Қазақ рухының философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 14:53, реферат

Описание работы

Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері. Түркі дүниетанымы – қазақ философиясының бастауы. Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауи. Жыраулар шығармашылығы. Хандық дәуір философиясы.
Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шығармашылығындағы философиялық даналық.

Файлы: 1 файл

философия 1.doc

— 86.00 Кб (Скачать файл)

  Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

 

Кафедра: ӘГП

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: Қазақ рухының  философиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Абдрахманова Р.З.

Тексерген: Төлеуова М.Ө.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды  2012

Мазмұны

1. Қазақ философиясының  қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.

2. Түркі дүниетанымы  – қазақ философиясының бастауы. Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауи.

3.   Жыраулар шығармашылығы.  Хандық дәуір философиясы.

4. Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шығармашылығындағы философиялық даналық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары  М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерт-теулеріне  сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымының қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең – қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым.

Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар – Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби, Ж.Баласағұн. М.Қашғари, Қ.Иасауи. Бұл кезенді түркі тілді халықтардың философиясының «Алтын ғасыры » деуге болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлес қосты.

Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХVШ ғасырлар аралығын қамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер философиясы; б) «Зар заман философиясы».

 ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы – антропоцентристік және экзистенциалистік сипатқа ие.

ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә.Бокейханрв, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, ЦД.Құдайбердиев.

Кенес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді коммунистік партияның идеологияпық қызметшсіне айналып, өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айрылды. Бірақ негізінен марк- систік сипатта болғанымен, осы кезенде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философиж факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде танымал болған Қазанстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы және диалектикалық логика мәселелерін зерттеумен айналысып, биік деңгейге көтерілді.

  Тәуелсіздік кезеңінін философиясы – соңғы он бес жылда қалып- тасты, қазақ халқының философиялық дүниетанымын терендеп зерттеумен айналысып, үлкен табыстарға жетті. Салыстырмалы түрде тарихи аз уақыттың ішінде қазақ халқының философиялык дүниетанымын жарқы- ратып көрсеткен тамаша зерттеулер дүниеге келді және бұл саладағы жұмыстар толассыз жалғасуда.

 Қазақ философиясы өзінің бастауын көне түркі дүниесінен, оның көрнекті өкілдері Қорқыт ата, әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Иасауиден алады.

Қазақ халқының тарихында  философиялық ой-толғамдар терең мағыналы шешендік сөздер мен аңыздармен біте қайнасып жатыр. Егер біз «сөз атасы Майқы би» десек, қазақ философиясының атасы – қорқыт деуге әбден болады. Өйткені Қорқыт атадан бастап даналық өзінің шын мағынасына ие болды. Даналықтың мәні мен сыры осы Қорқыт ата арқылы ашылды десек, асыра айтқандық емес. Сонымен қатар Қорқыт атаның әрбір ой-толғамдары мың жарым жылға таяған уақыт ішінде толығынан өзгере қойған жоқ. Оның себебі – Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары, даналық асыл сөздері халқымыздың өмірі мен тұрмыс ахуалымен, саяси-қоғамдық жағдайлармен тығыз байланысты болды.

Кейде Қорқыт атаның өмірін және өзі өскен ортасын аңызға айналдырып жібереді. Бұл да түсінікті сияқты. Өйткені Қорқыт сияқты адамның шығармаларымен таныса отырып, оның ой зердесінің, философиялық толғамдарының, өзі пайда болған қауымнан әлдеқайда жоғары тұрғанын аңғарамыз. Тіпті, қазіргі ғылым мен техниканың кең өріс алған заманның өзінде де Қорқыт атаны бірден түсіну мүлде мүмкін емес сияқты. Өйткені ол өзі тәрізді адамдармен қарым-қатынас жасап қагна қоймай, табиғат сияқты тылсым күштің тілін біліп, сырын ашқан. Табиғаттың тілін меңгергендігі сонша -  ол ондағы бүкіл жан-жануарлардың құпиясын ашып, өзінің шығармашылығы арқылы олардың жан-жүйесін босатты.

Қорқыт атаны тереңрек тану үшін әуелі адам мен табиғаттың арасындағы өзара байланысты, түбі терең жатқан қарым-қатынасты ұғыну  керек. Міне,  осындай өзара байланыысқан адам мен табиғат Қорқыт ата арқылы бірінсіз бірі өмір сүре алмайтындығына көз жетті.

Осыған сәйкес Қорқыт атаның өмірі шынында да аңызға толы деуге болады. Оның анасының құрсағында үш жылға тарта жатуы, ол туарда табиғаттың дүлей күші адамдардың үрейін ұшыры, жаңа туған баланы сондықтан Қорқыт ата деп атау шындықтан гөрі аңызға ұқсас.

Бірақ Қорқыт атаның өмірбаянына  байланысты басты мәселе бұл емес. Адамның дүниеге келуі бар. Оның бұл дүниеден өтуі немесе өлімі заңды  нәрсе. Бірақ бұл заңдылықты түсіну жұмыр басты пенденің бәрінің маңдайына жазыла бермеген. Туғанына қуанып, шүкіршілік жасаған пенде өлім десе бүкіл денесі қалтырап, қорқыныштың құшағына ене бастайды.

Қорқыт жұмыр басты  пенде болып дүниеге келген соң, әрине ол да өлімнен қорықты. Одан қашты. Бірақ өлімнен қашып қайда барасың, барған жеріңнің бәрінде қазулы көр ұшырасады. Оның бәрі Қорқыттыкі. Ендеше өлімнен қашып құтылы алмайсың. Міне осы терең философиялық сырдытүсінгеннен бастап Қорқыт өлім мен өмірдің арасындағы өзара диалектикалық байланыстың сырын ашып, өмірдің өзінің не екенін барынша түсінуге ұмтылды. Қорқыттың философиясы дәл ос ыжерден басталады. Ол өліммен шайқаса отырып өзіне көмекші әрі сүйеніш болған желмая мен қобызды серік етіп алады.

Қорқыт тек қана қобыз арқылы күйлерді тудырушы емес, сонымен қатар артында ұшан-теңіз өсиетті сөздер, философиялық ойлар қалдырған дана ойшыл. Оның айтқан философиялық толғамдары, ең алдымен, тәлім-тәрбиеге ерекше көңіл бөледі. Осындай ойларының бірінде ата-анамен балалардың арасындағы қатынасты былайша бейнелейді: «Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас, ұл атадан көрмейінше сапар шекпес. Ұл-атаның ері, екі көзінің бірі. Дәулетті ұлың болса, ошағының қоры болар. Дәулетсіз ұлың болса, қшағының қоры болар. Дәулетсіз ұл болса атаның көрі болар. Дәулетсіз ұл болса атаның көрі болар.Ұлдың күні қараң, ат өліп малы қалмаса. Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса».

Қорқыт эстетикалық әсемдікті  адамдардың арасындағ инабаттылықтан, өнегеліліктен байқайды. Ол былай  дейді: «Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.сақалы ағарған баба көрікті. Сүйікті ағайын-туған көрікті. Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отауы көрікті. Өнегелі бала қөрікті...». Қорқыт баба адамдарға мінездеме бере келіп кез-келген үйдің көркі болуға тиісті әйелдері туралы да ой қозғайды. Қорқыт ата әйелдің төрт түрлі болатындығын талдап көрсетеді. Олардың бірі кепкен ағаштай, бірі үрген доптай, енді бірі үйдің тірегі, төртіншісі- қанша айтсаң да міз бақпайтын баяғысындай әйел.

Қорқыттың санасы күй арқылы табиғатты, жан-жануарлар дүниесін білумен  қанағаттанбай, олардың өзіне тән сезімдік дүниесіне бойлай енудің жолын тапты. Бұл жай жол емес. Бұл – мәңгілікке өту жолы. Ол жол күй мен қобыз арқылы ашылған болатын. Күй дүниесі арқылы Қорқыт өзінің және адамзаттың санасын тануға жол көрсетуімен шектелмей, ұлы дана өзінің ақыл ойы арқылы өзіндік сананы да қалыптастырды. Ендеше біз Қоқыт арқылы қазақ халқының санасы және өзіндік санасы толық қалыптасқан еді деп айта аламыз.

Мұсылмандық Шығыс дүниесінің тағы бір көрнекті өкілі, ХІ-ғасырда өмір сүрген ғұлама ойшыл Жүсіп Баласағұн еді. Ол өзінің негізгі туындысы «Құтадғу білікте» адам өмірі туралы өсиетін қалдыруға бекінеді. Жүсіп Баласағұн үшін адам баласы – дүниедегі ең басты құндылық. Адамды жаратушы алла тек оны ғана емес, ай мен күнді, күн мен түнді, аспан мен жерді, дала мен тауды, қол мен елді де дүниеге әкелді бірақтек адамға ғана теңіздейін телегей ақыл, білімге бой ұрдырар зерде қайырымды іс қылдырар ар-ұят пен намыс сыйлады. Баласағұнның ойынша, ендігі міндет – осы адам деген атақты жоғары ұстау, оған сай өмірі сүру. Ол өмірді адамға алланың берген қарызы деп түсінеді, осы өмірд мәнді кешкен адам ғана қарызын қайтара алады. Баласағұн Мәнді өмірге жетудің азапты жолында адамға серік болар төрт қасиетті – әділет, дәулет, ақыл, қанагатты бөліп көрсетеді және оларға Күнтуды, Айтолды Өгдүлміш, Одғұрмыш деген есімдер береді.

 Баласағүн Дәулет-құт өткінші, тұрақсыз, бүгін бар да ертең жоқ, сондықтан адамды дәулетке шектен тыс қызығушылықтан сақтандырады; ол үшін адамға қанағат керек. «Құтадғу білікте» Қанағат-Одғұрмыш адамның мал жиыаудың соңына түскендігіне өкпелеп, қоғамнан бойын аулақ салады, Күнтуды-Әділеттің шақырғанына қайырыла коймайды. Бірақ Күнтуды Одғұрмыштан адамның уақытша осалдығына, бойындағы табиғи эгоизмді жеңе алмауына, мал-дәулет алдындағы солқылдақтығына кешіріммен қарауға, адамға деген өкпесін ұмытып, қоғамға оралуды, кісікиік болмауды талап етеді, адам қоғамда ғана бақытты, жалғыз өмір кешіп, өз қамын ғана ойлаған адамның соры қалың деп ескертеді.

  Айтолдының өмірін мысалға ала отырып, Баласағұн тіршілікке алдан-бауға, дүниеге малданбауға үгіттейді. Мал-дүниесін жұртқа таратса да, өлімнен қашып құтыла алмаған Айтолды Өгдүлмішке өліммен адамшылық пен кісілік арқылы күрес деп өсиет қалдырады, «өлімді ойла, ұмытпа еш, сарала» дейді. Бұл өсиетті қазіргі адам да жадында ұстағаны дұрыс. Жалпы алғанда, Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігі» өмірмәндік қағидаларға толы, әрбір адамға аса қажетті, құндылығы мәңгілік туынды.

  Орта ғасырлық мұсылман дүниесінің тағы бір кернекті ойшылы -Кожа Ахмет Иасауи. Оның пікірінше, адамның мақсаты – кемел адам қалпына жету, ал кемелдік жолы – сопылық, алладан басқаны мойында-май, дүниені, бала-шағаны, нәпсіні тәрк етіп, тақуалық жолына түсу, жүректі оятып, алланы сүю, оған деген махаббат, ғашықтықтудыру. Бірақ аллаға ғашықтық жолында адамға кедергі болатын оның нәпсісі. Иасауи адамды нәпсіден без, оны еркіне жіберме деп үйретеді. Нәпсі адамға табиғатынан тән қасиет болғанмен, ол санаға тәуелді болмаса, адам оны саналы түрде реттеп отырмаса, нәпсі адамның түбіне жетеді. Иасауи нәпсіні кең мағынасында қолданады. Оның пікірінше, нәпсіқұмарлықтек тәнқұмарлық емес, билік пен байлыққа, өткінші қызыққа шектен тыс берілгендік. Нәпсіні тиып, алланы сүю жолына түскен адам рухани тазарады, сол арқылы өмірдің күйбең тіршілігінен жоғары көтеріліп, бойына имандылық, қанағат, адалдық. мейірімділік секілді адамгершіліктік қасиеттерді жинайды, сонда ғана шариғат, тариқат сатыларынан өтіп, хаки-қатқа – аллаға ұласуға жетеді. Шариғат алланы сүю туралы сүю туралы ілім, тариқат – адамның осы білімді жүзеге асыру жолындағы харекеті. Хақиқатқа жету қиын, бірақ оған ұмтылу, нәпсіні тиып, бойында аллаған махаббат пен имандылық қалыптастыру – әрбір мұсылманның міндеті дейді Иасауи.

Қазақ философиясындағы екінші кезең , қазақ хандығы құрылған заманнан басталады. Бұл кезеңнің өкілдері : Асан қайға, Қаз туған, Шалкиіз, Ақтамберді, Доспамбет, Бұқар т.б. жыраулар.

 Жазбаша философиялық шығармалар қазақта кейінірек пайда болды, ал оған дейін казақ халқы өзінің философиялық ойларын вербалъдік, ауызша формаларда бейнеледі.Түркі Қағанаты дәуірнде түркілердің төл жазу үлгілері болғаны қазір дәлелденіп отыр. Бірақ тарихи даму барысында көнетүркілік жазу мәдениеті бірте-бірте жоғалып, кешпелі халықтар өз мәдениетін кейінгі үрпаққа вербальдік формалар арқылы ғана жеткізіп отырған. Бұл құбылыстың жағымды да, жағымсыз да жақтары болды бір жағынан үлкен рухани жеңіліс, себебі тарихи тұлғалар, оқиғалар туралы мәліметтер жазылып алынбағандықтан, ұмыт бола бастады, нақтылықгың орнын аңыздар басты. Жазба әдебиеттен ауыз әдебиетіне көшудің жағымды жағына келетін болсақ, «бар алфавитінен айырылғанмен, халықтың ендігі сенері санасы, сезімі болды. Өлең, жыр, эпос, дастандар ел арасында ауызша тарап, соның арқасында ауыз әдебиетінің философиялық пайымдауларға толы небір үлгілері біздің заманымызға дейін жетіп, асыл мұрамызға айналды.

  Тіл – адам рухының маңызды және жұмбақ жемісі, адамды ғана емесі жалпы өркениетті қалыптастыратын, оны түсінуге көмектесетін кілт. Тіл мен мәдениет халықпен бірге өмір сүреді, эволюциялық түрде дамушы этносты сипаттайтын – оның тілі мен мәдениеті. Демек, қазақтың шұрайлы мазмұны терең, сөздік қоры бай, өміршең тілін және оған деген қазақ халқының көзқарасын зерттеу арқылы оның дүниетанымын түсінуге болады.

 Сөз өнерін қазақ ежелден аса жоғары бағалады, қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын, қазақтың сүйеніші тілі мен сөзі болды. Қазақтың сөз өнері жай ғана ауызекі тілдің функциясымен шектелмей, дискурстық, яғни пайымдық, пікірталастық сипатта болды. Дискурс адамдардың арасында туындайтын мәселелерді күштің көмегімен емес, ақылға құлақ түре отырып пікір алысу мен пайымдауға жүгіну арқылы шешіп, субъектілер арасында түсіністік орнатады, жай келісім емес, әлеуметтік келісімге қол жеткізеді.

 Бұл ерекшелік қазақ  халқының шешендік өнерінен, әсіресе  мал мен жан, жер мен жесір,  ар мен намыс дауын қара қылды қақ жарып әділ шешкен дала соттары – билердің қызметінен жақсы байқалады.

 Ауыз әдебиетінің  философиялық тұрғыдан арнайы  зерттелмеген қара өлең, қоштасу,  жоқтау, аңыз және тағы басқа  түрлері философиялық пайымдауларға  толы жәңе бұл философиялық толғаныстардың басты объектілері – адам, өмір және қоғам.

 Қоштасу мен жоқтау  қазақтың салт өлеңдерінің ертеден  келе жатқан, мазмұны жағынан  қара өлеңге жақын түрлері.  Қоштасу қазақта қалыптасқан  дәстүр бойынша өлең-жырмен немесе  нақыл сөзбен айтылған. Оның түрлері сан алуан: «жермен, елмен, өтіп бара жатқан дәуренмен, заманмен, өмірмен, артта қалып бара жатқан дүниемен қоштасу болады». Қоштасу өлендерінің осы аталған қай түрі болмасын өмір туралы толғауларға толы. Ерекше атап көрсететін бір нәрсе – қазақтың қоштасу елеңдерінде өлімнен қатты қорқу, үрейлену сезімі байқалмайды, өлімді өмірден болмей, заңды құбылыс ретінде түсіну басымырақ. Өз өмірін белгілі бір іске, мақсатқа арнаған, ісін жалғастырушысы бар, өміріне риза адам өлімді тайсалмай қарсы алады. Оның мысалын Наурызбай батырдың өлім алдындағы қоштасуынан көруге болады. Өмірін еліне арнаған, дүшпанда кеткен кегін алатын алатын інілері Сыздық-Жаппар бар батыр өлімін өкінішсіз қарсы алады. Ал әйгілі Әсет ақынның құрбысы Кемпір-бай ақынның қоштасу өлеңінен оны «аһ» дегізген өкініш сезіледі. Ауырып жатқан ақын өзінің сырын түсінетін Әсет ақын келгенде ғана басын көтеріп, ілулі тұрған домбырасын сұрайды да, қоштасу өлеңін айтады. Өтіп бара жатқан өміріне шолу жасаған Кемпірбай Әсет досына ең басты арманын, екінішін жеткізеді. Ол өкініш – ақындық ісін жалғастыратын ұрпағы жоқ. Өлім аузында жатқан Кемпірбай ақынды қинайтыны – баянсыз өмірді мәнді ететін сенімнің жоқтығы.

Информация о работе Қазақ рухының философиясы