XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының антропоцентристік гуманистік классиктерінің философиялық көзқарастары (Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, Ы.Ал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 18:59, реферат

Описание работы

Қазақ философиясының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің ірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы басқа пайымдау мүмкін емес.

Содержание работы

Кіріспе бөлім
Қазақ философиясы және оның ерекшелігі
Негізгі бөлім
Қазақ ағартушыларының философиясы
Шоқан Уалихановтың философиялық тұжырым,пікірлері
Абайдың философиялық ой-толғаулары
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық философиясы
Қорытынды бөлім
Қазақ философиясы – ұлттық идеяның өзегі.

Файлы: 1 файл

Философия реферат.docx

— 36.87 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының антропоцентристік гуманистік классиктерінің философиялық көзқарастары (Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин)

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                          

 

 

 

 

Жоспар

  1. Кіріспе бөлім
  1. Қазақ философиясы және оның ерекшелігі
  1. Негізгі бөлім
  1. Қазақ ағартушыларының философиясы
  1. Шоқан Уалихановтың философиялық тұжырым,пікірлері
  2. Абайдың философиялық ой-толғаулары
  3. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық философиясы
  1. Қорытынды бөлім

      Қазақ философиясы  – ұлттық идеяның өзегі. 

 

Қазақ философиясының тарихы – халық тарихының ең маңызды  құрамдас бөліктерінің ірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық  ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы – халқымыздың  тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен  негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны  зерттеп үйренбейінше қазақ ғылымының  тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы басқа пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы  ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық  қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке  жету жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзініңі жемісті  жетістіктерімен ерекшеленеді.Ұлттық философия – халықтың өзін-өзі тұрақтандыратын және оның барлық әрекеттеріне негіздеме беретін, оның асқақ мұраттарын қалыптастыратын рухани ізденіс аймағы. Қазақ философиясын зерттеу жаңа заманда жаңа деңгейге көтеріле бастады.Қазақ философиясының ерекшеліктері:

  • Қазақ философиясы философиялық емес сарындағы даналық тәжірибесіне жатады;
  • Қазақ философиясы табиғатқа бас июмен, оны тәңірі тұтумен сипатталады, оның терең экологиялық мазмұны бар;
  • Қазақ философиясы онтологиялық және гноселогиялық мәселелерден гөрі этика мен антропологияға көбірек көңіл бөледі;
  • Қазақ философиясында аксеологиялық мәселелерге, әсіресе рухани құндылықтарға ерекше назар аударылады;
  • Қазақ философиясы өзінің ғарышпен, әлеммен үндестігі арқылы сипаттталады;
  • Философиялық  мәселелер, негізінен экзистенциалдық, дидактикалық және прагматикалық сипатта қарастырылады;
  • Қазақ философиясында нәпсіден, байлықтан, табыстан гөрі ар-намыс, қанағат, тәубе, әділеттілік және т.б. жоғары қойылады, алудан гөрі беру дәріптеледі;
  • Ұжымдық мүдде жеке мүддеден жоғары қойылады.

                              

Халық философиясы тарихының  тәуелсіз мемлекет үшін маңызы аса  зор. Өйткені өзінің жеке философиясы  болмаған елдің дербес рухани тұрмыс пен өркендеуге мүмкіндігі болмай, бөгде тектік факторларға тәуелділігі  күшейе түседі. Ұлттық философия тарихы – жүйелілік ілім, ол философияның бір бөлігіне дәлірек айтқанда, тарих  философиясына жатады.  

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.  
Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы, тағы басқа мәселелері болды.  
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.  
Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі.  
Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.  
           Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-аяқ тік тұрған, бірден қалыптасып жеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау – ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық шығармашылығынада қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына қарамастан онда адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, «ұрламай» жеткізу – бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс.  
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар.          Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер – адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.  
Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік – бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген көзқарас болған жоқ., сондықтан ол философияның басты бағыттары да айқындалмаған еді. рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды. Бұл қызығушылық оқырман қауымының, оның ішінде философтардың тарихи логикасына жету жолында пайда болды. Сонымен қатар сол кездегі қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін біздер үшін, үлкен сын сағат туғандай. Тәуелсіздікке көзі жеткен Қазақстан Республикасы алдында руханиет саласында орасан зор әрі қасиетті мақсат – халық рухын, оның өзегі – ұлттық философияны жаңғырту немесе қайтадан қалпына келтіру мақсаты тұрған еді.         Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама ойшыладардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері, көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, келелі ақын мен сезімге негізделген ойлары баршылық. Оларда философияның қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде дүниеге келуіне басқадай алғышарттардың бастысы болып, мифологияның, діннің халықтың қарапайым санасының, ғылымның тигізген әсерлері толыққанды да ерекше сипатталған. Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-аяқ тік тұрған, бірден қалыптасып жеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау – ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық шығармашылығынада қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына қарамастан онда адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, «ұрламай» жеткізу – бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс.  
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер – адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.  
Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік – бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген көзқарас болған жоқ., сондықтан ол философияның басты бағыттары да айқындалмаған еді.  
Қазақ философиясының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің ірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы басқа пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзініңі жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді. Қазақ философиясының пайда болуы туралы тек ойшылдардың дүниеге көзқарасы жалпылықты, көзқарастың әмбебеап принциптерін немесе «бастауларды» анықтаудағы заңды бағыттары болған кезде ғана айтуға болады. Діни – мифологиялық тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой ұрса, философия заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашуға, пікір-сайыс ретінде қолданылатын рационалды ойлауға, дүниені танып-білудегі қайшылықтарды аңғару мен шешуге тырысады. Бұл әрекет адамның жан-жақты ойлауы және оның интеллектуалды интуициясымен бірегей қабысқан нәтижесінде туады. 
               Қазақ ағартушылығының негізін салушы  Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов (1835 – 1865) ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады.Уалиханов бұл мәселе маңызды екенін сонау кезде айтып кеткен.Ш.Уалиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады.Ол «Қазақтардағы шамандықтың іздері», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір» деген еңбектерінде философияның басты мәселелеріне қатысты пікірлер айтады. Ресейдің әлеуметтік өміріндегі өзгерістер, орыстың революцияшыл демократтарының пікірлері оның демократтық көзқарасын тереңдете түседі. Қазақ халқының, әсіресе, оның төменгі тобының ауыр халі мен оның жағдайларына жан ашырлықпен қарап, түсініп көре білді. 
Шоқанның миллиондаған халық тағдырына ерекше жанашырлықпен қарап, мәселенің дұрыс шешілуін армандағанын көрсетеді. Ш.Уәлихановтың  көп  салалы  әр  қырлы  бай  мұрасы  оның дүниетанымы, қоғамдық философиялық, ағартушылық, демократтық көзқарастары өз заманының биік деңгейінде болғанын айқындайды.Ш.Уалиханов шығармаларында адам болмысының әлеуметтік-философиялық мәселелері көп қаралған. Адам тұрмысының мәні мәселесін шешуде ол бақыт ұғымына баса назар аударады. Ойшыл қоғм мүддесінің өмірде жүзеге асуына ықпал етпеген адам бақытты бола алмайды деген нық сенімде болды. Философияның маңызды саласы-эстетика мәселелеріне өзнің қатынасын қазақ ойшылы, әсіресе халықтың ауызекі өнерін зерттеу барысында ашып көрсетті.

 Абайдың философиялық  ой-толғаулары – қазақ даналығының  ең биік шыңы.


 

 

 

 

 

 

Абайдың шығармашылық мұрасы терең философиялық ой-аңсарға толы: Философияның негізгі мәселесі –  адам проблемасын байыптылықпен  өткір түрде алға тартып, адамның  өнегелі қасиеттері туралы ілімді дамытады, адам баласының иман тұрғысынан жетілуінің адами қағидаларын қозғайды, философиялық, эстетикалық, этикалық тұрғыдан адамның  таным қабілеттері мәселелерін  қарастырады.Шығыстың Абайға әсері жөнінде әр түрлі пікірлер бар: ол ойшылдың дүниетанымы қалыптасуындағы шешуші рөлді мойындаудан бастап, оның әсерінен болуының өзін түгелдей жоққа шығару.Әл-Фараби мен Абайдың жердің жаратылуы туралы ойлары және космогониялық және космологиялық түсініктері үндес.Әл-фараби өзінің математикалық трактаттарында «8» санына баса назар аударған, ал Абай «Сегіз аяқты» жазған. Әл-Фараби былай деп жазған: «Әрбір адамның әлемде өз орны бар, Абай оны жаңғыртады: « Сенде бір кірпіш дүниеге ...» Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. 
          Абай философия бойынша іргелі еңбек жазбаған, алайда, оның қаламынан терең философиялық поэзиясынан басқа философиялық толғаныстардан, төлтума философиялық идеялардан тұратын «Ғақлия» немесе «Қара сөздер» атты еңбек туды. Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. 
Қара сөзде айтылған ой

Абайдың «Жетінші сөзінде» ұшырасатын «жанның тамағы» деген  күрделі философиялық ұғым бар. Оны  Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін  объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде  қарайды. Осы себептен де Абай:

«… құмарланып, жиған  қазынамызды көбейтсек керек, бұл  жанның тамағы еді,»

— деп қайыра түсінік  беріп отыр… Абайдай ұстаз  ақынның бұл «Жетінші сөзде» көздеген мақсаты адамның бойыңда туа  пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.

Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен «Ғылым таппай мақтанба» т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол «жанның тамағы туралы» ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, «адам болу» үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:

«Адам болам десеңіз… 
Бес нәрседен қашық бол…, 
Бес нәрсеге асық бол,»

- деген жолдарда жатыр. Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың «Он тоғызыншы сөзінде» де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай «Он тоғызыншы сөзінде»:

«Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады… Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,»

— деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.

Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау  еткен. Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.

Абайдың өз шығармаларындағы негізгі ұстанған философиялық қағидасы-бұл  «Адам бол!» деген үндеуі –  ол ойшыл ақынның шығармашылығының өзегіне айналды. Абай үндеуінің  философиялық мәні – адамның өмірдегі міндеті мен рөлін жоғары бағалау.Абайдың  философиялық тұжырымдамаларында «еңбек»  ұғымының айрықша орны бар, өйткені  қазақтың ойшыл- ақынының еңбектің адам өміріндегі мәні туралы айтылмайтын  шығармасы жоқ деп әсірелеусіз  айта аламыз. Абай қазақ қоғамын  ерінбей еңбек етуге шақырды.

  Ыбырай Алтынсариннің  жоғары өнегелілік пафосқа толы  шығармашылық мұралары – әлемді философиялық түсіну мен гуманистік бағыттың жарқын үлгісі.Ыбырай Алтынсарин өзінің ағартушылық философиясында жас ұрпақтың тағдырына  халықтың рухани қайта өрлеу үмітін артып, осыған байланысты педагогикалық, психологиялық көзқарастарын дамытты.Ол халықтың қамын жеу қазақ зиялыларының адамгершілік парызы деп білді.Ы.Алтынсарин қанағат мәселелері туралы көп ой толғады, ойшыл бақыт пен байлық – ысаптылықта деп санады. Сараңдық, өзімшілдік және басқа да кемістіктер адам өмірінің мәнін жоғалтады деген пікірде болды.Адам өміріндегі еңбектің рөлін терең түсіну, оған адам жанын жамандықтан, жалқаулықтан, әрекетсіздіктен қорғаушы деп қарау, еңбек адамның табиғи қажеттілігі деген пікірдің болуы Ы.Алтынсарин шығармаларына тән сипат.Ыбырай алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниеге көзқарастық пікірлер қалыптастырған.Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің сан алуандығына назар аударылған. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдерінде оның адам үшін маңызды екендігі сезіледі.Бұл ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі.

   Жастарды инабаттылық  пне адамгершілікке тәрбиелейтін  Ыбырайдың шығармалары ерекше  орын алады.Еңбек сүю , үлкенді  құрметтеу , мейірімділік , кішіпейілділік  сияқты қасиетті қырда өскен  балаларға түсінікті болатындай  әңгіме , мысалдар арқылы жеткізе  білді.Ыбырай  әлеуметтік  мәселелерді  көптеген еңбектерінде талқылайды. Ресей оқу орындарынан білім  алып, өркениеттен нәр алған Алтынсарин  озық-ағартушылық идеяларын қазақ елінде жүзеге асыруы үшін талай еңбек етті.Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық-саяси көзқарастарына шынайы да терең демократизм, өз халқының мүддесін қорғауға деген ұмтылыс тән.Ыбырай Алтынсарин ғылым мен ағартушылыққа, олардың  түрленуші күшіне сенім білдіреді.

  Қазақ қоғамы үшін философиялық емес  қалыптағы даналық тән.Ол адам тіршілігін қалыптастыратын дүниетанымдық әмбебаптылық дәрежесінде қолданылады.Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында уақыт адамнан бөлінбеген және уақыт өткізу ол үшін мүлдем жат.Қазқтың  ата-тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы – олардың бақылайтын, қабылданатын дүниеге сезімдік тұрғыдан жақын болуы, бұл болмыспен тамырластығы  уақытты, кеңістікті, адамның ішкі дүниесі, тіршілік етудің басқа да жақтарын, болмыс мәнін, ар-ождан бастауларын түсінуінен өз көрінісін тапты.Қазқ философиясының нақтылы    халықтық  көрінісіне мақал-мәтелдер жатады.Қазқ мақалдарының тақырыбы барлығын қамтиды. Ол өмірдің барлық қырын құрамына енгізеді: Күнделікті тұрмыстан тарихқа, өмірге дейін халықтық этика нормаларының кең кодексін қамтиды.

Информация о работе XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының антропоцентристік гуманистік классиктерінің философиялық көзқарастары (Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, Ы.Ал