Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 21:23, реферат
Әл-Фараби шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Ғылымдардың барлығына дерлік өзінің айтар-лықтай үлесін қосып отырды. Фараби өзі тудырған дүниеде төрт негізгі ин-теллекті қалыптастырды. Олар: потенциалды, актуальды, игерілген және іс-әрекеттік интеллекттілер. Әл-Фараби өзінің «Риторика, Поэзия өнері туралы, Бақытқа жол сілтеу» туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселе-лерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категория-ларының бетін ашып, солардың негізін дәләлдеп берді.
Әл-Фараби философиясы
Ғылыми жетекші: Сарсен Л.Г.
Орындаған: Бекжанов Е.Б. ИСиА 5В073100 БЖБ-12-1қ
Әл-Фараби шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Ғылымдардың барлығына дерлік өзінің айтар-лықтай үлесін қосып отырды. Фараби өзі тудырған дүниеде төрт негізгі ин-теллекті қалыптастырды. Олар: потенциалды, актуальды, игерілген және іс-әрекеттік интеллекттілер. Әл-Фараби өзінің «Риторика, Поэзия өнері туралы, Бақытқа жол сілтеу» туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселе-лерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категория-ларының бетін ашып, солардың негізін дәләлдеп берді.
Этиканы ол алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкін-дік беретін ғылым деп санады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гума-низмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулы-ның биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсіне-ді. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні – білім, мейірбандық, сұлу-лық, үшеуінің бірлігінде. Оның гуманистік идеялары әлемге кең таралды. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: көркемдік өмір шындығының өзіне тән қасиет, ол бол-мысты нақты түрде бар құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік – адамның денесі мен рухани жан-дүниесінің адамгершілік қасие-тінің сұлулығын көрсететін белгі деді.
Фараби бақатқа жол сілтеу трактатында бақытқа жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударды. Әл-Фараби, өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт емес, тірі адамның бақыты туралы айтады, оған жету үшін адам өзін-өзі же-тілдіре отырып, қиын жолдардан өтуі керек. Адамның табиғи қабілеті өзді-гінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік береді
Яғни, адамның жетілуі оның мінез-құлқының жетілуімен үйлесіп келеді дей-ді. Фараби ұстамдылықты жақсы құлық деп есептеді, ал ұстамды болу үшін, шамадан тыс молшылық болса, жетіспеушілікке қарай ауытқып, ал жетіспеушілік болса, біз молшылыққа қарай ауытқуымыз керек, осылай өзі-мізде ұстамдылық қалыптастырғанша жалғастыра беруіміз керек дейді.
Әл-Фараби логиканың сегіз түрін бөліп қарастырған: Қарапайым тілдік ұғымдар, күрделі ұғымдар, сөйлемдер мен пікірлер, силогизм, дәлелдеу, диа-лектикалық, шешендік, ақындық.
Қоғам өмірінің дамуы, Әл-Фараби ойынша негізінен, ел басында басқа-рып отырған адамның қасиеттерімен байланысты болғаннан кейін, ойшыл оның қандай болуы керектігіне аса зор назар аударған. Ондай адамның 12 қа-сиеті болу керек дейді. Соңында олардың бәрін 6 тұлғалық қасиеттерге әкеліп тірейді. Яғни, ел басқарушы дана, білімді, тапқыр, аңғарғыш, шешен және денсаулығы мықты болуы керек дейді.
Қорыта келсек, осыдан 1000 жыл бұрын өмір сүрген бабамыздың қал-дырған терең ойлары бүгінгі біздің өмірімізге сай келіп, алдымыздағы қиын мәселелердің шешімін табуға көмегін тигізіп жатыр.