Болмыс философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 23:41, реферат

Описание работы

Әлем – адамнан тыс өмір сүретін табиғи ортаны бейнелейді. Табиғи процестер мен құбылыстар жеке – жеке емес, бір – бірімен байланыста өмір сүреді. Әлем – біртұтастық, өйткені ондағы жеке элементтер бір – бірімен гравитация күшімен байланысқан.
Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардың бірі болып саналады. Ол «бол, «болу» сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен дүниетанымдық «әлем деген не?» сұраққа жауап беруге болады.

Файлы: 1 файл

Болмыс философиясы.docx

— 22.97 Кб (Скачать файл)

Болмыс философиясы

 

Әлем – адамнан тыс өмір сүретін  табиғи ортаны бейнелейді. Табиғи процестер  мен құбылыстар жеке – жеке емес, бір – бірімен байланыста өмір сүреді. Әлем – біртұтастық, өйткені  ондағы жеке элементтер бір – бірімен  гравитация күшімен байланысқан.

Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі  мол, тарихы бай ұғымдардың бірі болып  саналады. Ол «бол, «болу» сияқты түсініктердің  баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен  дүниетанымдық «әлем деген не?»  сұраққа жауап беруге болады.

«Болмыс» туралы түсініктер көне философияда  қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз  – бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе  емес – деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес.

Гераклит болмыс қарама – қарсылықтардың өзара күресі, олардың бір –  бірімен өзара қабысуы деп  пайымдаған. Онда от пен су, жылулық  пен суықтық бар. Дүниедегі барлық нәрсенің негізі күрес, өйткені одан әлемдегі тамаша гармония туындайды. Болмыс үнемі дамуда, ұдайы қозғалыста. Демокрит болмыстың алғашқы негізі атом деп көрсетті.

Атомдардың бір – біріне тартылуынан  немесе бір – бірінен ажырауынан әлемнің көптігі пайда болады. Болмыстан басқа, бос кеңістіктегі болымсыздық бар. Платон өз ілімінде өзгермейтін, мәңгі, нағыз болмыс идея, ал өтпелі де өткінші болмыс зат  әлемі деген ойды қорытты. Бұл  идея әлемнің көлеңкесі, онда мәңгілік, тұрақтылық жоқ, ол бір сағым сияқты, өтеді де кетеді.

Діни дүниетаным үстемдік еткен  орта ғасырлар дәуірінде, болмыс –  құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп  көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта өркендеу, әсіресе Жаңа дәуірден бастап жаратылыстану – механика, математика, физика үлкен қарқынмен  дами бастайды.

Болмыс – жаратылыстану мен  адамның практикалық іс – әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын  табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға  сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам әр уақытта табиғаттың жоғарғы күрделі жеңісі, күрделі  механизм деп түсіндірілді.

Пантеизм аясында табиғатта  құдай бастамасы тоғытылған. Бұл  уақытта Дж. Бруно әлемнің көптігі  идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы  туралы идеялар кеңінен тарай  бастаған. Болмыс теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан.

Неміс классикалық философиясы  болмыс туралы ілімдердің екі бағытын  біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс – деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты – табиғат деп қарастырған.

Маркстік философия болмыс ілімінде философиялық материализм мен жаратылыстану  дәстүрін жалғастырады. Болмыс мәселесін  зерттеуге жаратылыстанудың философиялық мәселелерімен айналысқан – Ф.Энгельс  үлкен үлес қосты. Ол өзінің «Табиғат диалектикасы», «Дюрингке қарсы» еңбектерінде материя, оның қасиеттері мен түрлері  туралы, еңбек ету нәтижесінде  адамның қалыптасуы туралы едәуір жұмыс  тындырды.

Орыстың діни философиясы болмыс мәселесін  зерттеуде христиан дінінің, Платон, Гегель, Шеллинг философиясының идеяларына сүйенеді. Болмыс – рухани құбылыс. Онда хаоспен қатар гармония да, зұлымдылық пен қатар ізгіліке бар.

Қазақ халқының «сұм дүние», «опасыз  дүние», «жалған дүние» деген байырғы  ұғымдарында да болмыс туралы пікір  қорытылған. Келтірілген түсініктерді жинақтап, болмыс дегеніміз дүниеде  бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп  анықтауымызға болады.

Ол шексіз көп материалдық пен  рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді.

Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе  – болмыс, яғни ол заттар мен руханилық  әлемі, өтпелі мен мәңгілік. Философиядағы  бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда  болатын барлық құбылыстарды білдіреді.

Біріншіден, табиғат болмысы –  оның күллі заттары, құбылыстары, процестері. Ғылыми көзқарас бойынша, табиғат адамнан  тыс, тәуелсіз, мәңгі өмір сүреді. Ол барлық жерде, тіпті адамның өзінде де бар.

Табиғатты өзгерту нәтижесінде  адам күрделі де жан – жақты  екінші табиғатты, яғни жасанды заттар, қатынастар, процестер әлемін немесе мәдениетті тудырды.

Мәдениет – адам іс - әрекетінің жиынтығы, оның өмірінің жаңа әлемі.

Екіншіден, бұл тәні бар ерекше тірі жан – адам болмысы. Табиғат  дамуының жемісі мен жеңісі бола отырып, адам - өзіндік таптырмайтын ерекше рухани әлемнің иесі. Гетенің «әр  адам бұл фәниден аттанғанда, онымен бірге бүкіл адамзат тарихы да өледі» дегенінің мәні осыда.

Үшіншіден, бұл – адамдардың рухани іс - әрекетінің өзара қарым –  қатынасының әлемі болып табылатын  қоғамдық болмыс. Қоғам адамның ойы  мен еркі әрекет ететін сфера, мұның  өзі оған ерекше тыныс береді. Әрине, қоғам ең алдымен, өз заңдылықтарымен өмір сүреді (саясат, экономика, т.б.). Сонымен қатар, ол табиғатпен де етене байланыста.

Төртіншіден, бұл – руханилық  әлемі. Руханилық - өзіндік ерекшілігі бар реалдылық. Ол көзге түспейді, қолға ұсталмайды, бірақ адам іс - әрекетінің бәрінде көрініс табады. Бұл – адамдардың практикалық  іс - әрекетінде орын тепкен сезім мен  идеялардың, эмоция мен образдардың, ұғымдар мен түсініктердің әлемі. Руханилық болмысына жеке сана да кіреді. Мұнда З.Фрейд адам психикасының қара күштері – деп бағалаған  бейсаналық та орын тепкен.

Руханилық – бұл дін, мораль, өнер, ғылым, құқық формасында өмір сүретін  қоғамдық сана. Болмыстың барлық түрі өзіндік заңдарына сүйенеді. Физика, биология, антропология, социологияның  зерттеу объектілері бола отырып, бір – бірімен тығыз байланыста болады.

Болмыс – адам өмір сүретін әлем. Оның тылсым сыры танымның ғылыми және ғылымнан тыс әдістерінің көмегімен  ашыла береді.

Философияның негізгі мәселелері

Материя – ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол әлем мен адамды табиғи себептерге сүйене отырып зерттеудің ұзақ тәжірибесінен туындаған.

Материя жөніндегі алғашқы пікірлер дүниенің біртұтас негізін түсіндіре  бастаған көне дүние философтарының балаң ізденістерінде кездесіп отырды. Мәселен, Фалес дүниенің негізін  – су, Гераклит – от, Демокрит –  атом деп қарастырған. Ал Эмпедокл әлемнің  түп негізі – төрт элементтен –  судан, жерден, ауадан және оттан тұрады деген.

Аристотельдің пайымдауынша, материя  – бұл мүмкіндіктегі болмыс. Нақты  заттар осы болмысқа форманың әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Материяның басқа жағдайға көшуін Аристотель –  қозғалыс, процесс («кинесис») деп атаған.

Платон материяны болмыстың  төмендегі сатысы деген. Ол идеяны жүзеге асырудағы құрылыс материалдары іспеттес. Орта ғасырлар философиясы  бойынша материалды әлем жаратушының  белгілі бір тәртібіне бағынышта. Табиғат – әлемнің төменгі  деңгейі. Онда жан да, еркіндік те жоқ. Жеке нәрселердің пайда болуы, жаралуы  құдайға байланысты. Заттардың құдайдың ақыл – ойындағы идеялық болмысы  мәңгі, ал шындықтағы болмысы өткінші  ғана сипатта болады.

Қайта өркендеу дәуірінде материя  физикалық денелердің жиынтығы деп  қаралып, онда заттардың әртүрі жекелендірілді.

XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың  басында жаратылыстануда ірі  жетістіктерге қол жеткізілді.

XIX ғасырдың ортасында адам мен  басқа тірі табиғаттың бірлігін  түсіндіретін Ч.Дарвиннің эволюциялық  теориясы пайда болды, 1986 ж. Д.И.Менделеев  химиялық элементтердің периодтық  жүйесін жасады. Радий элементі (В.Рентген), электрон (У.Томсон), табиғи радиоактивтілік  (А.Беккерель) ашылды. 1916 жылы А.Эйнштейн  қозғалыстың, уақыт пен кеңістіктің  байланысын көрсететін жалпы  салыстырмалық теорияны ұсынды.

Ғылымның осындай ірі жетістіктері әлемнің механикалық үлгісінің  іргесін босатты. Материя туралы білімнің аясы одан да кеңи түсті. Ғылымда  қалыптасқан осы бағытты қорытындылай отырып, В.И.Ленин 1908 жылы материя ұғымының кеңейтілген анықтамасын берді: «Материя дегеніміз – адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізде бола отырып, сол  түйсіктеріміз арқылы көшірмесі  алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі  жасалатын, объективтік реалдылықты  белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория».

Яғни, материя дегеніміз – біздің сана – сезімізден тыс өмір суретін  реалдылық. Ол адамнан, адамзаттан тыс  өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған  жоқ, ол болған және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп қырлы, оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері  бар. Әлемнің шексіздігі – ондағы процестер мен құбылыстардың  ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы  қалыптасу үстінде.

Адам, оның өмірі – басы мен аяғы жоқ, шексіз де шетсіз әлемнің тарихындағы  бір ғана сәт немесе өте кішкене  әлем.

Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әртүрлі бөліктері мен  қырлары - өзара тікелей немесе бір  – бірі арқылы байланысқан –  табиғат пен қоғам, тұлға мен  топ. Материяның өмір сүру тәсілі –  қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез  келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың  негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық  қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың  кеңістікте орын алмастыруын білдіреді. Ал, әлеуметтік қозғалыс қоғам өміріндегі шым – шытырық құбылыстар мен  процестерді бейнелейді.

Ф.Энгельстің қозғалыс туралы ілімі XIX ғасырда қалыптасты, сондықтан ол XX ғасырда пайда болған жаңа құбылыстарды түсіндіре алмайды. Қазіргі ғылым  қозғалыстың жаңа түрлерін анықтап, зерттей бастады. Мәселен, қозғалыстың геологиялық, географиялық, космологиялық түрі зерттелуде. Ғылымның соңғы табыстарына сүйене отырып, қозғалыстың жаңа жүйесін ұсынуға болады, мысалы:

- ядро әлемі, материяның ядролық  қозғалысы;

- электромагнетизм әлемі, ол  зарядталған бөлшектердің атом  ішіндегі, молекулалық процестерін  көрсетеді; тартылу әлемі (плазма, планеталық зат);

- бұл материя қозғалысының гравитациялық  түрі; өмір әлемі – биогенетикалық, популяциялық өзгерістерді білдіреді.  Адам қоғамының әлемі – материалдық  пен руханилықтың тығыз байланысы,  адам іс - әрекетінің және оның  қатынастарының жүйесі.

Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт – дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ «Мәңгіліктің қозғалу бейнесі». Әртүрлі материалдық  нысанның өз уақыты бар. Сондықтан да физикалық, әлеуметтік уақыт болады. уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады, ешнәрсе, ешкім оның объективті бағытын  өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға  болмайды. Қоғамда уақыт ағысы  жылдам және күрделі. Ол адамның іс - әрекетімен тығыз байланысты. Уақыт  – тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі, сонымен қатар оны  жаратушысы да. Уақытша деген ұғым өткіншілікті, жоғалып кетуді білдіреді. Керісінше, мәңгілік ұғымы ұдайылықты, ұдайы болып отыруды меңзейді. Адам өмірі биологиялық тұрғыдан өткінші. Сондықтан да ойлы адам өзінің өмірінің жүгіртпе секундтарына жоғарыдан  қарай алмайды. Ол оның бұл дүниедегі  өткінші жағдайын жақсы түсініп, өз өмірінің мән мағынасы, мақсаты  туралы ойланып, толғанады.

Философияда әлеуметтік уақыт адамдардың өз іс - әрекеті нәтижесінде пайда  болып отыратын қоғамдық процестер  мен қатынастарының белгілі бір  тарихи дәуірдегі тынысын білдіреді. Әлеуметтік кеңістік пен уақыт бұл  – адамның іс - әрекетінің бүкіл  дүниежүзілік тарихы.

Философия мен мәдениет тарихында, ауыз әдебиетінде уақыт үлкен  құндылық ретінде бағаланады.

Адам уақыттың есебін жүргізбей  өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды.

Алғашында бұл ешқандай сыртқы араласуды  қажет етпеген білім мен технологиялық  әдістердің жетпестігін жоқтатпаған  табиғи әдістер еді. Алғашқы адам күннің шығуымен батуын жіті бағдарлап  күнелтуге тиіс болды.

Мысалы, табиғат құбылыстарын өте  терең түсінген көшпенді халық уақыт  өлшемдерін де дәл тауып, дөп басып, анықтаған. Мерзім, мезет, сәске, таң, кеш, намазшам, ақшам, түн атаулары осыған меңзейді. Көшпенді халықтың дәстүрлі кәсібінен де уақыт өлшемдері  туындап отырған: бие сауым, сүт  пісірім, ет салым т.б.

Кеңістік – заттар мен құбылыстардың  бір – бірімен қатар орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым. Дүниедегі заттардың  барлығы да кеңістікте орналасқан.

Кеңістік негізі – нүкте, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені, ол – материяның ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және биіктігі. Сонымен қатар, бұл өлшем тек заттық формаға  ғана тән емес, әр түрлі процестерге  де тән. Уақыт пен кеңістік бір  – бірімен тығыз байланысты болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып  есептелеінеді.

Кеңістік пен уақыт туралы ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық  жүйенің негізгі түпқазығы болып  табылады. Дәстүрлі мәдениет үлгілерінде  уақытты игеру әрекетінің көптеген мысалдары кездеседі. Уақытты тоқтату  талпынысы дәстүрлі салтты қайталау арқылы іске асады.

Материяның уақыт пен кеңістікте байланысын түсіндіруде бір –  біріне қарама – қарсы екі ұстаным  қалыптасқан.

Біріншісі субстанциалды (Демокрит, Эпикур) – уақыт пен кеңістікті материядан жеке реалдылық деп есептеген.

Екіншісі – реляциялық (Аристотель, Лейбниц, Гегель) уақыт пен кеңістікті материямен байланыста қарастырған. Реляциялық ұстанымды А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясы айқын дәлелдеп отыр.

Уақыт бірін бірі ауыстырып отыратын құбылыстардың кезектесуі, әрбір  материалдық процесс – бір  бағытта өткен болашаққа қарай  дамиды. Қозғалыс уақыттың мәні, бірақ  уақытты кеңістіктен бөліп алып қарауға болмайды.

Информация о работе Болмыс философиясы