Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 15:42, реферат
Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады. Философия мен мәдениет тарихындағы ең алғашқы жүйелерден бастап, қазіргі күнге дейін қайта-қайта қойылып, бірақ өз шешімін таба алмай келген мәселеге адам болмысындағы рухани және тәндік бастаулардың арақатынасын анықтау жатады. «Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адам мәселесi, оның iшiнде шығу тегi, мәнi, табиғаттағы оның орны және қоғамдық өмiрдегi оның рөлi мәселелерi фундаменталдық философиялық тақырыптардың бiрi болып табылады.
Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады. Философия мен мәдениет тарихындағы ең алғашқы жүйелерден бастап, қазіргі күнге дейін қайта-қайта қойылып, бірақ өз шешімін таба алмай келген мәселеге адам болмысындағы рухани және тәндік бастаулардың арақатынасын анықтау жатады. «Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адам мәселесi, оның iшiнде шығу тегi, мәнi, табиғаттағы оның орны және қоғамдық өмiрдегi оның рөлi мәселелерi фундаменталдық философиялық тақырыптардың бiрi болып табылады. Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады.
Адамың әлемде, алатын орны ерекше. Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды. Адам - Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары – әпсаналардағы діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгісі.
Демокрит бойынша, адам - табиғаттың бөлiгi, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннiң өлуiмен бiрге жан да жойылады. Оның айтуынша өмiрдiң мақсаты - бақыт, бiрақ ол тәннiң ләззат алуы мен өзiмшiлдiк емес. Бақыт бұл ең алдымен рухтың қуанышты және жақсы көңiл-күйде болуы. Демокритпен салыстырғанда Платон жан мен тән антропологиялық дуализмi позициясын ұстанады. Бiрақ жан ғана адамды адам ететiн субстанция болып табылады, ал тән оған қарсы материя ретiнде қарастырылады. Сондықтан да адамның жалпы сипаттамасы, оның мақсаты және әлеуметтiк статусы жанның сапасына бағынышты. Адам жаны үнемi идеялардың трансценденттi әлемiне тартылады, ол мәңгi, ал денеге өлiм тән. Платон бойынша, адам өмiрiнiң мәңгi трагизмi жанның тұтастығында және жан мен тәннiң қарама-қарсылығында.
Аристотельдiң пiкiрiнше, адам - бұл ақылға ие қоғамдық жануар. әлеуметтiк пен ақылдылық - оны жануардан айрықшаландыратын екi негiзгi сипаттамасы. Аристотель адамның .рекеттiк мәнi туралы жағдайды қалыптастыруға өте жақын келедi. Оның ойынша адамның игiлiктi iсi әрекеттен көрiнедi және онда тұлғаның өзiн көрсетуiнiң жалғыз мүмкiндiгi берiлген. Қоғам мен тұлғаның арақатынасында Аристотель индивидтен гөрi әлеуметтiк тұтастықтың басымдылығын мойындайды.
Адам болмысы екіге бөлінеді. Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді.
Ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық - адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі.
Жалпы, бүтiндей алғанда адамның пайда болу кезiнде де, қазiргi кезде де оның өмiр сүруi биологиялық пен әлеуметтiлiктiң тұтастығымен қамтамасыз етiледi.
». Адам жанының жеке болмыстығы туралы сенімдер анимизмге байланысты (лат. Anіma – рух, жан). Э.Б. Тайлор оны діннің алғашқы сатысы деп қарастырды. Адамның субъектілік ішкі дүниесін білдіретін жан ұғымы психикамен үндес мағынада қолданылса, рух тек ақылмен ғана теңестірілмегенімен оған жақын келеді. Осы ақылмен жеткен адамдық жетістік рухтың әртүрлі деңгейлері болғанымен, оның адамзат ұрпағы үшін бірдей және біртекті жаралғандығы туралы идея деуге болады.
Қорыта келе айтқанда, адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің биологиялық және әлеуметтік құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады.
Адамды сол қоғамдық қатынастардың
жасампазы екендігінде
Адамның қалыптасуы оның мәнінің қалыптасуы болып табылады. Алайда адамның мәні жеке индивидке тән абстракті немесе өзінің шын мәнінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Демек адамның қалыптасуы (антропогенез) дегеніміз ең алдымен қоғамдық қатынастар жиынтығы, яғни, қоғамдық (социогенез) қалыптасуы.