Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 11:08, реферат
Философия тарихындағы адам мәселесі
Негізгі бөлім.
а).Қазақ топырағындағы қалыптасқан философиялық ойлардағы адам мәселесі
ә).Әл-Фараби философиясындағы адам мәселесі
б).Абай философиясындағы адам мәселесі
Қорытынды бөлім.
Философиядағы адам рөлі.
Әртүрлі этнологиялық деректерге сүйене отырып К. Леви-Стросс «артта қалған» деп аталатын тайпалардың мифтеріне, салт-дәстүрлеріне, рәміздері мен тілдік ерекшеліктеріне құрылымдық талдау дегенді қолдана отырып, қауымдық және өркениетті адамдардың рухани ерекшеліктері тым алшақ емес деген қорытындыға келеді. Тарихи даму барысында адам ақылы, яғни оның тапқырлығы, айлакерлігі т.б. айтарлықтай өзгермейді. Оның пайдаланып тұтынған объектілері ғана өзгеріп отырады. Міне, осыдан рулық адам мен өркениет өкілдерінде рухтың шығу тегі біреу-ақ екені байқалады.Жаннан рухқа ауысқанда әлем таңбаларын оқу мүмкіндігі пайда болады.
Адамның рухани бастауларын талдауды оның құрылымдық күрделілігін ескерусіз толымсыз болады. Рух интеллект, зерде, ақылмен ғана шектелмейді. Рухы күшті адам үшін тек ақылды болу жеткіліксіз. Рухтың барлық адамдарда әрекет ету бастаулары бірдей, бұл оның бір жаратушыдан тарағанын дәлелдейді. Жердің әртүрлі түкпірінде бір-бірінен салыстырмалы оқшаулықта пайда болған адамдық қауымдастықтардың рухани мәдениетінің архетиптік түп-нұсқалары бірдей. Мұны қазіргі мәдени антропологиялық зерттеулер де қолдап отыр. Бүкіл әлемде рух тек адамзатқа қонған, бұл оған үлкен жауапкершілік те артады.
Енді, осы әртүрлі мәдени деңгейдегі адамдардың рухани қабілеттері неге бір типтес болып келетіндігіне жауап іздеп көрелік. Рухтың туа біткен қасиет еместігін дәлелдейтін көптеген деректер мен айғақтар бар. Әрине, рухани мәдениетті қабылдауға деген қабілеттік адам бойындағы тұқым қуалаушылық қалыптарға да байланысты. Маймылдың баласын қаншама тәрбиелесең де, оқытсаң да ол адамзат қатарына қосыла алмайды. Бірақ барлығы қоршаған ортамен де айқындала берілмейді.
Адамзат тарихының тым қатал болғаны белгілі. Ешбір органикалық құрылым өз тұқымдастарын адам сияқты қаталдықпен қудалаған емес. Бірақ адамзат түбінде өз адамдығын сақтап қалды және оны сақтап қалуға дәнекер болған күш рух болып табылады. Осы жөніндегі орыс ойшылы Н. Бердяевтың бір толғамын келтірейік: «Еркіндіктің болмысқа үстемдігі ол − рухтың болмысқа үстемдігі. Болмыс тұрақты, рух − айнымалы. Рух болмыс емес. Рух қақында объекті сияқты интеллектуалдық ой кешуге болмайды, рух − субъект, субъективтілік, ол-еркіндік, жасампаздық акт. Екі көқарас соғысуда: 1) Адамдар жасамайтын, бірақ адамдар бағынатын, өзгермейтін, мәңгі, зерделі болмыстық тәртіп бар, ол әлеуметтік тәртіпте де көрінеді; және 2) пәстікке ұшырыған, мәңгі емес және жоғарыдан танылған да емес дүниенің және қоғамдық өмірдің негіздері адамдардың белсенділігімен және жасампаздығымен өзгереді. Бірінші көзқарас адамды құл етеді, екінші көзқарас оны азат етеді».
Сонымен рух адамды еркін ету үшін жаралған. Адамды азат ету − рухқа, яғни еркіндікке қайтып келу. Бұл Гегель философиясында да бар. Бірақ ол рухты тым объктивтендіріп жіберді. Рух еркін жіберілген, ол алдын-ала белгіленген жоспар бойынша әрекет етпейді. Рухтың таңдауы − тұлғалық шығармашылық. «Адам өзі өмір сүруі керек. Адам іші пысатын, пейіштен қуылғанын сезіне алатын бірден-бір тіршілік иесі. Ол болмысын проблема ретінде сезіне алатын, түсінетін, соны өзі ғана шеше алатынын және одан құтыла алмайтынын білетін жалғыз тірі жәндік. Адамдыққа дейінгі табиғат пен үйлесімді қалыпқа ол енді қайтып орала алмайды. Өзіне және табиғатқа қожа болу үшін ол өз зердесін дамытуы тиіс».
Егер рух түсінігінде әмбебаптылық көбірек айқындалса, онда жанды аңғару қашанда әртекті болып келді. Жоғарыда қазақы дүниетанымдағы шыбын жан, рухи жан және ет жан туралы айтып кеткенбіз. Жан ұғымын оқшау тайпаларда деректі зерттеген антрополог Л. Леви-Брюль өзінің «Алғашқы қауымдық ойлау» кітабында ежелгі тайпалардың жан туралы түсініктері, анайы емес, қайта біздікінен мүлдем бөлек болды дейді. Олар қолға алған істерін жүйесіз жүргізген, сондықтан ойлары да жүйесіз болып келді дейді. Сол себепті жан туралы дамыған философиялық-діни қазіргі көзқарастар тұрғысынан, ол жөніндегі ежелгі нанымдарды тікелей салыстыруға болмайды.
Жан туралы әртүрлі ағымдарды және түсініктерді қазақтың ұлы ойшылы Шәкәрім де арнаулы зерттеудің объектісіне айналдырған. Ол жазған «Үш анықта» осы жан мәселесі терең зерделенген. Сол себепті жан туралы әртүрлі көзқарастарды сараптау талпыныстарын Шәкәрімсіз талдау жеткіліксіз болар. Шәкәрім жан мен тәндік бастаулардың арасындағы терең байланысты аңғара білген. Шәкәрім жанның мынадай ерекшеліктеріне басты назар аударады: 1) жан тән сияқты адамға о бастан берілген, ол таза табиғат туындысы емес, «жаратылыстың бір шыбынынан, не бір тозаңынан адам жаратыла алынбайды»; 2) жан баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді; 3) жанның бар екендігіне жаннан шыққан ерік, талап, ой, мақсат, сезім, білім арқылы көзіміз жетсе де, оның денелерге қосылып кетуіне ешбір дәлел жоқ; 4) жанның жай психикадан айырмашылығын оның адами-моральдық негіздерінен іздеу керек, ұждан-жанның тілегі, осы арқылы жанның мәңгілігі жүзеге асады. Жан мәңгілігіне сенбеу өмірде мән-мағына бар дегенге сенбеумен бара-бар. Адам өлген соң да жаны жоғалмай әлемдік рухпен қосылады деген сенім адамға үлкен сенім ұяландырады. Бұл біздің Шәкәрімді оқығанда алған тәліміміз. Ойшылдың өзі еңбегінің аяғында мынадай қорытындыға келеді: «Мен жан да бар, жын да бар, адамның өз жанының қуаты да бар деймін. Дәлелім: 1) Шақырмаған жан келіп, кейде өзі пәленшенің жаны екеніне нанарлық сөз айтатыны. 2) Шақырмаған кісіге бақсылық-дуаналық, фақризм, жындылық кез болатыны. 3) Ұйқыда кезу лунатизм, магнетизм мен біреудің еркін билеу, түсі дәл келу-бұл үш түрлісі үш бөлек қуаттың иесі болуға лайық
Жан туралы философиялық рефлексияларда «рух тек рух үшін өмір сүреді», «жанның жандылығы оның өзінде» сияқты үлгілерді жиі кездестіруге болады. Бірақ, олар көбінесе рәміздік қызметтер атқарып, адамның болмыс туралы пайымдауларынан туындайды. Осындай пайымдау мүмкін болуы үшін адам жаны мен тәнін, руханилық пен заттылықты ажырата білуі қажет. Рухани шындықты біздіңдүниемізден тек тысқары тұратын әртүрлі абстракциялар мен «транцендентті мәнділіктердің», идеалды объектілерінің жиынтығы деп те қарастыру адами рухани әлемге жеткізе алмайды. Өйткені, бүкіл адамдық мәдени болмыс рух сәулесімен жарықтандырылған.
Рациональдық дәстүрдегі философтар, тіпті сезімдік жанды дәріптеген Л. Фейербахтың өзі рух адамның хайуанаттардан басты айырмашылығы дегенді қолдайды: «Адамда аңшы итінің, қарғаның иісті сезінуі, әрине, жоқ; бірақ иіскеу қабілеті барлық иістерді қамтитын болғандықтан, оның бұл қабілеті де еркіндеу, жан-жақты. Сезіну бір сыңаржақтылықтан, тікелей мұқтаждыққа қызмет етуден босанған жерде, дербес, теориялық мән мен бағалылыққа дейін биіктейді: универсалдық сезім ол − пайым, универсалдық сезіну-рухани сезінушілік. Ең қарапайым сезімдер − иіс сезу мен дәм сезу − адамда рухани, ғылыми сезінушілікке дейін көтеріледі».
Қорыта келгенде,
жан мен рух туралы ой үрдістерін
талқылаудың баянды түйіні ретінде
осы мәселенің күрделілігі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Аристотель.Әлеуметтік философия.
2.Абай, Қара сөздер.
3.Философиялық сөздік – Алматы: “Қазақ энциклопедиясы”, 1996ж.
4. Ғ.Есім. Сана болмысы. Алматы: Ғылым, 1998,ж.
5. Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов. Философия. Алматы, 2002ж.
6. Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. Алматы: Раритет-2004ж.