Орыс философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 18:18, доклад

Описание работы

Философия тек адамның таза ақыл-ойы әрекетінің өмірі ғана емес, мамандардың шағын ғана тобының нәтижесінде ғана емес, ол ұлттық рухани тәжірибесінің көрінісі, әр алуан мәдениет туындыларынан көрінетін оның интелектуалдық әлеуетінің көрінісі. Ол философиялық және тарихи білімнің синтезі бола отырып, тарихи айғақтар мен оқиғаларды сипаттауды емес, оның ішкі мәнін ашуды мақсат тұтады.
Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.