Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 19:42, реферат

Описание работы

Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.

Файлы: 1 файл

Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары.docx

— 25.20 Кб (Скачать файл)

Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы

 

Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.

 

Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.

 

Сәбидің туған күнінен  бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму процессінде байқалатын заңдылықтар:

 

Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:

 

Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.

 

Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.

 

Әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде орындалмауы; Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез процессінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды). Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.

 

Өсу мен даму процессінің  жыныстық айырмашылығы (жыныстық ди-морфизм); Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.

 

Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.

 

Органдар мен жүйелердің биологиялық сенімділігі; Организмнің әрбір қызмет етуші жүйелеріне сәйкес биологиялық сенімділікті анықтайтын потенциалды мүмкіндіктердің генетикалық қоры берілген. Бұған өкпе, бүйрек, көз, құлақ сияқты бірқатар органдардың жарыса қызмет етуі мүмкіндік береді, яғни тірі организмдегі негізгі жүйелердің көбі бірінің қызметін бірі қайталай алады және организмге қажетті элементтердің қоры шексіз деп есептеуге болады. Жүйелердің осындай биологиялық сенімділігі және тіршілік мүмкіндігінің молдығы болмаса, өмірге тұрақты түрде төнетін қауіптен организмнің өсіп, дамуы қорғана алмас еді.

 

Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы; Балалардың дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады: Биологиялық (генетикалық) және қоршаған орта(қоршаған орталық және әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады. Олардың ішінде абиотикалық (қоршаған орта) және биотикалық (әлеуметтік орта) факторларды бөлуге болады.

 

Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуге көптеген іздену жұмыстары арналған. Бірақ, қандай да бір топты бөліп, басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды. Мысалы, тұқым қуалаушылық ролін артығырақ бағалау даму процессінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса, сәбиге ата-анасының барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі (соның ішінде аурулары да) міндетті түрде берілуі керек. Солай десек те, тұқым қуалағыштықтың бағыт беруші роль атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.

 

Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін артығырақ көтермелеу, екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Егер осындай болжамдарға сенетін болсақ, организмнің мүмкіншіліктері шексіз бола отырып, қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан "вундеркинд" жасап шығаруға болады. Сондықтан екі фактордың да әсерін естен шығармау керек.

 

Акселерация; латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.

 

Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

 

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады.

 

Яғни, осы заңдылықтарды  терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.

 

Еңбек жағдайына қойылатын  гигиеналық талаптар

 

Еңбектің салауаттандырудағы әсері көбінесе оның жағдайымен анықталады, яғни табиғи және жасанды жарықтың, ауа және жылу тәртібінің жағдайларына, өндірістік қолайсыз факторлардың әсеріне, жұмыс орнының рационалды орналасуына  т.с.с қатысты болады.

 

1-7- сынып оқушылары үшін  еңбекке баулу мектеп кабинеттерінде, шеберханаларда жүргізіледі. Еңбектің  сипаты (темір ұстасы, ағаш шебері, тігін жұмыстары) оқушыларға қолайсыз  өндірістік факторларымен әсер  етпеуі керек. Бірақ мұндай  жұмыстарда темір және ағаш  шаңдары, үлкен деңгейде шуыл  бөлінуі мүмкін. Осы факторларды  болғызбау үшін күнделікті бөлмені  ылғалды жуып-жиыстыру, қабырғаны дыбыс өткізбейтін затпен қаптау т.с.с. гигиеналық талаптарды орындаса да жеткілікті.

 

Өсіп келе жатқан организмге еңбектің жақсы әсер етуі және оқушылардың  еңбек дағдыларын меңгеруінің жетістігі - еңбекке оқытуға арналған бөлмелердің  дұрыс жабдықталуына байланысты болады. Мұнда, жабдықтардың жиыны, орналасуы, жұмыс орнының ұйымдастырылуы, құрал-саймандар, техника қауіпсіздігі бірқатар гигиеналық және педогогикалық талаптарға сай  болуы керек. Жабдықтар жиыны  еңбекке оқытудың бағдарламасын  жүзеге асыруды қамтамасыз етуі керек. Шеберханалардың негізгі жабдықтары верстак, станоктар, тігін машиналары, құрал-саймандар және қосымша жабдықтар - шкаф, сөрелер, тазалық құралдары  болып табылады.

 

Жабдықтарды орналастыруда  көру жұмысына, жұмыс кезіндегі дене тұлғасының дұрыстығына және жарақаттанудың алдын алуға қолайлы жағдай туғызу қарастырылады. Егер жарық сол жақтан түсетін болса ағаш немесе мата өңдеген  кезде көлеңке пайда болмайды, сондықтан верстактар мен тігін  машиналарын жарық сол жақтан түсетіндей етіп терезеге перпендикуляр  орналастырған дұрыс. Верстактарды 450 бұрыш жасай отырып орналастыруға  болады.

 

Еңбекке оқытуға арналған бөлмелер қабырғадан ойылған немесе қабырғаға жапсырылған жабық  шкафтармен, сөрелермен, қоқыс салуға арналған ыдыстармен, арнаулы киімдерді  ілетін орындармен, қол жуғышпен және электр сүлгілерімен жабдықталады. Жабдықтар  құрамында алғашқы медициналық  көмек көрсетуге арналған таңғыш заттар, дәрі-дәрмектер сақталатын қорапшалар, зембілдер болуы керек.

 

Жұмыс орнын ұйымдастырған  кезде дене тұлғаның дұрыстығы, энергияны  үнемдеу, еңбекті дұрыс ұйымдастыру, жұмыстың қауіпсіздігі ескерілуі керек. Оқушының дене тұлғасы еңбектің сипатына, жеке алғанда бұлшық ет күші мен  қимыл-қозғалыс амплитудасына байланысты болады. Егер тепе-теңдік тұрақтылығы  жүрек, қан-тамыр және тыныс алу  жүйесінің көру және есту анализаторларының  дұрыстығы сақталса, бұлшық еттерге  қосымша статикалық жүктеме түспесе  жұмыстағы дене тұлғасы дұрыс  деп табылады (сурет)

 

Дұрыс дене тұлғасы ең алдымен  құрал, жабдықтардың өлшемдері оқушылдардың дене пропорцияларына сәйкес келуіне, дәлірек айтқанда жұмыс орнының  биіктігі, оқушының бой ұзындығына сәйкес келуіне байланысты болады.

 

Жұмыс орнының биіктігінің  дұрыстығын анықтау үшін оқушы верстактың сырт жағына қырынан тұрады да, оның бетіне алақанын тіреп, қолын бос  қояды. Егер жұмыс орнының биіктігі оқушының бойына сәйкес келсе, оның иығы мен білегі түзу тұрып, білек пен  қолдың басында тік бұрыш пайда  болады.

 

Тұрақты түрде тұрып жұмыс  істегенде пайда болатын статикалық қажудың алдын алу үшін ағаш ұстасы немесе темір ұстасына арналған шеберханалардың  әрбір жұмыс орны орындықтармен (бүктеліп-жазылатын, кронштейнға орнатылған биіктігі 40-42 см табуреттермен) жабдықталынуы  керек. Сонда оқушылар мезгіл сайын  дене тұлғасының жағдайын алмастыра  алады.

 

Дене еңбегіне берілетін  жүктемелер жоғары жылу бөлінумен қатар  жүреді, сондықтан шеберханалардың  ауасының температурасы сыныптарға қарағанда біраз төмен болуы  керек (темір ұстасының шеберханасында 14-160С, ағаш ұстасы шеберханасында 16-170С, бастауыш сыныптардың еңбек кабинеттерінде 180С), тамақ дайындайтын уақыттарда терезе көздері ашық болуы керек.Жел  ағынынан сақтану үшін осы жұмыстар кезінде есіктер жабық тұруы  керек.

 

8-11 - сынып оқушыларының  оқу-өндірістік комбинаттардағы  еңбек жағдайы, өзінің сипаты  жағынан өндірістік процесстерге  ұқсас болып келеді. Мұнда еңбектің  қолайсыз факторларымен араласу  қауіпі туа бастайды. Мысалы, металлды  ыстық өңдеуден және механикалық  өңдеуден өткізетін шеберханалардың  жұмыс аймағында зиянды химиялық  заттар жоғары концентрацияда  болады, ал токарьлық, фрезерлік  шеберханаларда жұмыс орнының  жарықтандырылуы көбінесе жасөспірімдерге  есептелмеген және шуыл деңгейі  жоғары болады.

 

Бұл жағдайлардың балалар  организміне әсерін анықтау үшін жүргізілген терең зерттеулер әлі  де аз. Фармокологияда балаларға арналған дәрілердің дозасы, оның улану реакциясын болғызбау үшін дене салмағының әрббір килограммына есептелгені алынады. Осыған байланысты жасөспірімдер үшін өндірістік химиялық заттардың ересектерге  қарағанда анағұрлым қауіптірек екені туралы қортынды жасауға болады.

 

Ойлап қарасаңыз, мұндай тұжырымның негізі бар. Жасөспірімнің салмағы  аз, сондықтан дене салмағының әрбір  бірлігінің химиялық заттарды қабылдауы  ересектерге қарағанда анағұрлым  жоғары болып келеді. Балалар мен  жасөспірімдердің тыныс алу көлемі мен тері қабатының көлемі дене салмағы  бірлігімен алғанда салыстырмалы түрде  үлкен, ал өндіріс улары тері арқылы жеңіл сіңеді. Сонымен қатар балалар  организмінде улы заттарды детоксикациялау  механизмі әлі жетілмеген. Жұмыскерлерге  арналған Денсаулық сақтау Министрлгі бекіткен химиялық заттардың әсерін нормаландыру шаралары жұмыс істейтін жасөспірімдер үшін жарамайды. Осы  сұрақ төңірегіндегі мәліметтердің  барлығын біріктіріп қарағанда жасөспірімдер  организмінің сезімталдығы, ересек адамдарға  қарағанда үштен он есеге дейін  жоғары екенін. Бұл проблеманы гигиеналық тұрғыдан шешу мәселесін 2 бағытта жүргізуге  болады:

Жас организмдер үшін химиялық заттарға нормалар енгізу;

Жасөспірімдерді улы заттардан  аулақтату.

 

Бірінші бағыт мақсатқа сәйкес келмейді және оны практикада қолдану  мүмкін емес. Өйткені 1500 -ден артық  химиялық қосылыстарды регламенттеу үшін, бірнеше ондаған жылдар мен өте  үлкен экономикалық шығын қажет  болады. Дүниежүзінде жыл сайын бірнеше  жүздеген жасанды түрдегі заттар шығарылып жатады, оларды гигиеналық бағалаудың өзі бірнеше жылдарға кешігіп жүргізіледі. Сондықтан, жасөспірмдерге улы химиялық заттармен жұмыс  істеуге жас мөлшері және уақыт  әсері бойынша шектелуі түрде  ғана рұқсат етіледі. Мектеп шеберханалары  үшін химиялық және физикалық өндірістік қолайсыз факторларға қарсы қосымша  профилактикалық шаралар қарастырылған.

Балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекет гигиенасы

 

Іс-әрекет - даму мен денсаулық  факторы. Баланы тәрбиелеу (еңбекке  баулу, ой- өріс, әдет- ғұрыпқа) жан- жақты  жүргізіледі, бірақ, жас мөлшеріне  байланысты мұндай тәрбиелеу аспектілерінің арасындағы қатынас олардың түрлеріне  байланысты болып келеді. Баланың  іс-әрекеті оның организмінің өсуі мен дамуын анықтайтын, өмір сүруіне  ең қажетті фактордың бірі болып  саналады.

 

Қимыл-қозғалыс өмір сүрудің  маңызды шарты болғандықтан, өсіп келе жатқан организм биологиялық қимыл-қозғалыс қажеттілігін сезінеді. Әсіресе үдемелі  өсіп-даму кезеңінде қимыл-қозғалыс қажетігінің маңызы арта түседі. Өйткені, қимыл-қозғалысты іс-әрекеттер биологиялық  дамуды жақсартуға ғана емес, сонымен  қатар, дағдылану механизмдерін  де қалыптастырушы фактор болып табылады.

Информация о работе Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы