Павлодар Алюминий зауытының жағдайында бокситтан алюминатты ерітіндіні алу - сілтілеу цехының жобасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 21:15, дипломная работа

Описание работы

Павлодар алюминий зауыты жағдайында дүние жүзінде алғаш рет жоғарыкремнийлі және жоғарытемірлі Қазақстан бокситтерін өңдеу технологиялық мәселесі шешіліп, оны өндіріс өнеркәсіптерінде қолдану мүмкіншігін көрсетті.
Байер-пісіру әдісін жетілдіру және оның өнеркәсіпте игерілуі сазбалшық алу өндірісінің химика-технологиялық негізін өзгертуіне және жоғарыөнімді аппараттарды қолдана отырып, жаңа технологиялық процестерді қолдануына және жетілдіруіне байланысты.

Содержание работы

Кіріспе
1 Жалпы түсініктемелік жазба 10
Өндірістің қысқаша сипаттамасы 10
Шикізат базасы, номенклатурасы, өнімнің сапасы мен
технологиялық деңгейі 10
Жұмысшылардың саны және кәсіби-квалификациялық құрамы 11
Энергоқорына мұқтаждық 12
Шикізаттарды пайдаланудың кешенділігі 12
2 Бас жоспар және көлік 13
Құрылыс алаңының қысқаша сипаттамасы 13
Жер бедерінің сипаттамасы 13
Бас жоспардың құрамы, барлық ғимараттар мен
құрылымдардың тізімі, олардың көлемі 13
Негізгі жоспарлық шешімдер 14
Ішкі және сыртқы зауыттық көліктер 14
Энергоқорымен қамтамасыз ету 14
Шикізат базалары, шикізаттың сипаттамасы 14
Цех жұмысының тәртібі 17
Ғылыми - зерттеу жұмыстарына талдау 17
Істеп тұрған кәсіпорын жұмысына талдау 19
Технологиялық схеманы таңдау және дәлелдеу 21
Негізгі технологиялық процестердің суреттемесі 22
2.7 Бокситтерді сілтілеу 24
Алюминатты ерітінділерді кремнийсіздендіру 26
Қызыл шламды алу және оны жуу 27
2.8 Технологиялық процестердің есептері 28
Өнім алу үшін алғашқы материалдарды өңдеуге дайындау 28
Материалдық баланстың есебі 28
2.9 Негізгі қондырғыларды таңдау және технологиялық есебі 34
Жылуизоляцияның есебі 35
Жылулық баланстың есебі 36
3 Құрылыстық шешімдер 38
Сәулет құрылымдық шешімдер 38
Жылу жүйесі және ауа ауыстыру 38
Сумен қамтамасыз ету және канализация 38
Құрал-жабдықтарды және құрылыстық конструкцияларды
химиялық қорғау 38
4 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау 40
Ұйымдық - құқықтық аспектілері 40
Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау 40
Өндірістік жарақат, кәсіби аурулар, жазатайым жағдайлар және алдын-алу шаралары 47
4.4 Жарықтандыруды және жерге қосылуды есептеу 49
5 Еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесі 52
Ақшалай салымды есептеу 52
Еңбек және демалыс тәртіптерін анықтау 52
Категория бойынша еңбекақы қорының жылдық есебі 53
Сазбалшықтың өзіндік құнын есептеу 57
Пайданы есептеу 58
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сипат тізімдер

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМКА АСКАР.doc

— 906.00 Кб (Скачать файл)

 

Ыстық операцияларын жиі жүргізгендіктен цехтардың микроклиматы тұрақсыз болып келеді. Жылудың түрлеріне байланысты микроклиматты, радиационды, конвекционды аралас болып келеді.

Рационалдық жарықтандыру ұйымы еңбекшілердің қауіпсіздік жұмысын және жоғарғы тиімділікті құру үшін арналған негізгі фактор болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.2- кесте

Өндірістегі жұмыс зонасындағы нормаланған температура шамасы, ылғалдылығы және ауаның қозғалыс жылдамдығы

Айыру объектісінің мөлше-рі, мм

Жұ-мыс сипат-тама-сы

Жұ-мыс разря-ды

Раз-ряд асты

Газразрядты шырақтар

Қыздыру шырақтары

Қиыстырыл-ған  жарықтан-дыру

Жалпы жарық-тандыру

Қиысты-рылған  жарықтан-дыру

Жалпы жарық-тандыру

0,5-1,0

Орта дәлдік

4

А

Б

В

Г

750

500

100

300

300

200

150

150

600

500

400

300

20

150

100

100

1-5

Аз дәлдік

4

А

Б

В

Г

300

200

-

-

200

150

100

100

300

200

-

-

150

100

50

50


 

Зауыт цехтарында қолдан және жасанды жарықтандыру қарастырылған. Күндізгі уақытта сыртқы қабырғалардағы терезе арқылы қолдан жарықтандыру, ал кешке және түнде электрлі жарықтандыру арқылы жүзеге асады. Шырақтарды электр желісінен өшірмейтіндей етіп орнатады. Шырақтарды қоректендіру үшін 220 В кернеуді қолданады.

Өндірістік бөлімдерді, цехтың территориясын, баратын және өтетін жерлерді жарықтандыру нормаларға сәйкестендірілген. Эвакуация жолдарының, сонымен қатар өндірістегі жұмыс орындарының авариялық жарықтандырулары бар. Авариялық жарықтандыру шырағы электрэнергияның тәуелсіз қоректендіру көзіне қосылған. Олар автоматты және қолмен қосылады.

Сілтілеу цехы электрқауіптілігі жағынан «асақауіптіге» жатады, өйткені автоклаваны қыздырып, температураны ұстап тұру үшін жоғары кернеу қажет.

Бұл цехта электрлік токқа ұшырау электрсымдары, электрлік приводы бар көпірлік крандарға қызмет көрсету кезінде, электр құрылғылары орналасқан жерлерде болуы мүмкін.

Электрлік токпен жаралану, электрлік соққы, термиялық күю, терінің металмен зақымдануы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

4.3- кесте

Электр тогы кезінде қолданатын құрылғылар

Кернеуі, В

Негізгі құрылғы

Қосымша құрылғы

1000 - ға дейін

Диэлектрлік қолғап,          ұстағышы оқшауланған    құрылғы, кернеу көрсеткіштері

Диэлектрлік    аяқ-киім,  резеңке  төсеніш, оқшауланған тірегіштер

1000 - нан жоғары

Оперативті және өлшегіш штангалар. Оқшауланған және тоқөлшегіш клештер, кернеу көрсеткіштер, оқшауланған құрылғылар (сатылар және т.б.)

Диэлектрлік қолғап, резеңке төсеніш, оқшауланған тірегіштер


 

4.4-кесте

Тоқ түріне байланысты, тоқ әсерінің шекті мөлшері

Ток түрі

Нормала-

ланатын

өлшемдер

Ток әсерінің шекті мөлшері

 

 

0,01

0.1

0,2

0,3

0,4

0,5

0,6

0,7

0,8

0,9

1

1

аса

Айнымалы 50 Гц

U, В

I, мА

550 650

340 400

160 190

135 160

120 140

105 125

95 105

85 90

75 75

70 65

60 50

206

Айнымалы 400 Гц

U,В

I, мА

650

500

500

330

250

200

170

140

130

110

100

368

Тұрақты

U, В

I, мА

650

500

400

350

300

250

240

230

220

210

200

-

Түзеткіш Екі жарты периодты

U, В

I, мА

650

500

400

300

270

230

220

210

200

190

180

-

Түзеткіш бір жарты периодты

U, В

I, мА

650

500

400

300

250

200

190

180

170

160

150

-


 

Ең қауіптісі – электр соққы. Электрлік соққының қауіптілік дәрежесі адам денесінен өткен ток күшіне тәуелді. Токпен жаралану адам денесі арқылы 0,01 А астам айналмалы ток немесе 0,05 А тұрақты ток өтуіне мүмкіндік беретін кернеуде болады. 0,1 А адам өліміне әкеледі.

Пеш маңайын тазалау кезінде айналмалы ток шинасында және трансформаторда барлық жұмыстар тек кернеу шешілгеннен кейін жүреді.

Бөлімшедегі құрылғы 1000 В-пен жұмыс атқаратындықтан, мұнда кедергісі 4 Ом болатын болаттан жасалған контурды жерлендіру бар.

Пештің электротермиялық бөлімі тормен бөлінген. Қатты кернеу болған кезде торда орналасқан түсті сигнализация іске қосылады.

Өрт туындау себептері әр түрлі: құрылыс конструкцияларындағы ғимараттардағы бөлме жоспарындағы кемшіліктер, жабдық ақаулары, технологиялық процестердің бұзылуы, жұмысты дұрыс жүргізбеу, жұмысшылардың ұқыпсыздығы.

Кәсіпорындарда өрттің туындау себептерін жою үшін құрылыс-техникалық және ұйымдастыру шаралары қолданылады. Техникалық процестерде өрттен қорғау үшін арнайы автоматты қондырғы қажет. Құрылыстық-техникалық шараларға кәсіпорын территориясының, ғимараттың өрт таралуын тежейтін арнайы қоршауының жобасы, шығатын есіктердің дұрыс орналасуы, оған эвакуация да кіреді.

Ұйымдастырушылық шараларға шылым шегуге, жұмыс барысында ашық оттың қолданылуына тыйым салу, адамдарды және мүлікті эвакуациялау жобаларын жасау, өрт қауіпсіздігі шараларын жұмысшыларға үйрету жатқызылады.

Сілтілеу цехында сонымен қатар өртке қарсы су қондырғылар жасалған. Бұл өрт орнына суды жеткізетін құрылғылар кешені. Зертханада өрт апатын ескеретін сигнализация жүйесі қондырылған. Оның құрамына қабылдау станциясы және хабар беру құрылғылары. Зертханада өрт апатын ескеретін сигнализация жүйесі қондырылған. Оның құрамына қабылдау станциясы және хабар беру құрылғылары кіреді. Барлық бөлімшелер телефонмен жабдықталған.

Негізгі өрт көздері болып электр қондырғылары және машиналар мен механизмдердің қозғалатын бөлшектерінің үйкелісі саналады. Үйкеліс кезінде көп жылу бөлінеді, әсіресе құрғақ үйкеліс кезінде жылудың бөлінуі арта түседі. Мұндай үйкеліс механизмдердің апатты қызуына әкеліп соғады.

Қыздыру пештеріндегі температура деңгейі, агрегаттардың жұмысы автоматты түрде реттеледі. Ол аппараттардың дұрыс қосылмауын жояды, яғни өрт қауіпін азайтады.

Жобаланатын пісіру цехында міндетті түрде өрт болған жағдайда шығатын қабаттар мен есіктер белгіленген, ондағы алғаш шара қолдану керектігі көрсетілген. Цех II дәрежелі өртке төзімді болып келеді. Сондықтан, жобада мынадай шаралар алдын-ала ескерілген:

- өрт машиналарының подъездтері ғимараттың кез-келген жағынан болуы мүмкін. Ғимараттың сыртқы жақтары өрт болған жағдайда шығатын баспалдақтармен қамтылған. Ғимараттың айналасы асфальттанған;

  • цехта электрлі құрылғыларды өшіруге арналған көбікті өрт өшіргіштері орнатылған. Өрттен алдын-ала сақтандыру үшін датчиктер және түтін сигнализаторлары орнатылған.
  • ғимарат жанында жоғары қысымды гидранттар орнатылған. Гидрант –көшеге, өртке су себу үшін қолданылатын су краны. Өртті өшіру үшін су көзі ретінде қалалық шаруашылық ауыз су құбырлары алынады.

 

 

 

 

 

4.3 Өндірістік жарақат, кәсіби аурулар, жазатайым жағдайлар және алдын алу шаралары

 

Цехтағы жұмыскерлерді арнайы қорғаныс киімдерімен қамтамасыздандырады, олар: арнайы етіктер, шаңға қарсы респираторлар, қозғаушы көзэйнектер, шуға қарсы аппараттар.

 

4.5-кесте

Арнайы қорғаныс құралдары

Мамандығы

Қорғаныс құралы

Пайдалану уақыты

Мастер

Костюм, бас киім, қолша, аяқ-киім, көзілідірік, респираторлар

12 ай

Балқытушы

Суконды тон, шалбар, киізден жасалған бас киім,    бетке    арналған әйнекті қорғаныс

12ай

Слесарь

Қолша, қолғап, респиратор

6 ай

Электрик

Суконды костюм, резеңкелі аяқ-киім

12 ай


 

Шаңға қатысты жұмысы бар жұмысшыларды (ұнтақтаушылар, мөлшерлеушілер, прессовщиктер, броновщиктер, затарщиктер,т.б.) бас киім, жабық комбинезон, халат, респиратор, шуға қарсы аппараттармен қамтамасыз етіледі. Пеште жұмыс істегендерге арнайы аяқ-киім, қорғаушы көзәйнек және қолғаптар, ал электролизершілерге резина етіктер мен қолғаптар беріледі.

В және БКФ маркалы сүзілетін өндірістік противогаз, жартылай маскалы герметикалық көзілдіріктер, қышқылға тұрақты резина қолғаптар. Перхлорвинилды смола қабатымен қапталған арнайы киім. Зиянды шаңдар ауаға бөліну мүмкіндігі бар аппаратура мен өндіріс процестер герметизациясы.

Цех жұмысшыларына арнайы тағамдар беріледі, олар: сүт, айран және қаймақ. Бұл тағамдармен жұмыс кезінде міндетті түрде тамақтанады.

Өндірістерде оқытуды бақылау аясында жұмыскерлердің еңбек қорғауға қойылатын талаптар, білімдерін тексеру бойынша комиссия отырысының хаттамасы жүргізілуі қажет және нұсқауды тіркеу журналы болуы тиіс:

- Кіріспе (Қауіпсіздік пен еңбек қорғау бойынша кіріспе нұсқауы барлық жұмысқа қайта қабылданған жұмыскерлерге, олардың біліміне, осы мамандық немесе қызметі бойынша еңбек стажына, уақытша жұмыскерлерге, іс-сапарға келгендерге, өндіріске оқуға келген немесе тәжірибеге келген оқушыларға және студенттерге түгелдей жүргізіледі);

  • Алғашқы жұмыс орнында жеке жүргізіледі:
  1. ұйымға барлық қайта қабылданған жұмыскерлерге, бір бөлімшеден басқа бөлімге ауысқан кезінде жүргізіледі;
  1. жұмыскерге жаңа жұмысты орындағанда, іс-сапарға келгендерге, уақытша жұмыскерлерге жүргізіледі;
  2. жұмыс істеп тұрған ұйымдардың территориясындағы құрылыстық-монтаждау жұмыстарын орындауда құрылысшылармен жүргізіледі;
  3. өндірістік практикаға келген немесе оқуға келген оқушылар мен студенттерге жүргізіледі.
  • Екінші реттік, (жарты жылда бір рет орындалатын жұмыстың сипатына байланысты жұмыс стажына, арнайы біліміне, мамандығына тәуелсіз жұмыскерлерге жүргізіледі)
  • Жоспардан тыс:
  1. қауіпсіздік пен еңбек қорғау бойынша нұсқауларды, ережелерді, қайта қарлаған стандарттарды немесе жаңаларын енгізген кезде, сонымен бірге осы аталғандарға өзгерістер енгізілген кезде жүргізіледі;
  1. еңбек қорғауға әсерін тигізетін, материалдарды, алғашқы 
    шикізаттарды, аспаптарды, бейімдеуіштерді, жабдықтарды ауыстырудағы технологиялық үрдістердің өзгеруі кезінде жүргізіледі;
  2. апатқа, жарылысқа немесе өртке, улануға алып келуі мүмкін, қауіпсіздік талаптарын жұмыскер бұзған кезде жүргізіледі;
  3. бақылаушы қадағалау органдарының талаптары бойынша жүргізіледі және мақсатқа сай (мамандығына сәйкес келмейтін тура міндеттерімен байланысты емес жұмыстарды бір рет орындау кезінде (тиеу, төгу, территорияны тазалау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс жұмыстарды) жүргізіледі)).

Оқыту еңбек бойынша құзырлы орындармен бекітілген ережемен сәйкес жасалған, еңбек қорғау нұсқауын ескере отырып, сәйкес жұмысшылар топтарына арналған бағдарлама бойынша жүргізілуі қажет.

Жұмыс беруші мамандығын арттыру жүйесін, қызметкерді қайта дайындауды ұйымдастыруы қажет, сонымен бірге жұмыскерлерді алғашқы дайындауды, жұмыс орындарында тәжірибеден өткізуді ұйымдастыруы қажет.

Кәсіби аурулар мен жарақаттардың алдын-алу қауіпсіз жұмыс жағдайын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады:

Информация о работе Павлодар Алюминий зауытының жағдайында бокситтан алюминатты ерітіндіні алу - сілтілеу цехының жобасы