Қазақ халқының философиялық мұрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2014 в 20:21, реферат

Описание работы

Ахмед Йүгінеки – «Ақиқат сыйы» атты дастанның ауторы. Бәлкім оның қаламынан басқа да шығармалар туындаған болар. Алайда, заманалар тегеурініне төтеп беріп, бүгінгі күнге жеткені – осы «Ақиқат сыйы» ғана.
ТҮРКІНІҢ ТӨРЕСІ
Автор өз тұсында, Қараханидтер мемлекетінде өмір сүрген түркі тектес халықтар тілінде жазғанына қарамастан, шығармасына «Хибатул-хақаиқ» деп арабша ат берген екен.

Файлы: 1 файл

Жүсіп Баласағұн.docx

— 41.51 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 
Қазақ халқының философиялық мұрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

                                       2014жыл 
Ахмед Йүгінеки – «Ақиқат сыйы» атты дастанның ауторы. Бәлкім оның қаламынан басқа да шығармалар туындаған болар. Алайда, заманалар тегеурініне төтеп беріп, бүгінгі күнге жеткені – осы «Ақиқат сыйы» ғана.

ТҮРКІНІҢ ТӨРЕСІ

Автор өз тұсында, Қараханидтер мемлекетінде өмір сүрген түркі тектес халықтар тілінде жазғанына қарамастан, шығармасына «Хибатул-хақаиқ» деп арабша ат берген екен.

Йүгінеки-өз дәуірінде айтарлықтай мәшһүр болған ақын. Оның осынау даңқына дәлел ретінде мынандай өлең жолдары сақталған:

Ақындардың ақыны, даналардың көшбасы,

Гауһардан сөз теретін, одан ешкім озбады.

Оның өмір жолы жайлы деректер де там-тұмдап қана сақталған. Негізінен аталған дастан жолдарында, әсіресе «Ақиқат сыйының» қортынды бөлімінде аутор өзі туралы:

Ахмед Әдиб – атым, үлгі – сөзім,

Қалады мұнда сөзім, кетем өзім,

Күз келер, жаз да кетер, өмір де өтер,

Сонымен жұмыларда екі көзім,-дейді.

Демек, аутор өз есіміне «Әдиб» (әдебиетші) псевдонимін қосып қолданғанын да көреміз.

Дастанның ХҮ ғасырда қайта көшірілген нұсқасында мынандай жолдар бар:

Әкесінің аты – Махмуд Йүгінеки,

Әдіб Ахмед оның ұлы екеніне шүба жоқ...

...Әдібтің туған жері Жүйнек деп аталады,

Ауасы сондай ғажайып, таза, көңілді сергітіп жібереді,- дейді.

Аталған қала жұрты қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданында жатыр.

Йүгінеки өз дастанын арнайы әскербасыға тарту еткен болатын.

Арнайы баспасы болмаған сонау ықылым замандарда «Ақиқат сыйы» сияқты әйгілі шығармаларды калиграфистер қолмен көшіріп, елге тарататын. Сөз болып отырған дастанның бүгінгі күнге осындай үш қолжазба нұсқасы жетіп отыр. Олардың екеуі ұйғыр тілінде, біреуі араб тілінде жазылған екен.

Шығарманың қолжазбасы табылғаны туралы түрік ғалымы Нәжіп Асим алғаш рет 1906 жылы хабарлама жариялаған болатын. Асим ғалым бұл еңбекті түрік тіліне аударып, 1916 жылы жеке жинақ етіп бастырған еді.

Осы ғылыми жаңалық жарияланысымен «Ақиқат сыйын» зерттеуге деген әлемдік түркологтардың қызығушылығы күрт өскен болатын.

Түркі тілдес халықтардың жазба ескерткіштерін мейлінше терең зерттеп, ғылыми тұжырымдама жасауға айрықша атсалысқан ғалымдар: Е.Бертельс, С.Малов, Қ. Махмудов, В.Радлов, Т.Ковалевский. «Ақиқат сыйы» да осынау әлемдік деңгейдегі түркологтар назарынан тыс қалмады.

Олар аталған үш нұсқаны қатар алып, салыстыра зерттей отырып, жырдың толық мәтінін қалыптастырған болатын.

Ал түрік ғалымы Рашид Арат дастанның толық мәтінін әзірлеп, оны 1951 жылы жинақ етіп шығарды.

Қазақ ғалымдары да «Ақиқат сыйын» зерттеуге айрықша еңбек сіңірді. Мысалы, филология ғылымдарының докторы, профессор Берікбай Сағындықұлы жырдың араб әрпіндегі нұсқасын кирил әрпіне түсіріп, аударған болатын.

Сондықтан да, бұл дастан филология ғылымдарының докторы, профессор Әбіжан Құрышжанов пен филология ғылымдарының докторы, профессор Берікбай Сағындықұлының аударуымен 1985 жылы «Ғылым» баспасында қазақ тілінде жарық көрген еді.

АҚИҚАТҚА ҚҰШТАРЛЫҚ

Түрік, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген Йүгінеки бабамыздың білімге деген құштарлығы орасан болатын.

Мына дүние есігін зағип күйінде ашқан ақынның, осынау жердегі тіршілік таңғажайыптарын, күннің нұрын, айдың сәулесін ешқашан көре алмаған ақынның Жаратылыс сырларын, жердегі мынау қысқа өмірдің мәнін түсінбекке ұмтылысы қайран қаларлықтай қажырлылықтарға толы еді.

Осынау тағдыр талайына еш өкінбестен, «бір күндік сәулені көре алмадым-ау!» деп торықпастан, қайта өзін айрықша бақытты сезінуінің сыры ақынның Жаратушыға деген шексіз махаббатынан туындап жатқан болатын. Оған ақынның жырлары – куә.

Йүгінеки «Ақиқат сыйын» Аллатағалаға мақтаулар, ал пайғамбар Мұхаммед саллалаху алейхи уассаламға салауат айтудан бастайды. Оның сахабаларының, яғни серіктес достарының адамзат дамуына сіңірген еңбектерін мадақтай жырға қосады.

Бұл орайда, «Ақиқат сыйы» жинағы өзінен бірнеше ғасыр бұрын жарияланған «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз-наме» шығармаларынан тіл құнары, көркемдік сапасы жағынан оқ бойы озып кетті десе болғандай.

«Қорқыт ата кітабы», «Оғыз-наме» шығармалары негізінен батырлық дастандар мен мифтік баяндардан құралғандықтан, ауторлар жинақ құрамындағы әрбір баянның басында Аллаға рахмет, оның пайғамбарына салауат айтумен бастайтын.

Ал оқиға-баян тәмам болған тұста «Алланың көмегімен тағы бір жыр дүниеге келді» деп, яғни шығарманың қортындысында Жаратушыға сансыз шүкіршіліктерін жолдаушы еді.

Ал, «Ақиқат сыйы» болса, бастан-аяқ шариғат заңдарына арқа сүйей отырып, адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын шығарма.

«Бұл орайды «Ақиқатты...» Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігімен» қатар қойған жөн болар» дейді кейбір ғалымдар.

Түрколог Нәжіп: «Ақиқат сыйының тілі-«Құтты білік» тілі мен кейінгі дәуірлерде өріс алған шағатай тілін өзара жалғастырып тұрған өтпелі көпір секілді...»-деген еді. Бұл «Ақиқатқа...» берілген орынды баға іспетті.

Айта кету керек, Жаратушы тарапынан жолданған заңдылықтарды жыр тілімен насихаттауда, қос ақын шығармаларының табиғаты бір-біріне жақын боп шыққан.

«БІЛЕКТІ- БІРДІ, БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР»

Ұлы ойшыл Йүгінеки қасиетті Құран мен сахих-дұрыс хадистерді басшылыққа ала отырып, «Адам мына дүниеге не үшін келеді? Жұмыр басты пенденің бұл жалғандағы басты мақсаты мен міндеті неде?» деген сауалдар төңірегінде ой толғайды, оған жан-жақты жауап беруге тырысады.

Сондықтан дастанда адам баласы үшін пайдалы ілім-білім жинақтаудың қаншалықты маңызды екендігі кеңінен насихатталған.

Білікті білім жинап, кәсіп етер,

Білімнің дәмін татып, өсіп өтер.

Білдірер білімді елге білім сырын,

Біліксіз білімді аттап, бөсіп өтер.

Алла Өзін білімменен құт етеді,

Қайырсыз надандықты жұт етеді.

Білімді үйренбеген талай қауым

Құдайды қолдан жасап, пұт етеді...-дейді ақын.

Осылайша аутор Жаратушының таңдауымен жіберілген барлық пайғамбарлардың ұстанған жолын, олардың діттеген мақсаттарын жыр тілімен жеткізе жырлап отыр.

Білімді-алтын көзі ашылатын,

Надан жан – қара бақыр, шашылатын.

Білімсіз тең бола ма білімдімен,

Азамат-білікті әйел, ез ер – қатын.

«Тал бесіктен жер бесікке дейін әрбір мұсылман ер мен әйел- білім алуға міндетті!» деген қағиданы басшылыққа алған Йүгінеки жырлары дастанда осылайша жалғаса береді.

Байқап отырғанымыздай, аутор өз шығармасында, тіпті бүгінгі қазақ әдебиетіне тән көркемдік айшықтау тәсілдерін сол ХІІ ғасырдың өзінде шеберлікпен қолдана білген.

Мысалға келтірілген соңғы бір шумақтың өзінде небір шебер шендестірулер мен сәтті салыстырулар молынан ұшырасады.

«КӨРКЕМ МІНЕЗ – ИМАННАН»

Сондай-ақ жырдың өн бойында егіздеу, яғни параллелизм әдісі де ұтымды шыққан. Жақсылық пен жамандық, ғұлама мен надан, сыпайы мінез бен дөрекілік, жомарт пен сараң, тағы сол сияқты қарама-қайшы қасиеттердің адам болмысына тигізер пайдасы мен зияны туралы ойлар шығармада қатар өріліп отырады.

Жұмсармас, иілместі жомарт иер,

Мұрат та қол жетпейтін бұған тиер.

Өмірде жақсы мінез-жомарт деген,

Жаман ат- сараң, оған жақсы сөз ермеген.

Берген қол бәрінен де құтты болар,

Сол жаман-ала біліп, түк бермеген,-дей келе,

ғұлама ақын байларды кедей бауырларына көмектесуге, мейірімді болуға шақырады.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Немат Келімбетов: «Ақиқат сыйы» дастаны өз заманының көкейкесті мәселелерін жырға арқау еткен, көркемдік дәрежесі биік, дидактикалық сарында жазылған, бүгінгі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ әдеби мұра болып табылады»,-деген еді.

Сонымен бірге, хадистердің бірінде айтылған: «Он күнәның тоғызы – тілден», деген тұжырымға орай Йүгінеки ақын былай деп жыр толғайды:

Сөз есепсіз –тіліңді тый, тарта ұста,

Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста.

Есепті сөз – ер сөзінің асылы,

Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста.

Ақылды ма, көп сөйлеген күпіне,

Талай бастың тіл жетті ғой түбіне.

Оқ жарасы жазылады, бірақ та

Тіл жарасы жазылмайды: түбі не?

Ғалымдар Ә. Құрышжанов пен Б. Сағындықұлы 1985 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген аудармаларында былай деп пікір түйеді: «... «Ақиқат сыйы» да түркі халықтарының тіл тарихын, әдебиет тарихын, ондағы жанырлар және басқа да ерекшеліктер негізін, мысалы, дидактикалық әдебиет, дүнияуи әдебиет көздерін ашып, олардың тамырын талдау ісінде таптырмайтын құнды мұра болып табылады»

 Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік»

ІХ-ХІІ ғасырларда түркі ой әлеміндегі белгілі ойшыл Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» еңбегін түркі дәуірінің өркендеген кезеңі Қарахандар дәуірінде жазды.

Бұл шығармада түрлі қоғамдық топқа жататын адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті адамгершілік, әдептілік мәселелері көтеріледі. Сондай-ақ білімді адамдар өмір сүретін мінсіз қоғам нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық ережесі, сондай-ақ басқарушы және бағынушылар арасындағы ара қатынас қағидалары баяндалады. Бұл еңбегінде ойшыл бақытты, рахатты, салауатты өмір сүруі үшін және қоғамның ахлақтық негізі үшін әдептік ұстанымдарды белгілейді.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінің» дүниетанымдық және құндылықтық бағдары Ислам діні мен ахлағына негізделген. Ахлақ – бұл исламдағы моралдық, адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, өнеге-үлгілік ұстаным, яғни, көркем мінезділік. Ахлақ – мұсылманның өмірлік ұстанымы мен бітім-болмысын, яғни, адамның сыртқы кескін-келбетін және ішкі мәдениетін, рухани жан дүниесін білдіретін ұғым болып табылады. Ахлақ – мұсылманның отбасындағы және қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын айқындайтын ұғым. Исламдағы көркем мінезділік бұл – мұсылманның діни құндылықтарды ұстануымен айқындалады. Шынайы мұсылмандық ислам ахлағы мен құндылығын ұстана отырып, әрекет жасайтын адам. Ислам дінінің ахлақтық және құндылық негіздерінің қайнар көзі бұл – Құран мен Сүннет. Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Иман тұрғысынан ең жетілген мұсылман – өнегесі жақсы мұсылман» деген. Исламның ахлақтық құндылықтарын: діндарлық, тақуалық, имандылық, сабырлылық, рақымшылдық, ақыл-парасаттылық, әділеттілік, бостандық, ғылым-білім, достық, бауырмалдық, адалдық, аманат, ар-ұят, қарапайымдылық, тазалық, өзара құрмет, іс-қимыл т.с.с. құндылықтарын түркі ойшылдары өз еңбектерінде қарапайым халыққа түсінікті тілде жеткізе білді.

Дұға оқып, «Сақта» деп хан жалынды, 
Қолын жайып, Жаратқанға табынды ... 
Кем-кетікке мал таратты, сүйер деп, 
Үміттеніп, шарапаты тиер деп –  
(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана, 2003. - 145 б.).

Бұл – Құдайға құлшылық етудің шынайы жүректен шығып, кіршіксіз амалмен іске асатындығы туралы ойшылдың шынайы сенімінен туындаған ой. Жаратушыға деген сүйіспеншілік пенденің ниеті мен амал-әрекетінен туатындығы айдан анық. Ниет тазалығы және амалдың айқындылығы құлшылықтың мәні мен мағынасын байытып, мұсылманның иманын күшейтеді. Ниет – адам пейіліндегі мақсат. Құлшылық атаулының қабыл етілуі ниетке байланысты. Дін құлшылық пен ғибадатты қажет етеді.

Бек кісіге – керек ұят, ақыл, ар, 
Зұлмат күш жоқ, ақыл – арды жапырар. 
Ұяты бар адамдар пәк, момын да, 
Ұятты іске тигізбейді қолын да. 
Кімге тәңір берсе ұят, намысты, 
Оған қоса бергені құт, даңқты!  
(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана, 2003. - 54 б.).

Баласағұн шығармашылығына тән ерекшелік адам болмысының мәні және адамның әдебін ашатын ұғым ретінде ар-ұят алынады. Адамның адамгершілігін, оның тұлғасын ардақтайтын және көкке көтеретін – ар мен ұят. Адам бойындағы ар-ұят сезімі оның ибалылығын, қайырымдылығын, бақытын, әділетті ұстанымын, парасат-пайымын қанағатшыл құлқын асқақтатады.

Ар-ұят – бұл адамның көркем мінезділігінің, тәрбиелігінің белгісі. Ар-ұят дегеніміз адам бойындағы кісілік пен кішіліктің, арлылық пен сыпайылылықтың негізі. Жаратушыдан қорыққан адам жамандыққа, арсыздыққа, рухсыздыққа, намыссыздыққа, көргенсіздікке алып баратын іс-әрекеттен сақтанып, тартынып жүреді. Қазақ халқының «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деуі бекер емес. Ал дана халқымыздың «Жаным арымның, малым жанымның садағасы» деген өмір мәндік ұстанымы мен рухани құндылық тұғырының тамыры тереңде жатыр. Хадисте: «Ұят –иманнан» делінген. Қазақы ділдің, рухтың әдеп пен ибаның, сыпайлық пен сыйластықтың қайнар көзі Ислам ілімі мен мәдениетінен бастау алып, ұрпақтан-ұрпаққа берілген. Қазақы мінез, қазақы діл, қазақы дүниетаным, қазақы өмірлік ұстанымның тұғыры Ислам мәдениеті мен әдебінде жатыр деген ойдамыз. Қазақ болмысын және оның рухани әлемін, мінез-құлқын зерттеуде Ислам құндылықтарын назарда ұстауымыз қажет.

Әрбір адамның өзі жасаған кемшіліктері мен күнәлары үшін өзінің ары алдында және қоршаған ортасынан ұялмаса, онда адам баласын күнәлі істерден тыю мүмкін болмас еді. Әдепті адам адамдармен ізгі қарым-қатынаста болып, өзінің адами абыройын асқақтатады. Арлы адам келеңсіз іс-әрекет пен жағымсыз мінездерден алыс жүріп, ұнамсыз іс-әрекет жасап қойса өкініп, болашақ іс-әрекетінде ұнамсыз іс-әрекет жасаудан сақтанып жүреді. Парасатты адамға білместіктен жасаған қателіктері үшін ұялу тән. Ал арсыз адам қатесі мен күнәсі үшін еш қысылмайды. Арлы адам болса ар-ұжданын өмірлік ұстаным ретінде, азаматтық мұрат ретінде қастерлейді.

Ислам ілімі бойынша ар мен ұят адам болмысын ұнамсыз және дертті мінез-құлықтардан сақтайтын қорған. Ислам мәдениетінде адам баласы өзі жасауға мәжбүрлі болған күнәлі істерін адамдарға айтып жария етуі дұрыс емес, адамның жасаған күнәсінің сыры Аллаһ пен адам арасында сақталады. Сондықтан да күнәлі істің адамның өзінде ғана сақталуы бұл ұнамсыз мінез-қылықтардың басқалар үшін үлгі болмауы үшін қажет. Хадисте «Ұялмаған соң білгеніңді істе» делінген. Адам баласында ұят сезімі болмаса, ол арсыз, намыссыз болады. Адамзат баласы үшін ұят сезімі басты қасиет болып табылады. Ислам ахлағында ұялудың екі түрі айқындалған, Жаратушыдан ұялу, өзі сынды пенделерден ұялу.

Баласағұн шығармасында білім мен ғылымның мәніне де зор көңіл аударылады.

Білік – түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, 
Қанша сімір сарқылмайды, білсеңіз! 
Біліммен ер басын алып жүреді, 
Ал, білімсіз басын оққа тігеді. 
Білім алып, биіктей бер адам бол, 
Ел ішінде мал атанған надан мол 
(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана, 2003. - 115-116 б.).

Информация о работе Қазақ халқының философиялық мұрасы