Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 14:07, реферат
Жұмыс философия мамандығы бойынша жазылған еңбек болып табылады.Оның ішінде қазақтың дана ойшылы Ш. Құдайбердіұлының дүниетанымы талдаудан өткізілді. Ш.Құдайбердіұлының дүниетанымына тән даналық үлгілер жұмыста айқындалады. Қазақ философиясын зерттеу, еліміз егемендігін алып, әлемге тәуелсіз мемлекет ретінде танылған заманда айрықша жолға койылып отыр. Әрбір халық өзінің даму тарихында қайталанбас мәдениет қалыптастырып, сол арқылы оның өзіне тән дүниетанымдық болмысы сомдалады. Көшпелі өмір салтында қалыптасқан халықтық дүниетаным болашақ қазақ ойының дамуы мен өркендеуіне жол ашқан еді. Қазақ философиясы осы бір дәстүрлі дүниетанымнан бастау алып, дамып келеді.
Кіріспе
Жұмыс философия мамандығы
бойынша жазылған еңбек болып табылады.Оның
ішінде қазақтың дана ойшылы Ш. Құдайбердіұлының
дүниетанымы талдаудан өткізілді. Ш.Құдайбердіұлының
дүниетанымына тән даналық үлгілер жұмыста
айқындалады. Қазақ философиясын зерттеу,
еліміз егемендігін алып, әлемге тәуелсіз
мемлекет ретінде танылған заманда айрықша
жолға койылып отыр. Әрбір халық өзінің
даму тарихында қайталанбас мәдениет
қалыптастырып, сол арқылы оның өзіне
тән дүниетанымдық болмысы сомдалады.
Көшпелі өмір салтында қалыптасқан халықтық
дүниетаным болашақ қазақ ойының дамуы
мен өркендеуіне жол ашқан еді. Қазақ философиясы
осы бір дәстүрлі дүниетанымнан бастау
алып, дамып келеді.
Қазақ өнер арқылы өзін-өзі таныған халық.
Содан болар халқымыздың озық ойлы ұлдары
даналыққа кәсіп немесе міндет ретінде
емес, оны өмірмен, өнермен ұштастыра қараған.
Дәл осындай дарынды тұлғалар еліміздің
тарихында аз емес. Сонау Қорқыттан бастағанның
өзінде, Ж.Баласағұн. А.Иассауи, кейінгі
жыраулар заманындағы ойшылдар, шешен-билер,
кешегі ағартушылық мәдениет өкілдерінің
қай-қайсысын алсақ та, ең алдымен олар
дүниені тануға ұмтылған ойшыл, әрі өнерпаз
дарынды тұлғалар болған. Бұлар туған
елімен бірге қиын-қыстау заманды басынан
өткеріп, тарихпен бірге жасап келеді.
Халқымыздың даналық рухын тану жолында
казақ ойының дамуына ерекше үлес қосқан
ойшыл-тұлғаларымыздың философиялық дүниетанымын
зерттеу, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің
бірі болып отыр.
Еркін ойшылдыққа жол ашылған еліміз егемен
заманда казақ философиясының ХІХ-ХХ ғасырлар
тоғысындағы ірі өкілдерінің бірі Шәкәрім
Құдайбердіұлының дүниетанымын зерттеудің
маңызы зор деген ойдамыз. Шәкәрім дүниетанымын
зерттеу, ойшылдың шығармашылығындағы
дүниетанымдық мәселелерді біртұтастықта,
жүйелілікте қарастыра отырып, оның ойлау
мәдениетінің ерекшелігін тануға жол
ашады. Қазақтың қай ойшылын алып қарасақта,
олардың шығармашылығы белгілі бір тарихи
кезеңмен байланысты, қоғамдық қарама-қайшылықтардың
негізінде қалыптасқандығын көруге болады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық
дүниетанымы мен шығармашылығы ХIХ ғасырдың
екінші жартысы және XX ғасыр басындағы
замана қайшылығымен, халқымыздың тарихымен
тығыз байланысты. Оның үстіне, ойшылдың
даналық дүниетанымы қазақ халқының ұлттық
философиясында ерекше орын алады. Шәкәрім
дүниетанымының Шығыс пен Батыс халықтарының
философиялық ілімдерін өз бойында жинақтап
және сол ілімдердің негізінде қалыптасып,
жаңа жол - ар іліміне қарай бағыт сілтеп,
Шығыс пен Батыс-мәдениетінің аясында
сұхбат құруы, оның шығармашылығының маңыздылығын
көрсетеді.Бүгінгі жаһандану кезеңінде,
әлем халықтарының мәдениеті бір-бірімен
сұхбат кұру мүмкіндігіне ие болған заманда,
Шәкәрімнің философиялық дүниетанымын
зерттеу ең өзекті мәселелердің бірі.
Сондықтан оның шығармашылығында рухани
сұхбаттың ерекше орын алғанын ұмытпаған
жөн. Сонымен қатар халқымыздың дана тұлғаларының
адамгершілік, тәлім-тәрбиелік идеяларын
қазіргі заманға сай зерттеудің жас ұрпаққа
берер тағылымы мен тәлімі мол. Әсіресе,
Шәкәрім көрсеткен ар іліміне бүгінгі
біздің қоғамдық өмірде қажеттілік туып
тұр.
Қазіргі замандағы маңызды мәселелердің
бірі адамның еркіндігі туралы болғандықтан,
адамдардың ішкі жан дүниесіндегі ар-ұждан
мен адамгершілік касиеттері қоғам өмірінде
басты орынға қойылуы тиіс. Бұл жолда тарихтан
тәлім алып, оны философиялық тұжырымнан
өткізе білсек қана елдігімізді бағалап,
тәуелсіздігімізді сақтап қалу мүмкіндігіне
ие боламыз. Осы жолда , ұлттық рухтың ерекше
формасы - ұлттық философияны зерттеу,
қазақ деген халықтың өзін-өзі тануына
жол ашпақ.Зерттеудің өзектілігі мен маңыздылығын
дәйектеу барысында төмендегідей тұжырымдарды
келтіруге болады. Біріншіден, халқымыздың
тарихында өшпес із қалдырған танымал
ойшыл тұлғаларымыздың дүниетанымын философиялық
талдаудан өткізу халқымыздың даналық
рухын тануда өзіндік үлес коспақ; екіншіден,
қазақ философиясы тарихының әрбір кезеңі
мен ерекшелігін тануда ғылыми тұжырым
қалыптастырады; үшіншіден, дүниетанымның
тарихын зерделеу қазақ мәдениетінің
ұрпақ сабақтастық байланысын нығайтып,
біртұтас рухани күшке ие болуына жол
ашады; төртіншіден, өткенді тану қоғамымыздың
болашағын берік қальптастыруға қызмет
етпек.Осындай ізгілікті істерді жүзеге
асыруда Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымын
философиялық тұрғыдан зерттеу өз үлесін
қосады деген пікірдеміз. Жұмыстың тақырыбы
философия тарихы бойынша зерттеу ретінде
дүниетанымның даму ерекшелігін жан-жақты
сараптамадан өткізуге негіз болады. Жұмыстың
басты құндылығы ұлтымыздың ғасырлар
бойы қалыптасқан рухани байлығын жүйелеу
болғандықтан бұл еңбек Шәкәрімдей ойшылдың
дүниетанымына жан-жақты философиялық
талдау жасауға арналады.
Шәкәрім Кұдабердіұлы өмір сүрген заманнан
бір ғасырға тарта уақыт өткенімен оның
шығармашылғындағы көптеген идеялардың
дәл казіргі заманда өз мәнін жоғалтпағандығын
айта кету керек.
XX ғасырдағы кеңес үкіметінің отарлаушылық
саясатының салдарынан Шәкәрім Құдайбердіұлының
дүниетанымын зерттемек түгілі, оған халық
жауы деген жала жабылып, оның шығармаларының
жарыққа шығуына тиым салынып, ойшылдың
рухани мұрасының халқынан елу жылдан
астам уақыт қол үзіп қалғаны белгілі.
Тек бүгінгідей еліміз егемен заманда,
мемлекеттің тарапынан "Мәдени мұра"
бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынған
кезеңде, Шәкәрімдей ғұлама ойшылдың даналық
дүниетанымын жан-жақты зерттеуге жол
ашылып, соның салдарынан ойшылға деген
кеңестік дәуір пікірінің өзгеруіне жағдай
туып отыр. Жұмыстағы зерттеудің құндылық
мәні де осындай жаңа замандық көзқарастың
нәтижесі болып табылады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ ойшылы болғанымен
оның дүниетанымдық түсініктеріне қарап,
ойлау мәдениетінің адамзаттық деңгейге
көтерілгендігін көреміз. Сондықтан ғұламаның
айтып кеткен даналық тағылымдары мен
дүниетанымдық түсініктерін жан-жақты
зерттеу неғұрлым ұтымды да қажетті жағдай
болып отыр. Шәкәрімнің адамзат қоғамының
сан қилы қарама-қайшылыққа толы мәселелерімен
таныс болуы, оның ғылыми, философиялық
сауатының, интелектуалдық деңгейінің
жоғарылығы, ойшыл идеяларының айрықша
даналық үлгілерінің ауқымдылығын аңғартып,
қазіргі біз өмір сүріп отырған заманда
жеке адам және тұтас қоғам өміріндегі
сан қилы мәселелердің мәніне көз жүгіртуге
ерекше септігін тигізері сөзсіз.
Шәкәрім Құдайбердіұлының бай мол мұрасын
жарыққа шығаруға елу жылдан астам уақыт
тиым салынып келгеннен кейін оның ақталып
халқымен қайта қауышқанына көп уақыт
болмағаны баршамызға белгілі жағдай.
Міне, осы аз уақыттың ішінде оның шығармашылығын
зерттеу барысында ғалымдар біршама жетістіктерге
жетті деп айтуға болады.
Шәкәрім шығармаларының жарық көре бастаған
кезі, өткен ғасырдың сексенінші жылдарының
соңынан бастап-ақ,оның дүниетанымын педагогика,
әдебиеттану, дінтану, философия ғылымдарының
тарапынан зерттеу жұмысы басталып кетті.
Әсіресе, ойшылдың дүниетанымын философиялық
тұрғыдан зерттеген А.Амребаев, А.Айтпаева,Г.Әбдірасылова
және тағы басқа ғалымдар диссертациялық
жұмыстар қорғады.
Жұмыста, адам мен қоғам арасындағы қарама-қайшылықтың
Шәкәрім шығармашылығындағы көрінісіне
философиялық тұрғыдан талдау жасалды.
Философиялық дүниетанымның мәнін ашып
көрсетуде басшылыққа алған негізгі қағида
- ақыл-ой иесі, өз заманының озық ойлы
кемеңгері - Шәкәрімді ойшыл ретінде тудырған
да осы қоғам қайшылығы. Сонымен қатар
ойшылдың көтерген философиялық мәселелері
философия тарихы арқылы, адамзат өміріндегі
өмірмәндік проблемалар ескеріле отырып
зерделенді.
Ойшыл қашанда өзінің парызын, нақты бар
болмысымен, халқының, ар-ұжданның алдында
абыройлы атқара білген. Ол бұл жолда өмір
мектебінен өтіп, дәстүрлі қазақ мәдениетінен,
Шығыс пен Батыс ілімдерінен бірдей сусындап,
оған ақыл көзімен қарайды. Қашанда біржақты
болудан өзін аулақ ұстаған Шәкәрім адамның
таным процесіндегі өзіндік санасының
ерекшелігіне айрықша назар аударған.
Сондықтан да жұмыста ойшылдың таным процесіндегі
ойлау мәдениетінің қалыптасуына және
ерекшелігіне де назар аударылады.Жұмыста
ойшылдың дүниетанымын философиялық тұрғыдан
зерттеу арқылы, оның шығармашылығы мен
дүниетанымының қазақ философиясындағы
орнын айқындау. Сонымен қатар ойшыл көтерген
көптеген философиялық мәселелердің философия
тарихындағы маңыздылығы мен бүгінгі
замандағы мәніне баса назар аударылады.
Бірнеше кезеңдерден тұратын, қарама-қайшылыққа
толы қазақ философиясын методологиялық
жолмен зерттеу бүгінгі күні біршама иәтижеге
жетті деп айтуға болады. Қазақ халқының
дүниетанымына зерттеу жүргізіп, оған
обьективті баға беруге үлес қосқан, өзіндік
өзгеше пікір қалыптастырған еңбектердің
қатарына Ж.М.Абдильдиннің, Ә.Н.Нысанбаевтің,
Қ.Ш.Нұрланованың,.С.Е.
Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ философиясындағы
Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымын
философиялық тұрғыдан зерттеп тұжырым
жасау. Ойшылдың тарихи санасының қалыптасуындағы
рухани кайнар көздердің маңызы мен ролін
ашып көрсету. Шәкәрімнің ойлау мәдениетінің
ерекшелігіне, оның дүниетанымына талдау
жасау жұмыстың басымдылық танытатын
бағдарларының бірі болып табылады. Осы
мақсаттарға сәйкес жұмыста төмендегідей
міндеттер алға койылды:
Ойшылдың дүниетанымының қалыптасуына
ықпал жасаған рухани кайнар көздерді
көрсету;
Шәкәрімнің әлеуметтік-философиялық көзқарасының
қалыптасуына ықпал жасаған қоғамдық
қарама-қайшылықтарға философиялық тұрғыдан
талдау жасау;
Таным процесіндегі Шәкәрімнің ойлау
мәдениетінің ерекшелігін, даралығын
бағамдау;
Ойшылдың философиялық дүниетанымындағы,
санадағы тарихи кезеңнен, тарихтағы санаға
өту процесіне философиялық тұрғыдан
сараптама жасау. Қоғамның адамды қалыптастырудағы
маңызы мен адамның қоғамды жасаудағы
роліне Шәкәрім Кұдайбердіұлының шығармашылығы
арқылы талдау жасау;
Шәкәрім Құдайбердіұлы көтерген философиялық
мәселелердің философия тарихындағы және
еліміздің болашағындағы, бүгінгі қоғам
өміріндегі мәнін көрсету.
М.Базарбаев ақын шығармалары
жөнінде: «Шәкәрім шығармашы лығының негізі
- қазақ қоғамын қараңғылық пен надандықтан
құтқарып, өнер-білімге тарту. Ақын творчествосындағы
бағалы, көркем шығармалары мен аса нанымды,
орынды пікірлері, ой-байламдары да осы
үлкен мақсатқа бағынған», - десе, Б.Әбдіғазиев:
«Абай дүниеге әкелген көркемдік тәсілдің
орнығуына, оның қазақ әдебиетінен өз
орнын табуына, өркен жаюына Шәкәрім өзінің
шыншыл да шебер, жаңашыл жыр ларымен өлшеусіз
үлес қосты», - дей келіп, Шәкәрімнің ұлттық
мінез бен халықтық қасиетті барынша байыту
жолындағы ізденістерін ғылыми саралады.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен
ХХ ғасырдың басында қазақ халқының рухани
өмірінде аса маңызды құ былыстар айтарлықтай
орын алды. Шәкәрім ақын да өзі өмір сүрген
қоғамның тарихи оқиғалары мен ел өмірінен
орын алған жайттарға және сол қоғамда өмір сүрген адамдардың
тұрмыс-тіршілігін шығармаларына арқау
етті.
Ол жөнінде автор: «Шәкәрім
адамның қоғамдағы орнына биік мән береді.
Бір қарағанда, мұндай өлеңдері уағыз,
дидактика, насихат тәрізді көрінгенімен,
ақынның насихаты негізсіз емес. Оның
астарында адам жайындағы, оның қоғамда
алатын орны туралы салмақты философиялық
тұжырымдар жатады», - деген тұжырым жасайды.
Шәкәрімнің эпикалық туындылары
жөнінде Ш.Сәтбаева «Шәкәрім поэмалары
бас-аяғы жинақы, сюжет тері ширақ, адамдардың
қарым-қатынастары, тартыс-таластары,
сүйініш-күйініштері, іс-әрекеттері нанымды
суреттелген, идеялық қасиеттері мол туындылар»,
- деген тұжырым ұсынса, Б.Әбдіғазиұлы:
«Абайдың жетекшілігімен дүниеге келген
«Дағыстан», «Зұлыс», «Медғат - Қасым»,
«Сабалақ», «Салиха - Сәмен» сияқты шәкірт
ақындар қаламынан туған дастандарда
ро мантикалық элементтердің үлесі басымырақ
болса, Шәкәрім дастандары романтикалық
сарынның үнін бәсеңдетіп, шынайы суретке,
терең философиялық толғамдарға, әлеуметтік
мәселелерді нақтырақ бейнелеуге бет
бұрды», - деп түйіндейді.
Абай ілімін одан әрі жалғастырған қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931). Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан:
«Жасымнан жетік білдім түрік тілін,
Сол тілге аударылған барлық білім.
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыда туып күнім.
Оятқан мені ерте – Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Талпынып орыс тілін үйренумен,
Надандықтың тазарып кетті кірі».
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай
өркениетті, мәдениетті елдер қатарына
қосамын деп талпынады. Шәкәрімнің рухани
ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан
қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше
орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн,Табиғат –
ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
Шәкәрімнің «Үш анық» атты шығармасы негізгі
философиялық шығармалардың бірі болып
табылады. Басқа шығармалары: «Еңлік-Кебек»,
«Қалқаман-Мамыр», «Қодардың өлімі», «Нартайлақ-Айсұлу»,
«Мұтылғанның өмірі» поэмалары, «Қазақтардың
кітабы» (этнофилософиялық), «Мұсылмандық
шарты», «Үш анық» философиялық трактаттары,
«Әділ-Мария» көлемді романы, «Түрік, қырғыз,
қазақ һәм хандар шежіресі», тарихи шығармасы
және т.б.
Ал, енді Шәкәрімнен кейінгі қазақ философиясын
дамытуда үлкен өзіндік орны бар қазақ
зиялылары: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек
Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай.
Шәкәрімнің «Үш анық» атты шығармасы негізгі философиялық шығармалардың бірі болып табылады Мұнда философия тарихына байланысты көп мағлұматтар аламыз. Оның бұл шығармасындағы сөз болатын басты мәселе ар ілімінің негізгі болып табылатын нәрсе: «Адамдагы: ынсап, әділет, мейірім-үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша совесть деп атайды... бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды... ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды»-деп жазған философиялық толғау бүгінгі күн талабымен де үндесіп жатыр.
Шәкәрім «Үш анық» деп аталатын трактатын жазуға отыз жылдай уақыт сарп етті. Бұл ақынның ғылымға деген үлкен жауапкершілігі мен тазалығы болса керек. Ол мұнда Батыс пен Шығыс мәдениетінің рухани қазына көздеріне бас қойып, жаратылыстану ғылымдары салты бойынша да көптеген Еуропа ғалымдарының еңбектерімен таныс болғандығына көз жеткіземіз. Ол көп нәрсенің сырын ұғып,өз дүниетаным қорытысында Шәкәрім, біріншіден, затшылдық ғылым жолындағы таным мен, екіншіден, дін жолындағы теологтардың дүниетанымы бірінші, екінші анық деп көрсетеді де:
Іздедім, таптым анығын
Тастадым ескі танығын,-
деп өзі ғұмыр бойы шарқ ұрып ізденіп тапқан жолы үшінші анықты ұсынады. Ол-үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді.Мұнысы Шәкәрімнің ұзақ жылдарға созылған ғылыми-шығармашылық ізденіс үстінде келіп туған ой қорытындысы ретінде берілетін негізгі ой тезисі:
Еңбекпенен, өрнекпенен
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл, қайнар өмір
Ар ілімі тоқылса,-
деп тұжырымдалған танымында жатыр. Яғни Шәкәрімнің «Үш анықтағы» мақсаты ар түзейтін бір ғылымды табу болғандықтан, өмір бойы осы жолда іздеген.
Шәкәрімнің ұжданы И. Канттың «категориялық императив» ұғымдарымен астарлас. Ұждан,-ынсап, әділет, мейірім дегеніміз.
Шәкәрім айтады: Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ,һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді.
Енді осы екі жолдың анық-қанығын тану зерделі адамдардың бәріне міндет. Біз ақиқатты танып бәлуіміз қажет дейді.
Шәкәрім дүниенің түп негізі деп төрт нәрсені-от,су,топырақ,ауау деп айта отырып Грек философтарының бұл жөніндегі пікірлерімен таныс екенін білдіреді. Сондай-ақ дүние бөлінбейтін түпнегіз атомдардан тұратындығына айта отырып, оның арабша аты мадда немесе әсер деп атады. Оның қазақша аты жоқ болған соң біздер Европаша атом. Мадда деп атаймыз дейді. Атомдар туралы тұңғыш Грек философтары айтқанын да философиялық тұрғыдан тұжырымдап береді.
Шәкәрім философиясының негізгі өзегі адам болып табылады. Адамның мәні оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана оның табиғатыа тән нәрсе дейді.