Курылыс машина

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2015 в 23:38, реферат

Описание работы

Құрылыс өндірісінде құрылыс машиналары мен жүккөтергіш механизмдер кеңінен қолданылады. Құрылыс машиналары түрлеріне қарай және атқару қызметтеріне қарай жіктеледі.
Жүк көтергіш машиналар
Тиеп-түсіру машиналары
Жер жұмыстары машиналары
Бетон дайындау машиналары
Әрлеу машиналары

Файлы: 1 файл

курылыс машина.pptx

— 754.20 Кб (Скачать файл)

    Жүк көтергіштері және              
арнайы крандар.  

Сабақтың жоспары:

 

Жүк көтергіш

 машиналарға

анықтама

 

Мұнаралы кранға түсінік

 

Кран құрылысы қолдану аясы

 

Құрылыс өндірісінде құрылыс машиналары мен жүккөтергіш механизмдер кеңінен қолданылады. Құрылыс машиналары түрлеріне қарай және атқару қызметтеріне қарай жіктеледі.

    • Жүк көтергіш машиналар
    • Тиеп-түсіру машиналары
    • Жер жұмыстары машиналары
    • Бетон дайындау машиналары
    • Әрлеу машиналары

 

      Жалпы құрылыс машиналары құрылыста құрылыс-монтажды және арнайы процестерді жүзеге асыру үшін қажет.

      Құрылыс өндірісі екі жүйеден тұрады:

    • Құрылыс өндірісінің технологиясы;
    • Құрылыс өндірісін ұйымдастыру.

     Құрылыс өндіріс технологиясы дегеніміз құрылыс материалдарын дайындау шикізат және құрылыс өнімдерін өндіретін әдістерді айтамыз.

     Құрылыс өндірісінің технологиясы құрылыс пен ғимараттарды салу және құрылыс процестерінің технологиясынан тұрады.

Жүк көтергіш машиналарының атқаратын қызметі көлденең және тігінен жүктерді бір орыннан екінші орынға ауыстыру үшін қажет. Құрылыс саласында жебелі жүк көтергіш крандар кеңінен қолданылады. Мысалы олар: мұнаралы кран, автокрандар, АГП, мостылы кран, портальды кран. Жүк көтергіш крандардың басты мақсаты: жүкті көтеру, түсіру.

       Автомобильді крандарға базасы стандартты жүк автомобильді болып саналатын шоссилі өресі бар крандар жатады.

       Ыңғайлылығы мен үлкен транспортты жылдамдығына қарай автомобильді крандар әр түрлі түсіру-тиеу және құрылысты-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде, әсіресе жол және селолық жұмыстар кезінде кеңінен қолданылады. Автомобильді крандар жүк көтергіштігі мен жетегінің түріне (механикалық немесе гидравликалық), сондай ақ өрелі жабдығының конструкциясына қарай топтастырылады.

       Түсіру-тиеу жұмыстарын орындауда кеңінен қолданылатын автомобильді кранның әр түрлілігі болып кузовты автомобиль шоссиінде жөнделген, кузов пен жүргізуші кабинасы арасындағы кран саналады. Кранның барлық қозғалысы гидроцилиндрдің көмегімен іске асырылады. Тасымалдау кезінде кранның өресі кабина мен кузов арасында орналасады.

       Осындай түрдегі крандар 0,5 тен 5 тоннаға дейінгі жүкті көтереді және 14 м дейін өресі көтеріледі.

Порталды крандар гидротехникалық құрылыстарды-плотиналарды, шлюздарды, электростанциялар ғимараты құрылысын салғанда, сондай ақ кеме-жайларда түсіру-тиеу жұмыстарында пайдаланылады.

       Өз атауын порталды крандар негіз конструкциясы – порталға, яғни транспортты құралдардың өтуі үшін арка тәрізді ойығы бар формасына байланысты алды.

       Кран порталы төрт доңғалақты жүру арбаларына ие. Олар рельс жолдарымен қозғалады. Порталдың жоғарғы алаңында тіреуішті бұрылмалы құрылғы орналасады, ол негізгі механизм жасалатын (өресі бар жабдық және қозғалмайтын кері салмақ) бұрылмалы платформада болады. Крандардың жүк көтергіштігі – 16т дейін.

       Пневмодоңғалақты крандар

       Өресі бар пневмодоңғалақты крандар арнайы пневмодоңғалақты шоссиде жөнделеді. Бұл олардың кострукциясын типті жүкті автомобильдер шоссиінде жөнделген өресі бар автомобильдерден ерекшелейді.

       Пневмодоңғалақты крандар құрылыс-монтаждау және түсіру-тиеу жұмыстарында қолданылады.

       Пневмодоңғалақты крандар шосси типіне және жүру жабдығы жетегінің конструкциясына қарай екі типке бөлінеді: бір күш қондырғысы бар қысқа базалы, ол бұрылу платформасында орналасады және барлық атқарушы механизмдерді және қозғалу механизмдерін қозғалысқа келтіреді.

     Пневмодоңғалақты крандар 16,25,4,63,100 т жүк көтергіштікпен шығарылады.

      

       2.Ауыр құрастырмалы конструкцияларды монтаждау үшін, сол конструкцияларды биіктікке көтеру үшін  мұнаралы крандар қолданылады.

       Крандардың басқа түрлерінен мұнаралы крандар тұрғызылатын құрылыстың орналасуынан үлкен кеңістікті қамтамасыз ететін, ілмектің жеткілікті ұшуы бар өренің биік орналасуымен ерекшеленеді. Мұнаралы кранның көтерілуі биіктігі 60 м, ал тіркелмелі биіктігі 150 м дейін жетеді.

       Конструктивті орындалуына қарай мұнаралы крандар негізгі үш топқа бөлінеді: жер үстіндегі рельстік жолмен  бұрылмайтын мұнарасы бар өз бетімен жүретін, салынатын құрылысқа бекітілген мұнарасы бар тіркелетін немесе өзі көтерілетін, ғимарат каркасына тірелетін крандарды пайдаланады.

Бұрылмайтын мұнарасы бар өзі жүретін мұнаралы крандар монтаждауға және демонтаждауға көп уақытты талап етеді; олардағы ауырлық орталығы өте жоғары орналасқан, оларға қызмет көрсету қиынға түседі, себебі олардың негізгі механизмдері биікте орналасқан. Мұнаралы кранасты жолдарын қалай төсейді соған көңіл бөлейік: балласты қабатты құрастыруда ең жақсы материал болып қиыршық тас немесе бөліктері 25 тен 70 мм болатын қиыршық тас төселеді. Кранасты жолдарының рельстері үшін әдеттегі темір жол рельстерін қолданады. Рельс түрі жүргіш дөңгелекпен берілетін салмаққа байланысты болады.

Көп жағдайда рельстерді ағаш шпалдарға немесе жартылай шпалдарға орнатады. Шпалдарға рельстерді бұрандалардың көмегімен бекітеді. Электр жетегі бар крандарға арналған рельсті кранасты жолдары міндетті түрде жерге мықты орналастырылуы керек.

Автомобильді кранның көмегімен мұнарасының бас жағын алады да монтажды тағандарға орнатады. Жүк шығырын қоса отырып мұнараны көтереді, кейін бұрылмалы платформаға мұнараны бекіткеннен кейін жебеның жұмыс жаұдайына көтереді.

       Бетонға орнатылған мұнаралы кранды да осылай монтаждайды тек онда рельс жолдарының орнына анкерлі болттары астына құйылған бетон болады.

      

Бекіту

тапсырмаларыБекіту

тапсырмалары

 

Бекіту тапсырмалары

   К

     

 

   Ө

   

 

   Е

     

 

   Р

       

 

   Г

     

 

   І

       

 

       

  Ш


 

     

   Т

       

1) Көтергіш түрі

2) Кран бөлшегі

3) Кран түрі

4) Құрылыс материалы (топырақ) пайдаланбас  бұрын неден өтеді?

5) Кранасты жолы

6) Құрылыс материалы 

7) Кранның жүкті қармау бөлігі

8) Сылақтау кезінде үйкелеу қабатын  орындайтын құрал


Информация о работе Курылыс машина