Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 14:42, курсовая работа
Құрылыстық керамика – бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен keramos деген сөзден шыққан,саз деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді.
Кіріспе
3
1
Шығарылатын өнімнің номенклатурасы
5
2
Технологиялық бөлім
6
2.1
Шикізат, өндіру әдісін талдау
6
2.2
Цехтің тәртібі және есебі
9
2.3
Техникалық сұлба, негізгі техниканың құралдарды таңдау және есептеу
11
3
Сапаны бақылау
14
4
Еңбек және қоршаған ортаны қорғау
22
Қорытынды
24
Қолданған әдебиеттер тізімі
- жобалық күйге орнатылу кезінде құрылыс бұйымдары мен құрама құрастырмаларының, сондай-ақ қаттап жинау кезінде қатарларының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиісті бекітпелерді қолдану қарастырылуы қажет.
Құрамында жанатын сұйықтықтар немесе қатты заттар бар құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өрт қауіпсіздігі және жарылыс қауіпсіздігі олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне және параметрлеріне байланысты өрттің және (немесе) жарылыстың туындау және (немесе) даму мүмкіндігімен анықталады.
Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өмірлік циклінің барлық кезеңдеріндегі олардың өрт қауіпсіздігін және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және өрт қауіпсіздігі саласындағы басқа нормативтік құжаттарда белгіленген талаптар орындалуы тиіс.
Өрт-жарылысқа қауіпті құрылыс материалдарын дайындау кезінде қалыпты жағдайларда жарылысқа қауіпті қоспалар түзетін химиялық заттарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Өрт-жарылыс қауіпті құрылыс материалдарымен жұмыс істеу кезінде өрт пен жарылыс туатын жағдайлардың алдын алатын шаралар қарастырылуы тиіс:
- әрлеу жұмыстарын жасауда пайдаланылатын, бір-бірімен өзара әрекеттесу кезінде тұтанатын, жарылыс туатын немесе жанғыш газдар түзетін құрылыс материалдарын бірге қолдануға, сақтауға және тасымалдауға рұқсат етілмейді;
- тұтынушы құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өрт-жарылысына қауіптілігі туралы ескертіледі;
- оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтар және өрт қауіпсіздігі ережелерінің жалпы талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуы тиіс.
Қорытынды
Сонымен, керамика (грек. keramіke – қыш өнері, keramos – саз) – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. К-ның негізгі технол. түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады. Керамика адамзат өмірінде ертеден пайдаланылған.
Ежелгі замандарда, атап айтқанда палеолит, неолит дәуірінде (б.з.б. 5-мыңжылдық) жасала бастап, ғасырлар өткен сайын технологиясы күрделене түскен. Саздан түрлі бұйым жасап, оның беріктігін арттыру үшін күйдіру ісі кең таралған. Керамика жасауды әр халық өз бетімен ойлап тапқандықтан, олардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Халқы мен заманына тән ерекшелігі, әр түрлі ою-өрнектер мен таңбалардың, тіпті, кейде жазулардың болуы бұларды бағалы тарихи ескерткіштер қатарына жатқызады. Ең алғашқы керамикалық бұйым ас пісіру және сақтау үшін қолданылатын ыдыс түрінде жасалған. Күйдіру арқылы беріктігін дамытып, әдемілік үшін ыдыстың қалың бүйірлеріне әр түрлі оюлар салған. Энеолит дәуірінен бастап (б.з.б. 3 – 2-мыңжылдық) жазу да жазады.
Құрылыста ерекше орынды құрылыстық керамика алады, оған қабырғалық (кірпіш, керамикалық тастар, қасбеттік (плиткалар, беттік кірпіш), жабындық (черепица), канализациялық және дренаж құбырлары, санитарлық-техникалық (жуыну үстелдері, ванна және т.б.), еденге арналған қаптағыш плиткалар, қышқылға төзімді бұйымдар жатады. Сонымен қатар, құрылыстық керамикалық материалдарға бетонға арналған толтырғыштар да кіреді (керамзит, аглопорит).
Керамика бұйымдарының пайдаланулық және көркемдік-әшекейлік тамаша сапалары оларды тек қана құрылыста ғана емес, техника мен тұрмыста да кең қолданылуына арқа болды. Сонымен керамиканы құрылыстық, техникалық және тұрмыстық деп те ажыратуға болады.
Керамикалық масса құрамына кіретін компоненттер - сазды материалдар және түрлі қоспалар. Шикізат араласпасындағы осы компоненттердің салыстырмалы құрамын, араласпа компоненттері және жартылай фабрикаттарды түрлі құрал-жабдықтармен өңдеу тәсілдерін өзгерте отырып, тағайындалуы, қасиеттері, құрылысы және сыртқы түрі бойынша әр түрлі бұйымдар дайындауға болады.
Керамикалық бұйымдар дайындау үшін шикізат араласпасының негізгі компоненті сазды материалдар -дала шпатты тау жыныстарының табиғи желге мүжілген өнімдері болып табылады.
Кірпіштік - екінші ретті шөгінді түзілімдер, минералдық және түйіршіктік құрамы тұрақсыз. Олар каолинит, гидрослюда, аз мөлшерде кварц қоспасы болатын монтмориллонит, карбонаттардан тұрады. Олар черепица, әрлеу плиткалары, керамзит және аглопорит өндірісінде қолданылады. Оларға төмен температурада балқып пісетін отқатөзімділігі 1350ºС және пластикалығы 7-15 саздар мен суглиноктар(саз бен құмнан тұратын тау жынысы) жатады.
Керамикалық бұйымдардың аязға төзімділігін арттыру үшін қалыптау массасына 2,5%-ға дейін хлорлы кальций, натрий немесе алюминий қосады.
Түсінің ұзақ сақталуы үшін массадан 0,5% көлемінде көмірқышқылды немесе хлорлы барий, ал зиянды ірі өлшемді әктасты қоспаларды жою үшін массадан 1,5% мөлшерде хлорлы натрий немесе тұз қышқылын қосады.
Құрылыс керамикалық бұйымдардың өндірісінде массаның шихталық құрамына негізгі саздан басқа пластификациялаушы, жанып кететін, жүдеудететін және балқу температурасын төмендететін қоспалар қосады. Шихта құрамын есептеу кезінде негізгі шикізаттың химиялық және минералогиялық құрамы, оның иілгіштігі, кептіруге сезімталдығы және басқа қасиеттері ескеріледі.
Массаны екі валды саз араластырғышта дайындайды, әдетте бумен ылғалдайды. Алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда ұтымды өңдеу үшін фильтрлі решеткалы саз араластырғышты пайдаланады.
Саз дайындаудағы шликерлі әдіс.
Құрылыстық керамикалық бұйымдарды қалыптау үш әдіспен дайындалады: ылғалдылығы 15-22% массаны пластикалық әдіспен қалыптау, ылғалдылығы 6-11 % ұнтақ тәрізді массаларды жартылай құрғақ әдіспен және ылғалдылығы 32-38% сұйық керамикалық массаларды (шликерді) құю әдісімен қалыптау.
Қабырғаларды ішкі әрлеуге арналған керамикалық плиткалар, еденге арналған плиткалар мен ғимараттың қасбетін (фасадты) әрлеуге арналған плиткаларды көбінесе жартылай құрғақ керамикалық массадан пресстейді. Санитарлық керамикалық бұйымдар (қол жуғыштар, унитаз, керамикалық ванналар), тұрмыстық керамикалық бұйымдар, яғни күрделі формадағы бұйымдарды, сұйық керамикалық массадан құю әдісі арқылы қалыптайды.
Керамикалық кірпіш пен тасты саздан, сонымен қатар диатомит, лесс және өндіріс қалдықтарынан минералды, органикалық қоспалармен немесе қоспасыз дайындайды. Оларды ғимараттардың сыртқы және ішкі қабырғалары мен басқа да элементтерін қалауға және қабырғалық панель (екі- және үш қабатты) және блоктар дайындау үшін пайдаланады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу құралы, Шымкент, 2004. -318с.
2 Кулибаев А.А., Бишимбаев В.К., Касимов И.К., Ергешев Р.Б., Байболов С.М. Құрылыс материалдары. Алматы, 2004.
3 Кулибаев А.А., Бишимбаев В.К., Касимов И.К., Байболов С.М. Сәулеттік материалтану. Алматы, 2006.
4 Қалшабекова Э.Н., Рысдаулетов
Р.А. Құрылыс материалдар
5 Г.С.Бурлаков Основы технологии керамики и искусственных пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва,1972г, - 424с.
6 Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий.– М.: Стройиздат, 1989. -256с.
7 Горчаков Г.И., Строительные материалы. - М.: Просвещение, 2006.-184с.
8 Комар А.Г., Строительные материалы и изделия. - М.: Академия, 2007.-299с.
9 Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича. М.:Высшая школа, 1989. -248с.
10 Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции. Справочник. –М.: Высшая школа, 2004. -277с.
11 Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат, 1989. – 188с.
12 Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.- 266с.
13 Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. - 591 с.
14 Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая школа, 1987.-244с.
15 Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики. М.:Высшая школа, 1985. -325с.
16 Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной керамики. М.:Стройиздат, 1977. -188с.
17 В.С. Горшков, В.В. Тимашев, В.Г. Савельев
«Методы физико-химического анализа
вяжущих средств». - Москва.
Высшая
школа, 1981г.-335с.
18 В. Потемкин, Н.А. Зиброва, Ю.А. Мамонтов и др. «Методы исследования и контроля строительных материалов». Шымкент, 1994г.-67с.
19 Строительные материалы: Справочник/ А.С. Болдырев, и др. Под ред. А.С. Болдырева, П.П. Золотова- М: Стройиздат, 1989-567с.