Еңбек шартының түсінігі, мазмұны мен мерзімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 12:03, реферат

Описание работы

Қазақстан Президентінің 2009 жылғы тамыздың 24-індегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында атап көрсетілгеніндей, нарықтық экономика жағдайында, еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту проблемаларының болу жағдайында еңбектегі құқықтық қатынастар мәселесі өзекті мәселе болып табылады. Осыған орай, еңбек заңнамасының қолданылу практикасына жүйелі талдау жасау және осы саладағы халықаралық тәжірибені ескере отырып, оны ұдайы жетілдіріп отыру қажет.

Файлы: 1 файл

кукык енбек.docx

— 72.10 Кб (Скачать файл)

Жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек құқығын заң жүзінде реттеп отыру қажет. Мұнсыз олардың көкейкесті мүдделерін қорғау мүмкін емес. Олай болса, біз құқықтық ұйымдастыру шараларының негізгі түрі еңбек шарты арқылы осы міндеттерді іске асыра аламыз.

Еңбек шарты — қызметкер мен жұмысберушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екіжақты келісім, бұл келісім бойынша қызметкер жұмысберушінің актісін орындай отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмысберуші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де акшалай төлемдерді уақытында көлемінде төлеуге, еңбек туралы зандар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Еңбек шартымен қатар қазір нарықтық экономикаға көшуге байланысты занда «контракт» ұғымы пайда болды. «Контракт» ұғымы еңбек катынастарында арнайы мағынада қолданылады. Қолданылып жүрген еңбек зандарында контракт еңбек шартының ерекше бір түрі ретінде аталғанымен онын мазмұны мен құрамы еңбек шартымен сабактасып жатыр.

Контрактының еңбек шартынан айырмашылығы мынада:

контрактының талаптарын тараптардың өздері белгілейді және онда накты жеңілдіктер мен артықшылыктар белгіленуі мүмкін;

контрактыда еңбек зандарында белгіленбеген шаралар қолданылуы мүмкін, мысалы, еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақытының режимі, демалыстың үзақтыгы және т.б.

Еңбекші бір кәсіпорынмен еңбек шартын (контрактісін) жасасқан күннен бастап ол сол кәсіпорынның еңбек ұжымына мүше болады, әрі оның ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағынады. Осынысымен еңбек шарты басқа азаматтық құқығында қолданылатын шарттардан ажыратылады.

Еңбек шартының заңдық маңызы өте зор:

1) ол елімізде  еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың, тұрактандырудың және тартудың ең негізгі құкыктык нысаны;

ол еңбекшілердің еңбек құқығын жүзеге асырудың негізгі нысаны;

енбек шарты еңбек қатынастарынын пайда болуына негіз болатын заңды маңызы бар факті;

4) еңбек шарты өзінің тараптары үшін қажетті еңбек құқыктары мен міндеттерін тудырушы негіз;

5) еңбек шарты арқылы еңбекші белгілі бір кәсіпорынның еңбек ұжымына мүше бола алады;

6) еңбек шарты жеке еңбек келісімі болғандықтан ол еңбеккердің жеке басын зансыз еңбек жағдайларынан қорғайды.

Жеке еңбек шартының мерзімі

Жеке еңбек шарты колданылу мерзіміне қарай: белгісіз мерзімге; белгілі бір мерзімге; белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған  қызметкерді  ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Шарттың накты мерзімі қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша белгіленеді.

Белгілі мерзімге жасалған шарт белгісіз мерзімге жасалған шарттан тараптар үшін шарт мерзімі біткен кезде қандай да болмасын себептерді көрсетпестен енбек қатынастарын тоқтату мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Белгілі бір жұмыстың орындалу мерзіміне жасалған шарттар белгілі бір мерзімдік шарттардың бір түріне жатады, бірақ, бұл жағдайда шарт жасасу кезінде оның мерзімі накты күнтізбелік кезеңмен шектелмей, белгілі бір жұмыстын аякталуына байланысты қойылады.

Шарт белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына немесе уақытша жұмыста жоқ қызметкерді алмастыру уақытына, жұмыстың аякталу мерзімі шамамен ғана белгіленуі мүмкін болғанда жасалады (мысалы, қызметкердің ауруы, накты объекті құрылысының аяқталуы, т.б.).

Белгісіз мерзімге жасалған жеке еңбек шарты қызметкердің ешқандай мерзіммен шектелмей, тұракты жұмысқа қабылданғандығын білдіреді. Ал белгілі бір мерзімге жасасқан жеке  шартының накты қолданылу мерзімінің шегі Қазақстан Республикасының зандарында белгіленбеген. Егер жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі.

Шарт күшінің мерзімі біткенде тараптардың келісімі бойынша үзартылуы немесе жаңа мерзімге жасалуы мүмкін.

Еңбек шартындағы (контрактісіндегі) тараптардың өзара құқықтары мен міндеттерін анықтайтын жағдайларды еңбек шартынын мазмұны дейді.

Еңбек заңы шартты жазбаша жасау міндетгі болып табылатынын белгілейді және ол еңбек қатынастарының жариялылығына, тиімді кадр саясатын жүргізуге, қызметкердің қабілеті мен кәсіби біліктілігін ескере отырып, оның бастамашылығы мен дербестілігі үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуге, тараптардың өзара жауапкершілігін көрсетуге, кызметкердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуына бағытталады.

 

Еңбек заңы шартты жазбаша жасау міндетгі болып табылатынын белгілейді және ол еңбек қатынастарының жариялылығына, тиімді кадр саясатын жүргізуге, қызметкердің қабілеті мен кәсіби біліктілігін ескере отырып, оның бастамашылығы мен дербестілігі үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуге, тараптардың өзара жауапкершілігін көрсетуге, кызметкердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуына бағытталады.

¨Жоспар

¨ 

¨1. Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және

¨    пәннің мазмұны.

¨2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және

¨    қағидалары.

¨3. Қорытынды

¨

¨

¨Еңбекті қорғау дегеніміз — тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу — алдын алу шаралары.

¨Еңбек заңдары еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат пен мемлекеттік басқару қағидаттарын белгілей отырып, жұмыс берушілер қызметкерлердің негізгі құқықтарының бірі — қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларын жасауын талап етеді.

¨

¨

¨Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.

¨Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен,  еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.      Еңбекті қорғау пәні  – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.

¨

¨

¨Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында қысқаша тоқталған. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы №528-II-ші Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16-тармағында еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.

¨

¨Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.

¨Еңбекті қорғау саласының мінтеті – адамдарды жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету және қызметкерлердің жұмыстарды атқару кезінде еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын бұзушылықтарды болдырмау болып табылады.

¨Еңбекті қорғау саласының қағидалары мыналар болып табылады:

¨өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;

¨қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;

¨адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;

¨қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;

¨еңбек бостандығы;

¨кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;

¨нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;

¨еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;

¨ уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;

¨

¨еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;

¨мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;

¨кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;

¨қауіпсіздік және гигена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамассыз ету;

¨өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірімен денсаулығының басымдығы;

¨еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамассыз ету;

¨тынығу құқығын қамтамассыз ету;

¨қызметкерлердің құқықтары мен мүмкүндіктерінің теңдігі;

¨қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамассыз ету;

¨

¨Қорытынды

¨Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған маңызды жалпы мемлекеттік проблемалардың, республика халқының денсаулығын нығайту, оның тіршілік сапасы мен деңгейін арттыру, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау шараларын жетілдіру мәселелерінің сәтті шешілуі мемлекеттік органдардың да, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің де өзара әрекеттестігі мен ортақ күш салуы арқасында жүзеге асырылатынын айтқым келеді.

 


Информация о работе Еңбек шартының түсінігі, мазмұны мен мерзімі