосылды. Ендігі жерде табиғатта, қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер ғалымдар назарынан тыс қалмады. Қоғамдық ғылымдар саласында, әсіресе философия ерекше белсенділік танытты. Философтар қоғамдық өмірге сын көзбен қарап, терең философиялық пайымдаулар жасады. Олардың сынының негізгі объектісі — қоғамдық (мемлекеттік) құрылыс және сол құрылыстың идеологиясы — дін болды. Әлеуметтік қайшылықтар бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде шиеленісіп, таптық қайшылықтар асқынған Францияда дінді (католиктік) сынау радикалдық, атеистік тұрғыдан жүргізілді. ГольЙоганн Себастиан Бахтың пікірінше, дін — барып тұрған өтірік пен сандырақ, сондықтан дінді жоймайынша феодалдардың деспотизмінен құтылып, зорлық-зомбылықты жою мүмкін емес. Ағылшын философы Юм мен неміс философы Канттың көзқарастары мұндай рационализмнен алшақ болғандығына қарамастан, олар да феодалдық идеологияны қатал сынға алды. Олар қоғамдық мораль мен адам тұлғасы діннен тәуелсіз болу керек деп жариялады.

Революция отаны Францияда да Ағартушылық идеялары біртектес болған жоқ, олар реформизмнен (XVIII ғасырдың бірінші жартысы) бастап, ашық революциялық қимылдарға (XVIII ғасырдың 60— 80 жылдарында) дейін нағызэволюцияны басынан кешірді. Еғер ағартушылардың аға буынының өкілдері — Монтескье мен Вольтер конституциялық-монархиялық құрылыс орныққан көршілес Англияның үлгісімен феодалдық ағымды біртіндеп буржуазия- ландыру идеясын ұсынса, феодалдық құрылысқа жан-тәнімен қарсы келесі ұрпақтың өкілдері — Д. Дидро(1713—1784). К. Гельвеций (1715-1771), П. ГольЙоганн Себастиан Бах (1723-1789) басқаша көңіл-күйде болды. Олар помещиктік меншік пен сословиелік артықшылықтарды мүлде жойып, деспоттық өкіметті құлатуға шақырды.

XVIII ғасырдың ортасына  қарай Еуропаның ірі мемлекеттерінде  король өкіметі феодалдық үстемдікке  қарсы күресте«үшінші сословиены» өзінің одақтасы деп санамады, ал оның есесіне король өкіметі шіркеумен және дворяндармен ынтымақтастығын одан әрі нығайтып, оларды осы бір тарихи кезеңде өзіне одақтас етті. Ескі қоғамның барлық саяси күштері бұрынғы алауыздықтарын уақытша болса да ұмытып, халық толқуларына күресте бірігіп күш көрсетті. Өз халқына қарсы бітіспес соғыс жариялаған абсолютті режимнің тағылық әрекеттері мәдениет саласына да ойысты. Қоғамға жат пиғылда жазылды деп танылған еңбектер отқа жағылды, ал ол еңбектердің авторлары түрмеге қамалды. Бірақ еркіндік пен бостандық рухына қарсы небір сұрқия шаралар қолданылса да, ол өз шарасынан төгіліп жатты. Өйткені, заманның рухы, оның тынысы мәдениет пен өнердің барлық салаларында да кеңінен көрініс тапты. Йоганн Себастиан Бах, Гете, Моцарт, Свифт және т.б. дарын иелері сол бір қилы заманда туындаған творчестволық шабыт иелері болды. Олар өз замандастарымен де, болашақ ұрпақтың өкілдерімен де «Мәңгілік өнер» тілімен тілдесті, олардың шығармаларының халық жүрегінен терең орын тапқаны соншалық, бұл ұлы туындыларды өнердегі қалыптасқан «стильдер» қатарына жатқызуға болмайтын сияқты.

Жаңа заман стильдері


Готикалық Кафедралық шіркеуКутансе, Франция

Бірақ осы жағдайға қарап XVIII ғасыр мәдениеті мен өнерінің өзіндік ерекшеліктері, дәлірек айтқанда өзіне ғана тән көркемдік стильдері мүлде болмаған екен деген ұғым туып қалмау керек. Өнер саласында біртектес стильдер (романдық жәнеготикалық стильдер) қалыптасқан өткен тарихи кезеңдерге қарағанда бұл дәуір өнері өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік сипатымен ерекшеленді. Жаңа заман стильдері — заман талабынан туған мәдени қажеттілік болып саналады.

Мадам де Монтеспан, барокко дәуірінің әйел бейнесі

Солардың бірі — мәдениет саласындағы ескі дәстүрлер (готика) мен демократиялық еркін ойлау идеяларын өзара ұштастыра білген өнердегі мүлде жаңа стиль —барокко бағыты болды. Барокко — астарлы, әдептен тыс деген мағына береді. Оның әлеуметтік негізі —абсолютизм дәуіріндегі дворяндық мәдениет. Барокко — халықаралық құбылыс, ол әсіресе Италияда,Испанияда, Францияда, Германияда кең қанат жайды. Осы дәуірдің күрделі қоғамдық шиеленістері барокко өнеріне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Сондықтан да болар, аталған елдердегі қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайлар адамдардың сана-сезіміне ғана емес, сонымен бірге осы бір өнер саласының қалыптасып дамуына да ерекше ықпал етті. Барокко стилі әсіресе сәулет өнері саласында айқын көрінді, осы стильде зәулім сарайлар мен парк ансамбльдері салынды. Олар тарихи кезеңнің куәгері, еуропа мәдениетінің баға жетпес ескерткішіне айналды. Шындығында да, Ағартушылық дөуірінде парктер мен бақтар — философиялық әңгімелер мен ойтолғаныстарының негізгі орталықтары болды. Олар — табиғат пен адамның, тіпті адамдардың қарым-қатынастарының өзара үндестік табуына себепкер болатын қасиетті орынға айналды. Парктер мен бау-бақшаларкомпозициясын музейлер мен театрлар, сурет галереялары мен кітапханалар, ғибадатханалар және т.б. мәдени ошақтар одан әрі түрлендіре түсті.

Франциялық рококо:Амалиенбург

XVIII ғасырда бароккомен  қатар Батые Еуропа өнерінде  кеңінен тараған стильдердің  бірі — рококо болды. Ол сарай зиялылары мөдениетімен тікелей байланыста қалыптасты. Рококо эстетикасының басты ұраны — «Өнер — рахаттану құралы». Бұл ұран сол бір кезеңдегі «ертеңгісін ойламайтын аристократтардың (ақсүйектердің) дүниеге көзқарастарын дәлме-дәл көрсетеді. «Бізден соң не болса да мейлі» деген Людовик XV нің ұраны да осы дәуірде шыққан.

Бірақ Еуропа халқы болашақтан топан суды немесе селді емес, түбегейлі өзгерістерді, мәдени жаңғыруларды күтті. Халық сенімі бұл орайда ақталды десек қателеспейміз, өйткені ғасырдың бел ортасына қарай Франция, одан кейін бүкіл Еуропа елдері Ағартушылық идеялары рухының аясында өмір сүрді. Вольтер мен Руссо күрес туларын көтерді. Бірақ бұл екі ақыл- ой алыптарының алдарына қойған мақсаттары мен бағдарламаларына айтарлықтай айырмашылықтар болды, өйткені олар ескі қоғамдық құрылысқа қарсы екі орталықтың, әлеуметтік өмірдің шиеленіскен жағдайындағы қарсы полюстің өкілдері болатын. Екі ғұлама да бір уақытта, 1778 жылы қайтыс болды, бірақ тіршілікте бірін-бірі аяусыз сынаумен өтті. Женевалық философтың плебейлік демократизмі Вольтердің жүрегін айнытты, тіпті Руссоны өркениеттің жетістіктері мен рахатынан бас тартып, адамның алғашқы табиғи жағдайына көшу қажеттігі жайындағы пікір де ешқандай қанағаттандырмады. АлРуссо болса өз тарапынан замандасының қарапайымдылыққа байланысты өркөкіректігін жақтырмады. Бірақ тарихи кезең бұл қарама-қайшылықтарды жуып-шайып жіберді, өйткені олар күні өтіп бара жатқан қоғамдық құрылысты, оның идеологиясын қай түрғыдан сынаса да, қалай сынаса да — ортақ іс үшін, бір мақсат үшін сынады, ортақ мақсат үшін күресті, сондықтан да бұл екі дананың екеуі де Ағартушылық заманының ұлылары болып қала береді.

Олай болса, қоғамды қайта құру жолындағы күрестің бұл аристократиялық және демократиялық жолдары — прогресс жолындағы мәдени қозғалыстың екі бағыты десек қателеспейтін шығармыз деп ойлаймыз. Вольтердің жолы — рухани жөне әлеуметтік революцияларды «жоғарыдан» жасау жолы, бұл жол — Вольтердің ізін қуушылардың романтизм мен еркіндікке ұмтылу жолы. 1825 жылы Ресей топырағында болған декабристер қозғалысы да осы идеялар жольшдағы патриоттық күрес болды. Еуропалық және орыс әдебиетінде Чайльд Горольд, Карл Моор, Чацкий мен Дубровскийсияқты аристократтық толқулар батырларының бейнелерінің тамаша сомдалуы да осы бір ағымның әсерінен болса керек. Вольтерге қарағанда Руссоның ілімі мен идеяларының тағдыры әрі күрделі, әрі ерекше. Олардан француз революциясының бостандық, теңдік, туысқандық жайындағы өмірлік ұрандар туындады. Бірақ, өкінішке орай, бостандық пен теңдікті желеу етіп якобин диктатурасы өз бағдарламасында жаппай қырып-жою теориясын жақтап шықты. Жан Жак Руссо алғашқы өнеркәсіп революциясының қарсаңында ғалымдар мен саясатшылар адамзаттың болашағы үшін жауапты екендігін, адамның табиғатты игеруге байланысты іс-әрекеттеріне бақылау орнату қажеттігін мәлімдеген болатын. Бірақ, өкінішке орай, бұл мәлімдемелер мүлде ескерілмей, бұл дәуірдегі еуропалықтардың басқыншылық әрекеттері кездейсоқтық сипатынан айрылып, саналы түрде жүзеге асырыла бастады. Мысалы, АКДП-тың шығысында Еуропадан қоныс аударғандар жергілікті халықты ата-қонысынан ығыстырып, жаңа жерлерді зорлықпен басып алды. Африка, Азия құрылықтарының бірқатар мемлекеттері де жыртқыштықпен тоналды. Британ өкіметі шалғайда орналасқан «бесінші континентті» (Австралия) қылмыскерлердің жазаларын өтеу орталығына айналдырды. Ал Еуропалық мемлекетгердің өз араларындағы әскери қақтығыстарға келетін болсақ, мұнда жағдай мүлде басқаша болды. Олар соғыс жағдайында бір-бірін тең деп санады, тіпті шиеленіскен сәттердің өзінде де тиісті келісімдерге келіп отырды (жеңіске жеткен мемлекет тұтқындарды құлға айналдыра алмады, соғыс қимылдарына тек арнайы әскерлер ғана қатыстырылды және т.б.). Бірақ Франция, Англия, Португалия, Испания сияқты Еуропа мемлекеттері еуропалық емес немесе «христиандық дүниеге» жатпайтын елдер үшін ешбір заң да, ешбір норма да есепке алынбады. Олар «түземдіктермен» саудаласып не болмаса бәтуаға келіп жатудың ешбір қажетгігі жоқ, шама келгенше оларды бағындырып қана қоймай, қырып-жоя беру керек деп санады. Бұл қанды саясаттың құрбандығына Үндістан сияқты көптеген өркениетті елдердің ұшырағандығы тарихтан белгілі.

Информация о работе Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғасыр)