Жан-Жак Руссо

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 20:45, реферат

Описание работы

Руссо адамның табигатынан екі алғашқы өзімен бірге туатын нэрсені байқайды. Олардың біреуі «бізді өзімізді сақтап, жақсы өмір сүруге ынталандырса», екіншісі — эрбір сезімдік жанның зардап шегуін, өліп-қүруын көргенде табиғи тітіркенушілікті тудырады.

Егер Т.Гоббс адамның өзін сақтауға бағытталған табиғи инстинктінен өзімшілдікті (эгоизм) тудырса, Руссо оның өмірге келуіне дейін көп уақыттың өткенін көрсетеді.

Содержание работы

Жан-Жак Руссоның қысқаша өмір тарихы және шығармашылық мұрасы
Адам мәселесі
Теңсіздік мәселесі

Файлы: 1 файл

Жан-Жак Руссо.docx

— 28.82 Кб (Скачать файл)

Жан-Жак  Руссо

 

 

 

    1. Жан-Жак Руссоның қысқаша өмір тарихы және шығармашылық мұрасы
    2. Адам мәселесі
    3. Теңсіздік мәселесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жан-Жак Руссо (1712-1778 жж.) Швейцариядағы Женева қаласында сағат жөндеушінің семьясында дүниеге келеді. Негізгі еңбектері: «Қоғамдық шарт жөнінде», «Эмиль, я тәрбие жөнінде» т.с.с.

 

Адам мәселесі

 

Руссо адамның табигатынан екі алғашқы өзімен бірге туатын нэрсені байқайды. Олардың біреуі «бізді өзімізді сақтап, жақсы өмір сүруге ынталандырса», екіншісі — эрбір сезімдік жанның зардап шегуін, өліп-қүруын көргенде табиғи тітіркенушілікті тудырады.

 

Егер Т.Гоббс адамның өзін сақтауға бағытталған табиғи инстинктінен өзімшілдікті (эгоизм) тудырса, Руссо оның өмірге келуіне дейін көп уақыттың өткенін көрсетеді. Руссоның ойынша, адамның өзін сүю сезімі басқалардың зардабын көргенде оларды аяу сезімімен теңеледі, көбінесе соңғы сезім басым болып, басқалардың қайғы-қасіретіне ортақ болуға экеледі. Өзінің табиғи жағынан алсақ, адам — ізгілікке ұмтылатын пенде. Егер адам ізгі іс-эрекет жасап, өзінің өзімшілдігімен кұресе білсе, оның бұл қасиеті терең етек жаяды. Бірте-бірте ізгілікке үмтылу қажеттікке айналып, адамға рақат экеледі. Басқалардың алдындағы адамның борышы — ол ізгіліктің сыртқы көрінісі ғана. Ал табиғи сезімнен шығатын басқа адамдарға деген ізгі іс-эрекет -ол ең биік дэрежедегі адамгершілік, — деп қорытады Руссо. Бірақ адамның басқаларға деген ізгі сезімін дамытуға тежеу жасалса, ол өзінің қарама-қарсылығына айналып, эгоизмді, яғни өзімшілдікті тудырады. Өркениетті қоғамдағы адамдардың, бір> жағынан алғанда, адамды сүюі, эділеттілік, ізгілікке деген іңкэрі байқалса, екінші жағынан, ол сыртқы сезімнің, өзімшілдіктің шеңберінде екенін көреміз. Осы екі бір-біріне қарсы сезім тарихта қалай пайда болды? Бүл сүраққа жауапты ол адамдардьщ арасындағы теңсіздік қалайша пайда болды деген сүраққа жауап беру арқылы шешуге тырысады.

 

Теңсіздік мәселесі

 

Егер Руссоға дейінгі ойшылдар теңсіздіктің түп-тамыры, бір жағынан, зорлық-зомбылыққа, екінші жағынан, діни- рухани алдау-арбауда деп есептесе, Руссо оның шьштуайт себептері бар деген ойға келеді. Оны ол адамның ақыл-ой иесі ретінде жетілуге деген қабілетінен көреді. Адам еңбек етіп, өзін-өзі асырау жолында қармақ пен жіпті, садақ пен жебені, малдың терісінен киімді т.е.с ойлап шығарды, отты игерді. Олар үлкен аңдарды үстау үшін бір-бірімен оқтын-оқтын бірігіп, оның пайдалылығын байқады.

Руссоның ойынша, үй салу адамдардың өміріндегі алғашқы үлкен төңкеріс болды, өйткені үймен бірге отбасы дүниеге келді, ол тарихи алғашқы элеуметтік бітім еді. Бүл кезде элі мемлекет дүниеге келген жоқ, сондықтан бүл уақыт — алтын заман, адамдар бір-бірінен тэуелсіз, олар табиғаттың бақытты балалары.

Екінші тоңкеріс теңдікті жойып, адамдарды күлдық пен қайыршылыққа экелді. Ол — жекеменшіктің пайда болуы. Оның негізін қалаған бірінші адам өз үйінің маңайын қоршап: «Бұл -менікі», — деді, ал қалған адамдар оны мойындады, — деген пікір айтады. Әрине, Руссо бүл қүбылыстың терең тамырына шейін жетеді, ойткені жекеменшіктің пайда болуы алғашқы қоғамның экономикалық дамуымен тығыз байланысты болатын. Жерді өңдеп, егін егудің өзі оны бөлуге экеліп соқты. Осыдан жекеменшік, теңсіздіктің өзі-ақ пайда болады, тіпті біз алғашында жер тепе-тең бөлініп еді деп есептесекте. «Ең күшті өзінің еңбегімен басқалардан гөрі көбірек өндірді, ең өнерлі, тапқыр өзінің еңбегінен пайданы көбірек көрді», — дейді Руссо. «Жерді өңдеп, егін егу азық-түлікті көбейтіп, қажеттіктен артық қалатын байлықтың көзін ашты. Ал мүлың өзі эртүрлі кэсіптерді туғызып, өндіргіш күштерді эрі қарай дамытты. Әсіресе темірді балқытып, игеру ауыл шаруашылығында қолданатын құралдарды анағүрлым жетілдіріп алатын өнімді молайтты. Байлық аз топтың қолында шоғырланып, көпшілік қайыршылық жағдайға келеді, осыдан бастап адамзат табиғи сатыдан цивилизацияға келіп тіреледі. Байлардың мүдделерін тиімді қорғау жолында мемлекет дүниеге келеді», — деп қорытады Руссо.

Мүндай жағдайда адамға қалайша оның жоғалтқан еріктігін қайтып беруге болады? деген көкейтесті сұраққа Руссо өзінің «қоғамдық шарт» теориясы арқылы жауап беруге тырысады. Оның мэні мынада. Әрбір адам ерікті түрде өз қүқтарының бәрін қоғамға береді. Осы сэтте адамдардың бэрі де бір-бірімен заң жүзінде теңеліп, берген қүі<;тарын өзіне қоғамнан қайтарады. Барлығының жағдайы тең, ешкімнің де артықшылығы, жеңілділігі жоқ, эрбір адам бүкіл қоғамды мойындап, оның талаптарына көнгенмен, жеке қайсыбір адамға тэуелсіз болады, эрбір адам біртұтас қоғамның ажырамас бөлігіне айналады.

Сонымен қоғам өмірінде эрбір адам өзінің күш-қуатын сезінеді, адамдар жеке түлға, дене ретінде теңсіз болғанымен, моральдық, қүқтық теңдікке ие болады. Қоғамдағы шығарылған заңдардың қайнар көзі — халық. Егерде бірде-бір заң халықтың пікірінсіз жэне дауысын берусіз жарыққа шықса, онда ол заң емес, ол — бүйрық. Халықтың билігін камтамасыз ететін үйым — ол халықтың күрылтайы. О л заңмен бекітілген уақытта жиналып, «қоғамдық шарттың бүзылмауын бақылап отыруы қажет, өйткені ол шарттың ыдырап кету себептері эрқашан сақталады». Олар:

 

а) эрбір өкіметтің өзін әрқашанда күшейтуге тырысуынан шығады;

в) азаматтардың біршамасының ізгілік жолынан ауытқу мүм-кіндігінен;

с) жеке мүдделердің дамып, жалпы мүдденің шеңберін қы-суынан;

д) мүндай жағдайда «жалпы мүддені» өзгертіп, адамдарды алдап кету қаупі туады;

 

Қоғамдық шартты сақтап қалудың бірден-бір жолы, Руссоның айтуына қарағанда, ол — халықты ағарту, оған эрқашанда дұрыс жолды көрсетіп отыру.

 

Руссо адамды тэрбиелеу мэселелеріне де көп көңіл бөледі. Тэрбиелеу дегеніміз — табиғаттың адамға берген туа біткен дарын-дарын бірте-бірте дамытып, гүлдету. Адамға еріктікті сүю, тэуелсіз пікір айту сезімдерін қалыптастыру — қажетті нэрсе. Мэселені нақтылай келе, Руссо баланың тэрбиесін 4 сатыға бөледі:

 

туғаннан екіге дейін — негізінен, оның дене тәрбиесіне басым көңіл бөлінуі керек;

 

екіден он екіге дейін — сезім мен көңіл-күй тэрбиесі жүруі керек;

 

он екіден он беске дейін — баланың ақыл-ойының дамуына басым назар аударылуы қажет;

 

он бестен он сегізге дейін — баланы адамгершілік жолына қою керек. эсіресе осы соңғы «дауыл мен іңкэр» сатысына көп көңіл бөлінуі қажет.

 

Тэрбие жолында тікелей зорлық жасамай, баланың дамуына астыртын ықпал жасау керек. Әсіресе оның қалыптасып жатқан еріктік сезімін аялау қажет. Тэрбие жолында еңбек етуге үйретудің орны ерекше. Ізгілікті сүю үшін балаға ізгілікті істерді жасату керек. Тэрбие жолында баланың денесі мен ақыл-ойының дамуы бір-біріне ауысып, қатар жүріп отыруы керек.

Руссо өз заманын ондаған жылдарға озып, болашақ үрпақ-тарға зор эсерін тигізді. Руссоның қоғам, адам, мораль т.е.с. жөнін-дегі көп идеялары біздің ғылыми-техникалық революция жүріп, экологиялық дағдарысқа экеліп жатқан заманға да өзекті де, мазмүнды. Жоғарыдағы айтылған үлы француз ағартушыларының қата-рына басқа да сол замандағы ойшылдарды кіргізуге болады.Егер Кондильяк (1715-1780 жж.) қайсыбір ой өрісі түйсіктер берген деректердің негізінде пайда болады, яғни қоғамның рухани өмірінде күнбе-күнгі өмір бейнеленеді деп есептесе, Ламетри (1709-1751 жж.) өзінің емдеу тэжірибелеріне сүйене отырып, адамның үйықтап жатып көрген түсі, иэ болмаса ауырып, есінен танып жатқандағы сандырағы жан-дүниенің толығынан мимен байланысын көрсетеді, — деген пікірге келеді.


Информация о работе Жан-Жак Руссо