Ғылым шындықты танудың ерекше нысаны ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 14:26, реферат

Описание работы

Ғылым қоғамдық сана нысандарының бірі ретінде философия, дін және т.б. қатар объективті шындық туралы білімді алуға және жүйелендіруге бағыттал-ған, өзіне жаңа білімді өңдеу бойынша және анықталған нәтижелерді алудың іс-әрекетін енгізеді. Ғылым табиғат пен адам және оның тіршілік ететін әлеуметтік мәдени ортасының зерттелетін объектілерінің қасиеттері мен қарым-қатынастары туралы білімді тарихи жағынан дамытатын жүйесі болып табылады.

Файлы: 1 файл

Ғылым философиясы.docx

— 119.82 Кб (Скачать файл)

Ғылым философиясы. 1.1 Ғылым шындықты танудың ерекше нысаны ретінде

Ғылым философиясы

1.1  Ғылым  шындықты танудың ерекше нысаны ретінде

Ғылым қоғамдық сана нысандарының бірі ретінде философия, дін және т.б. қатар объективті шындық туралы білімді алуға және жүйелендіруге  бағыттал-ған, өзіне жаңа білімді  өңдеу бойынша және анықталған нәтижелерді  алудың іс-әрекетін енгізеді. Ғылым  табиғат пен адам және оның тіршілік ететін әлеуметтік мәдени ортасының  зерттелетін объектілерінің қасиеттері мен қарым-қатынастары туралы білімді  тарихи жағынан дамытатын жүйесі болып табылады.

Ғылым – мәдениеттің анықтаушы  қосалқы жүйелерінің бірі.  XXI ғасыр басында оның 800-ден астам анықтамасы болды, сондықтан "ғылым" ұғымын қайта тұжырымдау процесінде туындаған қиыншылықтар заңды, немесе әрбір ғалым ғылым феноменінің меншікті түсіндіруін береді. Альберт Эйнштейн, ғылым – бұл сезімтал әлемнің "ретсіздік көп түрлілігін" «ойлаудың бірыңғай жүйесіне» сәйкестендіруге ұмтылыс, - деп бейнелеп суреттеген.

Жалпы оның анықтамасы шеңберінде ғылым – бұл рухани және материалдық  шындық туралы объективті, жүйелі және дәлелденген білімдерді қалыптасты-румен  байланысты теориялық та және практикалық  та саладағы іс-әрекеттің ерекше нысаны. Егер неғұрлым дәлірек айтқанда, бұл  анықтаманы нақтылайтын ғылыми қызметтің  бірнеше бағыттарын атау керек:

-  шындықтың сыртқы емес, мағыналық сипаттамаларын анықтау;

- әлемнің объективті бейнесі  туралы білімнің логикалық тұрғыдан  қарам-қайшылықты жүйесін қалыптастыру;

- анықталған табиғи және  әлеуметтік заңдар негізінде  нақты объектілер және процестер  жағдайын жобалау;

- танымдық әрекеттің арнайы  құралдарын жасау және әзірлеу,  мысалы, математикалық әдістер, зерттеу  жабдықтары және т.б.;

- еңбекті қоғамдық бөлу  саласында кәсіби қызметтің ерекше  түрлерін тарату (ғалымдар, инженерлер  және т.б.);

- кітапханалардан, ақпараттық  орталықтардан және т.б. алынған  білімді алу, сақтау, тарату және  енгізумен айналысатын ұйымдар  және мекемелердің арнайы жүйесінің  қызмет етуі. 

- "Science" (ғылым) және "scientist" (ғалым) терминдері ХХ  ғасырдың бірінші жартысында  еуропалық университеттік практикада  тұжырымдалды, олармен математика, физика және химия және басқа  жаратылыстану ғылымдар саласындағы  қызмет белгіленді. Әлеуметтік ғылымдар  саласындағы қызмет үшін кейінірек  "social science" термині пайдаланыла  бастады.

Генезис процесінде және ғылыми білімді дамытуда оның жіктелуіне көңіл  аудару күшейді.

Ғылымның бірінші жіктелуі антикалық дәуірде пайда болды. Аристотель философияны бірыңғай ғылым  ретінде "теориялық философия" және "практикалық философия" мен "шығармашылық философия" деп  бөлді. Бәрінен бұрын, "теориялық  философияны" ол физикалық, математикалық  және теологиялық философияға, поэтика  мен риторикаға бөлінеді. Логика ғылымның барлық жүйесінде пропедевтика (кіріспе) ретінде баяндалады.

Ағылшын ойшылы Ф. Бэкон Жаңа уақытта ғылымды оған қазіргі  замандағы материалды жіктеуді әзірледі: адам білімі үш тармаққа немесе салаға бөлінді, атап айтқанда тарих (жады), поэзия (қиял) және философия (пайым), бұл ретте, білімнің белгіленген салалары олардың  соңғы жан-жақты нақтылануына ұшырады.

Француздық Ағарту ісінің өкілдері Дидро және басқалар "Ғылым, өнер жә-не қолөнер энциклопедиясы немесе Түсіндірме сөздігі" шеңберінде механика-ны, физиканы, химияны, физиологияны және басқа ғылымдарды атап көрсетті.

Сен-Симон қоғамның таптық құрылымының ұқсастығы бойынша  ғылымды жіктеуді, яғни теология –  құл иеленушілік және феодалдық  қоғам, ал капитализм - позитивизм және т.б. ұсынды.

Позитивизм өкілі О. Конт, ғылымды дамытудың «үш сатысы»  доктрина-сын, атап айтқанда теологиялық, метафизикалық және позитивті доктринасын  ұсынды, бұл ретте оның пікірі бойынша  белгілі ғылымдардың әрқайсысы  белгіленген сатылармен біртіндеп  өтеді. Сәйкес сатылардан тек қана жаратылыстану  ғылымдары, астрономия, физика, биология және т.б. ғана емес, сонымен бірге  гуманитарлық ғылым – социология да өтеді.

Гегель ғылымды (философияны) терең жіктеуді ұсынды. "Нақты  философия" оларды "табиғат философиясы" және "рух философиясына" бөледі. "Табиғат философиясына" механика, физика, органикалық физика енгізіледі. "Рух философиясы" "субъективті  рух" - антропология, феноменология, психо-логия; "объективті рух" - құқық, мораль, адамгершілік және "абсолюттік рух" -  өнер, дін, философия деп бөлінеді.

Ф. Энгельс ғылыми білімді  жіктеуге маңызды көңіл аударған, ол салыстырмалы жай механикалық  нысандардан неғұрлым күрделі әлеуметтік нысандарға айналатын материя қозғалысының нысандарының ұғымын басшылыққа алған. Ф. Энгельс бойынша ғылыми білім  құрылымы мынадай түрде болады: механика, физика, химия, биология; еңбек теориясы арқылы (антропогенез) әлеуметтік ғылымдарға және ойлау туралы ғылымдарға өту  байқалды. Олар әзірлеген жіктеуде техникалық ғылымдарға да орын табылды.

Кеңестік философ Б.М. Кедров ғылымды қазіргі замандағы  жіктеуді әзірледі, ол материя қозғалысының нысандары туралы ұғымдарға сүйене отырып, ғылыми білімнің үш шамалы объективті жүйесін ұсынды, атап айтқанда органикалық  және органикалық емес табиғат туралы ғылымдар, сондай-ақ адам туралы ғылымды  ұсынды. Техникалық ғылымдар ғылыми жаратылыстану  сипатты пәндермен тығыз байланысты болды. Ғылыми білімнің барлық жүйесі философиялық ғылымдармен – диалектика және логикамен, сонымен қатар математикалық  пәндермен де ұштастыра қарайды.

Сондықтан, ХХ жүзжылдық  кезеңі басында төмендегі ғылымның анықталған жүйесі түзілді:

-  жаратылыстану ғылымдары – табиғат туралы ғылыми білім жүйесі;

- техникалық ғылымдар  – ғылыми жаратылыстану білімді  іске асыруға бағытталған ғылымдардың  техникалық жүйесі туралы ғылыми  білім жүйесі;

- әлеуметтік және гуманитарлық  ғылымдар – адам және қоғам,  оның әлеуметтік мәдени ортасы  мен тіршілік ету ортасы туралы  ғылыми білім жүйесі.

Бұдан басқа, ғылым феноменін  өлшеудің  аспектілері шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылымдар  ерекше атап көрсетіледі.

Іргелі ғылымдар – негізінен, практикалық бағыты болмайтын әлемнің  ғылыми бейнесін қалыптастырумен байланысты объективті шындықтың барынша терең  қасиеттері туралы білім жүйесі. Қолданбалы ғылымдар, керісінше, заттық-практикалық  бағдарды білдіретін білім жүйесі ретінде  қарастырылады.

Іргелі ғылымдар табиғат  дамуының негізгі заңдылықтары және принциптерінің пайда болуымен тығыз  байланысты болады. Бұл деңгейдің  дәстүрлі зерттеулері сыртқы әлеуметтік қажеттіліктер күшінде ғана емес, ал ішкі иманентті ынталар ретінде  де жүргізіледі. Сондықтан іргелі  ғылымдар өзінің негізінде жауапты түрде белгіленген практикалық бағыты болмайды, бұл мағынада олармен аксиологиялық (құндылықты) бейтараптылық байланысады (ойға байланыстыру). Сонымен қатар, іргелі ғылымдардағы жаңалықтар әлемнің ғылыми жаратылыстану бейнесін қалыптастыруға, парадигмалар өзгерісіне принципті әсерлерін тигізеді, яғни ғылыми ойлаудың негізгі сипаттамалары, соның ішінде іргелі ғылымдарда танымның базалық модельдері өңделеді, қолданбалы ғылымның негізін құрайтын ұғымдар, принциптер және заңдар пайда болады.

Қолданбалы ғылымдар іргелі зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып, әлеумет мүддесімен байланысты нақты  техника-технологиялық проблемаларды  шешуге ерекше назар аударады. Бұл  деңгейдегі ғылымдар амбивалентті, яғни қосымша саласына байланысты адам игілігі  ретінде пайдалануы мүмкін, оған және оның тіршілік ету ортасына келеңсіз әсерлерін тигізуі мүмкін. Басқаша  айтқанда, қолданбалы ғылымдарға құнды  мазмұны да енгізілген.

Алайда, іргелі және қолданбалы ғылымдар арасындағы дихотомияның (қарама-қайшылық) тарихи сипаты болады. Сірә, іргелі зерттеулер жүргізу процесінде қолданбалы міндеттерді  қою және шешу мүмкін, сонымен қатар  қолданбалы зерттеулер жиі және маңызды  сипаттаманы әзірлеуді талап  етті.

Мысалы, электр магниттік  өрістің классикалық теориясын  әзірлеу радиофизика, радиотехника, электроника және т.б. сияқты ғылыми-техникалық білімдердің циклдері үшін негіз  болып табылды.  

Кванттық механиканың  дамуы қолданбалы зерттеулердің  перспективалық бағыттарының мысалы, физикада жартылай өткізігіштердің  және т.б. мақсатты қатарларының пайда  болуы үшін мүмкіндіктер ашты. Атомдық  ядроның іргелі зерттеулері және тізбекті реакцияның ашылуы ядролық  энергетиканың дамуын қамтамасыз ететін қолданбалы ғылымдарды қалыптастыру үшін бастапқы пункт болды. Демек, ядролық  энергетикада қолданбалы зерттеулерді жүргізу ғылымның  салалары: физика және биологиядан бастап әлеуметтік мәдени зерттеулерге дейін қозғайтын іргелі әзірлемелердің кең спектрінің қажеттілігіне бұрды.

Сондықтан, бір жағынан, қолданбалы зерттеулер саласына іргелі ғылымдар саласынан келіп түсетін идеялар, теориялар және тұжырымдамалар спектрі  қолданбалы типті ғылымдардың қайта түрленуіне әкеледі. Екінші жағынан, қолданбалы ғылымдар іргелі типті ғылымдарға олардың практикалық мәнінің дәрежесін арттыра отырып, әсер етеді.

Біріншіден, табиғатты аспаптық танудың құралдары және әдістерді  жетілдіреді; екіншіден, көбінесе қолданбалы міндеттерді әзірлеу кезінде  жаңа идеялар және әдістер туындайды.   

Элементар бөлшектерді жеделдету  техникасын дамыту микроәлемнің іргелі заңдылықтары туралы теориялық білімдерінің көріністерін дәлелдеуге және тексеруге  мүмкіндік берді. Бәрінен бұрын, тиісті зерттеулер жаңа элементар бөлшектердің ашылуына, олардың пайда болу заңдылығын анықтауға әкелді және ол Әлемнің  эволюциясын анықтайтын микроәлемнің терең процестерін түсінуге жетеледі. 

Ғылымның қарастырылған "құрылымдығы" жеткілікті шартты сипатта болады. Шындығында, бір  жағынан, табиғи, техникалық және әлеуметтік ғылымдар, сонымен қатар  іргелі және қолданбалы ғылымдар да белгілі бір өзгешелікте болады. Жаратылыстану, техникалық ғылымдар және адам туралы ғылымдарды қолдану саласы – бұл олар үшін  әдістерді пайдалану тән болып табылатын объективті шындықтың  салалары. Іргелі және қолданбалы ғылымдар болмыстың  деңгейін зерттеуге бағытталады.

Басқаша айтқанда, ғылым  табиғи заңдылықтарды анықтай және зерттей отырып, объективті бірыңғай шындықпен ісі болады және танымның жалпы ғылыми әдістерін пайдаланады. Бәрінен бұрын, ғылыми жаратылыстану  және техникалық пен технологиялық  пәндер барлық үлкен шамада әлеуметтік мәдени білім жүйесімен өзара  байланысты анықтайды. Іргелі және қолданбалы ғылымдар арасындағы өзара байланыстылық  бір-бірінің қолдану саласын толықтыра  отырып анық көрінеді.

Ғылымды дамыту ішкі және имманентті  жағдайларға бағдарлау тән болып табылатын объективті процесс болып табылады (латын тілінен immanentis –тән, тиесілі). Ғылыми білім жүйесін қалыптастыру барлық ең үлкен дәрежеде сыртқы әлеуметтік, мәдени, экономикалық, мәдени және басқа жағдайлардан болатын өзінің тарихи тәуелділігін анықтайды.

Басқаша айтқанда, ғылымның өзара байланысы және өзара әрекет процесі күшейеді.  ғылыми пәндер арасындағы өзара байланыс және өзара әрекеттің бірнеше нысандары тарихи жағынан атап көрсетіледі:

- ғылыми пәндердің өзара  байланысы, физикалық химия, биофизика,  экономикалық математика және  т.б. арасында генетикалық және  тарихи жағынан өзара әрекет  жасайды;

-  бір цикл ретінде ғылыми пәндердің өзара байланысындай, мысалы, (ғылыми жаратылыстану), өзара байланысқандар, мысалы, бионика тек биология және физикаға ғана емес, сондай-ақ техникалық ғылымдарға да негізделеді;

-  циклді және бейінді ғылыми пәндердің өзара әрекеті тиісті белгілі бір ғылымға мақсатты орындауды іске асыру үшін жүзеге асырылады, мысалы, кибернетика тек математика және биологияны ғана емес, алайда жүйе теориясын, басқару әдістемесін, әлеуметтану және т.б. да біріктіреді;

- ғылыми білімнің  бағыттарының өзара байланысы нақты проблеманы шешу процесі жүреді, интеграция дәрежесі оның жергіліктіден ғаламдыққа дейінгі деңгейінің функциясы болып табылады, мысалы,  ғаламдық экологиялық проблеманы шешу жаратылыстану, техникалық білімдер және адам туралы ғылымдардың барлық салаларына өзара әрекетті талап етеді.

Б.Г. Ананьев, Ж. Пиаж, И.Т. Фролов және басқа ғалымдардың ХХ ғасырдың аяғынан бастап қазіргі замандағы  көзқарасы қалыптасты, ал оның ерекшелігі - ғылымның проблемалық шоғырлануы жақын арадағы перспективада  неғұрлым адам феноменімен анық байланыстырады.

Олардың пікірінше адамды зерттеу жаратылыстану ғылымдарының - физика, химия, биология, техникалық білім - эргономика, техникалық кибернетика  және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесі - философия, психология, социология, мәдениеттану, саясаттану және т.б., сонымен  қатар  медицинаны қоса отырып, арнайы пәндер қатарының өзара байланысын және өзара әрекетін ұсынады.

Ғылымдағы бұл үрдістер оның функцияларымен байланысады, ғылымның мынадай бірнеше функциялары  байқалады: зерттеу, оқыту, коммуникативтік, әлеуметтік мәдени және дүние танымды.

Зерттеу функциясы. Ғылым  нақты шынайылықты зерттей отырып, оның жаңа жақтары мен сапасын  ашады, танымның неғұрлым тиімді әдістерін  және т.б. анықтайды. Ғылыми зерттеудің мақсаты объективті шындық заңдылық-тарын  талдау болып табылады.

Оқыту функциясы. Оның шеңберінде ғылыми білімді ұдайы өндіру,  бір зерттеу жүйесінен басқасына ғылыми көріністерді беру жүзеге асады. Мұның барлығы өз кезегінде ғылым дамуының артықшылығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ жаңа ғылыми дәстүрлерді қалыптастыратын білім жүйесі, ғылыми мектептер арқылы ғылым кадрларын дайындау процесінде жүзеге асады.

Коммуникативтік функция. Ғылыми қоғамдастық мүшелерінің арасын-дағы ақпаратпен алмасу процесі өзіне, оған нәтижесінде ғылыми қоғамдас-тықтың өзара байланысы нығаятын және ғылыми-зерттеу  қызметінің тиімділігі мен ақпараттылығын арттыратын жарияланымдар, конференциялар мен пікірталастарды және т.б. өткізу кіреді.

Әлеуметтік мәдени функция. Ғылым - өркениет негізін құрайтын мәдениеттің  базалық элементтерінің бірі болып  табылады, ғылымды дамыту деңгейі  және сипаты тарихи процесс динамикасында  әлеумет мәртебесін көрсететін, маңызды  фактор болып табылады. Ғылымды дамыту - өркениеттің позитивті динамизмінің критерийі.

Дүинетанымдық функция. Ғылымның жиынтықты дамуы объективті шындыққа мақсатқа сай келуін анықтайтын принциптер, сенімдер және түсініктер жүйесі ғылыми дүниетаным негіздеулерін қалыптастырады. Ғылыми көзқарас жалпыланған түр  шегінде адамның (субъектінің) табиғатқа (объектіге) деген ұтымды қатынасымен  байланыстырады.

Әлеумет дамуының  кезеңдерінде ғылымның сол немесе өзге функциялары басымдылық береді. Акцент антикалық кезеңде оның дүниетаным функция-ларына – дүниетанымның стихиялық диалектикалық нысандарына; орта ғасыр кезеңде оқыту функцияларына жасалды, бұл кезеңде ғылым негізінен универси-теттерде шоғырланды; Жаңа уақыт жағдайында – ғылымның зерттеушілік функциясы дамыды, қазіргі замандағы ғылыми білімнің қалыптасуы жүрді.

Ғылымның дамуы XIX ғасырға  дейін нақтылықтың әлеуметтік мәдени процестеріне елеулі әсер тигізетіндей негізінен тек имманентті сипатта  болды деп айтуға болады. Тек XX ғасырдың ортасына қарай ғана ғылым функциялары  танымдық процесінің динамизмін қамтамасыз ететін жүйелік тұтастықты құрастыра  отырып, бірлікте болады. Соған қарамастан, XXI ғасырдың басына қарай ғылымның дүниетанымдық  функциясы, оның тарихи қалыптасқан  функционалдық ерекшеліктерімен біріге отырып, қазіргі замандағы өркениет-тің  әлеуметтік мәдени процестерінде айқын  басым орын алады. 


Ғылыми танымның әдістері

Ғылыми танымның әдістері 
 
Жоғарыда сипатталған ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді. 
 
Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады. 
 
Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері  ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың  пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді  (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден  объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі.  Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында. 
 
Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.  
 
Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді. 
 
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 
2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 
3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 
4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау. 
 
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады: 
1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 
2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 
 
3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау. 
 
Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.  
 
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: 
 
- анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу; 
 
- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру; 
 
- абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу; 
 
- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі; 
 
- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі; 
 
- дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі; 
 
- аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі,  басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның  екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б 
 
- классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері). 
 
Зерттеу процесі  барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады: 
 
• экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы; 
 
• интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу; 
 
• модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; 
 
• ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын  алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу; 
 
• эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары; 
 
Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады: 
 
- декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу; 
 
- селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау; 
 
- агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру. 
 
Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді. 
 
Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде  зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.  
 
1.4 Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары 
 
Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл  түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды. Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы. Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады,  ол зерттеу барысындағы  бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы. Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер. Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы. 
 
Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның түсініктілігі бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген. Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі болып табылады. 
 
Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік, магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық ғалымдар Д.К.Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына сүйенді. 
 
Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.)  олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады: 
 
- қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланаған; 
 
-экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі. 
 
Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен ешқандай байланысы жоқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз болатыны сөзсіз. Шын мәнінде, парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық фактілер мысалдарынан  – анализ, бағалау сияқты процестердің ғылымның кәдімгі даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын байқауға болады. Сондықтан ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір  біріне үзілді – кесілді қарама - қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың тарапынан қарсылыққа кездесті. 

 

 

Жоспар

1.Танымның философиялық тұғырнамалары

2. Ойлау және тiл

3. Интуиция, оның таным мен шығармашылық процесiндегi ролi

4. Бiлiм түрлерi. Сенiм, пiкiр, түсiнiк

5. Ақиқат мәселесi

6. Ғылыми таным және оның спецификалық ерекшiлiктерi

7. Бiлiм алу танымның ерекше формасы ретiнде

1. Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр (гр. gnosis-таным, logos-ұғым, iлiм).

Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет  және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.

Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi.

Декарт заманының батысеуропаның философиясында танымды “субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Танымсубъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады.

Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ  субъектiнiң өзi де кiредi.

Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес.

Таным процесiнде  субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн тандауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетiкалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.

Қазырғы заманда ғылыми таным саласында объектiмен субъектiнiң арасында басқада “делдал”(посреднтчество) қызметiн атқаратың әр-түрлi құралдар мен техникалық құрылымдар байқалады. Мысалы, атомдық физика саласында, микробиология және т.б. бiлiм салаларында алынған мәлiметтер таза объектiнiн қасиеттерiне, өзiнен-өзi өмiр сүретiнге жатпайды, өйткенi олар әр-түрлi құралдардың ықпалымен алыңған болғандықтан , олардың iздерiн сақтап қалады.

Және субъектiнiң өзiнiң табиғаты жағынан әлеуметтiлiкке негiзделгендiк тен, ол да таза болмай, қоғамның даму денгейiмен байланысты болады. Сондықтан да, қазырғы гносеологияда бiлiмдi сараптаудың түпкi пунктi индивидуалды субъект және оған қарсы тұрған объектi емес, керiсiнше қоғамдық жүйелер дамуы мен қызметi және субъект аралық iс-әрекет.

Танымның мәнiң түсiндiруде философтар әр түрлi пiкiрде болды.

*Себептiлiк тұғырнама (Гоббс, Локк т.б.)- таным екi табиғи жүйелердiң арақатынасының нәтижесi деп түсiнiп, ал бiлiм енжарлы (пассивный) субъектiнiң сезiм мүшелерiне тигiзетiн объектiнiң белсендi де физикалық әсерiнiң нәтижесiнде қалыптасады.

*Әрекеттiлiк тұғырнама (Выготский, Копнин, Лекторский т.б.)- әлеуметтiк таным теориясынның бейнесi ретiнде түсiнуде көрiнедi, мұнда таным процесi субъект дәне объект арақатынасы деп қарастырылады, бiрақ субъектiнiң белсендiлiгi, әлеуметтiкмәдени ортаға тәуелдiқалыптасатың адамның қабiлетi  деп түсiну.

*генетикалық эпистемология (Ж.Пиаже 1896-1980, “Баланың тiлi мен ойлау қабiлетi”, “Логика туралы трактат”,“Интелект психологиясы”, швейцар психологы, генетикалық эпистемологияның негiзiн қалаушы, интелектiн дамуында төрт сатыны бөлдi:сенсомоторлық, операцияға дейiнгi, нақты операциялар кезенi, формальды операциялар кезенi, ал операция деп субъектiнiң iшкi әрекетi мен сыртқы заттық әрекетiнiң ттуындысыңтүсiндi) танымды объектi мен белсендi әрекет жасаушы табиғи (биологиялық) субъектiнiң арақатынасы деп түсiнедi. Осы қатынастардың негiзiнде, “субъектi объектiнi тану және оның мәнiң түсiну негiзiнде өзiнiң әрекеттерiн, оның интелект және ойлау операцияларын қамтитын, бiркелкi жүйеге ұымдастырады.”

*танымның эволюция теориясы (Фоллмер т.б.) танымның негiзi ретiнде “орташа өлшемдегi әлем”, “мезокосм”, тек ол ғана адамның танымына мәлiм болады, онаң ғана адам түйсiк-бейнелердi ала алады. Ал танымның нәтижелерi мен танылатың әлемге сәйкестiгi психиканың қабiлетiне, эволюциялық және қоршаған ортаның өзгерiстерiне беймделуiне байланысты болады.

Жоғарыда аталған тұғырнамалар мен қатар басқада теориялар бар, олардың арасындағы сындарлы (конструктивное) қарым-қатынас жүруге мүмкiндiк беретiн және гносеологияның дамуына ықпалың тигiзетiн.

Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды.  Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие.

Түйсiк (ощущения)- адамның сезiм мушелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен сапаларының қарапайым, элементарлы  бейнеленуi. Олар, қоршаған айнала туралы жiктелмеген (дифференциациалған емес) және затталған емес әсерлер, дабылдық (белгi) және бағыттау қызметтерiн атқаратың. Таным барысында, түйсiк, таңба (белгi) мен бейненiң бiрлiгi болып табылады. Физикалық табиғатқа қатысты элементерлы тiтiркенуiштер немесе объектiлердiн элементтерi (форма жағынан) түйсiктер таңба-белгi болап келедi (бiр метериалдық объект басқа материалдық объектiнi ауыстыру). Ал, қоздырғыштың көлемiне қарай, олардың кеңiстiк пен уақытта оқшаулауына (локализация), объектiнiң микроқұрылымына (мән жағынан) қарай олар бейне болып табылады (материалды объектiнiң идеалды нұсқасы).

Қабылдау (восприятие)- адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ету нәтижесiнде, санада материалдық заттар пен нәрсенiң бiртұтас бейнесi қалыптасатың, сезiмдiк танымның ерекшк формасы. Қабылдау, мiндеттi түрде, субъектiнiң таным объектiсiмен тiкелей байланыс орнатқан сәтте, түйсiктер негiзiнде пайда болады. Ол да бейнелер-белгiлер тұтастығымен сипатталады. Сана сенсорлы мәлiмдемелердi әр түрлi қабылдау мүмкiн, бiр бейнеден әр түрлi объектiлердi шығару. Бiрақ, көптеген жағдайларда сана объектiлердi дұрыс (адекватты) қабылдайды. Қабылдаудың бұл қасиетi тұрақты шама (константность) деп аталады. Қабылдау бiртұтастық және тұрақтылық қасиеттерiнен басқа, тандалмалы қасиетiне де ие, ол бiр объектiнi басқа объектiмен салыстыра отырып оны басқалардаң айыра бiлу және оқшаулау ды бiлдiредi.

Мәселе шешу: Соқыр боп туған адамдар, көздерiне дұрыс операция жасалғаннаң кейiн  айналадағы дүниенiбiрiншi көрген кезде,  көп уақытқа дейiн заттардың формалары мен  көлемдерiн, олардың бiр-бiрiнең алыс тұрғаның ажырата алмайтыны белгiлi.

Мұны қалай түсiндiруге  болады?


Елестету- сезiмдiк қабылдау негiзiнде қалыптасқан, заттардың жаңама-сезiмдiк бейнесi; бұрын қабылданған заттар мен нәрселердiң көрнекi бейнесiн сезiм мүшелерi арқылы қайта жаңғырту процесi. Елестету сезiмдiк байкау (созерцание) мен абстрактiлiойлау арасында дәнекерлiк қызметтi атқаратың, йндивидуалды жекеше бiлiмнiң сезiмдiк-тiкелей және абстрактiлi-жаңама формаларын бiрiктiретiн, сезiмдiк танымның жоғары формасы болып табылады. Оның ерекшлiктерi:

*бұл сезiмдiк бейне,  адам  таным затымен тiкелей арақатынаста болмаған сәтте де, санада жаңғыртылады;

*оның ерекше белгiлерiнiң бiрi, жалпылық және абстрактiлiк (заттың жеке қасиеттерi мен оның ерекше белгiлерiн жоғалту);

*адам санасында  бейнеленген, қабылданған бейнелер, шығармашылық тұрғыдан бiрiктiрiлiп, шындықта жоқ жаңа бейнелер (бейне-үлгi(модель), бейне-мақсат, бейне-жоспар) жасауға әкеледi, бұл процесс- қиял деп аталады, осыз еш творчесволық әрекет болуы мүмкiн емес.

Сезiмдiк таным  барлық формаларының бiртұтастығы ретiнде адам өмiрiнде үлкен орын алады. Сезiмдiк таным арқылы адам қоршаған дүние туралы және өзi туралы алғашқы бiлiмдерге ие болады, оның санасында әлемнiң сезiмдiк бейнесi (картинасы) қалыптасады, оның қажеттiлiгiөзiнiң болмысының жағдайларына беймделуiнде (адаптация).

Бiрақ заттарды терең және жан-жақты танып бiлу үшiн, тарихта болған оқиғаларды, белгiлi бiр әлеуметтiк құбылыстарды түсiну үшiн т.б. жалғыз ғана сезiмдiк таным жеткiлiксiз. Мiне, осында адамға көмекке рационалды, жиi абстрактiлi ой деп аталатың  таным келедi. Танымның бұл нысаңы адамның келесi мүмкiндiктерiмен: идеализация, пiкiр айту, ой қорыту және т.б. логикалық операциялармен  тығыз байланысты.

Информация о работе Ғылым шындықты танудың ерекше нысаны ретінде