Жаңа замандағы философ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 13:04, реферат

Описание работы

Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық қатынастардың жемісі болатын Өйткені, Батыс Еуропада капиталистік құрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы-ақшалы шаруашылықтың дамуы ортағасырлардағы тұйық қоғамның жемісі болған барлық әлеуметтік, саяси-идеологиялық қатынастарды талқандауға әкеліп соқты. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып алатын, сатылатын тауарларға бағынышты болды.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................2
1. Жаңа замандағы философтардың көзқарастары............................................3
2. XVIII ғасырдағы Еуропалық мәдениет.............................................................5
3. Белгілі жаңа заман философтары....................................................................6
3.1. Готфрид Вильгельм Лейбниц.........................................................................6
3.2. Гоббс Томас.....................................................................................................7
3.3. Локк Джон.........................................................................................................7
3.4. Спиноза............................................................................................................8
3.5. Гроций Гуго.......................................................................................................9
4. Қазақстандағы жаңа заман философы- Досмұхаммед Кішібеков.................10
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................13
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................14

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 48.84 Кб (Скачать файл)

                                           МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.................................................................................................................2  
1. Жаңа замандағы философтардың көзқарастары............................................3 
2.  XVIII ғасырдағы Еуропалық мәдениет.............................................................5 
3. Белгілі жаңа заман философтары....................................................................6 
3.1. Готфрид Вильгельм Лейбниц.........................................................................6 
3.2. Гоббс Томас.....................................................................................................7  
3.3. Локк Джон.........................................................................................................7 
3.4. Спиноза............................................................................................................8 
3.5. Гроций Гуго.......................................................................................................9 
4. Қазақстандағы жаңа заман философы- Досмұхаммед Кішібеков.................10 
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................13 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         

                                       КІРІСПЕ

      Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық қатынастардың жемісі болатын Өйткені, Батыс Еуропада капиталистік құрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы-ақшалы шаруашылықтың дамуы ортағасырлардағы тұйық қоғамның жемісі болған барлық әлеуметтік, саяси-идеологиялық қатынастарды талқандауға әкеліп соқты. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып алатын, сатылатын тауарларға бағынышты болды. Оны өлтіруге, сатуға және сатып алуға болмайды. Бірақ, адамның жұмысшы күші сатылады, өйткені, ол қосымша құн тудырады. Бүкіл байлық — капитал осы процесс арқылы дүниеге келеді.  
        Философияның ендігі мәселесі капиталистік өндіріс нарық тудырған, бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастаған жаңа типтегі ғылым және оның жаңа әдісі туралы болды. Философия сонымен қатар жаңа дүниетаным жаңа көзқарасты дүниеге әкелді. Жаңа философия қалыптасты.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жаңа замандағы философтардың көзқарастары

 

Жаңа заман философиясы  мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың  пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI—XVII ғасырларда жаратылыстанымдық  және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVII ғасырға қарай  классикалық механика, жаратылыстанымдық  ғылымдардың экспериментальдық  негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан  философияның ғылымға қатынасын  анықтау көптеген философтардың  маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ рационалистер Декарт пен Лейбниц, философ-эмпиристер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия  мен жаратылыстану арасындағы шекараны демакрациялау туралы мәселені шешу мен айналысты. 
Дәл осы Жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр — бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және табиғатты экспеиментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік етуде рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс, РДекарт және т.б. жатады. 
Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады: 
1) табиғатты зерттеудегі объективтілік; 
2) ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы; 
3) табиғаттан технологиялық үстемдік; 
4) табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі. 
Бэконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді және бақытты қоғам құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Ал ол үшін философия әлемді тану жолындағы гносеологиялық схемалар мен стереотиптерді тазалауы қажет. Кедергілер түріндегі мұндай идолдар қатарына ол тектік идолдарды, индивидтік идолдарды, алаң идолдары мен театр идолдарын жатқызады. Бұл идолдар ескі философиялық дәстүрлер әсерінен қалыптасқан. Ф.Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа және стереотипке қарсы күресу бағдарламасын ұсынады. Ол үшін Бэкон адамдарға санадағы тосқауылдардан құтылып, нағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік беретін педагогиканы дайындады. Сонымен қатар ол идеалдық мемлекеттің платондық теориясына өзінің саяси утопиясын қарсы қойды. Бэконның пікірінше адамзат қоғамы өзгеріп отырады және бұл дамудың өзегі адамның табиғатты пайдалану қабілеті мен үстемдігі болып табылады. Қоғам алға жылжиды және тарихты құдай емес адамның өзі қозғайды — міне, Бэконның идеясы. Ал бұл тұжырымның негізін бэкондық индукция теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы адамға табиғатқа билік жүргізу үшін қажет білімді береді және ғылымның көмегімен адам жаңа қоғам — аспанда емес, жерде жұмақ орната алады! 
Дәл осы Жаңа заманда ашылған философиялық идеялар мен ғылыми жаңалықтардың арқасында парадигмалардың алмасуы іске асады: бұдан былай табиғат пен заттар әлемі объектіге, ал адамның өзі субъектіге айналады. Жаңа заманда тілдің стратегиясында да өзгерістер болып, терминологияны «пайдаланудың» жаңа тәсілі пайда болады. Және бұл тілдің жаңа стратегиясы жаңа философиялық стратегияның нәтижесі болып табылады. Бэконнан Декартқа дейінгі, Лоқктан Кантқа дейінгі Жаңа заман философтары жаңа философиялық стратегия ретінде эпистемологияны қалыптастырды. Жаңа заман философиясы алдыңғылармен салыстырғанда субъективтіліктің философиясы болып қалыптасты. Егер Бэкон индуктивті әдісті идолдарды игеру және ақиқатқа жету әдісі деп санаса, Декарт адамның құралы кумән деп есептеді, ал Локк индивидуалды тәжірибе мен ақыл әрекетіне басымдылық береді. Жаңа философиялық стратегияның жалпы түпкі бастауы субъект ретіндегі адам болып саналады. 
Адамды субъект ретінде қарастырып, ал табиғатты адам эксплуатациясының (қанауының) объекті деп қарастыратын жаңа философиялық парадигма ғылыми әдістерді қолдануға мүдделі болды. Зандылықтар мен себептік байланыстарды түсіндіру үшін ғылыми өдістерді пайдалану адамға объекттің үстінен билік жүргізуге мүмкіндік береді. Адам енді отбасымен, мемлекетпен және логоспен үйлесімді өмір сүретін қарапайым емес. Адам енді ғылыми білімнің көмегімен универсум объектілеріне билігін бекітетін субъект. Осыған байланысты Жаңа замандағы философиялық тайталастардың ең өзекті мәселелері мыналар: білімнің қайнар көзі мәселесі, айқындықтың критерийі (өлшемі). Егер рационалистер (Р.Декарт, Лейбниц, Спиноза) «айқындықты» рационалды интуиция арқылы өзінен-өзі көрнекіліктен көрсе, ал эмпиристер (Локк, Юмжәне т.б.) «айқындыққа» бақылау арқылы, «эмпирикалық тексеру» арқылы жетуге болады деп есептейді. Жаңа заман философтары арасында пікірталас туғызған келесі маңызды сұрақ — субстанция, оның атрибуттары мен акциденциялары мәселесі болды. Спинозаның пікірінше, субстанция өз-өзіне себеп болып табылады. Субстанция Құдай да, табиғат та. Субстанция танушы адамның алдында ара қашықтық ретінде және ойлау ретінде көрінеді. Субстанция өзін өте шексіз көптеген тәсілдер ішінде осы екі тәсілмен көрсете алады. Г.Лейбництің Спинозадан ерекшелігі, ол базистік элемент ретінде монаданы мойындайды, олардың синтезі мен бірігуінен Ғалам құралады. 
Т.Гоббс барлық мәнділіктің себебі ретінде материяны мойындайды, оның кеңістік пен уақыттағы қозғалысы нәтижесінде табиғи әлемнің барлық алуан түрлілігі пайда болады. Бұл идеяны сонымен қатар Гельвеций, Гольбах, Ламетри сияқты философтар да қолдады. Ал Р. Декарттың бұлардан айырмашылығы, ол Құдайдан өзге созылмалы болмысты да (материя), ойлаушы болмысты да мойындайды. Беркли өзінің «өмір сүру, демек қабылдану» деген методологиялық принципіне сәйкес жалғыз өмір сүретін Құдай деп есептейді. Барлық нәрселерді қолдайтын да Құдай. Философтың пайымдауынша барлық заттардың өмір сүруі Құдаймен қабылдануы арқасында ғана. Құдай барлық нәрсенің себебі ретінде тәжірибенің реттелуі мен тәртіптілігін қамтамасыз етеді. Тәжірибе арқылы барлық заттардың нақтылығы беріледі. Берклидің тұжырымдауынша, осылай Құдай жаратушы, сақтаушы және сыйлаушы болып табылады, өйткені әлемдегі барлық нәрсе жалғыз соның арқасында ғана өмір сүреді, бір-бірімен байланысады. 
Берклидің ізінше Юм материяны субстанция ретінде қарастыру идеясын да, рухани (ментальдық) субстанция туралы идеяны да сынға алады. Юм бойынша, өмір сүретін барлық нәрсе сезім органдары арқылы ассоциацияға және тәжірибеге берілуі мүмкін. Юм субстанция туралы идеяны, жаратылыстану ғылымындағы «меннің» себептілігін артық деп есептеді, ғылым үшін тәжірибенің мәліметі маңызды. Сонымен Юм әлемдегі барлық білім тәжірибеден алынады деп, туа бітті идеялары мен априорлық ықтималдықтарға қарсы индукцияның рөлін теріске шығарады. Юм дұрыс ақылдың танымда да, моральда да, саясатта да маңыздылығын көрсетті. 
Субстанция мәселесі төңірегіндегі пікірталастар тек философиялық рефлексия нәтижесі ғана емес, сонымен қатар еуропалық адамның нақты практикалық әрекетінің теориялық-абстракциялық бейнесі де болып табылады. Себебі, ол ғылыми білімнің мәліметіне сүйеніп, әлемнен үстемдігіне ғана сеніп қоймай, қоршаған орта белгісіз тылсым күштің ықпалымен емес, өз заңдылықтарымен өмір сүретіні туралы білімге сүйене отырып, өзінің нақты практикалық әрекетіне де сенуі тиіс. Бұл сенім барлық жүзеге асатын нәрсенің материалдығы, оның себептілігі мен кұрылымдылығы, шексіздігі мен мәңгілігі туралы біліммен бекітілуі тиіс. Материяның барлық мәнділік субстанциясы, жалғыз себебі екені, адам мен қоғам өмір сүруінің қажетті шарты ретінде әлемнің, географиялық, табиғи ортаның материалды екендігін негіздеуге ағартушылық дәуірдің ойшылдары да үлес қосты. 
Ағартушылық дәуірі Еуропаның мәдени дамуына үлкен ықпалын тигізді. Ағартушылық идеялары шенеуніктер мен буржуазияның санасында және ойында, әрекетінде берік сақталып қалды. Ағартушылық идеялары Батыс Еуропаның университеттерінің өміріндегі белсенділіктің артуына, неміс мәдениетінің жоғары өрлеуіне ықпалын тигізді.

 

  1. XVIII ғасырдағы Еуропалық мәдениет

      XVIII ғасырдағы Франция мемлекеті  Еуропаның рухани өмірінің негізгі  ошағына айналды. Француз халқының  философиясында, әдебиетінде, өнерінде  және т.б. жаңа леп, соны бағытгар  аңғарыла бастады. Осы уақытқа  дейін ездерін Францияның қарсыласымыз  деп есептеп келген Испания, Германия, Польша, Ресей, тіші Англия сияқты өркениетгі елдер француз мәдениетін мойындауға мәжбүр болды. Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Францияда «ағартушылық идеологиясы» 1789—1793 жылдары ұлы француз революциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Шындығын айтсақ, бүгінгі заманның ең өркениетті елдерінің бірі Америка Құрама Штаттары да «ағартушылық идеяларының» негізінде қалыптасып, іргелі мемлекетке айналды.Франциядағы саяси революция, АҚШ-тағы тәуелсіздік жолындағы күрес және Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі Реформация кезеңінен басталып, ұзаққа созылған жалпы Еуропалық дамудың тарихи қорытындысын шығарды. Ол қорытынды — қоғамның жаңа түрі — «өнеркәсіп өркениетінің» қалыптасуы болды. Бұл кезеңде феодалдық қоғам мен шаруашылықтың натуралдық жүйесі ғана емес, сол қоғамға лайықталып қалыптасқан қоғамдық сана да күйзеліске ұшырады. Моральдық кризис қоғамдағы білімді адамдарды да қамтыды. Қоғамда өз орнын таба алмаушылар санының көбеюіне, халықтың қараңғылығы мен сауатсыздығына, халықтың қайыршылығы мен құқықсыздығына, қала люпендерінің азғындауына қарсы тұрар күш — мәдениет болды. Ол қоғамда жасампаздық пен шығармашылық рөл атқарды. Ал мәдениеттің өркендеп дамуы қоғамдық-саяси және әлеуметтік өзгерістерге тікелей байланысты болды. Өндіріс саласында, қоғамның базистік құрылымында мануфактурадан күрделі технологияға көшу, шикізаттың жаңа түрлері мен энергия көздерін игеру және т.б. шаралар жүзеге асырылды. Ғылым саласында, бұрын механика-математика сияқты ғылым салалары үстемдік еткен болса, енді оның қатарына физика, география, биология және т.б. ғылымдар қосылды. Ендігі жерде табиғатта, қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер ғалымдар назарынан тыс қалмады. Қоғамдық ғылымдар саласында, әсіресе философия ерекше белсенділік танытты. Философтар қоғамдық өмірге сын көзбен қарап, терең философиялық пайымдаулар жасады. Олардың сынының негізгі объектісі — қоғамдық (мемлекеттік) құрылыс және сол құрылыстың идеологиясы — дін болды. Әлеуметтік қайшылықтар бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде шиеленісіп, таптық қайшылықтар асқынған Францияда дінді (католиктік) сынау радикалдық, атеистік тұрғыдан жүргізілді. Гольбахтың пікірінше, дін — барып тұрған өтірік пен сандырақ, сондықтан дінді жоймайынша феодалдардың деспотизмінен құтылып, зорлық-зомбылықты жою мүмкін емес. Ағылшын философы Юм мен неміс философы Канттың көзқарастары мұндай рационализмнен алшақ болғандығына қарамастан, олар да феодалдық идеологияны қатал сынға алды. Олар қоғамдық мораль мен адам тұлғасы діннен тәуелсіз болу керек деп жариялады.

 

 

  1. Белгілі жаңа заман философтары

     Көне заман мен жаңа заманның  арасында қаншама уақыт өтсе  де олардың өзара сабақтастығы  өмірлік сипат алды. Ойымыз дәлелді  болу үшін, ғылым саласындағы  әр заман өкілдерінің бізді  қоршаған дүние жайындағы ой-толғамдарын  қарастырып көрейікші. Шындығында  да, жаңа заманның философы, әрі  математигі Лейбниц (1646—1710 жылдары) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. VI ғасырлар) дүниеге қатысты ғылыми көзқарастары ның бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақты теория болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын — замана талабы, қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік тұрғысынан қарастыратын болсақ; бұл-құдайтағаланың даналығына шексіз сенім болса, ал рухани тұрғыдан қарастырсақ, бұл — өнер атаулыны (мысалы, Бахтың музыкасын немесе классицизм стиліндегі өнер туындыларын және т.б.) бүкіл жан-дүниеңмен қабылдау болып табылады.Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты меңгеруге жұмсалды, сондықтан да болар XVII ғасырда ғалымдарының басты назары табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағытталды. Сонымен қатар XVI—XVII ғасырлар қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың негізінде философиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық теориялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр ойшылдары: Гоббс, Локк, Спиноза, Гуго, Гроций және т.б. болды.Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл дөуірде элем техникаландырыла бастады, табыс пен байлыққа ұмтылыс бұрын-соңды болмаған қарқынға ие болды, капитал күшіне енді. Ең бастысы — ғасырлар бойғы қалыптасқан өмір салтының бұзылуы адамдардың санасын өзгертіп, жалпы мәдениеттің дамуына өз ықпалын тигізді. Сондықтан да болар, қоғамда қандай терең өзгерістер жүзеге асырылса да, жаңа заман мәдениеті өзінің тар шеңберінен толық шыға алмады. Оның үстіне Еуропалық өркениеттің алға басуы дүние жүзінің басқа да халықтарын, соның ішінде көне мәдениеттің ошағы болған ұлы халықтарды (Үндістан, Қытай, Мексика және т.б.) ашықтан-ашық тонау есебімен жүзеге асырылды. Өркөкірек еуропалықтар өздерінің өркениетгі-мәдениетті елдерге айналуына тікелей әсер еткен бұл мемлекеттердің мәдени ықпалын тез арада ұмытып кетті. Еуропалықтар «ұлы географиялық ашулар заманын» басынан кешірді, жаңа жерлерді игерді, талай мемлекеттерді экономикалық тәуелділікте ұстады. Бірақ, өкінішке орай, олар жаңа жерлерді игергенмен, халықтардың рухани байлығын игеруді қажет деп санамады. Демек, жаңа еуропалық мәдениетті бір жақты қарастыруға болмайды. Оның шоқтығы биік мәдениет екендігін мойындай отырып, оның қарама-қайшылықтарын, ақтаңдақтарын да шындық тұрғысынан көрсете білуіміз қажет.

    1. Готфрид Вильгельм Лейбниц

   Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716) - неміс философы және ғалымы, жаңа заман философиясының рационолистік дәстүрінің жалғастырушысы. Ол болмыстың мәнін ашуға талпынды. Оның пікірінше, болмыс ұсак ерекше рухани бөлшектер - монадалардан тұрады. Монадалар - болмыстың алғашкы элементтері, атомдар. Лейбниц өткен философияның маңызды нәтижелерін жаңа ғылыми білімдерімен өзі ұсынған. Методологиямен сәйкестендіруге талпынды.

 

    1.   Гоббс Томас

     Гоббс Томас (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.  
Гоббс Томастың негізгі еңбектері "Азамат туралы ілімнің философиялық бастауы", "Левиафан, әлде материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттік билік, оның түрлері".Гоббс Томас өзінің ілімінің негізіне жеке адамның жаратылысы туралы белгілі бір кәзқарастарды алды. Туа бітті, жаратылысында адамдардың ойлау қабілеті де, шынығуы да бірдей деп есептейді. Сондықтан барлығы "бәріне құқылы". Бір жағынан, адам өте өзімшіл, оған қорқыныш, іштарлық сияқты қасиеттер де тән. Адамды тек қызғаншақтар, жаулар қоршайды. "Адам адамға қасқыр" принципін негіздеді. Осыдан келіп қоғамда соғыстар туындайды. Бірақ мүндай соғыстар кезінде "бәріне құқылы болу" деген - ешнәрсеге ешқандай құқы жоқ деген сөз. Мінеки, осы жағдайды Гоббс Томас "адамдардың жаратылысы немесе табиғи жағдайы" деп анықтаған. Адамдарға күшпен қатар, өлім қатері мен өзінөзі қорғау қасиеттері де берілген.

Ең маңызды  жаратылыс заңы: 

  1. бейбітшілікке үмтылу;
  2. бейбітшілік мүдцесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркім өзінің қүқынан қажетті түрғыдан бас тартуы қажет;
  3. адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек.

 

Жалпы Гоббс Томас 16 заң  ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Гоббс Томас тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары.Құқық пен заң мәселелерін бөліп қарастырған. Құқық ол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, ал заң бір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған.Жаратылыс заңдары жеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қана күш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осы бейбітшілік пен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты. Мемлекет адамдардың "барлығына қарсы соғыстарды" жою үшін бірігуі тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік, суверен билігін жақтады.

    1. Локк Джон

    Локк Джон (29.8.1632, Рингтон — 28.10.1704, Отс) — ағылшын философы. Локк философия тарихында танымның эмпирик. (тәжирибелік) теориясы мен либерализмнің идеялық-саяси негізін жасады. Локктың көзқарастарына П. Гассендидің, Р. Бойль мен И. Ньютонның идеялары ықпал етті. Оның “Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы” (1690) деген еңбегінде философия тарихында алғаш рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Локк философиясында адамның ақылы, зердесі зерттеудің негізгі нысанасына алынды, ақылдың мүмкіндігі, қабілеті қарастырылып, оны пайдалану қажеттілігі айтылды. Р. Декарттың білім “туа пайда болады” деген идеясын сынай отырып, “сезімде жоқ нәрсе ақылда болуы мүмкін емес” деп, эмпирик. таным әдісін ұсынады. Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза, оған белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние. Сыртқы дүние сезім мүшелері арқылы бізге әсер етіп, білім береді деп санады. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр деген Локк көзқарасы Бэкон философиясынан басталатын эмпирик. бағыттың сара жолы еді. Локк философиясы зердені тек ақылдың деңгейінде, яғни алған білімдерді жинақтайтын қызмет түрінде ғана бейнелейді. Оның ойынша зерде (оны Локк ақыл дейді) — жан қабілетінің ең жоғарғы сатысы. Оның әрбір қадамы білімге әкеліп, белгілі бір жаңалықтар ашып отырады. Мұндай ойлау процесінің қабілеті ақиқатты тауып зерттеуге бағытталады. Локк зерде мен әдістің өзара байланысын ашпақшы болып, олардың өзара ұқсастығын (білім мен пікірдің байланысын) көз алдына елестетеді. Егер ақыл ойлау қабілетінің сатысы ретінде білім алуға жол ашса, әдіс ақыл арқылы идеяларға ие болуға мүмкіндік береді. Локк сыртқы дүние бізге түйсіктер арқылы беріледі деген таным теориясында жаңа, тың пікір айтты. Ол түйсіктерді сыртқы және ішкі деп екіге бөледі. Сыртқы дүние адамның сезім мүшелеріне әсер ететін түйсіктердің сапаларын, ал оның ішкі дүниесіне әсер ететін түйсіктер эмоциясын, сезімін тудырады. Локк түйсіктер идеясын әрі қарай дамытып, солар арқылы келетін сапаларды жан-жақты зерттеп, терең талдайды. Локктың сапаларды бір-бірінен айырып, оның объективті және субъективті жақтарын қарама-қарсы қоюы философия тарихында жаңа ағымның — субъективті философияның пайда болуына әкелді. Локктың пайымға сүйенген философиясы зерделік ойда жіберген қателіктерді айқын көре білді. 
Білімнің көзі — тәжірибеде деген эмпирик. көзқарасты дамыта отырып, Локк ешқандай да туа пайда болатын білімдердің болмайтынын анықтады. Ол өзінің шығармаларында адамның қабілеті туа пайда болады деген көзқарасты да негізсіз деп тапты. Локктың әлеуметтік-саяси қөзқарастары философия тарихында өшпес із қалдырды. Мемлекет, билік және құқық туралы ілімдерінде мемлекетті басқару реформаларын жүргізу идеясын ұсынды. Мемлекеттің міндеті, Локк бойынша, еңбек арқылы алынған бостандық пен меншікті сақтау. Оның пікірі бойынша, билік заң шығарушы, атқарушы және одақтық, федерация болып бөлінеді. Локктың әлеуметтік-саяси қөзқарастары француз ойшылдарына, жалпы саяси ой-пікірлердің дамуына зор әсер етті.

Информация о работе Жаңа замандағы философ