Қайта өрлеу дәуірінің философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 17:52, реферат

Описание работы

15 - ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі.
Қайта өрлеу философиясының негізгі бағыттары
Философиядағы адам проблемасы және космологиялық ілімдер.
Қайта өрлеу философиясының көрнекті өкілдері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

1575____.doc

— 54.25 Кб (Скачать файл)

 0 индульгенцияға қатаң тыйым салу керек.

Жан Кальвин (1509-1564) Лютердің ісін жалғастырып, оның идеяларын бір жүйеге келтірді:

0 протестантизм идеясының негізі - алдын ала білу (жазмыш, тағдыр) идеясы;

0 Құдай адамдарды құтқаратынын немесе құтқармайтынын алдын ала анықтап койған;

0 адамдар өздерінің кұтқарылатынынан үмітін үзбеу керек;

0 адамның Жер бетіндегі өмірінің мәні - кәсіпке (мамандықка) ие болу;

0 кәсіп (профессия)- бұл тек күн көріс ғана емес, сонымен бірге ол Құдайға құлшылык ету орны;

0 өз ісіне ынтамен, жауапкершілікпен қарау- құтылудың жолы;

0 жұмысыңдағы жетістік - Құдайдың мейірімінің белгісі;

0 жұмыстан тыс жерде қарапайым, аскет бол.

Кальвин Лютердін идеяларын бір жүйеге келтірумен, әрі өзінің теориялық діни - философиялык ілімімен бірге протестантизмді практикада, іс жүзінде жүзеге асырды:

0 Женевада протестандык қозғалысты басқарды;

0 Женевада католиктік Шіркеу мен Рим Папасының билігін (Кальвиннің өзі «Женевалық Папа» деген атқа ие болды) жойды, реформаланған (кальвинистік) Шіркеуді ресми түрде мойындаттырды;

0 зайырлы билікті кальвинистік Шіркеуге бағындырды;

0 тек Шіркеуде ғана емес, сонымен бірге қалада да реформа жүргізді: католиктік мерекелерге, ырымдарға, жылтырақ киінуге, думан- сауыққа, әшекей-бұйымдарға тыйым салды; азаттарды аскетизм, пуританизм, өз жұмысына ұкыпты қарау рухында тәрбиелеу мақсатымен тұрғындарға катаң пасторлық бақылау койды.

Реформацияның халықтың бағытына Томас Мюнцер (1490-1525) жетекшілік етті. Томас Мюнцердің өзіндік Реформация идеялары:

0 тек Шіркеуді ғана емес, бүкіл қоғамды реформалау керек;

0 қоғамды өзгертудің мақсаты-әмбебаптың әділеттілікке, жер бетінде «Құдай патшалыққа» жету;

0  барлық зұлымдылықтың басты себебі- теңсіздік, таптық бөліну,

оның негізінде жеке меншіктік пен мүдде жатыр;

0 жеке мүддені шектеп, барлығын жалпы ету керек;

0 адам өмірі мен қызметі қоғам мүддесіне бағышталуы керек, бұл Құдай қалауы;

0 билік пен меншік қарапайым халыққа - «кәсіпкерлер мен егіншілерге» тиесілі болу керек.

Реформацияның нәтижесі көптеген еуропалық елдерде католицизмнің әлсіреуіне, діни бәлініске әкелді:

0 протестантизмнің әртүрлі бағыттарының (лютерандық, кальвинизм және т.б.) Солтүстік және Орталык Еуропа елдері - Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Голландия, Дания, Швеция, Норвегияда үстем болуы;

0 католицизм Оңтүстік және Шығыс Еуропа елдері - Испания, Франция, Италия, Хорватия, Польша Чехия және т.б. сақталды.

Қайта Өрлеу заманы философиясының саяси бағыты (XV-XVI) мемлекет мәселесі, саяси күрес, коғамдағы басқару әдістерін қарастырды.

Саяси философияның кернекті өкілі - флорентийлік саяси қайраткер, философ, әрі жазушы Никколо Макиавелли (1469-1527) болды.

Макиавелли философиясының негізгі кағидалары:

0 адам табиғаты туысынан зұлымдыққа бейімделген;

0 адам іс-қылықтарының қозғаушы күші-эгоизм және жеке басының пайдасын күйттеу;

0 әркім өзінің тек эгоистік мүддесін күйттесе, онда адамдардың бірге өмір сүруі мүмкін емес;

0 адам опасыздығын, эгоистік бітімін ауыздықтау үшін ерекше ұйым -мемлекет құрылады;

0 басшы ешқашанда адамдардың жеке өмірі мен мүлігіне көз салмау керек;

0 мақсатка жету жолында- бар әдіс, амалды қолдану керек, ойткені максат-амалды өтейді;

0 мораль-саясат мақсатына бағынады.

Социалистік-утопистік (XV-XVII ғ.ғ) бағыт мемлекет пен коғамды құрудың идеалды - қияли формаларын, теңдестіру, жаппай реттеу және т.б. мәселелерді қарастырды.

Томас Mop (1478-1535)-утопистік социализмнің негізін салды. Мордың атақты шығармасы «Утопия» деп аталды. Утопия-грекше «орны жоқ орын», «Жер ұйык» дегенді білдіреді. Томас Мордың Утопиясында:

0  жеке меншік жоқ;

0 барлық азаматтар өндірістік еңбекпен айналысады;

0 еңбек ету бәрін еңбекке міндеттеу негізінде жүзеге асады;

0 барлық өндірілген өнім қоғам меншігіне өтеді және барлык Утопия тұрғындарына бірдей бөлініп беріледі;

0 барлығының еңбекпен айналысуына байланысты Утопияны қаматамасыз ету үшін 6 сағатық жұмыс күні жеткілікті;

0 ғылымға ерекше қабілеті бар адамдар қара жұмыстан босатылады;

0 ауыр қара жұмысты құлдар-тұтқындар және сотталған қылмыскерлер атқарады;

0 барлық лауазым иелері-тікелей немесе жанамалай сайланады;

 0 ерлер мен әйелдер тең құқыққа ие;

0 Утопия тұрғындары Құдайға құшылык етеді, әрі өзге діндерге түсіністікпен қарайды.

Утопистік социализнің көрнекті өкілі Томмазо Кампанелла (1568-1639) «Күн қаласы», «Галилей апологиясы», «Метафизика» деген еңбектер жазды. «Күн қаласында» оның тұрғындары-солярийлер әлеуметтік әділеттілікті орнықтырып, өмір мен еңбектің рахатын көреді.

Томмазо Кампанелланың Күн қаласында:

0 жеке меншік болмайды;

0 комунистік идеал-4 сағаттық жұмыс күні;

0 барлық азаматтар еңбек етеді, еңбектің нәтижесі бүкіл қоғам меншігіне өтіп, барлық тұрғындарға, қоғам мүшелеріне теңдей белінеді;

0 еңбек ету оқумен ұштасады;

0 солярий өмір сүру салты үге-шүгесіне дейін реттелген;

0 солярийлер бәрін бірге істейді: бірге жұмысқа барады, бірге еңбек етеді, тамақтанады, бірге демалады, бірге өлең айтады;

0 тәрбиеге көп көңіл бөлінеді: бала жастайынан ата-анасынан алынып арнайы мектептерде тәрбиеленеді, сөйтіп ұжымдық өмірге бейімделінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

" Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 - 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір феодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі қайта өрлеу термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. Сондай - ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548 - 1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: "Не табиғаттың өзі - Құдай, не Құдай - заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш", -деді. Олай болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі - сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл өте қауіпті тұжырым болатын - ды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды:"Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласын жарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл бола алмайды". Николай Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: "Бәрібір жер айналып түр" деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401- 14665)салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Қүдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шегі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары тұрады деп есептеледі.

Қайта өрлеу іс - жүзінде ескіні рестоврациялау емес жаңа ізденіске ұмтылуды білдіреді.

Қайта өрлеу философиясының дүниетенымдық орентациясында басты ерекшелік адамға деген бет бұрыс егер антикалық философияда басты проблема табиғат космологиялық өмір болса, ал қайта өрлеу дәуірінде қайырлы қоғам дүниедегі адам қызметі, адам бақыты проблемалары көтеріледі. Философия ғылым ретінде түсіндіріледі және оның мақсаты адамның өмірде орнын табу. Осы дәуірдің философиялық ойлау бағыты антропоцинтристік болды. Яғни басты тұлға құдай емес ал адам. Құдай барлық заттардың бастауы, ал адам дүниенің ортасы, негізі. Қайта өрлеу дәуірінің ортасы негізі қайта өрлеу дәуірінің дүние танымы гуманистік бағытта адам ерікті өзінің болашағын жасаушы тұлға ретінде қарастырылды.

Дүниетанымдағы тағы бір ерекшелік шығармашылық қызметіне табыну әсемдік сұлулық символына деген құлшыныс.

Николай Кузанский өзінің "шындықты алдын ала болжау", "Білетін білместік туралы" деген еңбектерінде әлемде бәрі қайшылықтардан тұратынын дәлелдейді. Қайта өрлеу дәуірінде ғылым, әдебиет, сурет, мүсіншілік өнері керемет дамып, оның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Сервантес, Данте сияқты атақты өкілдері дүниеге келді.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

  1. Кішібеков .Қ“Философия” Алматы 1998
  2. Алтай .Ж “Философия тарихы”  Алматы 1995
  3. Иманқұл .Н ,Бөрібаев .Т “Іліми философия”Астана 2009
  4. Нысанбаев .Қ “ Қысқаша философия тарихы” Алматы 2002

 


Информация о работе Қайта өрлеу дәуірінің философиясы