Гипотеза

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 17:50, доклад

Описание работы

Гипотеза (болжау) – белгілі бір зерттеліп жатқан зат, я құбылыстың себебі жөніндегі кейбір деректерге негізделген болжам болып есептеледі.Ол әлі өзін дәлелдеуді талап етеді.Кейбір гипотезалар зерттеліп жатқан құбылыстың себебін анықтаудың тіпті мүмкін еместігінен пайда болады.Мысалы,ғылымда таңғанарлық бірнеше ғана мәселе бар.Ол – осы Дүниенің өзі,содан кейін тіршілік,ең соңында,рухани пенде – адамның өзі қалай пайда болды деген сұрақтар.

Файлы: 1 файл

Гипотез1.docx

— 28.67 Кб (Скачать файл)

Гипотеза (болжау) – белгілі бір зерттеліп жатқан зат, я құбылыстың себебі жөніндегі кейбір деректерге негізделген болжам болып есептеледі.Ол әлі өзін дәлелдеуді талап етеді.Кейбір гипотезалар зерттеліп жатқан құбылыстың себебін анықтаудың тіпті мүмкін еместігінен пайда болады.Мысалы,ғылымда таңғанарлық бірнеше ғана мәселе бар.Ол – осы Дүниенің өзі,содан кейін тіршілік,ең соңында,рухани пенде – адамның өзі қалай пайда болды деген сұрақтар.

Бұл мәселелер жөніндегі  діни көзқарастарды жақшаға шығарып  қарағанда,материалистік философия  мыңдаған жылдар бойы бұл Дүние мәңгілік өмір сүріп жатыр деген көзқараста болды.Мәселенің қиындығы – осы  Дүниедегі бірде-бір зат, я болмаса  құбылыстың мәңгілік өмір сүе алмайтындығында,өтпелілігінде  еді.XX ғ. 70 ж.ж. астрофизиктер «Ұлы Жарылыс  »(Grand Explosion) гипотезасын ұсынды.Бұл  гипотеза Дүниенің мәңгілік еместігін,осыдан 13 млрд. жыл шамасында вакуумның  жарылуынан пайда болғанын болжайды.Осы  гипотеза арқылы Ғарыштағы «инфрақызыл  сәуле толқындарының ығысуын», «дүниенің  кеңею үстіндегі үрдісін» түсінуге болатын сияқты.Уақыты келгенде (млрд.ж.ж. кейін) бұл Дүние өзінің ішкі гравитация  күші арқылы тартылып,яғни коллапсқа ұшырап, өз өмірін тоқтатады.Келесі жарылыс Дүниенің «жаңа үлгісін » әкелуі мүмкін.Мұндай болжамдар адамның ақыл-ойы, шығармашылығының ғажаптығын көрсетпей ме?!Таңғаларлық нәрсе – осы гипотезаға ұқсас идеяларды осыдан 120 ж. бұрын орыс теософы (teos – құдай, sofia – даналық )Е.Блаватская өзінің «Құпия доктрина » деген еңбегінде айтқан болатын.

Ал тіршілік мәселесіне келер  болсақ, көп гипотезалардың ішінен академик Опариннің «коацерваттық», яғни алғашқыкөп минералдық тұздар еріген жылы мұхитта күн сәулесінің қуаты  арқылы сансыз химиялық реакциялардың  негізінде тірі белоктың дүниеге  келгені жөніндегі болжамы бізді  ерекше тартады.

Адам мәселесіне келер  болсақ,ол жөніндегі гипотезаларды біз «Адам болмысы» тарауында қарағанбыз.

Адам болмысы – болмыстың екінші формасы ретінде әлемдегі тікелей біздің материалдық-тәндік-организмдік және психиялық дүниемізге қатысты. Дене ретінде Адам өзінің табиғи саласына оның құрамдас бөлігі ретінде енгізілген. Нақты дене ретінде біз өз болмысымызды үнемі гомеостаз ретінде көрінеміз, туылғаннан бастап біздің болмысымыз Ешнәрсеге – барлық тірі жанның табиғи өліміне бағытталған нәзік, тірі бүтіндік қана. Нақты денедегі өмір уникалды, қайталанбайды, тұлғалық-индивидуалды және өзінің өткінші өмірін бойындағы тұқым қуалаушылықпен сақталып келген биопсихикалық инстинктер, таңылған мақсаттармен басып тасталатындай әлеуметтік-саяси-оқшауланған социумда өткізетін болса, бұл өмір трагедиялығымен, драмалығымен де сипатталады. Өмірдің мәні жоғалту, босқа өткізген өмір, болмыстың жалғандығы – мұның бәрі нақты индивид экологиясындағы апатқа айналады.

Әрине,жоғарыдағы көрсетілген гипотезаларды теорияға айналдыру өте қиын,өйткені олардың түп-тамыры млрд. жылдарға кетеді.Ал шынайы өмірдегі нақтылы табиғи,я болмаса әлеуметтік саладағы гипотезаларға келер болсақ,олардың ақиқаттығы ертелі-кеш дәлелденеді.Сонда ғана ол теорияға айналады.Өмірдің өзі-ақ біршама гипотезалардың жалғандығын  көрсетіп,оларды ғылым шеңберінен шығарып тастайды.Мысалы,флогистон,я болмаса ғарышты толтырып тұрған эфир сияқты гипотезалар ғылым дами келе,өз жалғандығын көрсетіп,категориялық (ұғымдық) мәртебесінен айырылып қалды.

Зерттеу гипотезаларын  тұжырымдау

Зерттеудің жалпы  бағыты тұжырымдалған гипотезалармен  белгілену керек.

Гипотеза  — бұл  ғылыми ұсыныс, қандай да бір фактілерді, құбылыс пен үрдістерді  түсіндіруге, оларды мойындау немесе жоққа шығарудан тұрады.

Ғылыми гипотеза, тек  зерттеу объектісін алдын ала  талдау нәтижесінде ғана тұжырымдалуы  мүмкін болады.

Ғылыми негізделген гипотеза бірқатар талаптарға  жауап беру керек:

1) әлеуметтік үрдістердің ғылыми танымының   теоретико-әдістемелік  негізі болатын, жалпы социологиялық қағида  принциптеріне сай келу керек;

2) әлеуметтік фактілерді түсіндіретін гипотезалар, бірқатар салаларда  ақиқаттылығы берілген салада дәлелденген қағидаларға қарама-қайшы келмеу керек.  Бірақ жаңа қағидалар ескі қағидаларға  қарама-қайшы келуі мүмкін.

Гипотезалардың дәйектігін  өсіру үшін, келесі ережелерді жетекшілікке алу жөн: өзара байланысты  гипотезалардың  мүмкін біршама көп санын  қоюға ұмтылу және  әр гипотеза үшін мүмкін эмпирикалық көрсеткіштерді  белгілеуге тырысу керек. Әлеуметтік объекті зерттеуде  бейнелеу және  түсіндірмелі гипотезаларды ажыратады.

Бейнелеу — бұл  зерттеу объектінің  құрылымдық және функционалдық  байланыстары жөнінде  ұсыныстар.  Олар  әлеуметтік  объектінің классификациялық  сипаттамаларына жатқызыла алады.

Түсіндірмелі гипотезалар — зерттеу объектісінің  себеп-салдар  байланыстары жөнінде  ұсыныстарды белгілейді.

Маңызы мен сипаты бойынша гипотезалар  негізгі және қосымша болып ажыратылады.

 

 

 

Теория - бұл тәжірибенің, практиканың немесе бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Бұл дұрыс па? Мысалы, суық бөлменің ішінде пешке от жаққанда, уақыт өте келе пештің суи бастағанын, ал бөлмедегі ауаның қыза бастағанын аңғарамыз. Пеш пен ауаның температурасы бірдей болған кезде суыну тоқталады. Біз мұны көп рет қайталай отырып, мынадай қорытындыға келеміз: а) қыздырылған пеш жалыны жоқ болғандықтан суи бастайды; б) бөлмедегі ауа мен пештің температурасы бірдей болған жағдайда суыну тоқталады. Бұл білім де қорытындылаудың нәтижесінде алынғанымен оны теориялық деп айтуға келмейді. Кез-келген қорытынды жекелеген заттармен, жағдайлармен және процестермен бірқатар бақылаулар мен эксперименттердің мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекітеді.

Бірақ барлық қорытынды ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола алмайды. Мысалы, көбіне бірінші және екінші бастаулар деп аталатын классикалық термодинамиканың негізгі заңдарына тоқталайық:

1) Сырттан   энергия алмай жұмыс істейтін немесе сырттан алынған энергия мөлшерінен артық жұмыс істейтін мерзімдік двигательді жасау мүмкін емес;

2) Жалғыз    нәтижесі суық денеден ыстық денеге жылу формасында энергия беру болып табылатындай процестің болуы мүмкін емес.

Бұл екі заң да жылу процестері мен осы процестерді пайдаланатын құрылғыларын (пештер, бу машиналары және т.б.) сан мыңдап практикалық бақылаулардың нәтижесі болып табылады. Бірақ бұл қорытындылар пікірге де ұқсамайды. Мұның себебі неде?

Оның себебі, ғылыми қорытындылар (түйіндер) бақылаулар мен  эксперименттердегі ортақ жалпылықтарды  ерекшелеп қана қоймай, бірқатар ерекше логикалық тәсілдерді қолдануында да болып шықты:

1) Шектеулі   көпшілік эксперименттерде қадағаланған жалпы сәттер мен қасиеттердің жылудың жұмысқа айналатын барлық мүмкін жағдайларына, жылу бөлудің барлық процестеріне, оның ішінде бақыланбаған Ғаламның ең шалғай, қадағалау мүмкін емес пункттеріне де таралуымен сипатталатын универсалдандыру тәсілі;

2) Жоғарыда сипатталған  заңдардағы процестердің "таза" күйінде, іске асатын, яғни, өйткені  нақты шындықта олар жүзеге  аспайтын шарттарын білдіретін  идеалдандыру тәсілі: берілген жағдайда  термодинамикалық жүйе (двигатель)  сыртқы әлемнен мүлдем оқшауланған  және энергия алмасу (оның ішінде  берілген жүйеге энергияның қоршаған ортадан да енбеуі) мүмкін емес жағдайлар ескеріледі;

3) Заңдарды құрастыруда  өзге салаларда қалыптасқан теорияларда  және оларда жеткілікті дәл  мән мен мағынаға ие болған (мысалы, "энергия" және "жұмыс" ұғымдары механикада өзінің мәні мен мағынасына ие болады және кәдуілгі тілдегі осындай ұғымдардан көбіне өзгешеленеді) ұғымдарды енгізумен сипатталатын концептуалдандыру тәсілі.

Ғалымдар осы  тәсілдерді қолдана отырып, эмпирикалық  қорытындылар болып табылатын ғылым  заңдарын қалыптастырады. Ол сырттай  қарама-қайшы болғанымен, іштей ортақ қасиеттері мен қырлары бар жекелеген құбылыстардың арасындағы қайталанатын, қажетті мәнді қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Осылайша, біз объективті әлем заңдары мен ғылым заңдары арасындағы маңызды айырмашылық пен бағыныштылықты анықтай аламыз. Оның алғашқысы бізден тәуелсіз, тыс нақтылықтың өзінде өмір сүреді. Екіншісі эмпирикалық қорытындылар күйіндегі олардың бейнелері болып табылады. Бұл жағдайда әлемнің объективті заңдары ғылым заңдарында барынша толық емес, шартты, жақын, объективті әлем байланысын қайталайтын ерекше формада - аралары логикалық байланыстармен бекітілген ерекше ғылыми абстракциялардың көмегімен бейнеленеді. Алайда ғылымның барлық заңдары эмпирикалық қорытынды ретінде пайда бола бермейді.

Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза (грекше һіроіһөвів - негіз, жорамал) формасында көрінеді. Гипотезалар бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өздерінің логикалық формасында олар, әдетте мына түрдегі пікірлер кейпінде болады: "егер A жүзеге асса, онда өзгесі де іске асады", "егер A жэне B арасында R қатынасы болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады" жэне т.б. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық гипотезалар. Алғашқылары - жекелеген заттар, жағдайлар мен процестер туралы болжамдар мен жорамалдар. Мысалы, оған Айдың беткейінің құрылысы, оның минерологиялық және физика-химиялық құрамы туралы көптеген гипотезаларды жатқызуға болады. Айға кеңестік автоматты лабораториялар қонып, жерге оның беткейі туралы дәл ақпарат беріп, оның топырағын алып қайта оралғаннан кейін бұл гипотезалар анықтығының шамалысы ғана қалды да, олардың өзіне де түзетулер енгізіліп, ал қалғандары теріске шығарылды немесе фальсификацияланды (латынша falsitificaze - қолдан жасау, бұрмалау). Екінші топтағы гипотезаларға, мысалы, Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің қасиеттері өзгеріп және мерзімді түрде қайталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы гипотезаның негізінде жаңа химиялық элементтер мен олардың қасиеттері болжанды. Бұл болжамдар дәлелденгеннен кейін гипотезаны ұсыныс ретінде емес, берік, ғылыми дәлелденген заң ретінде қарастыра бастады.

Теориялық гипотезалар  мен заңдар кейде тікелей сезімдік бақылауға қайшы келіп отырады. Мысалы, Коперниктің әлемнің гелиоцентристік жүйесіне қарағанда, одан ертерек Клавдий Птолемейдің (90-160) Күн және өзге планеталар қозғалмайтын Жерді айналады деген геоцентристік жүйесі адамның тікелей сезімдік бақылауына сәйкес келеді. Коперник өз жүйесін шындыққа жақын гипотеза ретінде ғана қарастырса, одан шығатын математикалық салдарлар геоцентристік жүйенің салдарымен салыстырғанда өте дәл өлшемділігімен ерекшеленгендіктен бұл гипотезаны Күн жүйесі планеталарының қозғалысының заңы түріндегі ғылыми ақиқат ретінде қарастыра бастады.

Теориялық гипотезалар  бастапқыда қызық әрі фантастикалық болып көрінуі мүмкін, мысалы, соңғы онжылдықтардағы Fаламның құрылысы туралы гипотезаларға байланысты пікірталастар осындай. Алайда гипотезалар қаншалықты кездейсоқ болғанымен, олар шығармашылық бей-берекетсіздіктің нәтижесінде емес, оның алдындағы "сәтсіз" гипотезалар мен көптеген эксперименттік мәліметтерге талдау жасаудың негізінде ашылады. Жаңа гипотезалар оның алдындағылардың көмегімен түсіндіріле алмаған айғақтарды жүйелеп, түсіндіріп, болжауды мақсат тұтады. Егер жаңа гипотезалардың салдарлары бақылаулар және эксперименттермен дәлелденетін болса "яғни, верифицияланса (латынша verus -ақиқат), онда мұндай гипотезаны жоғары деңгейдегі ақиқат ұсыныс немесе, ғылымның заңы ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да Ф. Энгельс гипотезаны “жаратылыстаным дамуының формасы” деп атайды.

 

Ғылыми теоррияның қалыптасуы барысында гипотезаның маңызы зор. Гипотеза – ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Әрине, кез келген болжам гепотеза бола алмайды. 
Қысқасы, ғылыми жолы – қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажылы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.

 

Гипотеза-фактілер мен құбылыстардың  себептері туралы болжамдар немесе болжамдар жүйесі. Мысалы, жерде  тіршіліктің пайда болуы туралы болжам. Болжам өзінің дамуында бірнеше  сатыдан өтеді: 1) фактілердің, материалдардың қорлануы және оған сүйене отырып, болжамды айту; 2) гипотезаның қалыптасуы, яғни болжамға сүйене отырып болжамдық теорияны дамыту; 3) алынған қорытындыларды практикада тексеру және гипотезаны туралау.  
 
Алынған салдарды тексергенде олар шындыққа сәйкес келсе, онда болжам теорияға айналады. 


Информация о работе Гипотеза