Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 22:39, реферат
Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Пантеизм терминін философияға алғаш енгізген ағылшын философы Джон Иолланд (1670 – 1722) болды. Ол деизмді өткір сынға алып, дүниенің жаратылуын, жанның мәңгілік екендігін, о дүниедегі өмірдің бар екенін жоққа шығарды. Пантеистік идеялар үнді (брахманизм, индуизм, ведант), қытай (даосизм), ежелгі грек (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен) философияларында дамыды. Ежелгі грек философы Ксенофан өзінің пантеистік көзқарасында табиғатты сезіммен біліп болмайды, тек ақылмен ғана ұғынуға болады деп санады. Кейінірек стоицизмнің натурфилос. және этик. ілімдері пантеистік сипатта болды. Пантеизмнің натуралистік сипаттары И.С. Эриугена мен П.Абеляр ілімдерінде кездеседі. Материя, ақыл және құдай бір нәрсе деп, Пантеизмді материалистік тұрғыда алғаш тұжырымдаған Д.Динанский болды.
1. Пантеизм, гуманизм, диалектика ұғымдары
2. Эмпиризм мен рационализмнің бір-бірінен айырмашылығы
3. Субстанция ұғымы
4. Готфрид Лейбниц, Дж. Беркли, Дж.Юм
4) Готфрид Лейбниц (1646-1716) – неміс ғалымы, математик, юрист, философ, рационализмді дамытушы. Негізгі ұғымы – монада туралы ілім. Монада қарапайым, бөлінбейді, материалдық заттық құрылым емес.
Монада – бұл ұдайы өз күйін өзгертіп тұратын – іс - әрекет. Оған тырысу, қызығу, қабылдау елес тән.
Дж. Беркли (1685-1753) – субъективтік идеализмнің өкілі. Оның пікірінше, өмір сүру дегеніміз – қабылдану. Жеке заттар түйсіктердің жиынтығы түрінде ғана адам сапасына енеді, өмір сүреді.
Дж.Юм (1711-1776) Берклидің ілімін агностицизм бағытында дамытты. Оның пікірінше, адам өз түйсігінен тыс шыға алмайды, өзінен тыс ешнәрсені біле алмайды. Ол объективті себептілікті жоққа шығарды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақша энциклопедия 7 том
2.Қазақ мәдениеті.
3.Орысша-қазақша түсіндірме
4.Қазақ Энциклопедиясы, V-том