Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 11:24, реферат
ХІХ ғасырдың ортасына қарай, өте көп мөлшердегі құрамдастары бар аса күрделі құбылыстарды зерттеу қажеттілігі пайда болды. Оларға, әсіресе адамзат қоғамы, органикалық элем, адамзат тілдері, сұйықтар мен газдардың қозғалысы және т.б. жатады. ХХ ғасырда бұлардың қатарына телефон, электр, транспорт тораптары сияқты күрделі техникалық жобалар қосылды. Осындай құбылыстарды зерттеу үшін “жүйе”, “құрылым”, “элемент” және “байланыс” сияқты ұғымдарды дайындау мен пайдалану қажет болды. Мәнісіне келгенде олар “бөлік” және “бүтін” категорияларының күрделіленуі мен онан арғы дамуы болып табылады. Олар қандай жаңалық әкелді? Олардың артықшылығы неде?
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Философияның категориялары
2.2 Жүйе ұғымы туралы
2.3 Форма ұғымы туралы
ІІІ. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БАӨЖ
Тақырыбы: Философия ұғымдары мен категориялары.
Тексерген: Мукатаева А.А.
Топ: ТК-321
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Философияның категориялары
2.2 Жүйе ұғымы туралы
2.3 Форма ұғымы туралы
ІІІ. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
ХІХ ғасырдың ортасына қарай, өте көп мөлшердегі құрамдастары бар аса күрделі құбылыстарды зерттеу қажеттілігі пайда болды. Оларға, әсіресе адамзат қоғамы, органикалық элем, адамзат тілдері, сұйықтар мен газдардың қозғалысы және т.б. жатады. ХХ ғасырда бұлардың қатарына телефон, электр, транспорт тораптары сияқты күрделі техникалық жобалар қосылды. Осындай құбылыстарды зерттеу үшін “жүйе”, “құрылым”, “элемент” және “байланыс” сияқты ұғымдарды дайындау мен пайдалану қажет болды. Мәнісіне келгенде олар “бөлік” және “бүтін” категорияларының күрделіленуі мен онан арғы дамуы болып табылады. Олар қандай жаңалық әкелді? Олардың артықшылығы неде? Кез-келген құбылыс, әрбір объект егер белгілі бір тәсілмен өзара байланысты және өзара әрекет етуші бөліктерге, немесе жай жүйеге бөлінсе, онда ол жүйе болып табылады. Жай жүйелер, өз кезегінде екінші деңгейдегі жай жүйеге бөлінеді және т.б., осылайша өзара байланысты және өзара әрекет етуші элементтердің деңгейіне жеткенге дейін бөлуге болады. Осы жерде жаңа ұғымдардың артықшылығы байқалады. Біріншіден, “жүйе” ұғымында жай жүйелер мен элементтер арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттердің маңыздылығы айқын көрінеді. Байланыстар мен өзара әрекеттер бүтінді бөліктерге механикалық түрде ыдыратқанда жойылып кеткен құпия “нәрсенің” өзі еді. Шындығында, дәл осы байланыстар мен өзара әрекеттерді зерттеу ғана күрделі жүйелердің құпиясын ашып бере алады екен. Байланысты танудың арқасында ғана адам тірі ағзаның, адамзат қоғамының мәнін, осы немесе өзге мәдениеттің ерекшеліктерін, ақырында ойлау процесінің өзінің мәнін ұғына алады. Екіншіден, күрделі жүйені бөліктерге бөліп, оларды ажыратып сипаттай отырып және сипаттамаларды жай ғана жинақтай отырып, бүтін туралы дұрыс түсінік алу мүмкін еместігі белгілі болды, өйткені ондай жағдайда ішкі байланыстар мен өзара әрекеттер туралы ақпарат жоғалады. Үшіншіден, “элемент” және “элементарлық” деңгей ұғымдарын енгізу маңызды жаңалық болды. Элемент ұғымы әлемнің алуантүрлілігін әкеліп тірейтін түпнегізді белгілеу үшін ерте кезден-ақ қолданыла бастаған. Элемент қазіргі ұғымында абсолютті нәрсе болып табылмайды. Ол тек берілген жүйеде ғана бөлінбейді, берілген талдау тәсілінде ғана пайдаланудың шеті, түбі болып табылады. Ал басқа жағдайда берілген құбылыс (немесе процесс) элементарлық белгілерінен айрылады, өйткені өзі күрделі жүйе болуы мүмкін. Транспорттық тасымалдау жүйесінде жеке автомобиль элемент ретінде құрастырылады. Ал өз кезегінде автомобильдің өзі конструктор үшін жүйе болады да, ал оның жекелеген блоктары мен бөлшектері - элементтер болып табылады. Дәл осы сияқты атомдар немесе иондар молекуланың элементтері ретінде, ал молекулалар кристалдың элементтері ретінде қарастырыла алады. Алайда әлемдегі физикалық “майдаланудың” ең шеткі түпнегіздері ретінде ұзақ уақыт бойы қабылданылып келген элементарлық бөлшектердің өзінің бүгінгі күні күрделі жүйе екендігі белгілі болды. Мұның бәрі бүтін және бөліктің арасындағы немесе, дәлірек айтқанда, жүйенің, жай жүйенің және элементтің арасындағы шекара метафизиктер ойлағандай абсолютті емес, керісінше шартты, салыстырмалы, қозғалмалы, диалектикалы екендігін дәлелдейді. Ол объективті өмір сүреді, еркін талдаудың немесе шешімнің нәтижесі болып табылмайды. Төртіншіден, бұл жаңа ұғымдардың маңызды жетістігі, оларды тек тұрақты және өзгермейтін болмыстарға ғана емес, сонымен қатар қозғалмалы, өзгермелі құбылыстарға да қолдануға болатындығында.
Философияның категориялары
Философияның методологиялық функциясы ең алдымен танымдық және практикалық әрекеттің жалпы, универсалды алғы шарттарын (ережелері мен принциптерін) қалыптастырумен байланысты болады және ол ең жалпы ұғымдардың - категориялардың көмегімен жүзеге асады. Категорияларға мыналар жатады: “бүтін” және “бөлік”, “жүйе”, “құрылым”, “элемент”, “байланыс”, “қатынас”, “форма” және “мазмұн”, “жалпы”, “ерекше” және “жалқылық”. Дәл осылардың көмегімен алуантүрліліктің тұтастығының философиялық принципі методологиялық дауысқа ие болады. Жоғарыда келтірілген категориялардың барлығы өзара байланысты. Біз талдауды олардың ішіндегі ерте кезден белгілісі “бүтін” және “бөлік” ұғымдарынан бастаймыз. Бұл ұғымдар нені білдіреді? Олардың мағынасын анықтау оңай емес. Ол үшін жеке тәжірибеге, мысалдарға сүйенейік. Мысалы, біз 2,4,6,8 сандарын дұрыс бөлік, 0, 1,2,3,4,5,6,7,8,9 және т.б. натуральды сандардың көпшілігі деп атаймыз. Адасқан екі қой - отардың бөлігі, және цех-заводтың бөлігі, ми, бүйрек, бауыр, және т.б. жеке органдар бүтін ретіндегі адам ағзасының бөліктері. Жекелеген заттар өзін құрайтын бөліктерге бөліне алатындығы ерте кездегі адамдар үшін үлкен жаңалық болды. Адамдар күрделі міндеттерді қарапайымға бөліп, және бөліктері бойынша шешіп үйренді. “Бөлік” және “бүтін” ұғымдары екі жағдайды білдірді: 1) объективті заттар қарапайым, жай заттардан құралған; 2) адамдар бастапқы нәрсені бұзып, оны жай құрамдастарға (бөліктерге) бөле алады. Тарихи тұрғыда “бүтін” ұғымы күнделікті практикада ұшырасатын аяқталған, толған заттарға қатысты айтылуы қалыптасты. Ал бұл ұғымды шексіз объективті әлемге қолдану үлкен қиындықтарға әкелді. Және бұл жаңа заманнан бастап белгілі болды. Редукционистік бағдарлама кез-келген бүтінді, оның ішінде алуан түрлілігімен сипатталатын әлемді де бөліктерге бөліп, түбегейлі ұғынуға болады деген сенімнен келіп шыққан еді. Бұл бөліктерді толығымен зерттеп, сипаттап алынған жекелеген мәліметтерді жинақтағаннан кейін бүтін туралы толық және түбегейлі білім алуға болады деп есептелді. Барлық күрделі физикалық, химиялық, психикалық, әлеуметтік құбылыстарды қарапайым механикалық бөліктер мен кеңістіктегі орын ауыстыруларға әкеліп тіреді. Ал осы жерде “бөлік” және “бүтін” ұғымдары нақты әлемді тек шамалап қана бейнелейтіні белгілі болды. Ағзаны жекелеген органдарға бөле отырып, физиологтар олардың құрылысын зерттей алды. Бірақ бұл жағдайда бір маңызды нәрсе естен шықты. Бөліктерге бөлінген ағза өмір сүруін тоқтатады. Барлық органдарды тірілей бүтіннің бөліктері қылатын нәрсе жоғалып кетеді.
Жүйе ұғымы туралы.
Жүйені негізгі үш түрге бөлу қабылданған: тұрақты, қызметтік және дамушы. Жүйенің бірінші түрінде жай жүйелер мен элементтерінің саны үнемі тұрақты болады, оларды біріктіретін байланыстар тұрақты және уақыттың үлкен интервалдарында өзгермейді. Мұндай жүйенің мысал ретінде тұрғын үйді алуға болады. Оның жай жүйелері қатарына пәтерлер, элементтеріне бөлмелер, технологиялық коммуникация және т.б. байланыстың тұрақты жиынтығын құрайтын нәрселер жатады. Екінші түрдегі жүйелерге де жай жүйелер мен элементтердің тұрақты жиынтығы тән, бірақ олардың арасындағы байланыс пен өзара әрекет өзгеріп отырады, олардың өздері қозғалыста болады, ал бұл қозғалыс циклдердің қайталануы режимінде жүзеге асады. Қызмет етуші жүйелерге мысал ретінде қол сағаттарын, адамды, күнбағысты жатқызуға болады. Олардың органдары немесе жай жүйелері бір тәуліктің ішінде әртүрлі әрекет пен қозғалыс жасап келесі тәуліктік циклдің басына дейін бастапқы жағдайына қайта оралады. Ал үшінші түрі динамикалық жүйелер үнемі даму үстінде болады, оның ішінде жекелеген элементтер мен бүкіл жай жүйелер, әртүрлі байланыстар мен өзара әрекеттер жойылып кетіп, қайта пайда болып отырады. Олардың қатарына біз бақылап отыратын Ғалам, Адамзат қоғамы, жекелеген халықтардың мәдениеті және тәуліктік циклде емес, үлкен уақыт интервалында алғандағы әрбір жеке адамды жатқызуға болады. Күрделі құбылыстар көбіне тұрақты да, қызмет етуші де, дамушы да жүйелердің қасиеттеріне бірдей ие бола алады. Кез-келген жануар өз өмірінің ауқымында өседі. Түрін өзгертеді, қартаяды, яғни динамикалық жүйе болып табылады; оның органдары тәуліктік циклде өз функцияларын қайталайды (қызмет етуші жүйенің белгісі) ; ақырында, оның клеткаларында өмір қамын реттеп және тұқым қуалаушылық белгілерді жеткізіп отыратын тұрақты, өзгеріске түсе қоймайтын ДНК молекулалары болады (тұрақты жүйе).
Осылайша “жүйе” ұғымының “бүтін” ұғымымен салыстырғанда қандай артықшылықтары бар екенін аңғаруға болады. Ол бөліктермен қатар элементтер арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттерді де қамтиды. Жүйелерде әртүрлі қозғалыстар, өзгерістер, даму, жаңа элементтердің, жай жүйелердің және олардың арасындағы байланыстардың пайда болуы мен ескілердің өлуі жүзеге асып жатады. “Жүйе” ұғымы “бүтін” ұғымының жалғасы және күрделіленуі болды. Жүйе ұғымы арнайы салаларда - техникада, математикада, механикада, биологияда пайда болып, тез арада жалпығылыми, кейінірек философиялық ұғымға, яғни категорияға айналды. Сонымен қатар ол зерттелетін құбылыстар мен процестердің ішіндегі өзара ауыс-түйістерді, байланыстарды, өзара әрекеттерді зерттеудің аса маңыздылығын білдіретін ерекше методологиялық функцияны да атқарады. Оны табысты түрде Ғаламды және жекелеген микроорганизмдерді, физикалық атомдар мен адамзат қоғамын зерттеуге қолдануға болатыны анықталды.
Сонымен “жүйе”, “байланыс”, “элемент” ұғымдары алуан түрлі әлемнің бірлігі туралы, олардың ішкі өзара байланысы мен өзара әрекеттері туралы біздің көзқарасымызды тереңдетуге мүмкіндік береді, бірақ бұл бағытта одан әрі қарай жүру үшін “қатынас”, “құрылым”, “форма” және “мазмұн” категорияларын қарастыру қажет. Олар “жүйе” ұғымымен тығыз байланыста.
Кез келген жүйені талдай отырып, олардың элементтері мен жай жүйелері арасында пайда болатын және өмір сүретін көп немесе аз тұрақты қатынастарды аңғаруға болады. Мысалы, қарапайым реттік сандардың арасында “артық” немесе “кем” қатынастар болады - әрбір кейінгі сан алдындағысынан біреуге артық, ал алдыңғы сан кейінгіден біреуге кем. Бойымен қатарға тұрған денешынықтырушылардың арасында “биік” қатынасы, ал қатты заттардың арасында (алмаз, рубин, қорғасын, графит) “қатты” қатынасы болады. Мұндай қатынастар, олардың арасындағы ұқсас қасиеттерге қарамастан сандар, адамдар және минералдар жүйелеріне белгілі бір тәртіп енгізеді. Сондықтан оларды реттік қатынастар деп атайды. Өзге типтегі қатынастар да өмір сүреді. Егер өзгерістегі құбылысты қарастырар болсақ, онда оның әртүрлі сатыдағы жағдайларын сонымен қатар ілеспелі қатынастарын да байқауға болады. Өндірістік ұжымдарда өзара көмек, бәсекелестік және т.б. қатынастар болады. Таптық қоғамдарда таптар арасында белгілі қатынастар орнайды. Әрбір жүйеде тұрақсыз, тез алмасатын қатынастар да, сонымен қатар салыстырмалы тұрақты немесе үнемі қайталанатын қатынастар болады. Жекелеген жай жүйелер мен элементтерді қамтитын тұрақты, үнемі пайдаланатын қатынастардың жиынтығы жүйенің құрылымын құрайды. Құрылым туралы элементтер мен жай жүйелер өзара әрекеттің тұрақты қатынастарына енген кезде айту қабылданған. Басқаша айтқанда, құрылым жай жүйелерді немесе элементтерді қамтитын тұрақты қатынастардың бірлігін білдіреді.
Форма ұғымы туралы
Форма - бұл берілген құрылымның тұрақты қатынастарын олар қамтитын жай жүйелер мен элементтерден бөлек алып қарастыратын категория. Мысалы, ньютондық тартылыс заңы Ft = y (m1 x m2) /г2 және кулондық электростат заңының Fe =K(g1 x g2)/r2 құрылымдарын салыстырғанда олардың алгебралық формаларының ұқсас екендігін оңай байқауға болады (бұл, бізді электр және гравитация күштерінің арасында қандай да бір терең тұтастық бар деген ойға жетелейді). Мазмұн - берілген құрылымның құрамындағы элементтер мен жай жүйелердің нақты жиынтығын білдіретін категория. Мысалы, жоғарыда келтірілген құрылымдардың физикалық мазмұны аспан денелері (Ньютон заңы үшін) және электр зарядтары (Кулон заңы үшін) болып табылады. Объективті нақтылықта форма мен мазмұн бір-бірінен ажырамайды. Оларды ажырату тек таным процесінде ғана жүргізіледі. Сондықтан да олар диалектикалық тұтастықта деп айтылады. Гегельдің айтуынша, “мазмұн - форманың мазмұнға айналуы, ал форма - мазмұнның формаға айналуы”. Форма мен мазмұнның тұтастығы, өзара байланысы туралы айтқанда, мазмұнның бұл тұтастықта жетекші, анықтаушы қырымен көрінетінін ескеру қажет. Тірі ағзаны динамикалық және қызмет етуші жүйе ретінде қарастыра отырып, оның әртүрлі органдары мен олардың функциялары - мазмұнды, ал олардың өзара байланысы мен бағыныштылығы - ағзаның формасын құрайды деп есептей аламыз. Екеуінің бір-бірімен тұтастығына қарамастан, шешуші ықпалды мазмұн жасайды. Дәл осы мазмұнға форманың сипаты, яғни ағзаның ішкі және сыртқы байланыстары бағынышты. Сонымен бірге форма да белсенді рөл атқарады - ол мазмұнға кедергі және ықпал ете алады, мазмұнға “көше алады”.Өткен заманның философтары “форма” және “мазмұн” категорияларын әртүрлі түсінді. Мысалы, Аристотель форманы барлық заттардың жетекші, бастауы деп түсінді. Материалдық мазмұн, мысалы, мыстың бір бөлігі, оның айтуынша пассивті, формасыз. Алайда, мүсінші мыстың бөлшегінен статуя жасап, мазмұнға форма береді. Аристотельдің ойынша форманың белсенділігі осында. Ал Ф.Бэкон форманы құбылыстарға тән тұрақты ішкі байланыстар ретінде түсінді.
Аристотель мен Бэконның көзқарастары сырттай қарама-қайшы, бірақ олар форманы танудағы әртүрлі сатыларды, әртүрлі деңгейлерді білдіреді. Құбылыстардың сыртқы формалары және ішкі формаларындағы айырмашылық бар екені белгілі. Сыртқы форма сезім арқылы қабылдана алады. Ол жүйенің сезіммен қабылдана алатын элементтерінің арасындағы тұрақты, ең бастысы кеңістік қатынастарды білдіреді. Дәл осы мағынада біз мүсіннің сыртқы формасы, архитетуралық құрылыстың формасы және т.б. туралы айтамыз. Ішкі форма - бұл сезімдік қабылдаудан жасырын қатынастар, берілген құрылымның ең маңызды элементтері мен жай жүйелерін қамтитын және ерекше тұрақтылығымен сипатталатын қатынастар. “Форма” өзінің бұл мағынасында маңызды философиялық категория болып табылатын “заң” ұғымына жақындайды. Бэкон ғылымның мақсаты - форманы тану дегенде істің осы жағына меңзеген еді. Философия мен ғылымдағы маңызды түсініктің бірі “объективті заң” ұғымы болып табылады. Объективті заңдар адамның санасы мен еркінен тыс қатынастар мен байланыстар болып табылады жэне олар тұрақты, қызмет етуші және динамикалық жүйелердің “ішінде” өмір сүреді. Олар ішкі формамен салыстырғанда ерекше тұрақтылығымен және қажеттілігімен, үнемі қайталанатындығымен және өзгермейтіндігімен сипатталады. Сонымен, ендігі жерде бүкіл алуантүрліліктің тұтастығы мәселесі философиялық “мөлдірлікке” ие болды. Оның шешімі белгісіз бір тұтас затты іздеуде емес, қозғалыстың барлық формасын бір қарапайымына әкеліп тіреуде емес, тек әртүрлі заттардың ғана өмір сүруін мойындаумен қатар, оларға қарсы универсалдық ұғымдарды мойындауда емес, нақты өмір сүретін құбылыстардың алуан түрлі формаларының объективті байланыстарымен және өзара әрекетпен қамтылғанын мойындауда болып отыр. Оның ішінде үнемі тұрақты және іштей қажетті байланыстар мен қатынастар объективті заңдарды білдіреді. Бұл картинада әлем өте көптеген шексіз ірілі-ұсақты жүйелерден құралатын бүтіндей алып динамикалық жүйе түрінде көрінеді. Әрбір жүйенің, әрбір құбылыстың өзінің жекелеген, элементарлы құрамдастары, өзара байланысты жай- жүйелері (жүйелер оған қатысында нақты жалпылық болып табылады) бар. Бірақ сол жүйелер мен құбылыстар өздерінен гөрі неғұрлым жалпы, оларды қамтушы жүйелердің элементтері мен ерекше бөліктеріне айналуы мүмкін. Бұл жерде барлығы қарастыру деңгейі мен объективті нақтылықтың құрылысына байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда “жалпы”, “ерекше”, “жалқы” категориялары өзінің ортағасырлық философия мен теология берген мистикалық бояуынан айрылып, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың, бүтіндей алғанда әлемнің күрделілігін шартты, диалектикалық формада бейнелейтін ұғымдар ретінде көрінеді. Алуантүрліліктің тұтастығын философиялық зерттеу адам әрекетінің де, таным ережелерінің де методологиялық қондырғысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Адам өзінің әлеуметтік маңызды мақсаттарына жетуде ең алдымен әрбір жүйелердің қызмет етуі мен дамуындағы объективті заңдарды тануға ұмтылуы тиіс. Дәл осы заңдар, яғни берілген жүйенің алуан түрлі құбылыстарының арасындағы тұрақты және жалпы байланыстар мен қатынастар мақсатты және эффективті әрекеттің іргетасы қызметін атқара алады. Әрбір нақты ғылым өзінің ерекше заңдарын ашады, алайда бұл өзгешелік жалпының ерекше бір көрінісі ғана екендігі міндетті түрде ескерілуі тиіс.
Қысқаша қорытынды глоссарий.