Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2015 в 18:25, реферат
Жаратылыстану ғылымдары — табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Еуропада қайта өрлеу кезеңінде (XV ғасырдың 2-жартысы) табиғатты жете зерттеуге байланысты қалыптасты.
I. Тарихы
II. Жаратылыстану салалары
2.1. Биология
2.2. Химия
2.2.1. Химияның тарихы
2.2.2. Химияның маңызы
2.2.3. Химияның міндеті
2.3. Физика
2.3.1. Физика пәні
2.3.2. Физика ғылымы туралы ақпарат
2.3.3. Механиканың негізгі анықтамалыры
2.3.5. Тәжірибелік және теориялық физика
2.4. Астрономия
III. Жаратылыстану заңдары
Жоспар
I. Тарихы
II. Жаратылыстану салалары
2.1. Биология
2.2. Химия
2.2.1. Химияның тарихы
2.2.2. Химияның маңызы
2.2.3. Химияның міндеті
2.3. Физика
2.3.1. Физика пәні
2.3.2. Физика ғылымы туралы ақпарат
2.3.3. Механиканың негізгі анықтамалыры
2.3.5. Тәжірибелік және теориялық физика
2.4. Астрономия
III. Жаратылыстану заңдары
Жаратылыстану ғылымдары
Жаратылыстану ғылымдары — табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Еуропада қайта өрлеу кезеңінде (XV ғасырдың 2-жартысы) табиғатты жете зерттеуге байланысты қалыптасты. Кейін, XVIII ғасырда Жаратылыстану ғылымдары бірыңғай жүйеге келтірілді. Жаратылыстану ауқымы түрлі табиғат нысандарын (ғарыштық жүйеден бастап микродүниеге дейін), дүниенің жалпы қасиеті мен құрылымын, тірі табиғатты, біздің планетамыздан тыс жатқан нысандарды, сондай-ақ, Жерді қамтиды. Жаратылыстану ғылымдары біріншіден, ғылыми дәлдігімен және жүйелілігімен, екіншіден, табиғат қорларын пайдалану құралы ретіндегі өзінің практикалық мәнімен ерекшеленеді.
Жаратылыстануға енетін ғылымдар былайша топтастырылады:
1) физика, химия;
2) биология, ботаника, зоология;
3) анатомия, физиология, генетика;
4) геология, минералогия, палеонтология, метеорология, география (физикалық);
5) астрономия (астрофизика және астрохимия). Кейбір табиғат зерттеуші ғалымдар математиканы Жаратылыстану ғылымдарына жатқызбайды, бірақ, осы ғылымдардың таным құралы ретінде қарастырады. Жаратылыстану ғылымдарын зерттелу әдісіне қарай нағыз деректер мен байланыстарды зерттей отырып, ережелер мен заңдарды қорытып шығаратын сипаттаушы және дерекпен байланысты математикалық формалармен толықтырып отыратын дәл ғылымдар деп ажыратады. Табиғат туралы нақты ғылым зерттеулермен шектелсе, қолданбалы ғылым (медицина, ауыл шарушылығы, орман шаруашылығы және техника ғылымдарын жалпы алғанда) ғылыми зерттеулерді және табиғатты өзгертуге пайдаланылады.
Биология
Тірі ағзалардың дамуы мен
тіршілік етуінің генетикалық
ережелері бар химиялық
Бұл дисциплиналар тобына кіретін ғылым салалары тірі ағзалармен байланысты пайда болатын құбылыстарды зерттейді. Биологияның зерттеу аясына биофизиканың суб-компоненттерінен бастап экологияның күрделі жүйелеріне дейінгі бірліктер кіреді. Биология ағзалардың сипаттамаларын, классификациялануын және олардың іс-әрекеттерін, түрлердің пайда болуын және олардың бір-бірімен байланысын қарастырады.
Биологияның құрамына ерте дәуірде пайда болған ботаника, зоология және медицинамен қоса XVII ғасырда микроскоптың жасалуы нәтижесінде пайда болған микробиология енеді. Алайда XIX ғасырға дейін биология біртұтас ғылым болмады. Тек ғалымдар барлық тірі ағзалардың арасындағы ортақ қасиеттерді анықтағаннан кейін осы қасиеттерді бірітіре отырып зертеу қолға алынды.
Биология тарихындағы кейбір маңызды оқиғалара: генетиканың ашылуы; Дарвиннің түрлердің табиғи сұрыпталуы туралы теориясы; аурулардың микробтық теориясы және химия мен физиканың әдістерін жасушалар мен органикалық қосылыстар молекулаларын зерттеуде қолдану.
Заманауи биология ағзалардың түріне және зерттелу деңгейіне байланысты бірнеше қосымша дисциплинаға бөлінеді. Молекулалық биология ағзалардың химиялық құрамын зерттейді, ал цитология (жасуша биологиясы) жасушаны зерттеумен айналысады. Жоғарғы деңгейде орналасқан физиология ағзаның іш құрылысын зерттейді, ал экология түрлі ағзалардың қарым-қатынасын қарастырады.
Химия
Химия табиғаттағы заттарды атомдық және молекулалық деңгейде зерттейтін ғылым болып табылады. Оның зерттеу аясына газдар, молекулалар, кристаллдар және металдар сияқты атомдар жиынтықтары кіреді. Ол заттың химиялық құрамын, статикалық қасиеттерін, басқа затқан айналуын және байланысты реакцияларды қарастырады. Сонымен қатар химия бөлек атомдар мен молекулалардың қасиеттері мен өзара байланыстары туралы жалпы түсінік береді.
Химияның тарихы
Дмитрий Иванович Менделеев |
Химияның ғылымға айналуына алғаш қадам жасап, алхимия қағидаларына қарсы шыққан ағылшын ғалымы Роберт Бойль болды. Химияның нағыз ғылым ретінде дамуы XIX ғасырдан басталды. Негізін салушы ағылшын ғалымы Д.Дальтон болды. Осы кезеңдерде химияның іргетасы болып саналатын атом-молекулалық ілім (С.Канниццарро, А.Авогадро) қалыптасып, атомдық салмақ ұғымының (Дальтон), құрам тұрақтылық, еселік қатынастар, көлемдік қатынастар, Авогадро, эквиваленттер, |
электролиз (Майкл Фарадей), тағы басқа заңдар мен заңдылықтар ашылды. Орыс ғалымы Дмитрий Иванович Менделеев жасаған элементтердің периодты жүйесі химия ғылымының жүйесін анықтап, ондағы салалардың өзара байланысын ашты. Осы кездегі химия ғылымы периодтық заң негізінде дамып келеді. XIX ғасырдың 70-жылдарынан басталған химияның даму кезеңі «органикалық химия дәуірі» деп аталады.
Ағылшын ғалыми Роберт Бойль (1661) алхимия қағидаларына қарсы шығып, химияны ғылми жолға қоюға тырысты, химикалық элементке алғаш дұрыс анықтама берді. Ол затты ұсақтап бөле берсе құраушы элементтерге жететінін айтты, эксперимент арқылы анализ бен синтездің мәнін дәл анықтады, бірақ сол кезде кең тараған флогистон теориясының (1700) негізі қате болды. Бұл теория бойынша заттың жануы денеде алғаштан болатын жанғыш зат флогистонға байланысты. 1756 жылы М.Б. Ломоносов, кейін А. Лавуазье реакцияға қатысқан заттардың масса сақталу заңын ашып, химияны сапалық ғылымнан сандық (өлшемдік) ғылымға айналдырды. XIX ғасырда ғана атом-молекула ілімінің (С. Канниццарро, Авогадро Амедео) негізі қаланды, атомдық салмақтың (Дж. Дальтон), қурам турақтылық заңы мен еселі қатынас заңы ашылуының үлкен маңызы болды. XIX ғасырдың бас кезінде электр тогы көмегімен күрделі заттарды ыдырату арқылы сілтілік және сілтілік-жер металдар алынды. Элементтер туралы ұғым, атом-молекула теорияның қалыптасуы өсімдік пен жануарларға тән заттарды зерттеуді қажет етті, сөйтіп органикалық химия қалыптаса бастады. Органикалық заттар жайлы мәліметтердің жиналуы олардың химия табиғатын тануға көмектесетін теориялардың (унитарлы теория, типтер теориясы, радикалдар теориясы) шығуына себеп (1857) болды. 1857 жылы Ф.А. Кекуленің көміртек атомының 4 валентті екендігін табуы, соған байланысты көміртекті тізбектердің түзілу мүмкіндігінің анықталуы органикалық заттардың классификациясына жеткізді.
Химияның маңызы
Осы кездегі химия алуан түрлі зерттеу әдістері, аса маңызды өндірістік, өнеркәсіптік мәні бар ғылымға айналды.
Химия ғылымының қоғамдағы практикалық мәселелерді, табиғат дамуы туралы материалдық көзқарастарды шешу мен жаңа заттар, дәрі-дәрмек, энергия мен отынның жаңа көздерін табу, тағы басқа адамзат қажетіне керекті көптеген заттар алуда маңызы зор. Қазақстанда Химия ғылымы мен Химия өнеркәсібі 1930 – 1990 жылы қарқынды дамыды. Осы кездегі химия алуан түрлі зерттеу әдістері, аса маңызды өндірістік, өнер-кәсіптік мәні бар ғылымға айналды. Атомдар мен молекулалардағы электрондарды сипаттайтын кванттық механика заңдарының ашылуы химиялық әрекеттесудің табиғатын анықтады. Заттардың қасиеті және құрылымымен қатар олардың өзгерістері кинетикасының заңдылықтары ашылуда, әсіресе химиялық реакциялардағы аралық өнімдер көбірек зерттелуде. Заттар мен процестерді зерттеуге осы күнгі физикалық әдістер мен құралдар (рентген структуралы анализ, спектроскопия т.б.) қолданылуда.
Химияның міндеті
Заттарды қолдану үшін қасиеттерін анықтау, адамдардың сұранысына қажет жаңа химиялық заттар алу, табиғи қорларды орынды пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау.
Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар:
Усанович, Михаил Ильич
Сокольский, Дмитрий Владимирович
Әбікен Бектұров
Бірімжанов Батырбек Ахметұлы
Козловский, Михаил Иванович
Сонина Ольга Альфредовна
Физика
Физика (көне грекше: φύσις — табиғат) — зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
Физика пәні
Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді.
Физика ғылымы туралы ақпарат
ФИЗИКА (грек. пһyсіке, рһусіс—табиғат) — өріс пен заттың жалпы қасиеттерін және олардың қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым. Физика — табиғат жөніндегі жетекші ғылымдардың бірі. Ол басқа да жаратылыс тану ғылымдары сияқты ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Жеке физикалық ілімдердің пайда болу дәуірі. Физика жай-лы алғашқы деректер Ежелгі Вавилон, Египет жазбаларында кездеседі. Зәулім сарайлар мен күрделі құрылыстар (пирамида, қорғандар) салу жұмысында құрылыс механикасы мен статиканың қарапайым заңдылықтары және рычаг, көлбеу жазықтық, тәрізді қарапайым механизмдер пайдаланылды. Практикалық талаптардан туған Ежелгі Вавилон, Египет ғылымының теориялық негізі халық арасына тарамады. Ғылым түгелдей діни абыздар қолында болды. Ежелгі грек ғалымдары табиғат құбылыстарын «табиғаттан тысқары күштің» әсерінсіз-ақ ғылми негізде түсіндіруге ерекше мән берді. Ежелгі грек ғалымдары (Гераклит, Анаксимандр, Анаксимен, Фалес т. б.) табиғат негізінен төрт элементтен (от, топырақ, ауа және су) тұрады десе Демокрит (б.з.б. V ғ.) Эпикур (б.з.б. 341—270), Лукреций (б. з. б. I ғ.) дүниенің ең қарапайым кірпіші одан әрі бөлінбейтін бөлшек — атом деп санады. Атом туралы ілім (атомистика) талай ғасырға созылған талас-тартыстан кейін, қазіргі табиғат жайлы ғылымдардың негізіне айналды. Аристотелъдің табиғат жайлы жазған кітабы «Физика» деп аталған. Осыған орай Аристотельді физиканың «негізін қалаушы» деп те айтады. Архимед гидростатиканың негізгі заңын (қ. Архимед заңы) ашты, қарапайым механизмдерді зерттеді. Ол механикамен қатар оптикамен, астрономиямен де айналысты. Электр мен магнетизмге қатысты кейбір қарапайым қүбылыстар тым ертеден-ақ белгілі болған. Грек-рим мәдениеті дәуірінде статика-ның қарапайым заңдары (рычаг ережесі, ауырлық центрі), геометриялық оптиканың алғашқы заңдылықтары (жарықтың түзу сызықты таралу заңы, шағылу заңдары, жарықтың сыну құбылысы) ашылды. Демокрит, Аристотель, Архимед тәрізді ерте дүниедегі ұлы ғалымдардың ғылымға қосқан теңдесі жоқ мол үлесі халықтың ғасырлар бойына жинақталан тәжірибесімен ұштаса келіп, Физиканың ірге тасы болып саналатын классикалық механиканың тууына қолайлы жағдай жасады. Орта ғасырдың алғашқы кезеңінде ғылымның дамуына араб мәдениеті елеулі үлес қосты. Арабтар эксперименттік зерттеу тәсілдерін қолдана бастады. Европада А л х а з е н деген атпен белгілі болған Египет физигі Әл-Хайсам оптикалық зерттеулер жүргізді. Ол көздің көру теориясын жетілдірді, эксперименттер жүргізіп, құралдар жасады. Алхазеннің «Оптика кітабы» атты еңбегі XII ғ-да латын тіліне аударылды. Орта Азия мен Қазақстанан шыққан ғылымдар араб мәдениеті мен ғылымың одан әрі дамытты. Әбу Насыр әл-Фараби өзінің «Вакуум» атты трактатында ежелгі гректерде қолданылған эксперименттік тәсілдер мөн Ф. ғылымының сол кездегі жетістіктеріне сүйене отырып, «абсолют вакуумның» жоқ екендігін дәлелдеуге ұмтылды. Ал Бируни өзі жасаған құралдың көмегімен металдар мен кейбір заттардың меншікті салмағын аса үлкен дәлдікпен анықтады. Ол сондай-ақ астрон. және геогр. зерттеулерді де мұқияттылықпен жүргізді. ¥лықбек мектебінің өкілдері физика-матем. ғылымдарының дамуына өз үлестерін қосты. XVIII ғасырдың аяғында біраз хим. элементтер ашылды, массаның сақталу заңы тағайындалды (Ломоносов, кейіннен А. Лавуазъе). Ал XIX ғасырдың басында ғылми атомистика қалыптасты (Дж. Далътон). Жан-жақты және ұзақ уақыт бойы жүргізілген тәжірибелердің көмегімен, сондай-ақ бұрыннан қалыптасқан ескі түсініктерге қарсы қиян-кескі күрес жағдайында, әр түрлі физ. процестердің өзара қайтымдылығы және осыған орай сол кездегі белгілі физ. құбылыстардың бірлігі дәлелденді. Энергияның сақталу зацының кез келген физ. және хим. процестерде орындалуы Ю. Р. Майердің, Дж. Джоульдің жәнө Г. Гельмгольцтің еңбектерінде нақтылы дәлелденді. XIX ғасырдың соңында радиоактивтілік және ауыр ядролардың радиоактивтік түрленуі ашылды (А. Беккерель, П.Кюри, М. Складовская-Кюри). XX ғасырдың басында изотоптар аиықталды. Э. Резерфорд сс-бөлшектермен атқылау арқылы азоттың орнықты (ыдырамай-тын) ядросын оттек ядросына түрлендірді (1919).
Тәжірибелік және теориялық физика
Физика негізінде тәжірибелік және теориялық физика болып екіге бөлінеді. Физиктердің көпшілігі таза теоретик немесе таза тәжірибеші болғанымен, ал екі физика екі бөлек боп көрінгенімен шын мәнінде ол олай емес. Тәжірибелік және теоретикалық физика бірге хабарласа отырып дамиды. Бір мәселемен теоретиктер де, тәжірибешілер де шұғылдануы мүмкін. Алғашқылары қолда бар тәжірибелік хабарларды сипаттай отырып болашақ нәтижелерді теориялармен болжам жасайды, екіншілері бар теорияларды тәжірибелер қояйып тексере отырып жаңа нәтижелер табады.
Астрономия
Астрономия — аспан денелері туралы ғылым. Астрономия грекше астрон - жұлдыз, ал номос - заң деген ұғымды білдіреді. Астрономия да, физика сияқты - табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Ал мұндай жұмыс аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отыруды талап етті. Аспан денелерінің қозғалысын бақылау қажеттігінен туындаған ежелгі құрылыстардың орны Қазақстанда көптеп кездеседі. Сөйтіп практикалық қажеттілік астрономия ғылымының тууына ең басты түрткі болды.
Комета |
Метеорит |
Қазіргі астрономияның зерттеу ауқымы кеңейіп, көп салалы ғылымға айналды. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жұлдыздар (соның бірі - Күн), планеталар (соның бірі - Жер), планеталардың серіктері; мысалы, Жер серігі - Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады. Жүлдыздар жүйелері шар немесе оралым (спираль) бұтақтары тәріздес шоғырларды құрайды. Оларды галактикалар деп атайды.
Шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігін Біздің галактика деп атайды. Онда 150 миллиардтай жұлдыздар бар.
Күн - бізге ең жақын, қатардағы орташа жұлдыз. Бір секундта 300 000 шақырым жылдамдықпен таралатын жарық Күннен Жер бетіне 8 минутта, ал Біздің галактиканың бір шетінен екінші шетіне жүз мың жылда жетеді. Жер Күнді айналып жүрген сегіз планеталардың бірі. Ай - Жерді айналып жүрген оның табиғи серігі. Басқа планеталардың да серіктері бар. Бұлардың барлығы Күн жүйесіне енеді. Біздің галактиканың сыртында тағы да жүз миллиондай галактикалар бар екені белгілі болды. Кейбір галактикадағы жұлдыздар құйын үйірген шаң-тозаңдай, спираль бойымен орналасқан. Аспандағы «құс жолы» - Біздің галактикадағы жұлдыздар жиі орналасқан сондай бұтақтардың бірі. Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан түзіледі. Қазіргі астрономия жұлдыздардың, планеталардың және басқа аспан денелерінің қозғалысын да, ондағы өзгерістер мен процестерді де зерттейді. Физика мен астрономия ғылымдарының бір-бірімен кірігуі табиғат құбылыстарының сырын тереңірек ұғуға жәрдемдеседі. Бұл екі ғылымның өзара байланысы арқасында әлемдегі барлық құбылыстардың табиғи бірлігі белгілі болды. Мысалы, денелердің Жер бетіне құлауы, планеталардың Күнді айнала қозғалуы бір ғана күш арқылы сипатталады. Оларды сипаттайтын заң да біреу ғана. Ол - И. Ньютон ашқан Букіләлемдік тартылыс заңы.
Көптеген физикалық жаңалықтардың ашылуы аспан денелерін зерттеумен тікелей байланысты. Мысалы, гелий газы әуелі Күннен табылды. Ол спектрлік талдау деп аталатын физикалық зерттеу әдісін қолдану арқылы анықталды. Ең алғаш бұл газ Күн құрамынан табылғандықтан, оны гелий (грекше гелиос - Күн) деп атаған. Кейінірек ол Жердегі ауа құрамында да бар болып шықты.
Астрономия нысандарын (объектілерін) физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы - астрофизика деп аталады. Ғарыш кеңістігі, ондағы денелер физиктер үшін тамаша зертхана болып табылады. Мысалы, Жер бетінде ауасыз кеңістік (терең вакуум) алу немесе денелердің температурасын миллиондаған градустарға көтеру аса қиын жұмыс. Ал ғарышта бұл жағдайлардың барлығы да бар. Мысалы, Ай бетінде ауа мүлдем жоқ. Сондықтан онда Жердегідей нақты вакуум алатын күрделі қондырғысыз-ақ тәжірибелер жүргізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға болады.
Ай - Жердің табиғи серігі.
Ол Жерге ең жақын тұрған аспан денесі. Оған бірінші рет адамзат ұрпағының табаны 1969 жылы тиді. Америка азаматтары Н. Армстронг пен Э. Олдриннің ғарыш кемесінен шығып, Айға табан тіреген.
Ю. А. Гагариннің тұңғыш рет ғарышқа көтерілуінен бастап, астрономияның жаңа саласы - космонавтика (грекше космос - ғарыш және наутик - кеме жүргізу) жедел дамып келеді.
Астрономия — ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Ол гректің астрон – жұлдыз және нумос – заң деген сөзінен шыққан. Адам баласының өмірлік қажеттілігінің негізінде пайда болған ежелгі ғылымдардың бірі. Шығыс халықтарында біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырдың өзінде-ақ алғашқы астрономиялық түсініктер пайда болған. Ежелгі Қытай мен Вавилонда негізгі уақыт бірлігінен басқа, экватордың эклиптикаға көлбеулігі, Күн мен Ай тұтылуының қайталану периоды (сарос) белгілі еді. Грекияда Жердің шар тәрізділігі туралы ілім қалыптасты. Қазақстанда Іле өзенінің орта ағысындағы Малайсары адырының батыс тұсын біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырда жарты сақина түріндегі тастардан қаланған қорған табылды. Батыс және шығыс тұстардағы екі қорған арасындағы тік сызық жазғы күн тоқырауы, солтүстік және шығыс қорғандар арасындағы тік жазық қысқы күн тоқырауы сәтіндегі Күн сәулесіне сәйкес келеді. Орталық Қазақстандағы Толағай тауының маңындағы қорғанның оңтүстік және солтүстік үштағандарының ұшында қосымша үйілген тас қорғандар арқылы жыл мезгілдерінің басталуы, Ай мен жұлдыздардың тоғысулары анықталып отырған. Біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда Қытайда тұңғыш жұлдыз каталогы (тізімі) жасалды. Сол ғасырда Ежелгі Грекияда Аристотель дүние құрылысының жалпы жүйесін жасаған, оның орталығы Жер деп есептеген. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда Александрия ғалымы Эратосфен Жердің мөлшерін анықтаған. Біздің заманымыздан бұрынғы II ғасырда Гиппарх Жер дүниенің ортасында қозғалмай тұрады деп есептеп, планеталардың қозғалу теориясын жасаған. Ол 1022 жұлдыздың каталогын ұсынды. Ежелгі қазақ даласын мекендеген халық жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың орны бойынша жыл мезгілдері мен жер тараптарын айыра білген. IX ғасырда Халиф Мамунның нұсқауы бойынша Бағдад маңындағы Жер меридианы доғасының ұзындығы өлшенген. XI ғасырда Бируни Жердің қозғалуы мүмкін деген идея айтқан. XIII ғасырда ат-Туси Оңтүстік Әзербайжанда обсерватория салдырып, планеталар қозғалысының жаңа кестесін жасады. Осы ғасырда Пекинде де обсерватория салынды. 1428 – 1429 жылы Ұлықбек Самарқанда салдырған обсерваториясын үлкен мәрмәр секстантпен жабдықтатып, 1019 жұлдыздың каталогын және планеталар қозғалысының кестесін түзді. 1543 жылы поляк ғалымы Николай Коперник «Аспан сфераларының айналысы туралы» деген еңбегінде Жер қозғалмайды және бүкіл Ғаламның ортасында тұрады деген ілімді жоққа шығарып, Күн жүйесінің құрылысын – дүниенің гелиоцентрлік жүйесін түсіндіріп берген. Осы еңбектің негізінде италия ғалымы Джордано Бруно Ғаламның шексіздігі, ал оны мекендеуші дүниелердің сансыз көптігі туралы тұжырымдама жасады. Галилео Галилей өзі құрастырған телескоптың көмегімен 1609 – 1610 жылы алғаш рет астрономиялық бақылаулар жүргізді. XVII ғасырдың басында Иоганн Кеплер планеталар қозғалысындағы үш заңдылықты, ал сол ғасырдың аяғында Исаак Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан. XVII ғасырдың соңы – XVIII ғасырдың басында Франция, Англия, т.б. елдерде обсерваториялар салына бастады. 1718 жылы ағылшын астрономы Эдмунд Галлей жұлдыздың меншікті қозғалысын тапқан. 1761 жылы орыс ғалымы Михаил Ломоносов Шолпан планетасының атмосферасын ашты. 1755 жылы Иммануил Кант және 1776 жылы Пьер Лаплас Күн жүйесінің пайда болуы туралы алғашқы гипотезаны ұсынды. XIX ғасырдың ортасынан аспан денелерінің физикалық табиғаты жүйелі түрде зерттеле бастады.