Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 10:45, реферат
Иррационализм - [латынша Irrationalis - ақылға сыйымсыз] - пайдагерлік ақылдың, тәжірибелік ойлаудың танымдық мүмкіндіктері шектеулі деп санайтын және руханилықты, сезімді, түйсікті, қиялды дүниетанымның негізі деп есептейтін рационализмге қарама-қарсы таным жүйесі. Иррационализм табиғат құбылыстарын, дүниені, болмысты, ақиқатты жүрекпен қабылдап сезіну, табиғатпен үндестікте, басқа да тіршілік иелеріне залал келтірмей, ізгілік бастауларына ден қойып, дүниені махаббатпен қабылдау принциптерін ұстанады. Бұл тұрғыдан қарастырғанда барлық діни және діни-философиялық ілімдер өзінің түпкі мазмұны бойынша иррационализмге жатады.
Иррационализм - [латынша Irrationalis - ақылға сыйымсыз]
- пайдагерлік ақылдың, тәжірибелік ойлаудың
танымдық мүмкіндіктері шектеулі деп
санайтын және руханилықты, сезімді, түйсікті,
қиялды дүниетанымның негізі деп есептейтін
рационализмге қарама-қарсы таным жүйесі.
Иррационализм табиғат құбылыстарын,
дүниені, болмысты, ақиқатты жүрекпен
қабылдап сезіну, табиғатпен үндестікте,
басқа да тіршілік иелеріне залал келтірмей,
ізгілік бастауларына ден қойып, дүниені
махаббатпен қабылдау принциптерін ұстанады.
Бұл тұрғыдан қарастырғанда барлық діни
және діни-философиялық ілімдер өзінің
түпкі мазмұны бойынша иррационализмге
жатады. Азаматтық қоғамдағы қарым-қатынаста
адамгершілік, ізгілік және үндестік,
жеке адамның кемелденуі-иррационализм
танымының негізгі түп қазығы. Философия тарихында иррационализм, ең
алдымен, шығыстық дүниетаным ерекшеліктерімен
тығыз байланыстырылады. Иррационализм
шығыс философиясында өмір сүру қағидаты,
дүниетаным жүйесі ретінде ежелгі дәуірлерде-ақ
қабылданса, батыс философиясы алғашында
оны философиялық ағым ретінде ғана бағалады.
Мысалы, орта ғасырлар философиясында
"агностицизм", "релятивизм", "скептицизм" деп атаған көзқарастарда
батыстық ойлау жүйесіне түсініксіз иррационализм
нышандары бар еді. Ал жаңа дәуір философиясында
иррационализм рационализмге қарама-қарсы
философиялық таным жүйесі ретінде мойындалды.
Мысалы, неміс философы Фридрих Якобидің (1743-1819) ағартушылық рационализмге
қарама-қарсы қойылған "сезім мен сенім
философиясы", кейініректегі Фридрих Шеллингтің "Сыр ашу философия¬сы", Сёрен Кьеркегордың (1813-1855) ілімі осы мойындаудың
белгісі еді. Иррационализмге ұлттық мәдени
құндылықтардың барлығын адамзатқа ортақ
байлық деп тану тән. Ол рационалдық қасаң
қағидаларға сүйеніп, белгілі бір салыстырулар
арқылы мәдени астамшылық жасауға қарсы.
Иррационализм рухани құндылықтарға сезімталдықпен
қарап, нәзік ұғу, жүрек пен ақылды қатар
ұстау сияқты дүниетаным тұтастығымен
ерекшеленеді. "Өмір философиясының"
атасы Фридрих Ницше мен "бейсаналық философияны"
негіздеуші неміс ғалымы Эдуард фон Гартман (1842-1906) иррационализмнің XIX
ғасырдағы аса көрнекті өкілдері болды.
Кейінгі экзистенциализмнің өкілдері
(К.Ямперс, Жан Пол Сартр, т.б.) aдамның мәні интеллект
емес, тілмен айтып жеткізуге болмайды,
бірақ үрей, еркіндік, уақыт, шектілік,
т.б. Ұғымдармен сипаттауға болатын әлдебір
жекебасылық экзистенция деген идеяны
дамыта отырып, адамзат санасының сезімдік-түйсіктік
жағына ден қойды. Ал орыс ойшылы Николай Бердяевтің түсінуінше, "интуицияда
көзге көрінген ақиқаттың неғұрлым кемел
тұжырымдамасын табу", ол үшін дәлелдемені
немесе қорытындыны емес, сәулені нұрландыратын
формуланы жиынтықтау керек. "Көз жеткізуге
болмайтынға көз жеткізу" түріндегі
(Николай Кузанский) үшінші тәсіл де бар, бұл тәсіл
бойынша ақыл-ой өзінің шет-шегінің бар
екенін тануға ақыл-ойдың жетуі мүмкін
емес логикалық жолмен келеді. Тағы бір
орыс ойшылы Владимир Соловьев рационалдық пен иррационалдықты
мистикалық танымды жинақтауға, сөйтіп,
мистикалық танымды рационалдықтың негізіне
айналдыруға тырысты. Қазіргі заманғы
иррационализм постмодернизм түрінде
көрініс тауып отыр, олар рационализмді
барған сайын жаңа әлеуметтік құрылымдар
мен мәдени пішіндерді жасап, адамды өзінің
қайталанбас ерекшелігінен айырғаны,
оны "қалыпқа" айналдырғаны үшін
сынайды. Иррационализмнің бастау көздері
табиғатты, дүниені танып білудің шексіздігіне,
сарқылмайтындығында, барынша күрделі
екендігінде жатыр. Рационализмнің жұтаңдығ
Иррационализм-
табиғат, мәдениет құбылыстарын, адамгершілік
бастауларын байқататын методологиялық
принцип, әдістанушылық кағида. Ирония
ағымын ұстанған ғалымдар К Ясперс, К.Юнг
және тағы баскалар. Мәдениеттің табиғаты,
оның ерекшелігі туралы иррационалистік
таным Ницше, Бергсондардың "өмір философиясында",
Ясперс, Сартр сияқты экзистенциалистердің
еңбектерінде қалыптасты.[2]