Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 08:45, контрольная работа
1. Кәсіпкерлік құқық түсінігі, пәні.
2. Кәсіпкерлік құқықты құқықтық реттеу әдістері.
3. Кәсіпкерлік құқықтың қағидалары және қайнар көздері.
Жоспар:
1. Кәсіпкерлік құқық түсінігі, пәні.
2. Кәсіпкерлік құқықты құқықтық реттеу әдістері.
3. Кәсіпкерлік
құқықтың қағидалары және
1.Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын
талқылаған болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық -
әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық
пен жұрттың құқығы арасындағы шекара жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда
азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық
құқық ие болатын еді.
П.И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді.Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы «Екі секторлық құқық теориясын» шығарған болатын, онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік –шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды.
ХХ ғ –ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды. Шаруашылық құқықтың пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық құқық арасындағы мәселелерді зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы ымыраны талдауды көздейді.
ХХ ғ –ң 50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікір – сайыста қайта қарады. Шаруашылық құқықтануда әр түрлі саладағы
әлеуметтік құқықтарын реттеуді қарастырады. Әр түрлі отырыстарда совет
құқықтанушылары шаруашылық кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды.
ХХ ғ-ң 90 жылдарында Ресейде жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға, басқа экономикадан тағы басқаға көшу жүйесі басталды.
Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс енгізу керек болды.
Кәсіпкерлік құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар
кәсіпкерлік құқықтың пәнін құрайды. Яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Кәсіпкерлік құқық – бұл мемлекеттің және қоғам мүддесінің қамтамасыз ету мақсатындағы шаруашылық қызмет субьектілерінің қатынастарын мемлекеттік реттеу бойынша және олардағы кәсіпкерлік қатынастар реттелетін нормалардың жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ кәсіпкерлік құқық пәні ретінде кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің арасында туындайтын мүліктік қатынастарды да атауға болады.
Мүліктік қатынастарды басқа қоғамдық қатынастардан оның белгілі бір
деңгейдегі мүліктік құндылыққаиелігі дараланып тұрады. Мүліктік қатынастар әрқилы нысандарда көрініс табады. Сондықтан да олар тек кәсіпкерлік құқық емес, сонымен қатар басқа да құқық салаларымен қоса реттеледі. Мысалы, тұлға ұрлық жасауға оқталса, онда азаматтық жауаптылыққа емес, қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Өйткені, ұрлыққа оқталу қоғамдық қатынастардағы тәртіпті бұзуға бағытталғанымен, меншік иесіне ешқандай зиян тигізбейді. Ал, егер қылмыстық әрекет не әкімшілік құқықбұзушылық салдарынан мүлікке зиян келсе, онда тұлға азаматтық жауаптылыққа да тартылады. Бірақ, жаза қылмыскер тұлғасының өзіне бағытталса, ал, келтірілген зиян орнын толтыру азаматтық құқық негізінде жүзеге асады. Мүліктік қатынастармен қоса, кәсіпкерлік құқықтың реттеу пәнінің қатарына жеке мүліктік емес қатынастарды да жатқызумызға болады.
Кәсіпкерлік құқық
мемлекеттік мәжбүрлеу
өзін-өзі ұстау ережелерін қамтиды. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері өздерінің ар-намысы, қадір-қасиеті не іскерлік беделіне нұқсан келтірілді деп есептесе онда өз құқықтарын заңнамада белгіленген тәртіпте қорғалуына толық құқылы.
2.Кәсіпкерлік құқықпен реттелетін қатынастарға әсер ету амалдары мен
тәсілдердің жиынтығы оның әдістері болып табылады. Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу әдістерінің компоненттері:
- құқықтыр мен міндеттерді анықтау тәртібі;
- қатынас субъектілерінің әрекеттерінің автономдылығы мен біртұтастығы
мемлекеттік тіркеу міндеттілігі ұсынылған құқықтарды анықтау деңгейі;
- құқықтық қатынастарға таратылған заңды фактілерді таңдау;
- субъектілер арасындағы құқықтар мен міндеттерді бөлу, құқықтық
қатынастардағы тараптардың құқықтық жағдайының сипаты;
- субъективтік құқықтық қамтамасыз ету жолдары мен амалдары.
Комплексті интеграцияланған кәсіпкерлік қызмет пәні әртүлі кәсіпкелік
қатынас әдісінің аспектісін қолдануды қолдайды. Дәстүрлі құқықтық әдебиет
әрбір құқық негізі құқықтық реттеу әдісіне сәйкес келеді деп түсіндіреді.
Кәсіпкерлік құқықта тек бір ғана емес, көптеген әдістер қолданылады. Олар:
алдын-ала міндетті тіркеу әдісі;
құқықтық қатынас жағының еркін автономдыәдісі;
кепілдеме әдісі.
Құқықтық бұйрық нормаларын алдын-ала міндетті тіркеу әдісінің көмегімен кәсіпкерлік қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттері қалыптасады. Ол бір жағы құқыққатынас беруге, ал екіншісі алдын-ала міндетті тіркеу міндеттелсе қолданылады. Бұл әдіс кәсіпкерлік қызметте тіке мемлекеттік реттеу үшін қажет болып табылады. Алдын-ала міндетті тіркеу әдісі арқылы қоғамның жариялық қызығушылық танылады.
Автономды шешім тәсілі – кәсіпкерлік қызметте өнім шығаруды дербес іске асыратын заңды тең құқыққа ие қатынастарда реттейтін әдісі. Бұл әдіс жие келісім әдісі деп аталады. Себебі қаншалықты құқық және міндет құқықтық қатынас жағынан өзара сенімнен құралады. Кәсіпкерлік қызмет катысушылары арасында сенімді қатынас үшін бұл – жие қолданылатын әдіс.
Кепілдеме әдісі – бір жағы құқықтық қатынас ұсынатын, ал екінші жағы кепілдердің міндетті құқық пен міндет негізінен қалыптасқан, шаруашылық жағдайындағы анықталған мінез-құлық нұсқасын ұсынады.
3. Құқық принциптерін оның қалыптасуы мен дамуының басталуы мен негізгі идеялары деп түсінеді. Сондықтан құқық принциптерінің қалыптасу үрдісінің объективтілігін танумен бірге олардың мазмұнын анықтайтын экономикалық және әлеуметтік заңдылықтардың бірқалыпты сипатын ескеру керек. Қоғамдық дамудың заңдылықтарының өзгеруі нәтижесінде негізгі құқықтық принциптердің өзгерістері болады, бұл экономикалық қатынастардың сипатына байланысты:
Кәсіпкер
құқықтары мен заңды
Экономикалық бостандық және экономикалық мүдделерді қорғау қағидасы – Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және экономикалық қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі; аталған қағидаға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік қызмет бостандығына және оны қолдау мен қорғауға кепілдік береді; сонымен бірге, кәсіпкерлік қызмет бостандығы шексіз емес және қоғам мүддесіне қажетті жағдайларда заңнамамен шектелуі мүмкін.
Экономикалық қатынастарға мемлекеттік ықпал ету қағидасы – экономиканың қалыпты дамуы мен экономикалық шешімдердің тиімділігін қамтамасыз ететін, экономикалық ықпал етуші шараларды қолданудан көрініс табады;
Бәсекелестік
еркіндігі мен монополядан
Заңдылық қағидасы – құқықтың барлық салаларына ортақ, алайда, нарықтық қатынастар барысында аса маңыздылыққа ие болады; бұл қағидаға сәйкес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар заңмен тиым салынбаған кез-келген әрекетпен айналыса алады.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, экономикасы нарықтық даму жолына түскелі кәсіпкерлік қызметтің дамуына мемлекет тарапынан жақсы қолайлы жағдайлар жасалды. Бүгінде мемлекетімізде кәсіпкерлік қызмет саласын реттейтін заңнама жүйесі толық қалыптасты десек болады. Осы аралықта «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңы, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР заңдары және т.б бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданды. 2006 жылғы 31 қантардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңының қабылдануы бүгінгі таңда ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметке байланысты қарым-қатынастарды реттейтін бірден-бір нормативтік құқықтық акті.
Кәсіпкерлік құқық қайнар көздері:
1.ҚР Конституциясы
(кәсіпкерлердің
2.Азаматтық Кодекс (Бәсекелестік, шарттар бекіту нормалары, ішкі фирмалық
қатынастар, ішкі қатынастарын реттейді).
3.ҚР-ң Заңдары:
1.
«Бәсекелестік және тауар
қызметті шектеу туралы» Заң, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заң.
2.Субьектілердің
құқықтық жағдайларын
3.
Бөлек кәсіпкерлік қызмет
4.
Кәсіпкерлік қызметке
4.Заңды актілер: Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, атқарушы
органдардың нормативтік құқықтық актілері.
5.Жоғарғы Кеңес қаулылары.
6.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шаруашылық құқықтық
нормативтік құқықтық актілері.
7.Локальды нормативті актілер.
8.Халықаралық шарттар.
9.Іскерлік айналым, әдет-ғұрып (сыртқы саудада су тасымалдауында орын
алады).
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж
2. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 27 желтоқсан 1994ж және (ерекше
бөлім) 1 шілде 1999ж
3. «Заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу туралы»
Республикасының Заңы 17 сәуір 1995 ж
4. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңы 11 қаңтар
2007ж
5. Қазақстан
Республикасының «Банкроттық
ж өзгерістер мен толықтырулармен
6. Қазақстан
Республикасының «Сақтандыру
желтоқсан 2000
7. Қазақстан Республикасының «Ақционерлік қоғам туралы» Заңы 13
мамыр 2003
8. Қазақстан
Республикасының «Жеке
2006ж
9. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 30 қаңтар 2001ж
10.Қазақстан Республикасының «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу
туралы» Заң 7 шілде 2006ж
11.ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі 13 шілде 1999ж
12.ҚР «Инвестиция туралы»Заңы 8 қаңтар 2004
13.Қазақстан
Республикасының Аудиторлық
2003
14.Кәсіпкерлік құқық. Мороз Алматы, 2009
15.Естемиров М.А Кәсіпкерлік құқық дәрістер жинағы. – Алматы 2008.
16.Предпринимательское право в Республике Казахстан /Окаев К.О.,2006
17.Сулейменов М.К. и др. Право и предпринимательство в РК.-Алматы,
2004.
18.Климкин С.И.
Правовые формы
Казахстан.-Алматы,2007.
19.Основы
20.Жилинский Э