Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:16, реферат
Суфизм немесе сопылық – бұл этикалық және діндар адамның өміріндегі моральдық нормалар, оның жан дүниесінің түрліше күйлерінің көрінісі болып табылатын исламдағы мистикалық – аскеттік бағыт. «Ағым ретінде, - деп жазады Рукайя Мақсұд, - суфизм исламда тамыр жайған пайдасыз доктринаға жауап түрінде пайда болды. Алайда ол қашанда Пайғамбарға ұқсап, өздерін өмірлік құлшылық етуге жәнеТәңірге жақын болуға арнаған мұсылмандардың діни өмірінде негізгі рөл атқарды. Көптеген сопы емес мұсылмандар бұл қозғалысқа күдікпен қарағанмен, оны исламнан бөлектеуге болмайды, өйткені оның негізінде шынайы мойынсұнушылық пен тағзым ету арқасында «жүректің оянуы» жатыр.
І Кіріспе
1. Суфизм – түсінігі мен қысқаша тарихы.
ІІ Негізгі бөлімі
1. Суфизмнің діни философиясы
2. Қожа Ахмет Иассауидің діни ілімі
3. Қазіргі кездегі Қазақстандағы сопылық
ІІІ Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер