Унді философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 15:24, реферат

Описание работы

Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (әскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне —ой еңбегі, кшатрииларға — әскери қызмет, вайшьилерге — егін шаруашылығы, қоленер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға — қара жұмыс қана тиді. Осы кезде қоғамдык өмірге, әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиялык, философиялық көзқарастар да қалыптасты. Олар негізінен ежелгі үнді мәдениетінің ескерткіші — ведаларда (веда — білім) жиынтықталған.

Содержание работы

1. Кіріспе
2. Ежелгі Үнді философиясы
3. Көне Үнді философиясының негізгі мектептері
4. Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары
5. Қорытынды

Файлы: 1 файл

унд1 фил.docx

— 28.15 Кб (Скачать файл)

      Нирвана теориясы адам рухының еркіндігінің, оның материалдық дүниеден, қоғамдағы касталарға бөлінуден тәуелсіздігінің жақсы дәлелі. Осы себепті Будда философиясы өзінен кейінгі көптеген философиялық ағымдарға, әсіресе Батыс философиясына қатты әсер етті, ал буддизм діні әлемде қазіргі кезде де кең тарап отыр.

       Чарвака-локаята – философиялық әдебиетте Көне Үнді филосо-фиясындағы материалистік деп қабылданған бағыт (локаятиктер). «Чарвака-локаята» сөзінің мағынасы белгісіз. Зерттеушілердің бір тобы тарихта Чарвака деген ойшыл болған деп болжамдайды, басқа бір ғалымдар бұл ағымның негізін салушы Брихаспати деп есептейді, ал кейбір ғалымдар чарвака-локаятаның болған-болмағандығы белгісіз деген пікір білдіреді. Бірақ Көне Үнді ескерткіштерінде бұл ағым туралы мәліметтер кездеседі, сондықтан да соңғы болжам негізсіз. Чарвака-локаятаның материалистік сипаты оның таным теориясында айқын көрінеді. Таным-праманың негізі прамана ретінде локаятиктер логикалық түйін-тұжырымдарды емес, ақиқат екендігі күмән туғызбайтын қабылдауды ғана мойындайды, оның негізі – туйсіктер. Олардың пікірінше, адамдар көбіне ой түйіндеулерге сенеді де, қателеседі, ал оларда ақиқат сирек кездеседі, басқа сенімді адамның пікірі де біз үшін таным негізі бола алмайды.

       Чарвака-локаяталар о дүниеге сенбейді, бұ дүние ғана бар және бұ- дүниедегі болмыс пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және өзгермейтін төрт элементтен: жер, от, су және ауадан тұрады деп есептейді. Сана, ақыл және сезім мүшелерінің негізі де осы элементтер, олар мақұлық дүниеден өткенде ыдырайды. Локаятиктер жанның, Құдайдың бар екендігін терістейді. Олар адам өмірінің мән-мақсаты – осы нақты өмірде рахатқа болену, азап-қасіреттен аулақ болуға ұмтылу деп түсінді, яғни чарвака-локаята гедонизм принципін ұстанды.

 Көне Үнді  философиясының негізгі ұғымдары

       Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар ежелгі Үнді филосо- фиясының терминологиясы шым-шытырық, ұғымдары аударуға қиын. бір ұғымның өзі бірнеше мағынаны береді деп ескертеді және оның себебін Үнді еліндегі ойлау жүйесінің Еуропадағы ойлау жүйесінен мүлдем белектігімен, оны белгілі бір логикалық жүйеге келтірудің мүмкін еместігімен түсіндіреді. Шынында да, әр халықтың өмір салты, дүние туралы түсінік ұғымдары, пайымдау тәсі лі әр түрлі. Сол себепті бір халықтың өз тілі алыптаскан философиялық ұғым-категориясын екінші халықтың тіліне аударып, терең мағынасын жеткізу мүмкін емес. Мысалы, қазақ халқынын адам, өмір, қоғам, табиғат туралы тамаша дүниетанымдық ойларын білдіретін ұғымдарды орыс тіліне аударған күндеде олардың өзіндік терең мазмұнын, ұлттық сипатын дәл жеткізуге болмайды.Дегенмен де, ежелгі Үнді философиясының негізгі ұғымдарының маз-мұны туралы жалпы түсінік беріп қарайық.

     Архат – «жауды жеңуші» дегенді білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен, сананын тыныш ағынын бұзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды.

     Атман – бұл ұғымның бірнеше мағынасы бар: «мен», «езімді», «дене». Бірақ атман ұғымының ең басты мағынасы – индивидуальдік және универсальдік космостық психикалық болмыс ретіндегі «адам». Осы мағынада атман бүкіл бар болып отырғанның генетикалық және субстанционалдық бастауы, негізі және соңы. Атман рухани және денелік деп бөлінеді, сондай-ақ, ол көбіне ақыл-ойдан, сез бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, «брахман» ұғымымен бірдей деңгейде түсініледі.

      Брахман – бірнеше мағынаға ие ұғым 1) абыздар кастасының, брах-мандардың екілі; 2) абыз; 3) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция.

     Будда – «нұрланған», «оянған». Кең мағынасында – арамдаушы сезімдер мен білместікті жеңу жолдарын керсеткен және құбылыстардың абсолюттік және салыстырмалы табиғаты туралы білімдерді толық меңгеруге жеткен адам. Тар мағынасында – будда дінінің негізін қалаушының аты.

      Дхамма (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (сіһагта) – бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда Ілімі, рухани білімнің кви-нэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы – болмыстың элементтері. Әлемдік процесс – себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, еткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі -абсолюттік тыныш күйге, сенуге жету.

     Иога – әдетте бұл ұғым индивидтің өзін-өзі физикалық жағынан жет-ілдіруінің техникасы ретінде түсініледі. Шындығында, йога – терең мәнді философиялық ұғым. Ежелгі үнділіктер тұлғаны (риdgа1а) жеке элемент-теден тұратын рухани белік пен атомдардан тұратын физикалық құры-лымның бірлігі деп қарастырды. Элементтердің екеуі аса құнды, егер оларды дамытуға қажетті деңгейде назар аударылса, олар индивидті өзгерте алады.

    Бұл элементтер – бағалық сараптау жасай білу қабілеті және ойларымызды бір нүктеге жинақтай білу қабілеті. Sаmаdhі немесе уоgа деген осы.

     Карма – «іс-әрекет». Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, – жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, – міндетті түрде салдар туғызады, ол жақс немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пай да болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.

      Нирвана -»жоғалу», «сөну». Күнделікті өмір – бітпейтін күйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана – осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы.Адамның бұл күйін сипаттап жеткізу қиын, үнді ойшылдарының өздері нирвананы логикада және уақыттан тыс деп қарастырады. Әдетте нирвана ұғымын рахат ұғым арқылы ұғынуға тырысуға болады, бірақ рахат түйсікпен, сезіммен баланысты күй, ал нирвана-абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ ол зұлымдық пен құмарлықтар-дың тынышталуы, сезінбеудің толық дәр жесіне жету.

 Сансара – азап-қасіретке  толы қайта туылудың, өмір мен  өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның  тамыры – білместікте, сондықтан  одан құтылу жолы – нирванаға  өну.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

      Нирвана жағдайына жеткен адам архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп аталады. Нирвана — ең жоғарғы ләззат. Кейін келе, нирвана ұғымы адамның бойынан бүкіл әлемдік көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мәңгі, оны ешкім дүниеге әкелмейді және пайда болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, оны тек қана дұрыс жолмен жүрген,ақыл-ойы күнделікті қызықтан алшақ адам танып - біле алады. Б.д.д. III ғасырда буддизм Иңдияның ресми идеологиясы болды. Кейінірек келе, ол дінге айналып, екі ағымға бөлініп кетті. Хинаяна — "кіші шеңбер" деп аталатын ағым бастапқы буддизмге жақынырақ болса, макаяна—"үлкен шеңбер" деп аталатын ағым "бодхисаттваны" пір тұтып, одан алшақтап кетті. "Бодхисатхва толық білімге жетуге талпыньп жүрген адам.. Ол алғашқы буддизмдегі білгір адамнан гөрі, дін уағыздаушы адамға көбірек ұқсайды. Өзінің ерлігімен, батырлығымен ол тек өзін ғана құтқармайды, өз күшімен нирванаға жете алмайтындардың бәрін құтқаруға көмектеседі. Сөйтіп, нирвана өзінің бұрынғы мағынасынан айырылып, "жұмақ" деген ұғымға пара-пар болып шыға келеді. Буддизмге сүйенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі (Қытай,Жапония, Бирма, Цейлон, т.б.). Ал Үндістанның өзінде буддизмнің орнын брахманизм басып, буддизмдегі Будда Вишну құдайдың бір көрінісі болып қалады. Локаята (Чарвака). (Лока — "аймақ, ел, кеңістік, әлем, жер, өмір", Ал көптік түрде — "адамдар", "халық, адамзат" деген мағыналар берген). Локаяттар веда ілімдерін жокқа шығарады. Осы тұрғыдан веда дінін, оның беделді ғұламаларын, ілімдерін сынға алады. (Мысалы, веда дінбасыларын халыкты алдап, соның арка-сында байып жүр, дене өлгеннен кейін жан да өмір сүрмейді). Олардың пікірінше, әлемдегі барлық денелер, заттар махабхут деп аталатын 4 түпнегізден тұрады. Олар: ауа (ваю), от (агаи), су (ап) және жер (кшита). Махабхуттар белсенді және әрекетшіл келеді. Олар өздеріне тән күштің, белсенділіктің аркасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ касиет-сананы дүниеге әкеледі. Ал жанды дене-лер өлгенде, олар қайтадан өздерін өмірге әкелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады. Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыттың өзі — ләззат деп түсінген. Ләззат пен қасірет байланысты, бірақ қасірет буддизмдегі сияқты өмірдің мәні емес,сондықтан оны азайтуға, жеңіддетуге болады, ол өз қолымызда. Кейінірек келе, локаяттар сушикшит (нәзік) және дхурта (тұрпайы, дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлінеді.


Информация о работе Унді философиясы