Аль-Фараби философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2015 в 19:04, реферат

Описание работы

Әдебиетпен ауызша шығармалардан баска Қазақстанда ғылыми білімнің дамуы да кең тараған. Астрономия, география және басқа да аратылыстану ғылымдары туралы көшпенділердің білімі орта ғасырларда ғылыми тракататтар түрінде кең тараған. Өкіншке орай соның көп бөлігі бізге дейін жеткен жоқ. Бізге Қазақстаннан шыққан көптеген есімдер белгілі, бірақ солардың ішінде Абу Насыр Аль Фарабидің жөні бөлек.

Содержание работы

КІРІСПЕ

1. АЛЬ-ФАРАБИДІҢ ӨМІРІ
2. ӘБУ НАСЫР АЛь-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМ
ҒЫЛЫМНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
2.1. Аль-Фарабидін Индияда болган окигасы Don Robercon
2.2. Ирандағы Фараби туындылары
3. ОРТА ҒАСЫР ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

срс(философия)-Аль-Фараби философиясы.docx

— 37.11 Кб (Скачать файл)

Әбу Наср әл-Фараби туралы сол кездегі көптеген ғалымдар өздерінің ой-пікірлерін жазып қалдырған. Ұлы ойшыл Әбу Әли ибн Сина, тарихшы-ғалымдардан Захируддин әл-Байхакий, Жамолуддин ибн әл-Кифтий, Ибн Әби Усайба, Ибн Халликон сияқты атақты ғалымдар өз шығармаларында ұлы философ Әбу Наср әл-Фараби жөнінде кейбір мәліметтер беріп кеткен. Белгілі шығыстанушы-ғалым. Аристов солардың бірқатарын араб тілінен өзбекшеге аударып жариялаған екен. Біз соны өзбек тілінен қазақшаға тәржіма жасап, окырманға ұсынуды жөн көріп отырмыз. 
Әбу Әли ибн Сина: Мен мантик (логика), жаратылыстану және риезиет (математика, геометрия) ғылымдарын жақсылап меңгердім. Сосын теологияны оқып үйренуге кіріскенімде Аристотельдің «Метафизика» кітабын оқыдым. Бірақ онда не жазылғанын оқып түсіне алмадым. Бұл кітапты жазған кісінің мақсаты маған құпия болып қала берді. Тіпті оны қырық рет қайталап окып шықтым. Бұл кітапты жаттапта алдым. Бірақ соныңөзінде мен оны түсіне алмадым. Ақыры одан үмтімді үзіп, бұл түсінуге болмайтын кітап екен деген қорытындыға келген едім. 
Бір күні бесін намазы кезінде кітап сатушыларға бардым. Онда бір делдал мұқабалы бір кітапты қолына ұстап алып, мақтап тұр екен. Ол мені қасына шақырып, маған кітапты көрсетті. Сонда мен бұл ғылымды білудің пайдасы жоқ деген оймен әлгіні жақтырмай, алмайтынымды айттым. Делдал маған: «Бұл кітапты ал, бағасы арзан - үш дихрам, кітаптың иесі ақшаға мұқтаж», - деді. Осылайша мен кітапты сатып алдым. Қарасам, ол Әбу Наср әл-Фарабидің «Метафизика» кітабының мақсаты жайында жазылған шығармасы екен. Үйге келген бойда оны оқуға кірістім. «Метафизика» ойымда жатталып қалған себепті сол сәтте-ақ кітаптың мазмұнын түсініп алдым. Бұған қатты қуанып кеттім. Мұндай кітаптың табылғанына шүкіршілік жасап, ертеңінде-ақ кедейлерге біраз нәрсе садақа бердім.

Захируддин ал-Байхакий: Шейх Әбу Наср әл-Фарабидің аты Мұхаммед ибн Тархан болып, шыққан тегі Түркістаннын Фараб деген жерінен екен. Бұл кісі «Муаллим ас-Соний» - «Екінші ұстаз» деген лақап есім алған. Ислам ғалымдары арасында одан бұрын мұншалыкты ақылы алғыр адам болмаған еді.

Әбу Насрдың көп трактаттары болған. Мен Рай шаһары бастығының кітапханасынан бұл кісінің шығармаларын көрдім. Сол жерде мен Әбу Насрдың небір шығармаларын көрдім, тіпті ондай кітаптар жайында ешқашан естімеген де екенмін. Тағы бір айта кететін жәйт – көрген кітаптарымның көпшілігі Әбу Насрдың өз қолымен жазылған яки оның шәкірті Әбу Закария Яхия ибн Адидің қолымен көшірілген еді. 
.. .Ғұлама Әбу Наср әл-Фараби айтқан екен: «Кімде-кім хикмат (философия, даналық) білімін оқып үйрен уге кіріспек болса, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс , әдепті, қайырымды адам болуы керек. Ондай кісі адамдарға мейірімді, таза, адал болуы, азғын қылықтардан: күнә, қиянат, зұлымдық пен аярлықтан таза болуы тиіс. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет . Хиқмат 6ілімін оқып үйренуге кіріспек болған адам білімді де, ғалымдарды да құрмет тұтатын кісі болуы шарт. Ондай кісі ғылым адамдарынан басқа ешбір нәрсені қадірлейтін болмауы керек. Білімді кәсіп, өнер етіп алмауы керек әрі оны мал-дүние табу құралы етіп жібермеуі қажет.

Кімде-кім мұны керісінше істейтін болса, онда ол кезбояушы саналады. Жалған ақша таза ақша есептелмейтіні сияқты, жалған сөз ешқашан мәнді сөз болмайды.

Егер мінез-құлқы біз айтқандай емес, теріс мінезді кісі болса, ол ешқашанда ғалымдар қатарына қосылмайды. Ағаштың өсіп-жетілгенін бұтақтағы жемісіне қарай бағалайдығой. Сондай-ақ адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. 
Кімде-кім өзін өз дәрежесіеен жоғары көтермек болса, ондай адамнын, өсу жолына тосқауыл койылады».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           ҚОРЫТЫНДЫ.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме», « Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл мусики әл кабир» секілді әрқайсысы бір бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар. Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы Әл Фараби атындағы ұлттық университеттің кітапханасына тапсырған Әл Фарабидің қолжазбалары өз алдына бір пара қазына. Олардың көшірмесі (он үш қолжазба) бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында сақтаулы.

Өмірінің соңына қарай Әл Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шахарында келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады. Оның денесі Шам шахарының Кіші қақпа (Баб ас Сағир) жағындағы зиратқа қойылады.

Әл Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай «Қос Фараби» деп те атайды. Сондай ақ еңбектері ұлы ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар Беруни, Бозжани, Омар Һайямдар да өздерін Әл Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР :

 

  1. Сүйншалиев Қ. Қазақ әдебиетінің тарихы, 1979 ж.

  1. Ежелгі дәуір әдебиеті, Христоматия, 1989 ж.

  1. Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары, 1995 ж.

  1. Көбесов А. Аль-Фарабидің ашылмаған әлемі, Алматы, 2002ж.

  1. Аль-Фараби Әлеуметтік-этикалық тактаттар, Алматы, 2002ж.

  1. Мұқан А. Аль-Фараби және Абай, 2002 ж.

  1. Аль-Фарабидің философиялық трактаттары. Алматы, 2002ж.

  1. Мырзахметов М. Абай және Шығыс, Алматы, 1994 ж.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Аль-Фараби философиясы