Аль-фараби философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 19:17, реферат

Описание работы

Әдебиетпен ауызша шығармалардан баска Қазақстанда ғылыми білімнің дамуы да кең тараған. Астрономия, география және басқа да аратылыстану ғылымдары туралы көшпенділердің білімі орта ғасырларда ғылыми тракататтар түрінде кең тараған. Өкіншке орай соның көп бөлігі бізге дейін жеткен жоқ. Бізге Қазақстаннан шыққан көптеген есімдер белгілі, бірақ солардың ішінде Абу Насыр Аль Фарабидің жөні бөлек.

Содержание работы

КІРІСПЕ

1. АЛЬ-ФАРАБИДІҢ ӨМІРІ
2. ӘБУ НАСЫР АЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМ
ҒЫЛЫМНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
2.1. Ал-Фарабидін Индияда болган окигасы Don Robercon
2.2. Ирандағы Фараби туындылары
3. ОРТА ҒАСЫР ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

Аль Фараби туралы.doc

— 154.50 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР :

КІРІСПЕ

 

1. АЛЬ-ФАРАБИДІҢ ӨМІРІ

2. ӘБУ НАСЫР АЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМ

ҒЫЛЫМНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

2.1. Ал-Фарабидін Индияда болган окигасы Don Robercon

2.2. Ирандағы Фараби туындылары

3. ОРТА ҒАСЫР ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

КІРІСПЕ

Әдебиетпен ауызша шығармалардан  баска Қазақстанда ғылыми білімнің дамуы да кең тараған. Астрономия, география және басқа да аратылыстану ғылымдары туралы көшпенділердің білімі орта ғасырларда ғылыми тракататтар  түрінде кең тараған. Өкіншке орай соның көп бөлігі бізге дейін жеткен жоқ. Бізге Қазақстаннан шыққан көптеген есімдер белгілі, бірақ солардың ішінде Абу Насыр Аль Фарабидің жөні бөлек.

Әл Фараби заманында  бүкіл ОртаАзия мен Түркістан  Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. СОл кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді.

Ол өз заманындағы  дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің  өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді.

 

1. АЛЬ-ФАРАБИДІҢ ӨМІРІ

Абу Насыр ибн Мухамед  Тархан ибн Узлаг Аль-Фараби 870 жылы Отрар қаласында қыпшақтың әскери қолбасшысының жанұясында туылған. Абу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Аль Фараби парсы, грек тілдерін үйеренді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Кәмелеттік жасқа толған соң ол, оқуын жалғастыру үшін жетекші ғылыми орталықтарға барады. Осы мақсатпен Шаш (Ташкент), Самаркантта, Исфаханда,, Хамадан және тағы басқа көптеген қалаларда болады. Сол замандағы ғылым ммен мәдениеттің дамғын орталықтарының бірі Халифат астанасы багдарт қаласында ұзақырақ болады. Осы жерде өз білімін толык жетілдіреді және көптеген көрнекті ғалымдармен танысып, олардың арасында жетекші орынға ие болады. Бірақ бұл жағдай діни-ғалымдардың көре алмаушылығын туғызып, олармен көзқарасы жараспаған Аль Фараби Багадатты тастап Хорасанға кетуге мәжбүр болады. Өмірінің ақырғы күндерін Аллепо және Дамаскіде өткізді

Аль-Фараби энциклопедисть ғалым ретінде ғылымның барлық саласына елеулі еңбек сіңірді.Ол барлық ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика) жіне практикалық (этика, саясат) деп екіге бөледі. Оның қолынан музыка теориясы, физика, заң, әлеумет, астрономия, медицина, логика, философия ғылымдарына арналған көптеген трактаттар шықты. Аристотель оқуыларын дамыта және жалғастыра отырып Аль Фараби көзі тірісінде ақ “Екінші ұстаз” (Аристотелден кейінгі) деген атақ алады. Арабияның орта ғасырдағы ғылымы осы Аль Фарабидің еңбектері негізінде қалыптасады және оның ықпалымен Ибн Рушид, Ибн Сина, Омар Хаям, Роджер Бекон, Леонардо да Винчи және көптеген ғұламалардың көзқарастары қалыптасқан.

 

2. ӘБУ НАСЫР АЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМ ҒЫЛЫМНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Әбу Насыр Мұхаммед ибн  Мухаммед Фараби ерте орта ғасырдағы  ұлы ғұламалардың бірі болып табылады. Ол көпжақты оқымысты-энциклопедисть және шығыс рационализмін қалыптастырғандардын бірі болды. Осы себепті оған “Аристотелден кейінгі екінші ұстаз!” деген құрметті атақ берілген Әл Фарабидің, бір кездері Орта Азияның етедегі мәдени орталығы болған қала Отрарда туылғаны тарихтан белгілі. Әл Фараби осы Отрарда, өзінің ана тілі қыпшақ тілінде бастауыш білім алады. Фарабидің еңбегі мен әрекет дәуірі араб мәдениетінің даму дәуірімен түстас келді. Әлемнің атақты оқымыстылары, философтары, ақындары, музыканттары, бағдатқа жиналды және онда ғылым академиясы мен университет ашады.Бағдат оқымыстыларының арасында Орталық Азия мен Қазақстаннан шыққандар құрметті орындарды иеленді. Солармен бірге Бағдатқа – білімнің барлық саласынан; музыкадан бастап астрономияға дейін   хабары бар Фараби де келді. Фараби тіл ғылымының, калеграфияның, лингвистиканың, өлең құрастырудың, риториканың ірі теоретигі ретінде танылды. Сауатты жазу, каллиграфия, өлең жазуғ риторикадан трактовкалар жазды. Әбу Насыр ал-Фараби – жан-жақты дамыған музыкант әрі компазитор, мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер болды.

Оның көптомдық “Музыка  туралы үлкен трактат” деген шығармасы  көптеген тілдерге аударылған. Фараби трактаттары біздің заманымызға дейін аса жоғары бағаланады. Фараби геометрияны барлық жаратылыстық-философиялық ғылымдардың негізі деп қарады. Ұл идеаны “Философияны меңгерудің қажетті шарттары” деген трактатында анық келтірген.

Астроном және астролог ретінде Фарабидің беделі жоғары болды, ол бұл ғылымдарды арифметика, геометрия, музыка сияқты жоғары педагогикалық ғылымдар категогриясына жатқызды. Физика мен жалпы жаратылыстанудан жазған Фараби еңбектері белгілі. Жалпы физикалық және жаратылыс құбылыстарын зерттеуде ол эксперименттер жасау қажеттілігін атап көрсетеді.

Фараби тамаша дәрігер  ретінде де белгілі. Дәрігерлік қызыметіне байланысты Фараби, сол замандағы  басқа да дәрігерлер сияқты, алхимиямен, ботаникамен, минерологиямен айналысады. Ғылымның бұл салаларының бәрі жаратылыстану  құрамына кіретін. Фараби географияға көп көңіл бөлді. Саяхатшы ретінде ол, Қазақстан мен Орталық Азияның, Таяу Шығыстың, Африканың көптеген ғылыми және мәдени орталықтарында болды. Оның Отрарда, Талас, Шаш, Самархант, Бухара, Хива, Кабул, Бағдат, Дамаск қалаларында болғаны құжат түрінде белгілі. Барлық елдер мен қалаларда, Фараби жаратылыс зерттеушісі, географ және астрорном ретінде аймақты оқып үйренді, орынның координаталарын анықтады т.б. Жаратылсытануға Фараби басты мән берді. Ол, “қандай да бір педагогикалық ғылымға қарағанда, табиғат туралы ғылым әлдеқайда бай және кең көлемді болып келеді” деп жазды. Өзінің басқа бір еңбегінде “философияны оқып үйренуден бұрын табиғат туралы ғылымды игеру керек, өйткені бұл ғылым адамға барынша жақын, мәндері анық және оған түсінікті ғылым саласы” деп жазады.

Философия саласында Фараби өз заманындағы теңдесі жоқ тұлға саналды. Оның негізгі көзқарасы – рациональдық. Оның философиялық еңбектерінде Аристотель, Платон және басқа ертедегі данышпандардың философиялық еңбектеріне коментарийлер жазуға көп орын берілген. Фарабидің тамаша, өте бағалы еңбегі “Даналықтың маржандары” деген трактаты 1000 жылдан бері Шығыс университеттерінің оқулық құралы болып келеді.

Фараби еңбектері Европаның Қайта өрлеуінде үлкен рол атқарды. Бэкон, Л. Да Винчи, Коперник, кеплер, Лейбниц сияқты оқымыстылар өз жетістіктері үшін Фарабиге қарыздар.

Бүкіл өркениеттің жан дүниесін даму бағытындағы оның білімін бағалау оңай емес.

2.1. Ал-Фарабидін Индияда болган окигасы Don Robercon

Ал-Фараби (біздің заманымыздың 870-950 жылдары) Туркістаннан (Қазіргі Қазақстанның Шымкент облсында. авт.) шыққан үлкен философ әрі музыкант болды. Ол Канун (анг. Quanun) деген музыкалық аспап ойлап тапқан. Ол әлемнің көптеген елдеріне саяқаттаған. Ешкім танымау үшін бетіне бетперде (маска) киіп алады екен. Индияда жүрген бір күні ол Корол армиясының формасын киіп алып, жәй адам ретінде Индиядағы ең атақты адам Корол Суффудиннің үлкен соты өтетін бөлмеге кіреді. Король өзінің королдарға арналған бөлмесінен қарапайым адамды көріп таң қалады да, ол не істеп жүрген адам деп білгісі келеді.  
-Сіз қайда болуғс тиістісіз? – деді король  
-Мен ана сіз отырған тақта отыруға тиістімін. –деп жауап береді. Сөйтіп тақтың қасына барып, оның бір шетіне отырады. Отырған соң біртіндеп королды ығыстыра бастайды. Корол қатты ашуланды да, күзетшілердің бірін шақырып, оған өзге бір түсініксіз тілде бір нәрселерді сөйлейді. Ол түсінкіз тілде “Мына адамның есі тура емес болу керек немесе кісініні таңдандыратын ғажап адам шығар. Мен бірнеше сұрақтар қойып, қандай адам екенін білейін” дейді.

Король сұрақ қою  үшін Ал Фарабиге бұрыла беріп еді; бірақ аузын ашқанша Ал Фараби король сөйлеген түсініксіз тілде былай  дейді; “Король сіз неге мазасызданасыз?” Осы мезеттен бастап король мен Фл Фараби бірнеше сағат бойы үздіксіз философиялық таласқа түседі. Королдың келтірген аргументтеріне нүкте-үтіріне шейін дәлелмен немесе қарсы дәлелмен жауап беріп отырады. Бұл дебатқа Индияның ең атақтыдеген философ-шешендері қатысады. Олардың бәрі Ал Фарабиді сүріндіре алмай, таласта жеңіліс табады. Ақырында король жеңілісін шын жүректен мойындап, Ал Фарабиге, не қалайсың, сұрағаныңды үлкен ризалықпен берем дейді. Ал Фараби маған ештеме керек емес дп жауап береді. Содан соң король оны құрметті қонақ етіп, әлемдегі ең мықты деген музыканттарды жинап, оларға қонақтың құрметіне музыка ойынңдар деп бұйырады. Музыканттар ойнап жатқанда, Ал Фараби олрды тоқтатып, аспаптарының құлақ күйін басқаша келтіріп береді. Содан музыканы қайта ойнап шығуды сұрайды. Бұл жағдай жиі қайталанады. Ақыры болмаған соң король өз музыканттарын қуып жібереді. Одан соң корол Фарабиге; сен менің музыканттарымды жақтырмадың, енді өзіңнің олардан артық екеніңді дәлелде- дейді.

Ал-Фараби қалатасынан  кішкентай үш шек алды да оны керіп  жоғары, шат-шадыман мелодиянгы қойып  ойнай бастады. Муызканың әр қайырмасында залдағылар, королда бар ішінде ду күліп жіберіп отырады. Музыка тыңдау жалғаса береді де тыңдап отырғандар, корол да ары-бері домалап еріксіз күле бастайды. Кенет, Ал Фараби кілт тоқтайды да, баяу, мүңлы әуен ойнай бастағанда тыңдап отырғандар бірі орындықта, бірі отырған жерінде Фарабиден басқасы, шетінен тәтті ұйқыға кетеді. Осы кезде Ал Фараби бөлмеден жәйлап шығып кетеді. Содан кейін ол жердін оны ешкім көрмепті. Корол оянғаннан кейін қанша іздетседе таппапты.

 

Ал- Фараби 
 
Қашықтасың туған жер - қалың елім, 
Не бір жүйрік болдырып жарау деген. 
Шаршадым мен. 
Қанатым талды менің, 
Шаңқыт жолға сарылып қарауменен. 
 
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып, 
Қасіреттің жасына көз жуынар. 
О, жаратқан, көп неткен ақымағың, 
Құм сықылды тез ысып, тез суынар. 
 
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте, 
Әкімдікке куллісі жүгіреді. 
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп, 
Жаным менің түршігіп, түнереді. 
 
Кайтейін мен көкжиек кеңдгімді. 
Келер күнге үмітпен жол ашамын. 
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді, 
Соны медет етеді болашағым. 
 
Бір шөлмекте көк сия толып турса, 
Екіншіде - шарап бар жайы мәлім. 
Даналыкты сиямен толықтырсам, 
Шарабымен шерімнен айығамын.  
 
Бауырым, қанша сүйгенмен, 
Біеді өмір күйбеңмен. 
Шындыққа бас тік алаулап, 
Пенделіктен бол аулак,. 
 
Жататын дәйім жаңғырып, 
Бұл өмір емес мәңгілік. 
Бейопа мына заманда 
Бақұл боп кетер адам да. 
Жұрт кшен кунш кеп қызык, 
Жіберер зая өткізіп. 
 
Қағаздың түсті бетіне, 
Сызыктай бейне тартылған 
Тап болып, жігер сарқылған, 
Кездейсоқ өмір өтіне 
Қайыспай тұрса нар тұлғаң 
 
Сонда да беріп кетеміз, 
Жүректің отын молында, 
Арманды аңсап өтеміз 
Ұлы мұрат жолында.  
Темендегі өлең жолдары Әл-Фарабидің ақындық тұғырының да биік болғандығын толық дәлелдейді: 
 
Тамылжып бал тыныштық айналамнан, 
Тылсым түнге құшағын жайған далам. 
Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз, 
Жанымды ой жарығы аймалаған. 
 
Аққан жұлдыз құласа кейде егер, 
Сеніңнұрлы бейнең боп кеудеме енер. 
Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып, 
Өміріме бір ғажап сәуле берер. 
 
Үнің жетер жаңғырып жырақтан ең, 
Сезініп мен деміңді гүл атқанмен, 
Оның өзі бір-ақ сәт... содан кейін, 
Мұңды әуенді жалғаймын бірақ та мен... (6, 36) 
 
Тіршілікте құрыштай бол төзімді, 
Сан мәртебе алдаса да өзіңді. 
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма, 
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған. 
 
Өрге жузген өнегелі ісімен, 
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. 
 
Жүргендер көп достың атын малданып, 
Алайда тек қалма оған алданып. (6, 37)

Әрине, Әл-Фараби өмір сүрген дәуірде үлкен ғалымдардың да өлең жазуы өзінше бір әдетке айналып  кеткен салт, дәстүр болған. Мәселен, Фарабидің замандасы, ұлы ғалым, медиң ина ғылымының негізін қалаушылардың бірі - Әбу Әли ибн Сина, энң иклопедист-ғалым Бируни, ұлы математик Әл-Хорезми, т. б. кезінде азды-көпті өлеғ-жыр жазумен де айналысқан. Бірақ орта ғасырдың әдебиет зерттеушілері мен тарихшылары поэзия мәселесін сөз еткенде көбнесе дерлік Әл-Фарабидің есімін қайталап отырады. Өкінішке орай, Фарабидің поэзиялық мұрасы біздің дәуірімізге дейін толық сақталмады. Әйтсе де саусақпен санарлықтай аз ғана жыр жолдарының өзінен оның зор шабытты, кең тынысты, тереңо йлы, нәзік сезімді, дарынды ақын болғанын аңғару қиын емес.

2.2. Ирандағы Фараби туындылары

Бүгінде Ирандағы көне қолжазбалар  саны шамамен милионға жетіп жығылады. ...Бұған дейін әртүрлі кітапханалардың  қолжазба қорларынан Фарабидің 36 трактаты табылған еді. Солардың кейбірінің қайталай көшірлген нұсқаларын есептей келгенде, барлығы 98 қолжазбаның жайы белгілі болып отыр. Бұл әзірге белгілі болғаны ғана. ...Басы бар да аяғы жоқ, аяғы бар да бас жағы сақталмағана дүниелер қаншама. Бұған қоса қай Фарабидікі екені белгісіз туындылар да бар.

Иранның Тегеран, Құм, Мешхед, Тәбриз, Исфахан, Рәшт және Иәзд шарһарларындағы  кітапханаларда сақталған Фараби еңбектерінің бәрі де араб тілінде. Дегенмен, кей туындыларының аударма қолжазбаларына да сілтеме жасалып отырылған. Еегеран университеті кітапханасынада сақталған «Қисын (Логика) іліміне кіріспе» трактатының еврей тілінде үш бірдей аудармасы бар. Муса бей Ладхейс Иахуди, Самуэл Бен Табун және Шалом бен Аюб аударған осы тракаттың тағы бір көшірмесі мен аударма қолжазбалары бүгінде Париж ұлттық кітапханасында сақтаулы тұр. Деректерге сенсек Фараби дүние салысымен оның дүниелереі шетінен еврей тіліне аударыла бастаған екен. Ендеше, ғұламаның көптеген еңбектері басқа тілге қарағанда, еврей тіліне көп аударлыған болса оған таңдануға болмайды. Сонымен қатар Мешхед шаһарындағы резави кітапханасында қолжазба күйінде сақталған Фарабидің қасиде қалыбында жазған жырлары қоса көшірілген өлең жинағы да назар аудартпай қоймайды. Жалпы, Фарабидің тек араб тілінде ғана емес, парсы тілінде де өлең жазғаны жайлы дерек бар. Алайда оның тек екі рубиі ғана бүгінге жетіп отыр.

Иран кітапханалары қорында  сақталған Фараби трактаттарының бірнеше  қолжазбасы Үндістан, Ливан және Мысырда  жарық көргені айқындалды. Ол қолжазбалардың көбісі ХVІ – ХVІІ ғасырлардаг жеткен көшірмелер. Солардың көпшілігі настаалиқ жазуымен таңбаланған. Арасында нәсх жазуымен таңбаланған нұсқалар да ұшырасады. Кейбірінде көшірмешінің аты-жөні, көшірген уақыты дәл көрсетілген. Мәселен, Мешхед қаласындағы Резвани кітапханасындағы трактат қолжазбалары арасында Мұқамед Мұмин және Әли табатаби көшірмелері жиі ұшырасады. Оған қоса, Әли Танкобени, Мұқамед Реза Түни Хорасани, тажедин Хусейн Со’ад, Сұлтанмақмұд Әл-Мир Буорги Мазендарани Ширази, Сұлтанмақмұд Хусейни Бузорги есімді көшірмешілердің де еңбектері кездеседі.

Информация о работе Аль-фараби философиясы