Жылына 500000 тонна цемент алу ұнтақтау бөлімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 20:13, курсовая работа

Описание работы

Байланыстырғыш материалдарының өндірісі мемлекеттің материалдық-техникалық базасын жасауда үлкен роль атқарады, құрылыс бағдарламасының сәтті іске асуына алып келеді. Байланыстырғыш материалдарының шығарылым қарқынының өсуiнен құрылыстың масштабтары, оның үнемділігі мен техникалық тиімділігі тәуледі болады.
Байланыстырғыш материалдардың қолдануы тек қана құрылыспен ғана шектелмейді. Оларсыз техниканың бір де бір облысы болмайды. Ең бірінші адам қолданған байланыстырғыш материал күйдірілмеген саз. Бірақ байланыстырғыш қасиетінің аздығынан және ылғал ортада өзінің беріктілігін жоятындықтан саз құрылыс талаптарына сай келмеді. Б.з.д. 2400-3000 жылдары байланыстырғыш материалдарын таулы жыныстарды күйдіріп ұнтақтау арқылы өндіру тәсілі ойлап табылды.

Содержание работы

Титул беті
Жұмысқатапсырма
Кіріспе
Өнімніңаттары
Шикізаттарғаанықтама
Шикізаттардыңқұрамынесептеу
Технологиялықбөлім
Өндіріскебақылау
Еңбек пен ортанықорғау
Қолданылғанәдебиеттертізімі.

Файлы: 1 файл

макудын курсовойы.docx

— 347.59 Кб (Скачать файл)

   Шикізат ұны бункерден (18) қоректендіруші шнек (17) арқылы  элеватордың көмегімен (16) (12 және 14) қоректендіруші шнектен және  ұяшықты қоректендіргіштен (15) өтіп  газ өтетін құбырға (9) беріледі. Онда  температурасы 400 °С болатын газдармен бірге (8) циклонға(4 қадам) шығарылады. Жол бойында шикізат ұны газдармен қыздырылып 4 қадамның циклонында (8) дақ болып қалады, ал 300—350 °С дейін суытылған газдар газ өтетін құбырмен (10) шаңсыздандыратын циклондарға түсіп (11), түтінтартқышпен түтін құбырына (19) шығарылады. Бұл циклондарда дақ болып қалған шаң шикізат бункеріне (18) түседі. 4 қадамдның циклондарындағы, 250—350 °С-қа дейін қыздырылған ұн, газ өтетін құбырға (13) ағады. Онда газдармен бірге 3 қадамның циклонына (6), одан кейін сол әдіспен 2 қадамның циклонына (5) және 1 қадамның циклонына (3) және пешке (1) жеткізіледі. 

 

 

4.2 сурет. Айналмалы пештің  циклондық жылуалмастырғыштарын  орналастыру схемасы

1— пеш; 2, 4, 9, 10 и 13 — газ  өтетін құбыр; 3 — 1-ші қадамның  циклоны; 5 — 2-ші қадамның циклоны; 6 — 3-ші қадамның циклоны; 7 — қақ  жарғыштар; 8 — 4-ші қадамның циклоны; 11 — шаңсыздандырғыш циклондар; 12 14 и 17 — қоректендруші шнектер; 15 — ұяшықты қоректендіргіш; 15 —элеватор; 18 — бункер; 19—түтін құбыры.

 

    Айналмалы пеш  пен циклондар арасындағы байланыстырғыш  түйін болып табылатын, айналмалы  пештің сүргілеуші жүктеуіш басты  – камерасы(4.3 сурет) жапырақ болатпен  балқытып біріктірілген және  шамотпен футерленген. Ашық цилиндрлі  бөлігімен пештің жүктеуіш соңының  ішіне кіреді. Ол пештің шетіне  бекітілген шайбамен (1) және камераға  еркін кигізілген болат сақинадан (2) тұратын тығыздауышпен жабдықталған. Қыздырылған шикізат қоспасы, циклондық  жылуалмастырғыштардан пешке, камераға  кірістірілген көлбеу су суытатын  құбыр (3) арқылы беріледі. Су құбыр  жейдесіне түтік (4) арқылы жеткізіліп, (5) түтік арқылы ағып шығады. Камералардың  артқы қабырғаларында тығыз қақпақпен  жабулы қарау саңылауы (6) және  өтетін тесік (7) орналасқан. Бүйір  қабырғаларында пештен шығатын  газдарды циклондарға өткізетін  саңылаулаы бар. Пешті жөндеу  кезінде, газ өтетін құбырдан, су  құбырынан, шикізат ағымынан босатылған  соң рельстер бойымен қозғалуы  үшін камераны итарқаға монтаждайды.

   Бұл қондырғыда  газдар мен шикізат ұнының  қозғалысы бір-біріне қарама-қарсы  болады. Газдар циклоннан циклонға  өтіп, төменнен жоғары қарай қозғалады, ал шикізат ұны – оған қарама-қарсы бағытта жоғарыдан төмен қарай қозғалады; сол уақытта әрбір бөлек циклонда және газ өтетін құбырда газдар мен шикізат ұны бір бағытта қозғалады. Шикізат ұны циклондарда 700°С дейінқыздырылады, ал газдар 850-900°С-тан 300-350°С-қа дейінсуытылады.

 

 

 

4.3 Сурет. Айналмалы пештің  сүргілеуші жүктеуіш басты –  камерасы

   Күйдіру кезінде  шикізат ұнында, әр түрлі физикалық  және физико-химиялық процесстер  әсерінен жаңа материал – клинкер  пайда болады. Клинкердің суытылуы  соңғы аймақта – суытылу аймағында  температурасы 1100 – 1000 оС дейін төмендеуден басталады. Клинкердің әрі қарай суытылуы арнайы тоңазытқыштарда(8) өтеді, содан кейін ол жерден клинкер қоймасына(9) жіберіледі. Гипс тасын қоймадан ұсақтауға балғалы ұсақтағышқа(3) жібереміз. Клинкерге, бірінші реттік ұсақтаудан кейін шлакты қосамыз. Қоймадағы клинкерді 3 -  5 % табиғи гипспен бірге құбырлы диірменге(10) ұнтақтауға жібереміз. Үкпе портландцемент цементтік силостарға(11) түседі. Цементтік силостар – цилиндр пішінді, темірбетон сұйыққоймаға түседі. Ондағы цемент тұтынушыға жөнелткенше сақталынады. Силостардан түсірілген портландцементті 4-5 қабатты қатты, ылғал өткізбейтін қораптарға буып-түйеді. Қаптарды буымға орау - бір мезгілде бірнеше қапты буып-түйетін арнайы машинада орындалады.

Қапталмаған цементті арнайы өздігінен түсіретін темір-жол вагондарындарында(13) ақтара тиеу немесе цемент тасығыш автокөлікте тасымалдайды.

Қаптарға(50 кг) буылған цементті цемент қоймасында(14) тұтынушыға жіберілгенінше сақтайды.

 

 

 

Технологиялық бөлім

Негізгі технологиялық есептеулер

Бұл бөлімде байланыстырғыш материалдар шығатын цехқа, өндіріске келесі есептеулер жүргізіледі: 

1.Цехтың жұмыс істеу  тәртібін есептеу;

2.Керекті шикізат пен  отынды есептеу;

3.Технологиялық жабдықтарды анықтау;

4.Қоймалар мен бункерлерді есептеу;

5.Қажетті энергияны есептеу;

6.Техника-экономикалық көрсеткіштер;

 

I. Цехтың жұмыс  істеу тәртібін есептеу;

 

Өндірістің жұмыс істеу тәртібін өндірістің ерекшеліктеріне,заттың мөлшеріне және басқа да факторларға байланысты анықтаймыз. Байланыстырғыш материалдар өндірісі өндірістің негізгі 2 цехынан тұрады күйдіру және ұнтақтау цехы.Технологиялық норма бойынша күйдіру цехында жұмыс істейтін қондырғылар үзіліссіз жұмыс жоспарына сай жылына 20 күн жөңдеуге тоқталады деп алсақ, 3 смена деп жоспарлаймыз. Басқа цехтар мен бөлімдер күйдіру цехынан алда істейді десек, сол графикпен немесе үзіліспен жетісіне 2-3 смена десек, жылына 262 күн болады. Егер үш смена жасайды десек,қосымша қоймалар мен бункерлер қарастыру керек. Ұнтақтау цехы жетісіне үзіліс жасап үш смена жасайды, жылына 305 күн болады және 60 күні сақтандыру шараларын жасауға, қондырғыларды жөндеуге және диірменге салатын ұнтақтағыш шарларды ауыстыруға кететін уақыт. Кейбір жағдайларда диірменді жетісіне 6 күнде 3 сменада жасайтындай етеді. Транспорт цехына темір жол транспортын 3 смена жасайтын етіп, 305 жұмыс күнін қабылдайды, ал автомобиль транспортына 2-3 смена қылып жасайды, 262 жұмыс күні болады.

Технологиялық қондырғылардың жылдық қорын сағат арқылы есептегенде коэффициенті майда жөндеуге тоқталуына байланысты пайдаланады. Жылдық уақыт қорын () жылдық жұмыс күнін бір күнгі сағат және қолдану коэффициентіне көбейту арқылы табады. Зауыттың өнімділігі берілген жылдық өнім арқылы формуламен анықтайды.                  Жу = Қж.к. ·  t · k ;

мұндағы,

Кж.қ. – жылдық жұмыс күні;

n – смен саны;

Жу – жылдық уақыт қоры;

t – смендегі сағат  саны

t = 8 сағ.

k1 - коэффициенті, есепке алынатын жабдықтар ағымдағы жөндеумен сабақтас (k1=0,9…0,95 – үзіліспен жұмыс істейтін жабдықтар үшін; k1 = 0,85…0,9 - үзіліссіз жұмыс істейтін жабдықтар үшін);

k2 – коэффициенті, есепке алатын  жай ғана жоспарлы жөндеуге байланысты тоқтатулар (k2=0,9)

Ұнтақтау цехы:

Қж.к. = 305

Жу = 305 · 8 · 0,9 =2196сағ.   = ==1639,34 т

Күйдіру цехы:

Қж.к. = 305

Жу = 305 · 8 · 0,9 =2196сағ.   = ==1639,34 т

 

 

II. Шикізат пен  отынның қажеттігін есептеу

 

Есептеудің алдында әр технологиялық бөлімде өндірістің механикалық материалдар шығынын ескереміз.

Орташа шығын – 10%                                                                                         

Байланыстырғыш материалдар өндірісінде әуелі шикізатты құрғақ түрде есептейді,сонан кейін ылғалдылығын,қоспаны, шығынды және т.б. қосып есептейді. Құрғақ шикізаттың мөлшерін анықтау.

 

= = 703125 т

 

Әк тасы – 615973 т.

Саз – 88593 т.

 

мұндағы шикізаттың мөлшері, жылдық өнімділігі негізгі өнім бойынша,т; А- қыздырғандағы шығын. Ылғал шикізаттың мөлшері: 

 

=  =   = 560035.8 т

 

мұндағы шикізаттың мөлшері, W – шикізаттың немесе басқа бөлек компоненттердің ылғалдылығы,%. Барлық есептеулер жылға, айға, күнге, сағатқа жүргізіледі және оны кестеге жазамыз.

         9- кесте

Операцияның аты

Шикізаттың аты

Өлшем бірлігі

Керек өнімділік

жыл

ай

Күн

Сағат

1.

Құрғақ ш.з. мөлшері

Әк тасы

Тонна

520833,3

43402,7

1736,1

217,01

2.

Ылғал ш.з. мөлшері

Әк тасы

Тонна

560035,8

46669,6

1866,7

233,34


 

 

III. Технологиялық және транспорт қондырғыларын  талдау

 

Қондырғыны есептегенде технологиялық тізбек бойынша жеке машинаға шикізаттың берілуінен шыққан өнімге дейін алынады. Егер цехта бірнеше бөлімдер болса, онда әр бөлімдегі қондырғыларға жеке есептеулер жүргізіледі. Бұл тек қана есептеуді жеңілдетпейді және де машиналардың байланысын технологиялық операцияны орындауға ескереді, соның есебінен тізбектегі кейбір машиналар алынбайды. Қондырғыны есептегенде және таңдап алғанда негізінен кең қолданылып жүрген және өндіріске тиімдісін алу керек. Машиналар мен қондырғылардың санын анықтау:

  1. Ұсақтау  = = =2,72~3
  2. Диірменде кептіру = = =5,65~6

3.Айналмалы пеште күйдіру  = = = 1,89~2         

мұндағы - қолданылатын машина саны;- сол технологиялық бөлімге қажет бір сағаттағы өнімділік;ған қондырғының паспортындағы бір сағаттың өнімділігі; - уақыт бойынша қолданылатын қондырғының нормативті коэффициенті /0,92 тең деп қабылдаймыз/

 

Қондырғылардың реттелген нәтижесі.

 

Аты

Түрі

1 сағ. өнімділік

1 сағ. паспорттағы өнімділік

Саны

Эл. қозғалт. қуаттылығы

К

Ұсақтағыш

~

87,45

35

3

54

0,92

Кептіру диірмені

~

78

15

6

90

0,92

Циклондық жылуалмастырғышты айналмалы пеш

5х75

87

50

2

320

0,92


 

Циклонды жылуалмастырғышты айналмалы пештердің техникалық сипаттамасы

 

Көрсеткіштер

Өлшеу бірліктері

Өлшеу мәндері

Пеш өлшемі

м

5х75

Жылуалмастырғыштың саты саны

дана

4х2

Циклондардың металл бойынша ішкі диаметрі:

   

I,II,IIIқадам

м-

4,8

IVқадам

м

2,8

Циклондардың биіктігі:

м

 

Iқадам

м

9,5

IIқадам

м

8,5

IIIқадам

м

8,4

IVқадам

м

10,8

Пешке түсетін шикізат ұнының температурасы

800-850

Жылуалмастырғыштың І қадамына түсетін газдардың температурасы

950-1100

Қондырғының өнімділігі

т/сағ.

50

Пештің ішкі беті

м2

1075

Пештің меншікті өнімділігі

кг/м2ּсағ.

62

Клинкерді күйдіруге қажет меншікті жылу шығыны

ккал/кг клинкер

800-850

Пештің көлбеу бұрышы

%

3,5

 Электр қозғалтқышының  қуаты 

квт

320

Пештің жылуалмастырғыштармен салмағы

т

1527

Тоңазытқыштың түрі

 

Колосниковый «Волга-75су»

Тоңазытқыштың салмағы

т

530


 

IV.Шикізат қоймасындағы ыдыстарды және дайын өнімге керек                  сүрлемдерді есептеу.

Қоймаларды есептеу өндірістің жұмыс істеу тәртібіне, материалдың түріне және өндірістің үзіліссіз жұмыс жасау үшін керек, артық мөлшердегі шикізатқа байланысты жүргізіледі. Берілген материалға сүрлем қоймасын жобалау ұсынылады. Әр компонентке керек сүрлем қоймасының геометриялық көлемі () мынандай:

V =   = = 948,36

мұндағы, Ө – цемент шығаратын өндірістің өнімділігі немесе жылына келетін клинкердің,  гипстің  қоспаның тоннамен алынған шығымы;

Кс – силостың толтыру коэффициенті, оны 0,9 деп қабылдаймыз;

γ – материалдың орташа сеуіп салғандағы салмағы, т/м3.

Сүрлем қоймасы көлемін клинкерге, гипске және қоспаға бірдей етіп қабылдау ұсынылады.

 

Шикізат және материалдарды сақтау нормасы

 

                              V.Энергия ресурсы қажеттілігін  есептеу

 

Шығатын бір өнімге келетін электроэнергияның меншікті шығымы:

 

  1. Эм = =    =1,58 кВт/сағ

 

мұндағы: Өж – негізгі өнімнің түрі бойынша өндірістің жылдық өнімділігі, тн.

Эж = 790560(3 ұсатқыш өнімділігі – 2*54=108квт/сағ. және 1 жылдағы сағат саны 7320 көбейтіндісі)

  1. Эм = =    =6,58 кВт/сағ

 

Эж = 3294000(6 пештің өнімділігі – 5*90=450квт/сағ. және 1 жылдағы сағат саны 7320 көбейтіндісі)

  1. Эм = =    =14,05кВт/сағ

 

Эж = 7027200(2 диірменнің өнімділігі – 3*320=960квт/сағ. және 1 жылдағы сағат саны 7320 көбейтіндісі)

VI.Жұмыс күнінің  қажеттілігін есептеу

 

Өндірістегі жұмысшылардың құрамына, өнім шығаруға қатысатын барлық адамдар кіреді, сонымен бірге кезеші, яғни, қондырғыларды жөндейтін жұмысшылар кіреді.

Цех жұмыскерлерінің құрамына кіретіндер цех бастығы, смен мастері, кіші қызметте жұмыс жасайтын адамдар. Шығатын өнімді қамтамасыз ету үшін жұмысшыларды таңдап алған қондырғылар бойынша және технологиялық сол өнімді шығаратын, өндіретін барлық бөлімдеріндегі операцияларға талдау жасау арқылы дұрыс бөліп қою керек. Сонымен бірге инженерлер мен қызметкерлер нормада берілген санға сәйкес болу керек.

Қосымша жұмысшылардың саны 25-40, ал қызметкерлердікі 6-10 олардың ішінде инженерлер 6-8 аз емес, барлық негізгі өндірісте жұмыс жасайтын жұмысшылардың санын алғанда.

Еңбек өнімділігі дегеніміз – бір жұмысшыға жылына шығатын өнімнің мөлшері.

Информация о работе Жылына 500000 тонна цемент алу ұнтақтау бөлімі