Төмен температурада жұмыс істеуге арналған металдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2014 в 16:04, реферат

Описание работы

Металл қасиеттерін олардың ерекше ішкі құрылысы қамтамасыз етеді.
Металл атомын нобай түрінде қарағанда, оң зарядталған ядро мен оның жан-
жағында әртүрлі қашықтықта айналып тұратын электроннан тұратын жүйе
деуге болады. Бұл ядроның сыртқы қабаттағы (валенттілік) электрондарды
тарту әсері ішкі қабаттағы электрондардың тарту әсерімен теңбе-тең.
Сондықтан валенттілік электрондар оп-оңай ажырап, пайда болатын иондар
арасында кедергісіз барлық бағытта орын ауыстырып, қозғалады. Осы кейбір
электрондардың атомының басқа бөлігімен байланысының осалдығы
металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін қамтамасыз ететін
ерекшелігі болып табылады

Файлы: 1 файл

Төмен температурада жұмыс істеуге арналған металдар.docx

— 231.66 Кб (Скачать файл)

      Әртүрлі температурада үлгінің сериясын сынайды және сызықтарды құрады- соққы тұтқырлықтың температурадан байланысының ( ан- Т), солай ақ морт сыңғыштың басталуын анықтайды (сур. 7.3 г).

Морт сыңғыштың басталуы-бүзылудың өзгеру сипаттамасының температуралық интервалы,конструкционды беріктіктің маңызды параметры болып есептеледі. Неғұрлы морт сыңғыштың басталуы төмендеу болса, соғұрлы металл жүктеудің шоғырлауна, деформацияның жылдамдығына әсерлігіші төмендейді .

 

Сынық түрі бойынша тұтқырлықты бағалау

 

Шыдамдылыққа сынақ (ГОСТ 2860) – беріктіктің шаршау сипаттамасын береді.

Тозу - жүктеудің белгілі өзгерткіш қайталану кезіндегі материалдың бұзылуы, яғни шамасы аққыштық шегінен аспайды. Тозуға процессі 3 сатыдан құралады, сынықтағы осы сатыларға сәйкес аймақтар 7.4 суретте көрсетілген.

 

1.Ең жүктелген кесіңңің  болінде сынықтың пайда болуы.

2.Сынықтың бірте –  бірте таралуы

3.Соңғы бұзылуы

Беріктіктің шаршау сипаттамалары циклдық сынауларда анықтайды, 7.5.суретте схемасы

келтірілген.

Сур.7.5. Шаршау сынағы(а) , шаршау қисығы (б).

Қажуға сынау. Кейде металдар, әсер ететін күш сол металдың  беріктік шегіне жетпей-ақ, бұзылады. Бұл құбылыстың техникада күш көп түсетін және тез қозғалатын машиналар қолдануға байланысты маңызы үлкен, өйткені мұндай машиналар бөлшектері жиі әсер ететін күш әсерінен бүлінеді, бұзылады. Мұндай бөлшектер — біліктер, шатундар, саусақтар, поршеньдер және басқалар.

Түсетін күш қайта-қайта әсер еткенде металдың бұзылу себебі металдың қажуы деп, ал сол нүкте шыдау қабілеттілігі металдың төзімділігі деп аталады.

Металдардың қажудан бүлінуінің бір себебі — металдың кей жерінде бөгде заттардың, мысалы, шлак түйіршіктерінің болуынан, металдың үзілуінен, немесе металл ішінде майда саңлаулардың пайда болуынан. Бұл ақаулықтар бірте-бірте күшейе түсуінен үлкен саңылау пайда болып, металл бұзылады.

Металдың қажуын сынауға арнайы машиналар қолданылады. Бұл машиналарда металл үлгілеріне бірнеше рет түрлі күш түсіріледі, яғни металл үлгісі созылады, қысылады, қайта-қайта иіледі, қайта-қайта бұралады және басқалар.

Сынау ұзаққа созылады және сол кезде металдың қажу шегі, яғни металл төтеп беретін ең көп циклы анықталады.

Металды қажуға сынау нәтижесінде бүлінген металл, сынығынан екі аймақты бақылауға болады: бірінің беті тегіс, ал екіншісі кристалл құрылысты — тез бұзылу, морт сыну аймағы.

Үйкелуге сынау. Үйкеліске ұшырайтын бөлшектер (цилиндрлер, подшипниктер, тежеу қондырғылары) жасалатын металдарды үйкелуге немесе өз ара ауыстырғанда төзімділігіне сынайды. Үйкелу немесе тозу кезінде бөлшектерден металл бөлшектері бөлінеді және салмағы кемиді.

Үйкелуге сынау нәтижесі бөлшектердің жұмыс кезінде, яғни сол қысым, сол майлау және т. б. жағдайда ғана дәл болады.

Металды үйкелуге сынау үшін түрлі тәсілдер: үйкелісетін жерді дәл өлшеу, салмағын өлшеу (бөлшектер салмағының кемуіне қарай үйкелу дәрежесін анықтау үшін), таңба түсіру тәсілдері қолданылады. Соңғы тәсілдің мәні мынада: үйкеліске ұшырайтын беттің қаттылығын сынау үшін алмаз пирамиданың көмегімен бетке түсіреді. Бөлшектер үйкелісінде таңба мөлшері бірте-бірте кішірейеді, ол бөлшектің тозу дәрежесін көрсетеді.

Сынау үшін, сондай-ақ металдың металға үйкелісінде және металдардың абразивті материалдармен үйкелісінде тозуын анықтайтын конструкциясы әр түрлі машиналар қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Төмен температурада жұмыс істеуге арналған металдар